Үлгі: ал, алмұрт, мұрт...................
Тест тапсырмалары қазақ тілі
4 сынып
Тест тапсырмалары №1
1.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) өз-ен В) ө-зен С) ө-зе-н
2. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
А) 22 В) 42 С) 30
3.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата:
А) жуан, ұяң, қысаң В) қатаң, ашық, үнді С) қатаң, ұяң, үнді
4.
«Қ» дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, «қ» дыбысы қандай дыбысқа
айналады?
А) «Р» В) «Х» С) «Ғ»
5. Мәтін дегеніміз не?
А) Екі не одан көп өзара байланысқан сөйлемді
мәтін дейміз
В) Ұзақ бір сөйлемді
мәтін дейміз
С) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегін
мәтін дейміз
6. Берілген сөйлемнің қайсысы хабарлы сөйлем?
А) Көшеге
кім шықты
В) Ертең
демалыс
С) Мерекелеріңізбен достар
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
А) 3 В) 2 С) Қосымша бөлінбейді
8. Заттың атын білдіретін сөздерді не деп атайды?
А) Етістік В) Есімдік С) Зат есім
9. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Не істеді? неғылды? қайтті?
В) қандай?
С) қашан?