8. Фонетикалық талдау жаса: өнерпаз.
9. Қателерін түзетіп жаз: бопе, қыдық, ылгіш, бйдай, қойан, аншы, күрпе, ойнаватыр, қыстар, көпірдер.
10. Өтірік өлең ойлап шығар.
Бағалау: дұрыс орындалған тапсырмаға – 3 ұпай.
4 сынып
1.
Қарсы мәндес бар сөздерді ойлап жаз
Батыр –
Ерте –
Пайда –
Жалқау –
Оңға –
Жоғарғы –
Ренжу –
Қызару –
2.
Бірдей әріптен басталып және аяқталатын екі сөзді ойлап жаз. Сөздердегі әріптер саны әртүрлі болуы
мүмкін.
а...........................................а
е...........................................е
к...........................................к
у...........................................у
қ............................................қ
т............................................т
і..............................................і
3.
Берілген сөз тіркестерін мағынасымен сәйкестендір.
1. Қас-қағым сәтте. А) бедірейді, тесірейді, көз алмады.
2. Қас қақпады. Ә) кеш батты, ымырт жабылды.
3. Қас қарайды. Б) кербезденді, маңғазданды.
4. Қасын керді. В) мүлде қарсы, жек көрді.
5. Жаны қас. Г) дұшпан санады, қас деп білді.
6. Қас көрді. Ғ) лезде, тез, жылдам.
4.
«Жаңа сөз жаса». Берілген сөздердегі әріптерден жаңа сөз құрап жаз.
Үлгі: орақ – қора
Өрнек – .....................................................................................
Мақал – .....................................................................................
Ноқта – ......................................................................................
Қыран – .....................................................................................
Жылан – .....................................................................................
Тарақ – .......................................................................................
Күрек – ......................................................................................
Достарыңызбен бөлісу: