«шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»



жүктеу 0.95 Mb.
бет3/5
Дата22.02.2016
өлшемі0.95 Mb.
1   2   3   4   5




Дәріс №1.Тарихнама түсінігі және оның тарихи ғылым үшін маңызы.

Мақсаты: Тарихнама тарихи ғылым ретінде қалыптасуы жайында толық мәлімет алу.

Тарихнама тарихи ғылым және тарихи көзқарас ретінде.

Тарихи ғылымдағы ағымдар, бағыттар мен мектептер. Тарихнама ағымының, бағыттарының және мектептерінің жалпы критерийі ретінде олармен байланысты мәселелердің әдістемелік принциптері

Ғылыми пән ретінде тарихнаманың мақсаттары мен міндеттері. Тарихи ғылымның даму тенденциясын және шетелдік тарихшылардың тәжірибесін зерттеу. Тарихи ғылымның тарихына қызығушылықтың арта түсу себептері. Сабақтастық және тарихи ой-пікірлердің үнемі жаңарып тұруы. Тарихи үдерістердің мәдениетте болып жатқан және қоғамдағы өзгерістермен байланысы.



Бекіту сұрақтары:

Тарихнаманың мақсаты қандай?

Тарихи ғылымдағы ағымдар, бағыттар мен мектептердің қалыптасу ерекшеліктері?



Дәріс №2. ХІХ ғасырдағы тарихи ойлардың түрлері. Классикалық тарихилық.

Мақсаты: ХІХ ғасырдағы тарихи ойлардың түрлері бойынша жан-жақты түсінік алу.

Классикалық тарихилық ХІХ ғасырдағы тарихтағы үстем парадигма ретінде. Бүкіл дүниежүзілік –тарихи бірлік туралы түсінік және тарихтағы «саналы қадам». Ілгерлеу теориясының өрістеуі. XIX ғ-дағы тарихи ғылымның антропоцентризмі. Адам табиғатының өзгермейтіндігі туралы сенім. Саясат, экономика, мәдениет саласындағы көрнекті тұлғаларына деген қызыгушылық. Өткенді тиімді танудағы мүмкіндіктерге қатысты тарихшылардың оптимизмі. Деректердің дұрыстығы туралы түсініктердің басымдығы. Тарихты «нақты қалай болғанын» жазу талабы. Жаратылыстану және нақты, ғылымның пайда болуы (сциетизм) үлгісіне тарихшылардың шағымы (апелляциясы).



Бекіту сұрақтары:

Ілгерлеу теориясының негізін қалаушылар кімдер?

Классикалық тарихилықтың даму негіздері?


Дәріс №3. XIX-XX жүз жыл аралығындағы тарихи ойдың тоқырауы.

Мақсаты: XIX-XX жүз жыл аралығындағы тарихи ойдың тоқырауын жан-жақты саралау.

ХХ ғасырдағы Батыстық қоғамдық сана-сезімге апаттың әсері. ХІХ ғасырдағы тарихилықтың түрі ретінде теориялық негіздердің тоқырауы.

Освальд Шпенглердің «Еуропаның күйреуі» еңбегі дүниені сезінудегі дағдарыстың жарқын көрінісі ретінде. Тарихтың мағынасыздық идеясы. Тарихи үдерістің көрінісі дара мәдениеттің ағымы ретінде. Тарихшылар арасында презентизм және релятивизм философиясының таралуы. Өткеннің қазіргіге танымның тәуелділігі және жазылған тарихтың бұлыңғырлығы туралы түсінік. Тарихты әдеби шығармашылықтың тармағы ретінде қарастыру.

Бекіту сұрақтары:

XIX-XX жүз жыл аралығындағы тарихи ойдың тоқырау себептері

Тарихтың мағынасыздық идеясының мәні?


Дәріс №4. Франциядағы «Жаңа тарихи ғылым».

«Анналдар» мектебінің пайда болуы. М. Блок пен Л. Феврдің шығармашылығы.

Мақсаты: Франциядағы «Жаңа тарихи ғылымның» пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктері туралы мәлімет алу.

Тарихшылардың дағдарыстан шығу жолын іздеуі. 1929ж.Страсбургтегі «Экономикалық және әлеуметтік тарихтың анналдары» атты журналдың шығуы. Тарихи ғылымды жаңарту және зерттеу мәселелерін кеңейтуге шақыру. Журнал айналасында ғылыми мектептер мен негізгі идеялардың қалыптасуы. Әлеуметтік шындықтың ерекшеліктерін көрсету.Тарих пәні мен адамның жаңа көзқарасының гуманизациясы. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру.Тарихи ғылымның тиянақты құрылымын қайта қарастыру. Ғалымнан зерттеу белсенділігі талап ету. Пән аралық ынтымақтастыққа ұмытылу. М.Блоктың ортағасырдағы Франция тарихын зерттеудегі әлеуметтік байланыстар, бұқаралық, қайталама құбылыстарын зерттеу.

М.Блоктың «Тарих апологиясы немесе тарихшының кәсібі» кітабындағы тарихи ғылымды жаңарту қажеттілігі идеясы. Люсьен Феврдің «Тарих үшін күресі». ХҮІ ғасырдағы мәдени тарихты зерттеу. Тұлғаның зиялы өмірбаяны қоғамның тарихы ретінде. Ділдің «Рухани баю» ұғымы.

Бекіту сұрақтары:

Люсьен Феврдің «Тарих үшін күресі» атты еңбегінің мәні?

«Анналдар» мектебінің пайда болуына не әсерін тигізді?


Дәріс №5.

«Анналдардың» екінші буыны. Ф. Бродель.

Мақсаты: Соғыстан кейінгі кезеңдегі Франция тарихнамасындағы «Анналдар» мектебінің ерекшеліктері туралы мағлұмат алу.

Соғыстан кейінгі кезеңдегі Франция тарихнамасындағы «Анналдар» мектебінің «Салтанатты шеруі». Ғылыми-зерттеу орталықтары тармақтарының пайда болуы. Зерттеу мәселелерінің ары қарай кеңеюі. 1950-1960 жылдардағы тарихты бродельдік елестетудің журналда бейнеленуі. Ғаламдық тарих концепция атты жаңа ғылыми парадигманы жасау. « Жерорта теңізі және ІІ Филипп тұсындағы Жерорта әлемі» атты монографиясындағы Ф. Бродельдің саяси түсіндірме және аймақтың тұтастық бейнесінен бас тартуы. «XV-XVIII ғасырлардағы материалдық өркениет, экономика, капитализм» іргелі зерттеудегі материалдық өмір мен экономикалық тарихты білу. Тарихи және әлеуметтік уақыттағы табиғатты зерделеу саласындағы Бродельдің зерттеуі және «үлкен тартылыс уақыты» категориясын енгізуі. «Ғажайып» Фернан Бродельдің тарихи ғұламалығы.



Бекіту сұрақтары:

Анналдар ғылыми-зерттеу орталықтары тармақтарының пайда болуына ықпалын тигізген жағдай?

Анналдар мектебіндегі зерттеу объектілері?


Дәріс №6. 1970-1980 жылдардағы «Анналдар» .

Мақсаты: 1970-1980 жылдардағы «Анналдар» мектебінің даму ерекшеліктерін жан-жақты қарастыру.

1960-1970 жылдардағы француз қоғамындағы өзгерістердің «Анналдар» мектебінің ғылыми көзқарасына әсері. «Үшінші буыннын» пайда болуы. Тарихи ғылымының пәні, принциптері мен әдістерін қайта қарау.Тарихқа ғаламдық тұрғысынан қарау мен мамандануды тереңдетуден бас тарту. Әр түрлі теориялық тәсілдер үшін бағыттың ашықтығы.Этнология және семиотикамен ынтымақтастығы. Марксизммен әуестену және оның салдары.

«Анналдар» мектебінің сандық тарихқа ықпал етуі. Шонюдің «Сериялы» тарихнама:тарихи демография мен тарихи география бойынша зерттеулері. Э. Ле Руаның «адамдарсыз тарихтан» «этнографиялық романға» дейін концепциясы.

Бекіту сұрақтары:

«Анналдар» мектебінің сандық тарихқа ықпал ету негіздері?

1960-1970 жылдардағы француз қоғамындағы өзгерістердің «Анналдар» мектебінің ғылыми көзқарасына әсері қандай?


Дәріс №7. Діл тарихы мен тарихи антропология.

Мақсаты: Діл тарихы мен тарихи антропология негіздері туралы түсінік қалыптастыру.

Діл тарихы тарихтағы жаңа парадигма ретінде.Мәдени заманда қалыптасқан адам тұлғасы құбылысын зерттеу. Тарихи деректерді бірдей мағынасын ашу басқашалау принципі жағдай ретінде. Өзгешелік приципі тарихи деректерді дәл түсіндірудегі жағдай ретінде. Діл түсінігінің әр түрлі нұсқалар. «Өлім тарихы» діл тарихының бірегей тақырыптары ретінде.

Ф. Арьестің бойынша ұжымдық сана параметрлерінің бірі ретінде және өлімге қатысты даму ғаламдық үлгіні бейнелеу ретінде өлім қабылдау. Марксистік көзқарасты діл тарихын оқытуда М. Вовелльдің өлімді түсінудегі «толық тарихты» қолдану. Ф. Лебреннің XVII-XVIIIғ-дағы адамдар мен Анжудағы өлім» монографиясында әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер мен тәртіпті зерттеудегі есептік тарихтағы техниканы пайдалану.

Бекіту сұрақтары:

Діл тарихы тарихтағы жаңа парадигма ретәнде қарастырылу негіздері?

Есептік тарихтағы техниканы пайдалану ерекшеліктері?


Дәріс №8 ХХ ғ. ІІ жартысындағы англо-американдық тарихнама. Ұлыбританиядағы «жаңа әлеуметтік тарих».

Жалпы британдық тарихнаманың ерекшеліктері. Соғыстан кейінгі тарихты жазудағы дағдарыс және «жаңа ғылыми тарихнаманың» қалыптасуы. Э.П. Томпсонның «ағылшын жұмысшы табының қалыптасуы»атты кітабы бағыттың пайда болуының жаңа маңызды кезең. Журнал «Past and Present» журналы «Анналдарға» британдық ұқсастық.

Англиядағы «жаңа тарихи ғылымның» ерекшеліктері. «Жаңа әлеуметтік тарихтың» пайда болуы мен оның әлеуметтану және демографиямен жанасуы. Әлеуметтік тарихқа бұқаралық сипат беруге деген талпыныстар. Бағытты ұйымдастыруды дайындау.

Бір нәрсенің пайда болуы және капитализм тарихына «жаңа әлеуметтік тарихшылардың» топтауға көңіл аударуы. Экономикалық өсу кезеңі концепциясы (У.Ростоу) мен «қоғамдық консенсус» теориясының танымалдығы. 1980ж.«жаңа әлеуметтік тарихтың» антропологиялануы: әлеуметтік құрылымнан мінез-құлықтың құндылықтары мен модельдер, халықтар мәдениетін зерттеуге деген қызығушылықтың ілгерілеуі.(П. Берк, А. Макфарлейн).



Бекіту сұрақтары:

Әлеуметтік тарихқа бұқаралық сипат беруге деген талпыныстардың нәтижесі?

Экономикалық өсу кезеңі концепциясының мәні


Дәріс №9. Американдық сандық тарих.

Мақсаты: Американдық сандық тарихтың мәнін ашу.

Клиометрияның теориялық негіздері мен оның американдық «жаңа экономикалық тарихтың» қалыптасуындағы ролі. Р.Фогельдің еңбектеріндегі ХІХ ғ-дағы АҚШ-тың экономикалық тарихын зерттеу. Солтүстік Америкадағы экономикадағы теміржолдардың ролін зерттеу. Американдық плантациялық құлдықтың экономикалық тиімділігіне байланысты пікірталас.

Клиометрияны ұйымдастыру тарихнамалық бағыт ретінде. Қоғам және квантификаторлардың журналдары. Тарихтағы есептік әдісті пайланау мүмкіндіктері. Клиополитология. Контент-талдау клиометрияның бір бағыты ретінде.

Бекіту сұрақтары:

Клиометрияның теориялық негіздері қандай?

Контент-талдау клиометрияның бір бағыты ретіндегі мәні?


Дәріс №10. Американдық «жаңа әлеуметтік тарих».

Мақсаты: Американдық «жаңа әлеуметтік тарихтың» негізін жан-жақты ашып көрсету.

АҚШ-тағы 1960-1970 жж. әлеуметтік ғылымдардың дамуы, ғылыми –техникалық революция және демократиялық қозғалыстардың өрістеуінің «Жаңа әлеуметтік тарихты» әзірлеу мен тарихты жазудағы толықтыруға әсері. Әр түрлі мәдени дәстүрлер мен американдық қоғамның әр түрлі топтарының тарихын жаңа әлеуметтік тарихшылардың зерттеуі. «Жаңа жұмысшы тарихы», «жергілікті тарих» және тарихи урбанистика.Ұлттық және нәсілдік мәселелерді зерттеу.»Отбасы тарихы»: демографиялық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық негіздері. Феминизм жағдайындағы «екінші толқын» «әйелдер тарихының» қалыптасуы. Эгалитаризм американдық «жаңа әлеуметтік тарихтың» идеялық негізі ретінде. Жаңа бағыттың американдық қоғамдағы демократиялық сананың жаңаруына әсері.



Бекіту сұрақтары:

«Жаңа әлеуметтік тарихты» әзірлеу мен тарихты қайта жазуға әсерін тигізген жағдай?

Эгалитаризм американдық «жаңа әлеуметтік тарихтың» идеялық негізі ?


Дәріс №11. Психологиялық тарих.

Мақсаты: Психологиялық тарихтың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.

ХХ ғ-дағы психологиядағы Фрейдтік төңкеріс. Америкадағы тарихи ғылымға З. Фрейд концепциясының ықпалы. Мінез-құлықтың әлеуметтік мотивтерін іздеудегі неофрейдизм. Психологиялық тарих «жаңа ғылыми тарихтың» бір пәні ретінде.Психоаналитикалық басылым серпілісі және 1960-1970 жылдардағы психологиялық тарихтың университеттік пәнге айналуы. Танымның әмбебап әдістерін әзірлеудегі психоанализдің талабы. Э.Фромның авторитарлық тұлға теориясы мен әлеуметтік сипаты.

Қазіргі қоғамдағы тұлғаның шеттетілу мәселесі және бостандықтан өз еркімен жаппай бас тартуы.Фромның тоталитарлық тәртіптің тарихи түп-тамырын және психологиялық алғышарттарын іздеуі. Э.Эриксонның ұқсастық концепциясы. Ұқсастықтың қалыптасу үдерісі ішкі әлемдегі индивидтің бейімделу тәсілі ретінде. Эриксонның көшбасшы-новатор модельдерін жасау және оны М.Лютер мен М.Ганди өмірбаянындағы материалдар арқылы анықтау. Фашизмді психоаналитикалық тұрғыдан түсіндіру.

Бекіту сұрақтары:

Америкадағы тарихи ғылымға З. Фрейд концепциясының ықпалы қандай?

Э.Эриксонның ұқсастық концепциясының мәні?


Дәріс №12. Микротарих.

Итальяндық микротарих.

Мақсаты: Итальяндық микротарих туралы мәлімет алу

1970 ж-дағы микротарихтың қалыптасуы.Биографиялық зерттеулердегі мәселелердің және әдістеменің жаңаруы. Программные статьи Дж. Левидің бағдарламалық мақалалары. «Quaderni Storici» және «Микротарих» атты бірнеше кітаптан тұратын сериясы(«Microstorie»).

Микротарихшылардың кішігірім тарихи объектілерді таңдаудағы қызығушылығы. «Жолдың жиегіндегі» қоғамдағы топтарға деген қызығушылық. Э. Грендидің « ерекше қалыпты» концепциясы: тарихи эпизодтар мен жағдайлардың әлдебір қоғамдық матрицалармен байланысы; тарихи контексттің мәні. Хаттардың дәстүрлі емес нысандарын іздеу. К.Гинзбургтің қарапайым халықтың әлем көрінісін «Ірімшік және құрттар» (1976) кітабындағы зерттеулер. Итальяндық микротарих амалдарының француз зерттеушілерімен (Б. Лепти, Ж. Ревель) қатар дамуы.

Бекіту сұрақтары:

1970 ж-дағы микротарихтың қалыптасуы ерекшеліктері?

Итальяндық микротарихының көрнекті өкілдері?




Дәріс №13. Немістің «күнделікті тарихы»

Мақсаты: Немістің «күнделікті тарихы» сипаты, бағыттары туралы түсінік қалыптастыру.

1980 жылдардағы ГФР –дағы тарихи ғылымның дамуы. «Күнделікті тарих» Германиядағы «жаңа тарихи ғылымның» бір бағыты ретінде. Тарихтың субъективтік негіздері мен халық мәдениетіне деген қызығушылық. Кіші қауымды зерттеу және қызықтыратын деректердің аумағын кеңейту. Ауызша сұрастыру және компьютерлік мәліметтер қорын жасау.Тарихи зерттеулерге әуесқойларды тарту. Жергілікті және үй мұражайларының ашылуы.Фашистік тәртіп кезіндегі әйелдердің «күнделікті тарихтын» зерттеу. Жұмысшылар қозғалысы мен жұмысшылардың күнделікті өмір тарихын зерттеу.



Бекіту сұрақтары:

«Күнделікті тарих» Германиядағы «жаңа тарихи ғылымның» бір бағыты ретінде ерекшеліктері қандай?

Германиядағы тарихи бағыттың объектісі?


Дәріс №14 III Бөлім. XX-XXI ғасырлар арасындағы тарихи ойлардың даму тенденциясы .

Мақсаты: ХХ ғасырдың аяғындағы тарихшы шығармашылығы мен ғылым ерекшеліктерін қарастыру.

ХХ ғасырдың аяғындағы тарихшы шығармашылығы мен ғылым бейнесінің өзгеруі. Жаңа стильді қалыптастырушы ретіндегі постмодерн категориясы

Тәсілдер плюрализмінің құндылықтарын мойындау. Сциетизм рухы мен макромәселелердің ажырауы. Мәдени- антропологиялық құбылыстарға деген қызығушылықтың өсуі. Тұлғаның жүйелілігін түсіндіру әдістерін өңдеу. Жаңа еуропалық ойлауға тән оппозициялық қатаң түсініктен шет шығуы. Көптүрлілік және ойлар диалогы. Дәстүрді пайдалану шығармашылыққа ұмтылыс ретінде. Нарративтің жандануы.

Бекіту сұрақтары:

Сциетизм рухы мен макромәселелердің ажырауының ерекшеліктері?

Көптүрлілік және ойлар диалогын мәні?


Дәріс №15. III Бөлім. XX-XXI ғасырлар арасындағы тарихи ойлардың даму тенденциясы .

Мақсаты: XX-XXI ғасырлар арасындағы тарихи ойлардың даму тенденциясын жан-жақты қарастыру.

ХХ ғасырдың аяғындағы тарихшы шығармашылығы мен ғылым бейнесінің өзгеруі. Жаңа стильді қалыптастырушы ретіндегі постмодерн категориясы

Тәсілдер плюрализмінің құндылықтарын мойындау. Сциетизм рухы мен макромәселелердің ажырауы. Мәдени- антропологиялық құбылыстарға деген қызығушылықтың өсуі. Тұлғаның жүйелілігін түсіндіру әдістерін өңдеу. Жаңа еуропалық ойлауға тән оппозициялық қатаң түсініктен шет шығуы. Көптүрлілік және ойлар диалогы. Дәстүрді пайдалану шығармашылыққа ұмтылыс ретінде. Нарративтің жандануы.

Бекіту сұрақтары:

Жаңа стильді қалыптастырушы ретіндегі постмодерн категориясын қарастыру мәселелері?

Жаңа еуропалық ойлауға тән оппозициялық қатаң түсініктен шет шығуына әсер еткен жағдайлар?


  1. Тарихнама түсінігі және оның тарихи ғылым үшін маңызы.




  1. Тарихнама тарихи ғылым және тарихи көзқарас ретінде.

  2. Ғылыми пән ретінде тарихнаманың мақсаттары мен міндеттері.

  3. Тарихи ғылымдағы ағымдар, бағыттар мен мектептер.

Қайта өрлеу дәуірі өзінің сипаты бойынша Батыс Европа қоғамының тарихында өтпелі кезең болды. Гуманистік дүниетаным ақсүйектік, антишіркеулік сипатта болды. Италиядағы гуманистік тарихнама өз бастауын Франческо Петрарки (1304 – 1374) и Джованни Боккаччо (1313 – 1375) көзқарастарынан алады. Петрарка өзінің «О знаменитых мужах» шығармасында Рим тарихын биография негізінде, 21 биографиия ұлы римляндар Ромулдан цезарьға дейін және биографилар Пирр, Александр Македонский және Ганнибал. Петрарканың биографиялар жинағынан оның бәрін еске түсіру үшін жазғандай көрінеді, яғни ол Римнің Италияның XIV ғасырдағы бөлінісінен кейінгі ұлылығы сипатталады. Биографияда идеалданған батырлар Тит Ливидің еңбегінің негізінде жазылған. Алайда, ол ортағасырларды сынауға көшеді. Боккаччо тарихи шығармалардың үлгілерін түсінген күйінде қалдырды. «О славных женщинах» шығармасында антикалық авторлардан анекдоттық материалдарын жинаған, оның ешқандай тарихи құндылығы болмады. Боккаччо да итальян тілінде «Жизнеописание Данте» шығармасын жазды, бірақ мұнда тарихи жанрды толық сақтады. но и в этой работе он не выдержал полностью жанр исторического сочинения: Данте выступает здесь только как писатель, а его политические взгляды и роль в политической жизни Флоренции остаются в стороне. Жалпы Петрарка және Боккаччо шығармалары, тарихи мысалдағы әдебиет болды, алайда тарихи әдебиет бола алмады.

XIV ғасырдың соңында гуманистік бағыттағы тарихи әдебиетте «тарих» деген атаумен әдебиететр пайда болды. Бұл кезеңге Леонардо Бруни (1374 – 1444) шығармалары жатады. 1405 -1415 жж. Бруни папаның куриясында хатшы қызметін атқарған, 1427 ж. Өмірінің соңына дейін Флоренция республикасының канцлері болған. Оның басты шығармасы– «История Флоренции в 12 книгах», латынь бойынша жазылған. Осы кезеңнен тарихилық және тарих жазу п.б. Бруни Поджо Браччолини (1380 – 1459), оның шығармасы «Восемь книг истории народа Флоренции». Мазмұны бойын XIV –XV ғғ. Флоренция мен миландық герцогтардың соғысы жазылады. Риторикалық тарихнамаға көп көңіл бөлген Венеция. Тарихнама бұл жерде саяси тапсырыс ретінде. Ұлы венециялық тарихшы Сабеллико (Марк Антонио Коччо) оның кітабы «Тридцать три книги истории Венеции от основания города», Мазмұны бойынша риторикалық шығарма болды, алайда ол сол үшін өмірлік зейнетақыға ие болды. Тағы бір Венецияның тарихшысы Пьетро Бембо (1470 – 1547), «История Венеции в 12 книгах» кітабын жазды. Лоренцо Валла (1407 – 1457). Ол «Историю Фердинанда, короля Арагона, в 3 книгах», кітабының авторы. Валлдың тағы бір еңбегі – «Трактат о подложности Константинова дара» (1440). Аталған еңбекте автор деректердің тарихи сынның негіздерін қалады.Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімінің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылады. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның саяси идеялары қарама-қайшылықтар мен жаңа ізденістерге толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптігі олардың бұл мәселедегі даулы айтыстары да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі анықтай алады.

1469 жылы Италияның Флоренция қаласында заңгер отабасында дүниеге келген Никола жас кезінен бастап-ақ құқықтану негіздерімен еркін таныса алды. Қаржы қиындығынан университеттегі оқуын толық аяқтай алмаған ол оқуға деген құштарлығы мен ізденісінің нәтижесінде өздігінше оқып ғылымның әртүрлі саласы бойынша терең білім алады. 1948 жылы Флоренция республикасында әртүрлі мемлекеттік істермен шұғылданады, осы дәуірдегі көрнекті саяси қайраткерлер мен жүздеседі. Саяси іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.Басқа елдермен Италияның әртүрлі қала-мемлекеттерінде дипломатиялық сапармен болған Макиавелли бұл елдердің мемлекеттік басқару істерімен тереңірек танысады. Осы жылдар аралығында Н. Макиавелли үкіметтік жарлықтар мен заңдарды дайындауға қатысумен бірге мыңдаған әртүрлі деңгейдегі хаттар мен ұсыныстар жазады. Қызмет бабында үлкен тәжірибе жинақтаған ол мемлекет және саясат мәселелері жөнінде мемлекет басшысының сенімді көмекшісі және кеңесшісіне айналады.

1512 жылы Флоренция республикасының құлауына байланысты бірге бүкіл үкімет құрамымен бірге ол да қызметсіз қалады және оған қандай да бір мемлекеттік іспен айналысуына тыйым салынады. Саяси және мемлекеттік қызметтен шеттетілген ол бұдан кейінгі өмірін әдеби шығармашылыққа арнайды. 1513 жылы «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі», 1519 жылы «Әскери өнер туралы», 1520 жылы «Флоренция тарихы» және тағы басқа еңбектерін жазады.

Дәріс №2. ХІХ ғасырдағы тарихи ойлардың түрлері. Классикалық тарихилық.


  1. Классикалық тарихилық ХІХ ғасырдағы тарихтағы үстем парадигма ретінде.

  2. Деректердің дұрыстығы туралы түсініктердің басымдығы.

  3. Саясат, экономика, мәдениет саласындағы көрнекті тұлғаларына деген қызыгушылық.

Француз зерттеушілерінің позитивистік тарихнаманы сынаулары 1890- жылдардан басталды, 1920 жылдығының бірнеше онжылдығында бұл сынаулардан тұтас позитивистік программа құрылған емес. ХХ ғасырдың басында антипозитивистік орталықтың негізі ретінде Эмиль Дюрггеймнің (1858 – 1917) әлеуметтік мектебі болды, ол «Социологический ежегодник» және «Международный центр синтеза» деген журналдар басып шығарған, ол Анри Берромен (1863 – 1954) «Обозрение исторического синтеза» деген журналымен бірлесіп шығарды. Бұл мектептер позитивизмнің фактографиясына, иррационализм мен спиритуализмге қарсы шықты. Беррдың ойынша, тарихи синтезге шақырулар тарихқа деген тәжірибедегі іс өимылдармен бірдей, болашаққа ретроспективті түрде болды. Дюркгеймнің жақтастары тарих және әлеуметтану бірлігі үшін шыға бастады, себебі, тарих әлеуметтану қорытындылары үшін негізгі матриалдары болып есептелінді.Позитивистік тарихнаманың критиктері болып жатқан жағдайларға әсер ететін терең факторлар болады деп есептеген. ХХ ғасырдың басында француз тарихнамасында негізгорынды саяси тарих және идея тарихы (саяси- құқықтық, административтік, дипломатиялық және әскери тарих мамандықтарымен) алды. Әлеуметтанудың ықпалымен экономикалық және әлеуметтану тарихы қалыптаса бастады. Зерттеудің дәстүрлі кеңістігі кеңейе бастады, және Жерторта теңізінің бассейні мемлекеттерінің тарихымен жұмыс істеуде, Африка, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінің тарихы қызықтыра бастады. Студент тарихшылардан ұйымдар құрылды және Париж университетінің құрамына Хартия ұлттық мектебі, Жоғары орта мектебі, Әлеуметтік білімдердің практикалық мектебі кірді. ХХ ғасырдың басында Францияның жаңа тарихын зерттеу бірнеше түрлі профессионалды тарих ұйымдарымен бөлінді, олар мемлекеттегі тарихтың негізгі кезеңдері мен проблемаларын зерттеумен болды, «Общество исследования эпохи Рабле» және «Шестнадцатый век» атты журналадары, қоғам және бюллетеньдері «История французского протестантизма», общество и журнал «Восемнадцатый век», сонымен қатар, қоғам және журналдар «Французская революция», «Политические науки», «История французских колоний» болса, «Военная история» және «История экономических и социальных доктрин» атты журналдары болды. Бұл журналдар өздерінің ғылыми программаларымен зерттеушілік мектептердің өмірге келуіне ықпал етті. Мемлекетте сонымен қатар, көптеген жергілікті тарихи қоғамдардың беделі түсе бастады. 1830, 1848, 1870 – 1871 жылдардағы француз революциясына қатысты құжаттар және осы проблемаға байланысты монографиялар шыға бастады. Радикалды-демократиялық және әлеуметтік бағыттағы тарихшылар өздерінің саяси көзқарастары бойынша тематикамен айналысты. 1907 жылы демократияға жақын тарихшы Альбер Матьез (1874 – 1932), робеспьеризмді зерттейтін Қоғам құрды, «Анналы французской революции» атты журнал шығарды.

ХVІІІ ғасырдың аяғындағы революцияны зерттеудегі жұмыстарды мемлекеттегі әлеуметтік қозғалыстың бір басшысы Жан Жорес (1859 – 1914) еді. Ол көптомды «Социалистической истории 1789 – 1900 гг.» деген еңбекті шығарды.

Француз тарихнамасында кезеңде француз тарихын зерттеп оған баға беруде, көптеген жетістіктермен бірге, субъективті жақ көп болды, мәселен, консерватизмді субъектизм солшыл либералды ссубъектизммен қарсыласты. Үшінші республикадағы тарихи сана белгілі тарихшылармен бірге буржуазиялық республиканизм түрінде қалыптасты, олар реформизмді жандандырып, монархизм және социализмге қарсы тұрды. Тарих ғылымы Университетінің, мектептегі білімнің, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы тәрбиеші, әрі ірі ұйымдастырушысы Эрнест Лависс (1842 – 1922) болды, ол А. Рембомен бірге 12- томдық «Всеобщую историю» еңбекті шығарған, сонымен қатар, 1884 – 1950 жылдары миллиондаған басылымдарымен бастауыш сыныптарға Франция тарихына байланысты кітаптар шығарған.



Мектепке арнаған еңбегінде отанына деген патриотизмін көрсетіп жазады, ал республика деген барлық Франция тарихының қорытындысы деп есептейді.Лависс кітабын жасырын есіммен Пьер Лалуа (la loi по – французша – «құқық») басып шығарады. Оның айтуынша, революцияларды айтқанда, олар өткенге қажет болды, бірақ Үшінші республика тұсында олардың қажеттліктері түсіп қалды.

ХХ ғасырдың басына таман Ұлыбританияда тарихи білімнің мамандану үрдісі жалғасын тапты. 1917 жылы Оксфордта және 1920 жылы Кембриджде тарихи мәселелер бойынша диссертациялар дайындаған университет бітірушілеріне берілетін философия докторлары ғылыми дәрежесі тағайындалды. 1921 жылы Лондонда алғашқы басшысы А. Поллард болған, тарихшы мамандығын жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ретіндегі тарихи зерттеулер Институты ашылды. уақытылы жүйеге айналған, бірінші ағылшындық – американдық конференциясы өтті. 1930 – жылдары тарихи зерттеулердің лондондық Институты «Графтықтардың викториандық тарихы» атты көп томдық кітапты шығаруды басшылыққа алды. Корольдік тарихи қоғам өз қызметін жалғастырды. 1918 жылы онда мұрағат құжаттарын жариялаумен және дықкомитет құрылды. 1921 жылдан бастап британдық сыртқы саясат тарихы бойынша құжаттар баспаға шыға бастады. 1937 жылдан бастап 1900 жылдан кейінгі кезеңді қамтыған британ тарихының библиографиясы жүйелі түрде шыға бастады. Елде 1930 жылдары мүшелер саны – 4.5 мыңға жеткен тарихшылар ассоциациясы жұмыс істеді. Ол жыл сайын шығатын тарихи әдебиеттің «Тарих» атты шағын журналын шығарды. Аймақтық тарихты зерттеу кеңейе бастады, және бұл үшін жергілікті мұрағаттық және антикварлық қоғамдар мен графтықтар мұрағаттар қызметін үйлестіретін аймақтық тарих бойынша комитет құрылды. 1932 жылы Британдық мұрағат ассоциациясы құрылып, «Мұрағаттар» журналы шыға бастады. 1924 жылы ақпараттық қамсыздандыру бойынша кітапханалық Ассоциация құрылды(«Аслиб» қызметі). Тарихи ғылымда ары қарай ұйымдасқан түрде мамандану жүрді. 1930 – жылдары оқу орындарында ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа заман тарихының жеке кафедралары құрыла бастады. Бұл тағы да жаңа тарихтың дербес академиялық пәнге айналуымен байланысты болды. XIX – XX ғғ. Шетелдік елдерде университеттер саны өсе бастады, және Манчестрде, Лидсада, Бирмингемде, Шеффилда және басқа да қалаларда «қызылкірпіштілер» деп аталатын қалалық университетер пайда болды. Тарихтан сабақ беретін оқытушылар санының өскені байқалды, 1900 жылы олардың саны 30-ға жуық, ал 1939 жылы 400-ге жетті. Тарихи ғылымның теориялық – методологиялық негізінде британ тарихнамасында бастаушы таным әдісі тарихы үрдісте өзінің себеп – салдарлық байланыстарын орнатудағы мақсаттарын шектеген және жалпы әлеуметтік заңдарды жариялауға ұмтылған континенттік позитивизмге қарсы шыққан британдық нұсқадағы позитифизм болды. Мұндай позицияны тарихшылардың Кембридждік мектебін құрушылардың бірі, Джон Бьюри (1861 – 1927) болды. Бьюри қоғамның дамуында материалдық және әлеуметтік факторлардың әсерін ескере отырып, тарих барысына дербес еркіндікті анықтау әсерін басып айтып, психологиялық салада тарихи үрдіске айқындаушы әсерді іздеді. Бьюри жаңа тарихты зерттеуге мән беріп, ХІХ ғ. аяғынан бастап жаңа тарих кезеңін ерекше бөліп көрсету керектігін айтты. Тарихшылардың академиялық қауымдастығының басты мәселесі «оның өзі үшін» тарихын зерттеу қажеттілігін түсіну болды және тарихтағы жекелік пен біріңғайлылықты зерттеуге шешуші мән берілді. Тарихта жаратылыстану ғылымдарына тән әдістерді қолдану мүмкін емес деп саналды. Тарихты осылай түсіну тарихты ғылыман гөрі әдебиет пен өнерге жақындатты. Позитивизм бағыты британ тарихшылары ортасында, демек, неокантиандық көзқараспен сай келді.

Дәріс № 3. XIX-XX жүз жыл аралығындағы тарихи ойдың тоқырауы.

  1. Тарихшылардың дағдарыстан шығу жолын іздеуі.

  2. ХҮІ ғасырдағы мәдени тарихты зерттеу.

  3. Франция тарихын зерттеудегі әлеуметтік байланыстар, бұқаралық, қайталама құбылыстарын зерттеу.




  1. ХХ ғасырдағы Батыстық қоғамдық сана-сезімге апаттың әсері.

  2. Тарихтың мағынасыздық идеясы.

Тарихи ғылымның теориялық – методологиялық негізінде британ тарихнамасында бастаушы таным әдісі тарихы үрдісте өзінің себеп – салдарлық байланыстарын орнатудағы мақсаттарын шектеген және жалпы әлеуметтік заңдарды жариялауға ұмтылған континенттік позитивизмге қарсы шыққан британдық нұсқадағы позитифизм болды. Мұндай позицияны тарихшылардың Кембридждік мектебін құрушылардың бірі, Джон Бьюри (1861 – 1927) болды. Бьюри қоғамның дамуында материалдық және әлеуметтік факторлардың әсерін ескере отырып, тарих барысына дербес еркіндікті анықтау әсерін басып айтып, психологиялық салада тарихи үрдіске айқындаушы әсерді іздеді. Бьюри жаңа тарихты зерттеуге мән беріп, ХІХ ғ. аяғынан бастап жаңа тарих кезеңін ерекше бөліп көрсету керектігін айтты. Тарихшылардың академиялық қауымдастығының басты мәселесі «оның өзі үшін» тарихын зерттеу қажеттілігін түсіну болды және тарихтағы жекелік пен біріңғайлылықты зерттеуге шешуші мән берілді. Тарихта жаратылыстану ғылымдарына тән әдістерді қолдану мүмкін емес деп саналды. Тарихты осылай түсіну тарихты ғылыман гөрі әдебиет пен өнерге жақындатты. Позитивизм бағыты британ тарихшылары ортасында, демек, неокантиандық көзқараспен сай келді. 1930 – 40 – жж. Британ тарихнамасының теориялық – методологиялық ізденістерінде А. Дж. Тойнби және Р. Дж. Коллингвуд идеялары орын алды. 1934 жылы Ұлыбританияда Арнольда Джозефа Тойнбидің (1889 – 1975) «Постижение истории» атты 12 томдық шығармасының алғашқы кітабы шықты. Ол антика, халықаралық қатынастар тарихымен айналысты, Париж бейбіт конференциясы жұмысында британ делегациясы құрамында қатысты, Лондон университетінің саясат және экономика мектебінде халықаралық қатынастар тарихынан сабақ берді. 1926 жылдан бастап халықаралық қатынастардың Корольдық институтын басқарып, 30 жыл бойы оның директоры болды. Әлемдік тарихқа мәдени- тарихи жақындық жолында жұмыс істей отыра, ол өз концепциясында позитивизмді интуитивизм элементтерімен байланыстырды. Үлкен эмпирикалық мәліметтер жинақталған жұмыста келтірілген фактілер ортақ қатынастар үшін келтірілген мәліметтерге қарағанда, дүниежүзілік-тарихи үрдіс ойдан құрастырылған тірек сызбасына тек сурет болған. Тойнби ортақ рухани мәдениеттері бар елдер мен халықтар үшін аймақтық өркениет ұғымын негізді. Ол өркениеттерді біріншілік, екіншілік және үшіншілік деп бөлді. Бұл көрсетулер бойынша, қазіргі әлем бес негізгі өркениеттен (батыстық, православиялық-христиандық, исламдық, индуистік және таяушығыстық) тұрады. Олар әрқайсысы бұдан бұрынғы өркениет белгісін алып отырған. Тойнби бойынша адам үшін прогресс саласы адами рухтың даму болып өткен психология, мораль саласы болды. Батыс өркениетінде Тойнби британ қоғамы мен мемлекетін батыстық өркениеттің маңызды бір құрамы (индустриализм, парламенттік демократия, национализм) деп қарастырды. Тойнбидің еңбегі британ тарихнамасында европацентризмнен алшақтап, әлемдік тарихи үрдістер түсінігіне келуіне әсер етті.

Тағы бір британ тарихшыларының ішінен тарихи таным саласындағы белгілі теоретиктердің бірі Робин Джордж Коллингвуд (1889 – 1943) болды. Оның негізгі еңбектері – «Автобиография» (1939), «Тарихтың идеясы» (1946). Коллингвуд Оксфордта философия және антикалық тарихтытың профессоры болды. Ол позитивистердің тарихи әдісін «қайшы мен желім тарихы» деп атап, қатты сынға алды, өйткені оның пікірінше, тарихшы жинақталған және дәстүрлі қалыптасқан факт ізімен жүрмей, керісінше, айналасында зерттеу жүруі үшін сұрақтар қоя білу керек. Тарихи үрдіс оларға идеалистік тұрғыдан түсінікті болды – бұл дегеніміз, тек танымға ғана мүмкін, ал танымға тек ойлау ғана тән және ойдан басқа тарихи білімнің пәні болып табылатын еш нәрсе жоқ.

XX ғасырдың басында британ тарихнамасында толығымен тарихтың либералды концепциясына деген ұстаным таралды. Осыған сәйкес тарихи үрдіс жаңаның ескімен күресі барысындағы прогресс баспалдағымен мемлекеттің не қоғамның өрлеуі және өкілдік демократия мен жеке дара еркіндіктің түсініксіз кеңеюі сияқты болды. 1920 – 30 – жылдары тарихи таным түсінігінің либералды интерпретация сыны концепциясының кейбір ережелерін өзара түсінуге деген тенденция байқалды. Бұл тенденциялар Кембридж университетінің оқытушысы Герберт Баттерфилдтің (1900 – 1979) «Тарихтың Вигалық интерпретациясы» (1931), «Ағылшындық және оның тарихы» (1944) еңбектерінде көрініс тапты. Баттерфилдтің айтуы бойынша, вигизм тарихнамалық дәстүр ретінде тарихи білімде өз міндетін орындады, ол британдықтарға өткен тарихы бар қазіргі демократиялық қоғамның сабақтастығын түсінуге мүмкіндік берді. Баттерфилд тарихшылардың келешек ұрпақтарының алдында жаңа міндеттер тұрады, және өткен тарихтың мәнін айқын ашу үшін тарихты зерттеуді қазіргі құндылықтарға бағындырудан босату керек деп санады, өйткені тарихқа библиялық көзқарас тарихи дамудың жорамалдық концепциясына сай келетін фактілерді тарихтан таңдап алуға әкеледі. Тарих жеңілдетілген және сызба түрінде болды. Баттерфилд моральдық құндылығы бар «прогрессивтілік» және «кертартпалық» түсініктері тарихшының сөз қорынан жоғалуы тиіс деп санады. Баттерфилд тарихи үрдісті қақтығыс жолымен заттың бір күйден екінші күйге өтуі деп түсінді, сондықтан да библиялық тарихшылар сияқты «тарихты миға сиымсыз логикамен» іздеумен айналысу парықсыз. Тарихи танымның мәні байланысы тарихқа аяқастылық және ғажайып нәтиже беретін бірегей элементтердің көптүрлілігінде жатыр. Тарихшы – шебер маманның ісі жалпы шынайылылық пен заңдарды бекіту емес, тарихи үрдістердегі өзгерістердің барлық үйлесімділігін зерттеу болып табылады. Баттерфилдтің пайымдауы бойынша, «шын мәнісінде тарих – бұл саяхаттар туралы кітаптардағы сипаттамалық шығарманың бір түрі». Тарихшы, оның айтуынша, «сот емес, ақтаушы да емес … ол куәлік беруге міндетті адам ұстанатын жолда жатыр».
Дәріс № 4 Франциядағы «Жаңа тарихи ғылым».

«Анналдар» мектебінің пайда болуы. М. Блок пен Л. Феврдің шығармашылығы.


  1. ХҮІ ғасырдағы мәдени тарихты зерттеу.

  2. Тарихи ғылымның тиянақты құрылымын қайта қарастыру.

19 ғасырдың аяғында-20 ғасырдың басында қалыптасқан Француз тарихы ғылымы ұйымы екі соғыс кезеңі аралығында сақталды. Көпшілік тарихшылар жұмыс істеген тілдік лексикалық сөздік факультеті университеттің тарихшыларды даярлайтын және басты тарихи зерттеу орталығы болды. Ғылыми дәреже атағын және диссертация қорғауды тек ғана Франзуз университеті қабылдайтын. Тарихи ғылымды дамытуда маңызды үлес қосқандар: Ұлттық хартия мектебі, Жоғарғы қалыпты мектеп, Колледж де Франс, ертеректе құрылған ірі ғылыми -білімдік мекеме. Маңызды тарихи кезеңдерді мәселелерді зерттеуде, үлкен ұйымдастырушылық рөл атқарған және бұл кезеңдерді зерттеу әрекетімен айналысқан тарихи қоғамдар мен журналдар болды. 1958 жылға дейін француз тарихшылары,диссертация қорғауда,гуманитарлық ғылымдары докторы дәрежесін алуға ұсынылған.Бұл дәреже тарихшылардың филологтармен бірдей атауда болды.Докторлық дәрежеге талап өте жоғары болды.Ізденушіден екі мәтін тапсыру ұсынылған:негізгі және қосымша.Негізгі мәтінде зерттеудің түпкі мазмұны кең деректік негізде алынған болса, ал диссертацияға қосымша да автордың деректанушылық және тарихнамалық зерттеу мәселесі аймағындағы компетенттігін көрсететін болған.Қорғалған диссертация жарыққа шыққандықтан, француз тарих ғылымы көлемді зерттеулермен үнемі толықтырылған.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлттық өзіндік санада француз қоғамында үлкен орын алған осы оқиғаға байланысты патриоттық рухты жанаша ойлау болды.Елде әлеуметтік күрестің ықпалымен әлеуметтік..экономикалық мәселелерге қызығушылық өсті.Әдістемелік ғылымды дамытуда танымдық ахуалдың үлкен әсерімен А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясына ауды осыған сәйкес: физикалық құбылыс есебінен абсолюттік жүйе бақылаушыға тәуелсіз өмір сүрмейді және абсолютті уақыт болмайды, қандай да бір есептік жүйеден байланыссыз,микроәлем заңдылықтары нағыз сипатқа иеленеді.Адамның мінезі оның санасымен жиі анықталмайды,ол сана бөліктері және сана бөліктерінің әртүрлі кешенінде бекиді деген З.Фрейд идеясын зор қызығушылықпен қабылдаған болат ын.Бұл барлық идеялар, салыстырмалы қағидадан фрейдизмге дейін,әлемді объективті тануға ақыл-ой қабілетсіз екендігінің куәсіндей жиі талқыланды. Францияда А.Бергсон философиясы осы салада танымал болуы оның сөзі бойынша,түпкі өмірді ұғыну адамның шығармашылық әрекетінің ақылдылығынан емес деген тұжырыммен, оның интуициясында деп ақылдылық көзқарасты басуға ұмтылды

Бірінші дүние жүзілік соғыс аяқталған соң,француз тарихи ғылымына зор ықпал еткен ,дәстүрлі позитивистік бағыт болды.Олар көпшілік француз университеті кафедраларын басқарды,журналдарды басқарды,бірнеше ірі жинақтық басылымдарды әзірледі «Қазіргі Франция тарихы төңкерістен бейбіт 1919 жылға дейін «(1920-1922) 10 томдық,Француздың ұлттық тарихы» (1929) 19 томдық, 1933 жылы Сеньобос: «Француз ұлтының ақиқат тарихы» деген еңбегі басылып шықты.Соғыстан кейінгі кезеңде француз тарихнамасына « адам географиясы» идеясы мектебі ықпал ете бастады, оның негізін қалаған Пьер Видаль де ла Бланш (1845-1918) болды.Бұл мектеп демографиялық фактор мен қоршаған табиғи қоғамға ықпалын зерттеді және оның өкілдері тұрғындардың көші -қоны мәселесін қарастырып,экономикалық және демографиялық өсуді,тарихи зерттеудің объектісі салдары тұрғысынан алғашқылар болып бастады.

Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында -ақ, 1938 жылы Р.Арон Философияға кіріспе тарихын ол релятивистік және субъективистік тұрғыдан тарихты ұғынудағы немістік неокантиандық рухты қалады.

Француз тарихнамасының жалпы позитивистік кейпін өзгертуде Люсьен Февр (1878-1956) және Марк Блок (1886-1944) басты рөл атқарды.Февр Дижонда және Страсбургта профессор болды, содан кейін Коллеж де Франста қазіргі өркениет тарихы кафедрасын басқарды.Оның қызығушылық шеңбері:география, ортағасыр мәдениеті тарихы және тарихи психология болды.Блок Страсбург университетінде жұмыс істеді, содан кейін 1936 жылы Париж университетінде экономика тарихы кафедрасын басқарды.Феврдің негізгі еңбегі:»Мартин Лютер тағдыры»(1928)»Проблема неверия в 16 веке. Религия Рабле» (1942) . Февр тағы да көптеген санды мақалалар, рецензиялары жарық көрді.оның жинақтары:» Тарих үшін күрес» (1962),»Тарихтың тұтастығы үшін» (1962) .М.Блоктың негізгі еңбектері:»Короли чудотворцы»(1924),Франция тарихының аграрлы ерекшелік сипаты»(1931),»Феодальдық қоғам» (1939-1940) 2-кі томдық.

Л. Февер мен М.Блоктың көзқарастарыА.Берра, Э.Дюркгейм және маркисизм әсерімен қалыптасты.Февер мен Блок дәстүрлі позитивистік құбылыстық тарихнаманы өткір сынады.Олар тарих құбылысты суреттеп қана қоймай ,болжамдарды қозғап, мәселе қойып, шешіп және жалпыкөлемдік синтетикалық ғаламдық тарихты жасауға ұмтылып,адамдар өмірін жан-жақты қамтитын әлеуметтік,психологиялық,моральдық,дінилік және эстетикалық, саяси ,экономикалық көзқарасты білдірді.Февр мен Блок әлеуметтік экономикалық қатынасты қоғам тарихында географиялық және демографиялық фактордағы зерттеуге және тарихшыларды пәнаралық синтезге бағыттады.Жаңа зерттеу мәселесі, олар көңіл аударған, қоғамдық психология тарихы,ұжымдық құндылықтар мен көріністерді зерттеу болды, сондықтан Февер мен Блок тарихи ділділікті анықтаған. Олар тарихи фактілер қатарына оқиғалар ғана емес, әлеуметтік- экономикалық даму үрдісі және қоғамдық психология өзгерістірін де кіргізген.Блок пен Февер пайдаланатын деректер шеңберін кеңейтуге шақырыды және жазбаша деректерге сүйеніп, зерттеу мақсатына барлығын қолданып,адамдарға қатысты, адамға қызметке байланыстының болуын көрсетті.Олар тарихи үрдістің барысына ықпал ететін қандайда бір факторды түсіндірмеді, бірақта үнемі маңызды фактор рөліне ұжымдық психология, ділдікті алға қойды.Зерттеу барысы бойында барлығы тарихшының көрсетіп,бейнелеуімен берілгендіктен, осы тұрғыда Блок пен Февер көрсеткендей, тарихи факты тарихшысыз өмір сүрмейді,олардың ашылып, құрылуында тарихшының зерттеу фактысы барын атаған.Бірақ та Блок пен Февер тарихшының танымдық мүмкіндігіне сенеді, және адам мен табиғатты тануға, түсіндіруге болады деген. 1929 жылы Блок пен Февер жаңа жалпы тарихи журнал бағдарламасымен « Анналы экономической и социальной истории » атты журнылдың негізін қалайды.Олар «жаңа тарихи ғылымдар» негізін салып, екінші дүниежүзілік соғастан кейін АҚШ..та «жаңа ғылыми тарих» атауын алды.

«Аналлдар» негізін қалаушылармен қатар француз тарихнамасында әдістер мен тақырыптарды жаңартуда экономикалық тарих мамандығы бойынша:Франсуа Симиан (1873-1935) және Эрнест Лабрусс (1895-1988) Ф. Симиан қоғам өміріне экономикалық циклды кіргізуге ұмтылды: ұзақ үлкен , қысқа, аралық циклдар. Ол циклдардың ауысымдық себептерін ақша массасының кірісі мен шығысынан қарастырды, ақшаның баға өзгерісіне, бағаның ауытқуына, қозғалысына қарады, онда еңбекақы деңгейі анықталды,табыс және басқадай табыстар, баға ауытқушылығы және табыстар, оның талқылауынша, ұжымдық психологияға ықпал етіп, сол арқылы әлеуметтік қатынасқа әсер еткен. Осы бағытта Э.Лабрусс еңбегінде :экономикалық цикл өзінің ырғағымен, тарихи дамуды анықтайды,өйткені бағадағы өзгерістер, әртүрлі әлеуметтік топтар табыстары және әлеуметтік..саяси күрестерге бұрып әкеледі деген ойды дамытқан.Осы көзқарасқа тоқтаған Лабрусс, екі көлемді еңбек жазады: «18 ғасырдағы Франциядағы баға қозғалысы мен табыстары очеркі» (1933 -1936) 2- кі томдық және « Француз экономикасындағы ескі тәртіптің соңында және төңкеріс басындағы дағдарысы»(1944).Лабрусс ауқымды мұрағат материалдары негізінде 1726-1789 жылдары ұзақ уақыт еңбекақының төмендеуі және өмір сүру құнының өсуін анықтады. Ол 18 ғасырда Францияда әлеуметтік қайшылықтардың өршуіне әсер еткен ірдістерді көрсетіп,онда шаруалардан ондық және заттай сеньорлық төлемдердің өскенін, жалдық төлемдер динамикасын көрсетті. Лабрусс мынадай қортындыға келді: 1789жылы төңкеріс басында,ұзақтығы әртүрлі үш экономикалық үрдіс болған «ұзақ толқын» жоғарғы нүктесі, экономиканың өрлеуі және бағаның өсуі, 1730 жылы француз буржуазиясын байытқан; экономикалық конъюнктурдың құлдыраған цикларалық шыңы ,ескі тәртіптің соңғы екі он жылдығына келеді; онда егіннің шықпауы,өткір азық-түлік тапшылығы дағдарысы мен жаппай кедейлердің маусымдық қымбаттаушылығының апаттық шырқауы, 1789 жылы шілде тоқуына жеткізеді. 18 ғасырдағы экономиканың өрлеуі, бағаның өсуі тым ұзақ уақыт ахуалдың дамуына ықпал еткен; мұның өзі буржуазияның өрлеуін қамтамасыз етіп,оның реформатырлықшылдығын тудырды.

Лабрусс өзінің логикасына жақындай келе, әлеуметтік қозғалысты, төңкерістік және саяси дағдарысты сөзсіз экономикалық ауытқушылықты коньюктурамен байланыстырады.Француз төңкерісі онда «ескі типтегі» экономикалық дағдарыстың салдары «қайыршылық дағдарысты» тудырған және нан бағасын қымбаттатқандықтан қозғалыста басты рөлді айқындаған.
Дәріс №5.«Анналдардың» екінші буыны. Ф. Бродель.


  1. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Франция тарихнамасындағы «Анналдар» мектебінің «Салтанатты шеруі».

  2. Ғылыми-зерттеу орталықтары тармақтарының пайда болуы.

  3. Зерттеу мәселелерінің ары қарай кеңеюі.

Соғысаралық кезеңде Француз тарихнамасының ортақ тақырыбы Ұла Француз төңкерісі болып қалды.



Француз тарихшылары ерікті және еріксіз 1789 жылғы төңкеріспен, Ресейдегі қазан төңкерісін өзара талдауға көңіл бөлді. Консервативті тарихшы П.Гаксотт 1928 жылы «Француз төңкерісі» деген кітабын басып шығарды,онда, якобиншілдер мен большевиктерді үйлестіріп,төңкерістік күштеу мен анархияны талқылап, коммунистік террор дың ізі артында қалады. 1947 жылы П. Гаксоттың кітабы 180 басылымда шығарылады.

Дәстүрлі республикалық бағыттағы тарихшылар А.Олар басқарған Француз төңкерісін ,Қазан төңкерісі мен толық үйлестіруден қорғап,Франция төңкерісі террор қолданғанымен, Францияда ол жариялылықпен заңды сипат алды деген.Олар қайтыс болған соң, ол құрған « Француз төңкерісі тарихын зерттейтін қоғам » тарихи төңкерістердізерттейтін басты орталық бола жағдайын жоғалтады және 1935 жылы өмір сүруін тоқтатты.Ұлы Француз төңкерісі тым солшыл бағыттқа көшті де, қызметінде радикальды республикализмді кеңестік бағдарға біріктірді.Оның көсемі Альбер Матьез (1874-1932) болды. 1920-жылдың басында ол коммунистік партия мүшесі болды да, кеңестік тарихшылармен ынтымақтасып, КСРО Ғылым Академиясы корреспондент мүшесіне сайланды, содан кейін 1930-1931жылдары КСРО дағы саяси қуғыннан кейін ынтымақтастық қаиынасы үзілдіМатьезаны якобиншілдер мен большевиктер арасындағы талдаулар қорқыта алмады.Матьезаның негізгі ғылымға қосқан жұмысы Ұлы Француз төікерісі тарихын әлеуметтік тарихпен байланыстыра зерттеуі болды. Матьезаның басты еңбегі « Франция төңкерісі» (1922-1927) 3 том , және монографиясы, « Борьба с дороговизной и социальное движение в эпоху террора» (1927) жылы қарапайым қалалықтар жағдайы алғаш рет нақты , 1792-1794 жылдары төңкеріс кезеңінің сынынында халық,экономикалық либерализмге қарсы шығып,осындай төтенше жағдайларда, аграрлы шараларды теңестіріп, сауданы реттеуді,Матьез көрсеткендей болуын талап еткен.Алғашқа баспаны Матьез « террористерге» деп атаған және тек 1926 жылы ол Сорбонда дәріс оқыды ,ал 1932 жылы университетте семинар уақытында миына қан құйылып сол жерде қайтыс болады.Ұлы француз төңкерісін зерттеудің жетекшіліе рөлі Жоржу Лефеврге (1874-1959) өтеді.Ол 50 жыл орта мектепте тарихты оқытып, содан кейін университетке оқытушы болады.1932 жылы ол Матьездің орнын ауыстырып, « Робаспьерлік зерттеу қоғамы» және «Француз төңкерісі тарихының анналдары» журналының редакторы, ал 1937 жылы Сорбонда Француз төңкерісі тарихы кафедрасын басқарады.Левефер маркисизмнің ықпалын басынан өткерді,социологтар Э.Дюркгеймді, орыс тарихшысы И.В.Лучицкий Франция тарихы туралы еңбектерін жоғары бағалады,Ф.Симиан және Э.Лабрусстың есептік әдістерін пайдалануды жақтады.Ж.Лефевр Француз төңкерісі тарихын зерттеп, оқытуды, азаматтық зор мәні бар,теңдіктің және демократиялық құндылықтығын көрсетті.Оның төңкеріс туралы түсінігі якобиншілдік болғанымен, Робеспьер идеялизмінсіз еді.Лефевр француз тармхшыларының ішінен алғашқылардың бірі болып, төңкерістегі шаруалардың рөлін және келешектегі шаруалардың тарихи тағдырына төңкеріс қалай ықпал еткенін тереңінен зерттеді.Бұл мәселелерді ол « Француз төңкерісі кезіндегі Нор департаменті шаруалары деген еңбегінде (1925) « Ұлы үрей», (1932), « Террор дәуіріндегі аграрлы мәселе» (1932) жылдары қарастырған.Лефевр, төңкеріс уақытында шаруалар буржуазияны қолдаушы ғана емес ,жеке еркі мен жеке саналы мақсатпен өзбетімен қоғамдық топ болып қатысқан деп көрсетеді.Лефевр,Ұлы Француз төңкерісі төңірегінде ,ерекше автономиялы шаруалар төңкерісіболып,капиталистік тенденцияға қарсы шыққан деп түйеді.Олардың төңкерістегі мақсаты:шаруалар қожалығын нығайтып, сақтап,өмір үлгісін, әлеуметтік және рухани ауылдық әлемді қорғау болды деген. Шаруалар буржуазиялық төңкерісте сеньорлық құрылысты жоюға мәжбүр етті,бірақ олар буржуазиялық жер меншіктенуге қарсы протест қойып,қауымдық институтты сақтауды және ірі жериелерін шектеуді талап етті.Францияда төңкеріс феодальдық тәртіпті талқандады,бірақ та ұсақ шаруалардың аграрлы құрылымы бекіді.Нәтижесінде француз ауыл шаруашылығында:капиталистік даму эволюциясы өте баяу жүрді және ұзақ уақытқа созылып, аяқталмады.Лефеврдің « Ұлы үрей « (1932) ,әлеуметтік психология мен ділдік тарих бойынша жаңашылдық еңбегі бар.Ол осы еңбегінде 1789 жылы шілде айының екінші жартысын қамтыған, жаппай толқулар мен ылаң тудырып, өзіне қаратқан, жалған естілген қарақшы бандиттер туралы бүкіл Франция территориясына таралған алаңдатушылықты қарастырған. Лефевр1934 жылы «Революционные толпы» яғни « Төңкерістік тобыр» деген мақаласын жариялады.Оған дейін Француз тарихнамасында бұл мәселені ойластырған И.Тэн және Г. Лебон,болған онда төңкерістік тобыр психологиясын екі инстинкте .. тағырық тобырға қайтып оралу,өйткені көпшілік адамдар наразылық жағдайда деген және жаппай жергілігті санада, көзсіз көсемдерге бағыну бар.Лефевр осы құбылысты тереңінен зерттеуге ұмтылды.Соғысаралық кезеңде өз қызметін « Төңкеріс тарихы қоғамы 1848 жылы 19 ғасырда» жалғастырды.Оларға жалғасқан тарихшылар 1830, 1848 және 1870 жылдары, 19 ғасырдағы төңкеріс тарихын, Франциядағы экономикалық және әлеуметтік қатынастар туралы бірқатар еңбектер жариялады.Бірақ та 19 ғасырда төңкеріс тарихына қызығушылық қоғамда сөне бастады.
Дәріс №6.1970-1980 жылдардағы «Анналдар» .

  1. 1960-1970 жылдардағы француз қоғамындағы өзгерістердің «Анналдар» мектебінің ғылыми көзқарасына әсері.

  2. «Анналдар» мектебінің сандық тарихқа ықпал етуі.

  3. Марксизммен әуестену және оның салдары.

Соғысаралық кезеңде сондай ..ақ жұмысшы және социалистік қозғалыстар да зерттелді.Александр Зеваэсаның редакциялауымен



(1873-1953) «Франциядағы социалистік партиялар тарихы» (1911-1923) жылдары 12-кі томдық басылып шықты.Тұтастай тарихшылар еңбектері, осы мәселелермен айналысқан, позитивистік және оқиғалық сипатта болған, және еңбектерде дәлелді материалдары болды.Оңшыл тарихшылар сынаған,Париж к коммунасы тарихын зерттеу де , көрінекті орын алды. Париж коммунасы тарихы бойынша ірі маман Жорж Бужен (1879-1958), болды.ол Сорбондағы профессор, социалист.Ол өзінің қортындысында Париж коммунасы тарихына құрметпен қарағанмен,оны мемлекеттің жаңа типі социализмге ұмтылған деп санамады,бұл тек кеңестік тарихнамада еөрсетіліп,Коммуна пролетариат диктатурасын орнатудың алғашқы тәжірибесі деп бағаланған деген.Соғысаралық кезеңде Француз тарихнамасы менбасылымдарында,өте қзекті мәселенің бірі , бірінші дүниежүзілік соғыс мәселесі болды.Версаль шарты 231бапта 1919 жылы Германияға соғыс үшін барлық жауапкершілікті жүктеген деген көзқарас француз үкіметінің официаналды көзқарасы еді.Бірақ та, Француз тарихшыларының қатарында, Германия соғыс бастауға ұмтылған жоқ, қарақшы Ресей менФранция одағы соғыстың басты себебі болды деп провакациялады.Осы мәселені зерттеуде кеңестік құпия шарттар басылымдары үлесін қосты. Онда Германияның бейбіт сүйгіштік мақсатын әшкерелейтін,немістің дипломатиялық құжаттарының басылымдарын және Антанта елдерінің экспанциялық мақсатын әшкереледі. Осыған жауап ретінде Француз үкіметі, Францияның саясатын ақтау үшін,өздерінің дипломатиялық құжаттарын баспаға әзірледі.Олардың 43 томдық басылымы 1929-1959 жылдарға дейін созылып, таза үгіттік төңіректе, немістің басылым құжаттарынан жоғарғы сапада басылып шықты.Француз тарихын зерттеушілердің қатарында жетекші рөл атқарған бірінші дүниежүзілік соғос кезінде Пьер Ренувен(1893-1974) ,Сорбон профессоры А.Олараның шәкірті және « Обозрение истории мировой войны» журналы редакторы болды.Ол соғыстың шығу себебі туралы тұтастай антантофильдік көзқараста болып,Францияны қорғай отырып, олалғашында Германия мен Австро..Венгрия соғысты қаламады, бірақ Россия Францияны қайшылыққа итермеледі деп бағалаған.Алдағы уақытта ол белсенді түрде Германияның жалпы қарақшылық жолы Антантаны осы жолға түсірді деген.Осы тұрғыда басталған соғыстың 15 жылдығына 1929 жылы француз тарихшыларының ұжымдық еңбегі «Дипломатическая история Европы» (1871- 1914) жарыққа шығарады, ол сөйтіп үлкен беделге ие болады.Оған қатысқан Ренувен дәстүрлі тарихи дипломатия Ұлы державалардың экономикалық бәсекелестігін ашып, толықтырулармен, қару- жарақтан басып озуды талдаумен соғысқа идеологиялық әзірлікті түсіндірумен, ұлт..азаттық қозғалыстың ықпалымен , әлеуметтік өмірді қарастырумен, психологиялық және моральдық соғысушы халықтардың ұмтылсымен түсіндірді.Ренувеннің пікірінше: әскери бәсекелестік және ұлттшылдық,соғысты тудырған, ал экономикалық және сауда бәсекелестігі ұлы державалардың Ренувен екінші орынға қойған, және ол қаражыгер мен кәсіпкерлерге әртүрлі тарихи кезеңде үнемі бейбітшілік қажет деп санаған. Ренувен Француз тарихшыларының арасынан халықаралық тарих мамандығы бойынша зор репутицияға иеленді.Соғыстағы жеңіс және француз отарларын иеленуді келешекте кеңейту,оаршылдық тарихнамада өзінің бейнесін табады.Француз тарихшылары:олардың елі артта қалған елдерге мәдениетті және өркениетті еңгізді, сондықтан бірінші дүниежүзілік соғыста бұратана әскерлер француз әскері қатарына кірді деген.Соғысаралық кезеңде өте белгілі еңбек «Соғысаралық кезеңде Француз коммунистік партиясының құрылуымен, Француз тарихнамасында дамудың жаңа стимулы болды.1930-шы жылдың ортасында ғана компартия сектанттыққа икемделіп және «интернационализм» мен қызыл тумен,төңкеріс символы «Марсельеза» мен Ұлы Француз төңкерісінің үштүсті туын мойандады.Соғысаралық кезеңде кәсіптік тарихпен айналысқан,алғашқы француз тарихшы марксистері ұрпақтарының қалыптасуы жүрді. 1934 жылы Огюст Корню Париж университетінде : « Карл Маркстың жастық шағы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1930 жылдың екінші жартысында болашақ белгілі марксист..француз тарихшысы Альбера Собуля Ұлы Француз төңкерісі тарихын алғаш рет жарыққа шығарды.

1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет