Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары


анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету (автоматты сөздіктер, синонимдер мен антонимдерді іріктеу бағдарламалары)



бет2/7
Дата14.06.2016
өлшемі494.5 Kb.
#134250
1   2   3   4   5   6   7

анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету (автоматты сөздіктер, синонимдер мен антонимдерді іріктеу бағдарламалары).

Оқуға үйрету кезінде:

  • дыбыс әріптік сәйкестіктерді анықтау дағдыларын қалыптастыру;

  • дауыстап оқу техникасына үйрету;

  • қабылдау өрісі мен талап ету қарқынын түрлендіру, мәтіннің орналасуын өзгерту секілді тәсілдерді қолдану есебінен оқу техникасы дағдыларын жетілдіру;

  • оқудың рецептивті лексикалық және грамматикалық дағдыларын бекіту;

  • мәтіннен әр түрлі мағыналық ақпаратты алу шеберліктерін меңгеру;

  • мәтінді талдаудың әр түрлеріне үйрену;

  • тілдік қиындықтарды өз бетімен жеңу дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік немесе экстралингвистикалық ақпаратты ұсыну арқылы анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету;

  • Оқылған мәтіннің дұрыстығы мен тереңдігін бақылау.

  • Талдап түсінуге үйрету кезінде:

  • Талдап түсінудің фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;

  • Тыңдалған мәтінді түсіну дұрыстығын бақылау.

  • Айтуға үйрету кезінде:

  • Айтудың фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;

  • Симулятивті- модельдеуші бағдарламалардың негізінде рөлдік ойындарды пайдаланумен жұпта немесе кішігірім топтарда қарым- қатынасты ұйымдастыру.

Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып

саналатындықтан ең негізгі мақсат естігенің түсіне білуге үйрету.

Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін біріншіден сурет арқылы,

екіншіден жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Бұл жұмыс түрлері ауызша жауапқа жатпайды.Ағылшын тілін үйрену үшін мұндай жұмыс түрлері тыңдап түсінуге қарағанда үлкен роль атқармайды.

Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға (жауапты жазбаша түрде беруге болады) байланысты болады.Ағылшын тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әр түрлі бұйрықтар беріп, орындату мүмкіндігі. Оқытушы дұрыс, не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен қатар әр түрлі нұсқаулар түрінде де беруге болады. Мысалы:’’When Tom walks to the window, John will write Kale’s name on the blackboard’’. Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, ағылшын тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі. Әр түрлі бұйрықтарды орындау грамматикалық материалды түсіндірумен басталады. Мысалы шартты рай ‘If the student in front of you is a boy take his book, the student in front of you is a girl give her your book. Үнтаспаға жазылған мұндай жаттығулар оқушылардың ағылшын сөзін түсінуіне көп асер етеді. Бұл ойын түрі сияқты оқушылардың ынтасын арттырады.

Аударуға үйрету кезінде:

  • аударудың лексикалық және фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;

  • аударудың дұрыстығын тексеру;

  • мәтіндік түзетушілер мен машиналық аудару жүйелерін қолданумен аудару мәтіндерін түзету шеберлігін меңгеру;

  • анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету;

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны шет тілін үйренуте қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:

1. Кезең - оқып үйрету; 3 .Кезең – меңгеру;

2. Кезең - өмірге ендіру; 4. Кезең - дамы

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастығын болдырмау; ғылыми әдістемелік, оқыту әдістемелік себептеріне үнемі талдау жасау.

Компьютердің шет тілі бойынша оқу процесінде үйренушінің рөлінде болуы әр түрлі бағаланады: оларды абсолютты теріске шығарудан ЭЕМ үйренушінің барлық негізгі және көмекші функциялары берілуі мүмкіндігі туралы пікірге дейін. Компьютерлік лингводидактика бойынша көптеген мамандар компьютер үйренушінің бірқатар функцияларын орындай отырып, бірқатар себептер бойынша шет тілі мамандығын толықтай ауыстыра алмайды деген пікірді ұстанады, олардың ішінде бастылары мыналар болып табылады:

  • компьютерде оқытушының тәрбиелеу функцияларымен байланысты оның қызмет аспектілері толықтай көрінуі мүмкін емес, тілдерді оқытуға уақтылы коммуникативтік тәсіл кезінде оқытудың мақсаты, ең алдымен, мәдениаралық өзаратәрекеттестіктің ерекше әлеуметтік нысаны ретінде шеттілді қарым- қатынас жасу қабілеттілігін дамыту, оны адам- машиналық өзара әреукеттесу шеңберінде ұдайы өндіру бүгінгі таңда күмәнді болып көрінеді.

Қазіргі кезеңде соған сәйкес компьютерді оқытушыға қарама - қарсы қоймай,оны үйренушінің кәсіби қызметін қолдау құралы ретінде қарастырған жөн тәсіл неғұрлым конструкциялық болып табылады. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орын ол мектеп.

1.2 Оқытуды компьютерлендірудің дидактикалық негіздері


Компьютер адам қызметінің қаруы ретінде. Оқу жұмысын қарқындату мен жақсартудың маңызды құралы оқытуды компьютерлендіру болуға тиіс. Осыған байланысты дидактиканың міндеті мұндай қарқындату іс жүзінде мүмкін болатын жағдайларды анықтау мен қамтамасыз етуден тұрады.

Ең алдымен, «компьютер оқыту құралы ретінде» маңызды түсінігін анықтап алу қажет. Еңбек процесінде еңбек құралының көмегімен адам өз қызметімен еңбек пәнінің алдын ала көзделген өзгерістерін туғызады. Құралдың өзі затты немесе адамның өзі мен еңбек пәнінің арасында орналастыратын және қойылған мақсатқа сәйкес бұл затқа оның әсер етуінің көмекшісі болып қызмет ететін заттардың кешенін ұсынады. Жаңа нәрсенің, компьютер өзімен нені ұсынатындығын, сондай-ақ оқытуды компьютерлендіру әкеп соғатын өзгерістердің мәнісін бұл тұрғыдан ғана түсінуге болады.

Бірқатар психологтардың пікірінше, компьютер пайдаланғанда әрбір адамның білімін жинақтау және пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ тану мүмкіндіктерін сапалы өзгертетін және артыратын адам қызметінің құралы мен қаруы болып табылады [4,8-28]. ЭЕМ-ны адам танымының құралы ретінде қолдану ойлау, мнемониялық (гректік mnemonikon - есте сақтау өнері), шығармашылық қызметтің жаңа түрлерін анықтауды білдіреді, бұны адамның психикалық процестерінің тарихи дамуы ретінде қарастыруға болады [5,204].

Адам қызметінің құрылымына жаңа қаруды енгізумен оны қайта құру қаруын басқару процесі ғалымдарды ертеден қызықтырған. Л.С.Выготский 1930ж. өзінде қаруды адамның дүрыс- тұрыс процесіне кіргізу ақиқатқа бұл қаруды қолданумен байланысты жаңа функцияларды және оны басқаруды туғызып, қару солардың жұмысын істейтін бірқатар тұтастай табиғи процестерді қажет ететіндігі, психикалық процестердің өтуін және олардың қарқындылығын, ұзақтығын, жүйелілігін өзгертетіндігі, бір функцияларды екіншілерімен алмастыратындығы, яғни мінез- құлықтың бүкіл құрылымын қайта жасайтындығы туралы жазған.

Шамамен сол кезеңде адам қаруы мен жануарлардың көмекші құралдары арасындағы психологиялық ерекшеліктерді зерттеген П.Я.Гальперин адам алдында табиғи қасиеттерімен қатар қарудың жаңа объективті ақиқаты ретінде болатын бекітілген пайдалану тәсілі оны пайдаланудың қоғамдық тәсілін ұсынатындығын байқаған. Қарулық операциялар жүйесі қоғамның, қоғамдың өндірістің өнімі, ал қарудың өзі қызметтің белгілі түрінің тасушысы болып табылады, онда ақиқаттың белгілі бір контексті тіркелген. Қару «өзімен жекелеген адамның алдында қарудың заттық болмысы секілді объективті ақиқат ретінде болатын өз қолданысының қоғамдық тәсілдерінің таңбасын» көтереді .

Қару онымен әрекет жасаудың өз логикасын иеленеді, және қаруды басқару үшін осы логикаға бағыну қажет. Сонымен, қасықты пайдалануды үйренетін бала қасыққа мәдени құрал ретінде бекітілген қарулы операциялар жүйесіне кіргізілу қажет. Бала үйрену басында жасауға тырысатын қолымен қасықты ұстаудың табиғи тәсілдерін қойыдырып, оны қарулық тәсілдердің талаптарына бағындыру қажет. Біртіндеп бала қасықты жай қолының ұзартқышы ретінде пайдалану әрекеттерінен бас тартады, ол қару ұстағышы мен қозғалтқышына айналады. Адам мен табиғат арасында орналасқан жаңа ақиқат ретіндегі қару, өзінің бүкіл тарихи және психологиялық маңызындағы қару туындайды. Қасықты пайдалану барысында ол бала үшін жай қолын ұзартқыш болып табылады, сондықтан ол ешқашан алмастырмайтын нашар қол болып табылады. Бұл жағдайда П.Я.Гальперин көрсеткендей, құрал субъект үшін ешқандай жаңа мүмкіндіктерді ашпайды және бұрыннан бар құралдардың тек вариациясын ұсынады.

Қасық пен компьютер адамзат қызметінің қаруы ретінде өзімен, әрине, әр түрлі мүмкіндіктерді әкеледі. Алайла олардың қызметті қайта құруға психологиялық әсерлері мен оларды меңгеру «формуласы» көп жағынан ұқсас және мүлдем дерлік ерекшеленбейді. Кез келген құралды меңгерулің негізгі сызбасы өз әрекеттеріңді бұл құралмен берілетін әрекеттер логикасына бағындырудан, сосын қызметтің жетістіктерінен жаңа мүмкіндіктер алып, бұл қызметтің мақсаттары мен міндеттеріне бағындырудан тұрады.

Бірінші кезеңде компьютер соның барысында машинаның жұмысы туралы білім алынатын, бағдарламалау тілдері зерттелетін, оператордың жұмыс дағдылары меңгерілетін оқу қызметінің пәні болады. Екінші кезеңде бұл зат оқу немесе кәсіби тапсырмаларды шешу құралына, адам қызметінің қаруына айналады. Сонымен, музыкант басында музыкалық сауат пен қандай да бір аспапта ойын мектебін меңгереді, сосын бұл құралдың көмегімен өзінің көңіл- күйін, қандай да бір көркем идеяны білдіреді. Заттың бұл құралға, қаруға көшуі қызметтің дамуы мен адамның ойлауына себепші болады және өзімен әдеттегі әрекеттерді, олардың түрлері мен тәсілдерін қайта жасауды әкеледі .

Оқытуды компьютерлендірудің негізгі мәселелері: Компьютер жай техникалық құрылғы болып табылмайды, ол сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді болжайды. Көрсетілген тапсырманы шешу тапсырманың бір бөлігін – ЭЕМ-ны құрастыру мен өндіруді инженер, ал екіншісін – есептеу машинасының логикасы мен оқытудың жанды адамзат қызметін ашу логикасы арасындағы саналы дидактикалық негіздеуді табуға тиіс педагог орындайтындығымен шарттасқан қиындықтарды жеңумен байланысты. Бүгінгі таңда соңғысы әзірге машиналық логикалық құрбанға келеді; себебі компьютермен ойдағыдай жұмыс істеу үшін, жалпыға ортақ компьютерлендірудің жақтастары айтқандай, алгоритмдік ойлауды меңгеру қажет.

Екінші бір қиындық оқу процесінде қолданылатын кез келген құрал басқа буындарымен қатар дидактикалық жүйенің тең құқықты құраушыларының бірі ғана болып табылады: педагогтың мақсаты, мазмұны, нысаны, әдістері және оқушының қызметі. Барлық бұл буындар өзара байланысты, және олардың біріндегі өзгеріс барлық басқаларындағы өзгерістерге себепші болады. Жаңа мазмұн ретінде оны ұйымдастырудың жаңа нысандарын қажет етеді, осылайша жаңа құрал дидактикалық жүйенің барлық басқа құраушыларын қайта бағдарлауды болжайды. Сондықтан мектеп сыныбында немесе жоғары оқу орнының аудиториясында есептеу машинасын немесе дисплейді орнату компьютерлендіріп болуды емес, оның басталуын – барлық оқыту технологиясын жүйелі қайта құрудың басын білдіреді.

Ең алдымен, білім субъектілерінің - оқушы мен оқытушының, ұстаз бен студенттің қызметі түрленеді. Оларға түбегейлі жаңа қарым- қатынастар құруға, оқу жұмысы құралдарының өзгеруіне және оның мазмұнының ерекшелік қайта құруына байланысты қызметтің жаңа түрлерін меңгеруге тура келеді. Білімді компьютерлендірудің негізгі қиындығы оқытушылар мен оқушылардың компьютерлік сауатты меңгеруінен немесе сыныптарды оқытушы техникамен қанықтырудан емес, алдындағы осы айтылғаннан тұрады.

Оқытушы функцияларды орындау кезінде компьютер қолданылуы мүмкін үш негізгі түр бөлінеді: а) жаттықтырғыш ретінде; б) оқытушы үшін белгілі бір функцияларды орындайтын жаттықтырушы ретінде, және де машина оларды адамнан да жақсырақ орындауы мүмкін; в) белгілі бір заттың жағдайларды модельдейтін құрылғы ретінде (имитациялық модельдеу). Компьютердің мүмкіндіктері үлкен есептеулер жүргізу немесе калькулятор режимінде секілді оқытуға тән емес функцияға қатысты да кеңінен қолданылады.

Жүйені жаттықтыруды ептіліктер мен дағдыларды жасау мен бекіту үшін пайдаланған мақсатқа лайықтырақ. Бұл жерде бақылау- жаттықтыру түріндегі бағдарламалар қолданылады: біртіндеп үйренуші тапсырма кейіннен қойылған кезде дұрыс жауапқа әкелетін мөлшерленшен ақпаратты алады. Мұндай бағдарламаларды оқытуды дәстүрлі бағдарламалауға тән түрге жатқызуға болады. Оқушының тапсырмасы бұйрықтарды қабылдап, оларға жауап беруден, мұндай оқыту мақсаттары үшін дайын материалды қайталаудан және жаттаудан тұрады [8, 168]. Мұндай режимде компьютерді қолданған кезде оқушылардың интеллектуалдық баяулығы байқалады.

Жаттықтыру жүйелерінің ерекшелігі оқытудың мақсаттарын, міндеттері мен мазмұнын нақты анықтау кезінде бағдарламадан, сол секілді келетін басқаруды әсерлер қолданылатындығымен анықталады: «Оқытушы жүйелер үшін ақпаратпен мұндай алмасу диалог атауын алды» [9,11]. Осылайша, жаттықтырушы жүйелер нақты уақыт ауқымында ЭЕМ-мен оқушының өзінше диалогын қарастырады. Кері байланыс бақылау кезінде ғана емес, сонымен қатар білімді меңгеру процесінде жүзеге асырылады, бұл үйренушіге бұл процестің барысы туралы объективті деректер береді. Бірақ істің мәнісінде жаттықтыру жүйелері ЭЕМ-мен диалог жасау мүмкіндіктерімен күшейтілген оқытуды бағдарламалаудың (тармақталған бағдарламалар) сол идеологиясына негізделген.

Мұндай «диалогтың» адамдар арасындағы қарым- қатынас тәсілі ретіндегі диалогтан айырмашылығын айта кету қажет. Диалог – бұл екі немесе одан артық адамның бірлескен күш салуларымен тақырыпты, позицияны, көзқарасты дамытуы. Оймен мұндай бірлескен алмасу траекториясы диалогтың өзінің барысында тындайтын ойлармен беріледі. Сірә, машинамен диалог мүлдем дерлік мұндай болып табылмайды. Машиналық бағдарламада ЭЕМ машинасы бастаған процесс сол бойынша жүретін бағдарламаның тармақтары алдын ала беріледі. Егер үйренуші басқа тармақтта түсіп кетсе, машина бағдарлама логикасымен қарастырылған жерге түспегендігін, сәйкесінше, әрекетті қайталап, басқа жүрістен бастау керектігі туралы реплика шығарады. Дәл осылайша біз телефон нөмірін дұрыс термей абонент «Нөмірді қате тердіңіз» деп жауап беретін немесе тұтқаны қоя салатын кезде болады. Айтпақшы, осы себептен оқытуды жекелендіру машинаға тармақталған бағдарлама салынғандығынан ғана іске асырылады. Іс жүзінде керісінше болуға тиіс: әрбір адамның бірегейлігіне байланысты оқытушы машинада жеке бағдарламалар туындауға тиіс. Бірақ бұл компьютердің мүмкіндіктерінен басым болып тұр, қалай болғанда да әзірге бүгінгі таңда осылай.

Әрине, бағдарламашы бағдарламаның белгілі бір жерлерінде берілетін және қарым- қатынас жағдайын боямалайтын машинаның репликалар жүйесін қарастыра отырып, дұрыс жасайды. Бірақ нақты диалог болмағандықтан, қарым - қатынас та жоқ болғандықтан, екеуінің елесі ғана бар. Машинамен, нақтырақ айтқанда, заңды ақпарат алабымен диалог іс жүзінде болуы мүмкін емес. Дидактикалық тұрғыдан «диалогтық режим» не реттіліктің, не берілетін ақпарат көлемінің түрленуіне ғана келеді. Дайын, машинаның «жадысында» бекітілген ақпараттың бағдарлану мүмкіндіктері осымен таусылады. «Диалог», - деп жазады М.В.Иванов, - бұл педагогикалық қарым- қатынаста іске асырылған заттың диалектикалық қарама- қайшылығы, ал қарама- қайшылықты тіпті ең заманауи машинаның өзі меңгере алмайды, ол бұған түбегейлі бейімделмеген.Қарама – қайшылықты ақпаратты ол «екілікпен» бағалайды .

Бұл компьютер адам мақсаттарын іске асыру құралының функциясында бола отырып, шығармашылық процестерін алмастырмайтындығын, оқушылардан оларды алып қоймайтындығын білдіреді. ЭЕМ «интеллектуалдық ойын» режимін беретін оқулық имитациялық модельдеу үшін қолданылатын жағдайлар үшін де әділ, әйтсе де, нақ осы функцияда компьютердің қолданылуының көбірек перспективті екендігі даусыз.

Қандай да бір заттың жағдайлардың машиналық үлгілері қолдану бұл жағдайлардың ертеректе қол жетімсіз қасиеттерін ашады, шешімдер нұсқауларын іздеу аймағын және олардың деңгейін кеңейтеді. Пайдаланушы туғызатын мақсаттардың саны артып келеді, оларды тұжырымдау бірегейлігі байқалады. Жұмыс барысында қызметті реттеу және бақылау механизмдері қайта құрылады, оны мотивациялау өзгереді. Бұның бәрі бағдарламашыға оқытушы бағдарламаға үйренушінің жұмысын жекелендіру мүмкіндіктерін салудың, оқы қызметінің заңдылықтарын ескерудің қаншалықты сәті түсетіндігімен анықталады.

Жекелендіру деп компьютерлік оқыту артықшылықтарының бірін атайды. Бұл расында да осылай, жекелендіру қандай да бір оқытушы бағдарламаның мүмкіндіктерімен шектелген және бағдарламашының уақыты мен күшінің көп шығындарын қажет етеді. Алайда дербес компьютерлерді кеңінен енгізумен байланыстыратын жекелендірудің кері жағы да бар. Жекелендіру оқу процесінде онсыз да тапшы диалогтық қарым- қатынасты тежейді және ЭЕМ-мен «диалог» түрінде оның суррогатын болжайды. Іс жүзінде, сөйлеу жағынна белсенді бала мектепке барған кезде, көбінесе оқытушыны тыңдайды, «жауаптық позицияны» иеленеді және сабақ үстінде оны «тақтаға шақырған» кезде мұғалімнің ерекше рұқсатымен сөйлейді. Толық оқу жылы ішінде оқушының санаулы ондаған минут қана сөйлеу мүмкіндігі болатындығы есептеп саналған – көбінесе ол үндеместен ақпаратты қабылдайды. Ойды қалыптастыру құралы – сөйлеу. Үйренушілердің зерттелетін ғылымдар тілінде диалогтық қарым - қатынасының жеткілікті тәжірибесі болмайды, ал бұнсыз, психологиялық зерттеулер көрсеткендей, өз бетімен ойлау дамымайды.

Егер диалогтық қарым- қатынас пен өзара әрекеттестіктің бай мүмкіндіктерімен түрі мен мәнісі жағынан ұжымдық дамудың артықшықытары турады қам жемей, дербес компьютерлердің көмегімен оқытуды жалпыға ортақ жекелендіру жолымен баратын болсақ, оқушылардың ойлауды қалыптастыру мүмкіндігінің өзін өткізіп алуға болады. Әлеуметтік байланыстарлы өрістету қауіптілігі де, өндірістік және қоғамдық өмірдегі жекелік те ақиқат. Бұл құбылыстармен тіршілік қызметінің барлық салаларына компьютерлерді кеңінен ендіретін елдерде көп кездеседі.

Қазіргі заманға сай отандық психолого - педагогикалық ғылымда әзірленгендерге қарағанда, адамның психикалық дамуы туралы мүлдем өзге түсініктерге сүйенетін елдерде ЭЕМ-ны ендіру жолдарына жалтақсыз бағдарлануға болмайды. Компьютердің барлық артықшылықтарын пайдаланып, шығынды болдырмауға мүмкіндік беретін оқытуға компьютерді енгізу стратегиясын таңдаудың маңызды көп аспектілі мәселесі туындайды, немесе олар адамды біліммен және тәжірибелік дағдылармен байытып қана қоймай, оның адамгершілік бейнесін қалыптастыратын оқу-тәрбиелеу процесінің сапасына шарасыз теріс әсер етеді.

Біздің елімізде жалпы білім беру және жоғары мектепте оқытудың кең тәжірибесі көп жағынан түсіндіру- суреттеу тәсілдің теориялық тәсілдеріне сүйенетіндігін ескеру қажет, оның тұсында оқыту сұлбасы негізгі үш буынға келеді: материалды баяндау, нығайту және бақылау. Компьютерлік технология сүйенетін ақпараттық – кибернетикалық тәсіл кезінде істің мәнісі мүлдем өзгермейді. Оқыту оқушы мен студенттің дисплей экранында ұсынылған таныс ақпаратпен жұмысының шекті жекелендірілген процесі ретінде болады. Бұл теориялық сызбалардың көмегімен мәселелі дәріс және мәселелі сабақ, семинар, пікір сайыс, іскерлік ойын және ғылыми - зерттеу жұмыс секілді бүгінгі күннің педагогикалық ақиқатын сипаттау мүмкін емес.

Көп жағдайда мектептерде азырақ кедергі жолымен жүруге тырысады: оқулықтардың мазмұны мен әр түрлі типтерді бағдарламалау тіліне аударады және оларды машинаға салады. Бірақ егер материал пәндік, мысалы химиялық тілде түсініксіз болса, ол компьютерлік тілінде көбірек анық болмайды, одан да керісінше болады.

Мұндай жағдайларда бағдарлама авторлары ақпаратты қайта өңдеу бойынша компьютердің аса үлкен мүмкіндіктерінің, оның көлемі мен беру жылдамдығын арттыру есебінен оқушылардың оқу материалымен жұмысын белсендіруге тырысады. Әрине, ақпаратты қайта қайта өңдеу бойынша адамның мүмкіндіктері әлі таусылмаған. Алайда оқушының өзі ақпаратты алудың жекелік маңызын көруі шартымен ғана ақпараттық жүктемені арттыруға болады. Ал бұл ол материалды түсініп, алынатын ақпаратты тәжірибелік іс әрекетпен байланыстыратын кезде ғана болады. Бұл жағдайда ақпарат білімге айналады.

Білім – бұл адамға саналы хабардар әрекеттік мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін, оның санасында объективті ақиқаттың дәлме - дәл көрінісі. Алайла оқытуда білім адамның нақты объектілермен емес, олардың «байқағыштарымен» - оқу пәндерінің мазмұнын, оқу ақпаратты құрайтын таңбалық жүйелермен жұмысының нәтижесі болып табылады. Ақиқаттың көрінісі мұндай жүйелерді меңгеру арқылы жүзеге асырылады, және кез келген оқытудың артықшылығы осыдан тұрады. Оның кемшілігі бұл таңбалық жүйелер адамға ақиқатқа тәжірибелік қарым- қатынас мүмкіндіктерін жабатындай болатындығынан тұрады, және осы себептен көптеген үйренушілер білімдерін тәжірибеде қолдана алмайды.

Компьютерлік оқыту кезінде ақиқаттан қол үзу, ақиқатты дәлме - дәл емес көрсету қауіп артады, себебі қандай да бір пәндік тілде (физика, химия, биология және т.б.) ұсынылған мазмұнды ақпарат тағы бір табиғи тілде, бағдарламалау тілінде көрсетілуге тиіс. Алмастыруды алмастыру болады, бұл тәжірибеге жақындатпайтын, керісінше, одан қашықтататын оқушылардың заңды білім алу мүмкіндігін көбейтеді.

Компьютерлендіру тәжірибесі жинақталған елдерде, ең алдымен дамыған елдерде, зерттеушілер жасаған қорытынды, тапсырма бұл саладағы нақты жетістіктер ЭЕМ - ны пайдалану дәстүрлі оқыту жүйесін түбегейлі жақсыға өзгертеді деп болжауға негіз бермейді. Компьютерді әдеттегі оқу процесіне жай кіргізіп, ол білім беруде революцияны жүзеге асырады деп үміттенуге болмайды. Компьютер оқытудың жаңа, қуатты құралы ретінде үйлесімді енетін оқу процесінің тұжырымдамасының өзін өзгерту қажет.

Шетел әдебиетінде компьютерді ендіру әрекеттері білім беру тұжрымдамасына сүйенетіндігі айтылады, оның негізгі мақсаты индустриалды өндіріс жағдайларында кәсіби функцияларды орындау үшін қажет білімді, шеберлік пен дағдыларды жинақтау болып табылады және білімнің ескі тұжырымдамасы оның талаптарына сәйкес келмейді.

Компьютердің көмегімен жасалатын жағдайлар үйренушінің ойлауын қалыптастыруға жағдай жасап, оны жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды іздеуге бағдарлауға тиіс. П.Нортон айтқандай, компьютер адамдардың көптен құбылыстар мен заңдылықтарды ұғынуда көмек көрсететін қуатты құралы болып табылады, алайда тек жатталған фактілер мен дағдылар жинағын ғана пайдалатын ақылдың шарасыз құлға айналатындығын есте сақтау қажет.

ЕЭМ мен оның мүмкіндіктері туралы білімді меңгеру, бағдарламалау тілін игеру, бағдарламалай білу шеберлігінің өзі компьютердің мүмкіндіктерін іске асыру жолдарындағы тек бірінші қадам болып табылады. Оқушылардың ойлауын қалыптастыру мен дамыту үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін компьютерлік оқытуды ғана шын тиімді деп санауға болады. Бұнымен қоса компьютерлік ойлаудың өзінің заңдылықтарын зерттеу қажет. Компьютер секілді құралдың көмегімен қалыптасатын және әсер ететін ойлау, мысалы, әдеттегі баспалы мәтіннің немесе техникалық құралдың көмегімен қалыптасқан ойлаудан бір нәрсемен едәуір ерекшелетіндігі айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет