Егін шаруашылығы
Облыс әкімінің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарына шаруашылықтар «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 187 млн. теңге несие қаражат алып, егін егу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді.
Аудан бойынша өткен жылы 24 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, оның ішінде 8600 гектар күріш дақылы. Нәтижесінде күріштен 39 мың тонна, картоптан 29 мың тонна, көкөністен 24 мың тонна, бақшадан 61 мың тонна өнім алынды.
Өткен жылы егін саласындағы шаруашылықтар барлығы
213 млн теңге субсидия алды. (Егінге 186 млн. теңге, минералдық тыңайтқышқа 20 млн. теңге, гербицидке 7 млн. теңге)
Аудандағы 4 ірі шаруашылық 4-5 жыл көлемінде егін шаруашылығымен айналысуда қиындықтар көріп келетін, себебі өздеріне тиесілі барлық мүліктер мен жер телімдері банкте кепілдікте болатын. 2014 жылы облыс әкімінің тікелей ықпалымен Бидайкөл, Ақмая, Төңкеріс, Бестам шаруа қожалықтарының 22 мың гектар жер телімі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қаулысына сәйкес кепілден босатылды. Қазіргі таңда шаруашылық жерлері Әділет басқармасына тіркеліп, шаруаларға егінмен айналысуға қолайлы жағдай жасалды.
Сондай-ақ, осы кезге дейін су тапшылығын көріп келе жатқан егіншілер мәселесі шешіліп, жобалық құны 1,6 млрд теңге болатын Сырдария өзенінің бойынан үрлемелі су тоспасының құрылысына өткен жылы республикалық бюджеттен 100 млн теңге бөлініп, игерілді. Бұл жұмыстарды ағымдағы жылы жалғастыруға 700 млн теңге бөлінді.
Аудан тұрғандарының қызыл мия өсімдігін қазып, мал жайылымдарын құртып жатқандығы жөніндегі наразылықтарына байланысты аудан әкімдігінің өкімімен құрамында тиісті сала және құқық қорғау органдары мамандары бар «Жұмысшы тобы» құрылды. Жұмысшы тобының нәтижелі жұмысының арқасында қызыл мия қазушылар тоқтатылды.
Өткен жылы аудан бойынша бюджет және басқада қаржы көздері есебінен 63 млн теңгеге 74 шақырым каналдар тазаланып, қазылды.
Мал шаруашылығы
Аудан бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына ірі қара 42009 бас, уақ мал 69329 бас, түйе 1062 бас, жылқы 8524 бас, құс 15755 басты құрап,
2013 жылмен салыстырғанда ірі-қара 3,8 пайызға, жылқы 1,8 пайызға өсті.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша өткен жылы 290 бас асыл тұқымды қашар, 13 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды немесе жоспар қашар сатып алудан 121 пайызға, бұқа сатып алудан 162 пайыға орындалды. Нәтижесінде аудан асыл тұқымды аналық көрсеткіші бойынша облыста 2-орынды, асыл тұқымды бұқа бойынша облыста1-ші орынды иеленді.
Сатып алынған асыл тұқымды малға 7,4 млн. теңге, селекциялық жұмыстарды жүргізуге 57,1 млн. теңге, өндіріп сатқан етөнімдеріне 8 млн. теңге, барлығы 72,5 млн. теңге субсидия төленді.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылық 28 млн теңге несие қаржыға 1398 бас қой алса, 1 шаруашылық 14 млн. теңге несие алып, 260 бас қой алу бағытында жұмыс жасауда.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы және
2 жеке кәсіпкер 37 млн теңге несие қаржыға 122 бас жылқы малын алды.
Өткен жылы 4 мың 422 тонна ет, 18 мың 139 тонна сүт, 1 млн
147 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2013 жылмен салыстырғанда
сүт өндіру 7 пайызға ұлғайды.
«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында 2014 жылы елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 77 маманға 10 млн. теңге көтерме жәрдемақы, 57 маманға тұрғын үй сатып алуға
156 млн теңге бюджеттік несие берілді.
ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС
Өткен жылы негізгі қорға 11 млрд. 843 млн. теңге инвестициялық қаржы салынып, жеке тұрғындар есебінен жалпы ауданы 24 мың шаршы метр тұрғын үй салынды немесе 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,3 пайызға өсті.
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы бюджет есебінен 73 млн теңгеге Шиелі кентінен бір пәтерлі 12 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына пайдалануға берілді.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғыртудың
2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 9,4 млн.теңгегеШиелікентінен 2 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында өткен жылы Шиелі кентінің қыстақішілік су құбырының құрылысына 633млн.теңгебөлініп, 62 шақырым ішкі су құбыры жүргізіліп, 4 су көтерме мұнаралары орнатылды. 2015 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 217 млн теңге бөлінді.
Жобалық құны 4 млрд. 167 млн. теңге болатын 8 (Досбол би, Алмалы, Тәжібаев, Бала би, Жөлек, Бәйгеқұм, Бидайкөл, Алғабас) елді мекеннің бас су қабылдау қоймасы мен Жиделі топтық су торабына қосу және ішкі су құбырының құрылыстарын жүргізуге өткен жылы 1 млрд. 173 млн. теңге бөлінді. Қаралған қаржыға бірінші кезекте Бидайкөл мен Алғабас елді мекендерінің ішкі су құбыры және №5 насос станциясынан Алмалы елді мекеніне дейінгі 7 шақырым су тасымалдаушы магистраль құбыры, Алмалы, Тәжібаев және Досбол би елді мекендері су тасымалдаушы тармағы және бас су қабылдау қоймасының құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ 289,2 млн. теңгеге Алмалы, Тәжібаев және Жөлек елді мекендерінің ішкі су құбырларының құрылысы жүргізіліп, аяқталуда. 2015 жылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.
Облыс әкімінің тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыстық бюджеттен бөлінген 26 млн. теңгеге 4 су таситын автокөлік алынып, Бидайкөл, Бәйгеқұм, Алғабас, Досбол би, Тәжібаев елді мекендерінің халқын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылуда.
Автомобиль жолдары.
Өткен жылы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Алмалы елді мекенінен Қодаманов елді мекеніне дейінгі 17 шақырымына Республикалық бюджеттің есебінен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттің есебінен Шиелі кентіне кіре-беріс автокөлік жолы 407 млн теңгеге қайта құрылымдаудан, 5 елді мекеннің (Ақмая, Қарғалы, Жиделіарақ, Байсын, Ортақшыл) көшелері 130 млн теңгеге орташа жөндеуден өткізілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Самара-Шымкент-Досбол би», «Самара-Шымкент-Еңбекші» автокөлік жолына және 7 елді мекеннің (Бидайкөл, Майлытоғай, Ш.Қодаманов, Бестам, Алғабас, Жиделіарық Шиелі кенті) көшелеріне 338 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 72 млн теңгеге елді мекендердегі 10 көше жай жөнделіп (Шиелі кентінде 6 көше, Ақмая елді мекенінде 1 көше, Бестам елді мекенінде 1 көше, Жөлек елді мекенінде
1 көше, Ә.Тәжібаев елді мекенінде 1 көше), 2 көше жарықтандырылды
(№21 разъезд елді мекенінен 1 көше, Майлытоғай елді мекенінен 1 көше).
Жалпы 2014 жылы аудан көлемінде 78,3 шақырым жол орташа және
жай жөндеуден, 2,3 шақырым жол қайта құрылымдаудан өткізілді.
2015 жылы Қарғалы елді мекеніне кіре-беріс, «Самара-Шымкент- Балаби», «Жансейіт-Ортақшыл», «Самара-Шымкент-Жансейіт» автокөлік жолдарын жөндеуге облыстық бюджеттен 378 млн теңге бөлінді.
Қазіргі таңда аудандағы электр желілері мен трансформаторлардың
65 пайызы ескірген, осы мәселені ескере отырып, 2014 жылы аудандық бюджеттен 10 елді мекенге (Шиелі кентіне 8 дана және Ақмая, Ақтоған, Бәйгакұм, Бестам, Алғабас, Ы.Жахаев, Н.Бекежанов, Бала би, Ш.Қодаманов елді мекендеріне 1 данадан) 17 дана трансформатор орнатылды.
Республикалық бюджеттен 44 млн теңге бөлініп, Шиелі кентінің
15 көшесінің желілері ауыстырылып, Қаратаев көшесі бойына жарық тарату торабы орнатылды.
АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ
Аудан көлеміндегі елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына өткен жылы 253 млн теңге бөлініп, аудан көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Шиелі кентінен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерекесіне және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ел болашағы үшін қан кешіп, өз өмірлерін құрбан еткен бабаларымызды құрметтеу мақсатында облыста бірінші болып «Тағзым алаңы» салынды, оған 4047 адамның тізімі және «Чернобыль», «Семей», ядролық апаттарының және ауған, тәжік-ауған соғысының қатысушыларына да арнайы белгілер қойылды. Сондай-ақ, М.Шоқай, Ш.Бакиров көшелеріне жаяу жүргінші жолын салу, Әл-Фараби көшесіне аяқ су лотоктарын орнату, Орталық стадионның алдына И.Құтпанұлының ескерткішін орнатып айналасын абаттандыру, кент көшелеріне тал және гүл егу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Еңбекші тіректі елді мекеніне абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2014 жылы 70 млн теңге бөлініп 3 көшеге жаяу жүргінші жолы, 4 көше жарықтандырылып, елді мекенге кіре-беріске тал егу және ауыл орталығынан дамалыс орынын салу жұмыстары жүргізілді. Сұлутөбе тірек елді мекеніне 27 млн теңге бөлініп, елді мекендегі саябақ абаттандырылды.
БІЛІМ
Ауданда 41 мектеп, 4 мектептен тыс мекеме, 16 мемлекеттік және
1 ведомстволық балабақша, 40 жеке балабақшалар жұмыс жасайды.
Білім қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында өткен жылы Кембридж бағдарламасы негізінде 3 деңгейл ібілім жетілдірукурсынан 246 педагог, 7 директор, 15 мектеп директорының орынбасарлары өтті.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы Бірыңғай Ұлттық тестің қорытындысымен аудан орташа 75,11 балды құрап, облыс бойынша 3 орынға тұрақтады.
Аудан бойынша 7 жасқа дейінгі бала саны 15 435, оның
6 587 баласы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 98,9 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.
Қазіргі таңда аудандағы жалпы білім беретін мектептерінің
1-2 сынып оқушылары 100 пайыз тамақпен қамтылып, оған аудандық бюджеттен 109 млн теңге, тұрмысы төмен отбасы балаларын тамақпен, киіммен және жазғы демалыстарын ұйымдастыруға 121 млн теңге жұмсалды.
Өткен жылы оқушылар аудандық бюджеттің есебінен 25 млн теңгеге оқулықтармен қамтамасыз етілді, ал 2015 жылы оқушыларды оқулықтармен толық қамту мақсатында 68 млн теңге бөлінді, немесе
өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артық жоспарланды.
«2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында 2014 жылы 4 мектептің құрылысы (Шиелі кентінен 1200 орындық мектеп, Бестам ауылынан 300 орындық мектеп, Майлытоғай ауылынан 150 орындық мектеп құрылыстары және Шиелі кентіндегі Г.Ковтунов атындағы №252 мектеп ғимаратына қайта жаңғырту және қосымша ғимарат құрылысы) пайдалануға беріліп, бұл мақсатқа бюджеттен 2 млрд 890 млн теңге қаржы жұмсалды.
Жоба құны 1 млрд 175 млн теңге болатын Бала би ауылынан
900 орындық мектеп құрылысына өткен жылы республикалық бюджеттен
295 млн теңге бөлініп, мамыр айында басталған құрылыс 2015 жылға өтпелі нысан ретінде енгізіліп отыр.
Ал, апаттық жағдайдағы Тәжібаев және 21 бекеттегі мектептердің құрылысын жүргізуге 2015 жылы 1 млрд 32 млн теңге бөлініп, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы және аудандық бюджет есебінен өткен жылы 406 млн теңгеге 6 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. 2014 жылы жылумен сапалы қамтамасыз ету мақсатында 9 мектепке (№244, 155, 158, 152, 49, 181, 40, 50, 41) 11 бу қазандығы жаңадан орнатылды, №153 мектепке оушыларды тасымалдауға Газель, №47 мектепке автобус автокөліктері алынды. 3 мектепті (№157, 244, 181) күрделі жөндеуден өткізуге жоба сметалық құжат әзірлеуге 4,5 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы мектептерге қатты отын алуға 142 млн теңге, сүйық отын алуға 132 млн теңге бөлініп, толық жылумен қамтамасыз етілді.
2015 жылы Бала би елді мекендегі №50 мектепке оқушыларды тасымалдау үшін «Газель» автокөлігін алуға 3 млн 300 мың теңге, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі мектептерге бейнебақылау камералар мен өрт дабыл қондырғыларын орнатуға 28 млн теңге бөлінді.
МӘДЕНИЕТ
Ұлы Жеңістің 70-жылдығы мерекесіне орай, аудан көлемінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге орнатылған ескерткіш-белгілерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге, тағзым алаңдарын қайта қалпына келтіруге 2015 жылы аудандық бюджеттен 28,4 млн теңге қаржы бөлінді.
Ауданда жастар мен жасөспірімдер арасында 12 рет аудандық байқау өткізілсе, аудан өнерпаздары республикалық 4 байқауға қатысып
2 Бас жүлде, 2-І орын, 1-ІІ орынға, 11 облыстық байқауларға қатысып,
2- І орын, 6 - ІІ орын, 6 - ІІІ орынға ие болды.
Өткен жылы Сырдария, Жаңақорған аудандарында және Қызылода қаласында Шиелі ауданының «Өнер күндері» өткізілді.
2014 жылы Бәйгеқұм елді мекенінен 173 млн. теңгеге 150 орындық клуб құрылысы салынып пайдалануға беріліп, Қодаманов елді мекенінде жобалық құны 184 млн. теңге болатын 150 орындық клуб құрылысы
27 млн теңгеге құрылысы басталды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында
өткен жылы Бекежанов, Бидайкөл, Байсын ауылдық мәдениет үйлері
109 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, ғимарат жайлы да жаңа кейіпке еніп, халыққа қызмет жасауда.
СПОРТ
Өткен жылы аудан спортшылары республикалық жарыстардан
15 алтын, 18 күміс, 14 қола медальдарға қол жеткізді. «Алтын күз 2014» облыстық спартакиадасында аудан құрама командасы спорттың
15 түрінен қатысып жүлделі екінші орынды иемденді. Ауданда өткен жылы 181 аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық және 1 халықаралық жарыстар өткізілді.
Бұқаралық спортты дамыту бағытында 2015 жылға аудандық бюджеттен аудан спортшыларын түрлі жарыстарға тасымалдау үшін автобус алуға 7 млн 300 мың теңге, бокс рингін алуға 1 млн 827 мың теңге, 4 тенис столын алуға 480 мың теңге қаржы бөлініп отыр.
Сондай-ақ, Бестам елді мекеніндегі ескі мектептің ғимараты және Алмалы елді мекендеріндегі иесіз ғимарат ауданның коммуналдық меншігіне алынып, спорт бөлімінің теңгеріміне берілді. Алдағы кезде аталған 2 ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілілетін болады.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданымыздың жылдан-жылға демографиялық өсімі ұлғайып келеді
2014 жылы 2135 бала дүниеге келсе, 2013 жылғы есепті кезеңімен салыстарғанда 5,5 пайызға яғни, 112 балаға көбейіп отыр.
Туберкулез ауруымен жаңадан тіркелгендер саны 45 адам болып, 2013 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға кеміді.
Суицид бойынша өткен жылы 6 адам қайтыс болса, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге азайып отыр.
Сонымен қатар, Елбасының баса назар салып отырған халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында Бидайкөл ауылынан селолық дәрігерлік амбулатория құрылысы пайдалануға берілсе, облыстық бюджеттен бөлінген 47 млн. теңгеге аудандық аурухананың ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.
Еңбекші, Қодаманов, Ақмая ауылдарынан селолық дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға жоба сметалық құжат әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 7 млн. 134 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ Ауданда 2015 жылғы 1 қаңтарға экономикалық белсенді халық саны 42812 адам, жұмыспен қамтылған халық саны 40700 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендеді.
Өткен жылы 750 жаңа жұмыс орындары ашу жоспарланса, жыл басынан 990 жаңа жұмыс орындары ашылып, 32 пайызға артық орындалды.
Жалпы жыл көлемінде 1779 адам тұрақты жұмыспен қамтылып,
633 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
Өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 15 жоба бойынша131 жаңа жұмыс орны ашылып, толығымен жұмыссыз адамдар жұмыспен қамтамасыз етілді.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамытуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 79 адамға 169 млн. теңге, «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 112 адамға 290 млн. теңге, барлығы 459 млн теңге несие берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 95 адамды кәсіби даярлау, 35 адамды қайта даярлау, 20 азаматты біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 143 азамат уақытша жұмыстарға жолданып, оның 101-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесіне 253 азамат уақытша жұмыстарға жолданып,
оның 24-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Өткен жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген 832 азаматқа 43 млн. теңге біржолғы материалдық көмек төленсе, облыс әкімінің қолдауымен Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр және магистр академиялық дәрежесін алушы студенттердің оқу ақысына 17 млн теңге төленді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы аясында өткен жылы қимылында қиындығы бар 103 бірінші топтағы мүгедектер 100 жеке көмекшімен қамтылса, 19 естуі төмен мүгедекке 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті.
Сонымен қатар, мүгедектер түрлі құрал-жабдықтармен қамтылып, 129 мүгедекке санаториялық шипажайларға жолдама берілді.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Өткен жылы аудан көлемінде 536 қылмыс орын алып, 2013 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға төмендеді. Жалпы тіркелген қылмыстарды 2013 жылмен салыстырғанда ауыр қылмыс 50 пайызға, бұзақылық қылмысы1,4 айызға, есірткі қылмысы 25 пайызға, алаяқтық қылмысы 2,1 пайызға, мал ұрлығы 67,2 пайызға өсім алса, ауыр қылмыс 3,6 пайызға, ауыр дене жарақатын салу қылмысы 90,9 пайызға, тонау қылмысы 10,0 пайызға, бөтен мүлік ұрлығы 8,4 пайызға төмендеді.
2014 жылы сотты болғандармен жасалған қылмыс 2 есеге, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 25,0 пайызға, көшеде жасалған қылмыс 21,4 пайызға, өсім алса, жасөспірімдермен жасалған қылмыс
16,7 пайызға, мас күйінде жасалған қылмыс 22,0 пайызға, топ болып жасалған қылмыс 21,6 пайызға азайды.
Достарыңызбен бөлісу: |