Түсінемін, түсінемін, - Айдана келісті: - Ал сонда да, ел арасында не дейді, күйеу аңшы жігіт қайда кетті? Білгім келеді, тірі ме ол, неге үн қатпайды?
Бұл да мәңгілік сұрақ. Қайда ол, оған не болған, ешкімге де беймәлім. Және де, алайда, оны бәрі күтуде. Әдетте ол аяқ жетпес жерлерде жасырынады деп айтады. Бүкіл әлемге өкпелеп, өз тағдырына өкпе артып, ол өзінен де баз кешіпті, ол монах, кісі киік болған және сонау Тибеттің өзінде монастыр үңгірлерінде өмір сүреді, ғибадат етумен сол маңда күн мен түнді өткізеді деп есептейді. Осылайша дейді, бірақ кім білген, оның қан қызуымен қайда бас сауғалағанын? Оның тарапынан бұл адамзат баласының өзіне бой көрсетуі деп түсіну керек, ол мүлдем зұлымдықты қабылдай алмады, ал бұнымен адамдар көп жағдайда мойынсұна өмір сүреді. Орны толмас көңіл қалушылық. Тіпті, императорлар, тарихқа үңілші, империяларынан айырылса да дүние қараң қалғандай мұншалықты әлем–тапырық күйге түспейді, өмірдің өзің талақ етпейді, бірақ ол үшін, күйеу жігіт үшін, махаббат-өмірдің ең жоғары мәні болған–ды. Жалпы алғанда, аңыз дәл осы жайлы, аңыз пәлсапасының мәні де осында... бірақ бұл тарихтың басты тұлғасы, әрине, ол, Мәңгілік қалыңдық, оның түгесілмес азапты ерлігі, ақиқатты іздеуі... Неліктен әрқашанда махаббаттың өтеуі осылай болады? Гәптің мәнісі – күйеу жігіт бұл дүниеден мәңгіге бас тартты, адамдардың зұлымдықтары мен күнәларына қарсы қарсылық белгісі ретінде баз кешті, ал қалыңдық адамзат баласы үшін мәңгілікке арылумен келеді және де оның махаббаты мен қайғысының тереңдігі мен күші мінеки, дәл осында. Мен бұдан да артық айтар едім, қалыңдық – ғаламдық зардаптардың азапты күңіренісі. Неліктен махаббатты әрқашанда күл ететін трагедиялар гүлге орайтын бақытқа қарағанда көбірек?
Назар аударшы, Мәңгілік қалыңдықтың ұша білу бейнесінде осынау ғибратнамалық эпоста адамдар әлемінің әрқашандағы агрессияшылдығы үшін айырылысу мен құрбандық өтемінің ежелгі ауруы бой көрсетеді. Жақсылық зұлымдық үшін сөзсіз төлем төлейді. Мәңгілік қалыңдық жеккөрушілік пен қызғаныштың отына оранған зұлымдықпен бітімге келе алмады, ол күйеу жігіт – аңшыны құтқарғысы келді, оны кісі киік тірліктен осындай өмірге қайтармақ болды және де осынау құтқару ұмтылысында ақиқатқа деген талпынысында не уақытта да, не кеңістікте де адамзат рухының шеті мен шегі болмайтындығы дауысыз екендігіне көз жетеді. Әманда адам баласы туғалы осылай болған және әманда осылай болмақ. Және де сол себепті өзен құтқарған Мәңгілік қалыңдық барлық уақыт ауқымында символдық бейнеге айналды. Және де осы сағатта ол осында, паркте бізбен бірге, себебі, біздің ол жайлы ойлап және не айтқанымызды бәрібір сезінері хақ. Осынау ауыз әдебиетіне саяхат жасағанда махаббаттың ғарыштық сағынышының әуені құлағыңа естіле ме?
-
Әрине! Өйткені, сен маған бұл жөнінде тұтастай лекция оқыдың ғой және де ғаламдық сипатта айтып бердім, -Айдана өзінің айрықша сүйсінісін білдірді, бірақ та сөзінде мысқыл да жоқ емес–ті. – Сенің ойларыңның тізгін берместігіне таң қаламын! деді ол, жалаңаштанған иығын тоңғандай жоғары көтеріп дауыстады. –Есіңде ме, сені бір журналист қыздың “ғаламдық глобалист” деп атағаны? Күлкің келеді: жаһандық, оның үстіне ғаламдық!
-
Мейлі, мен–ақ есалаң болайын, бірақ саған мүлдем өзгеше міндет, опера сахнасында Мәңгілік қалыңдыққа айналу мәселесі жүктеледі және сенің адам қызығарлық сиқырлы дауысыңмен тікелей ғарышқа шарықтайтын боласың.
-
Ой, қойшы! Мінеки, осы орындықтан тікелей ғарышқа ма?! Яғни, мен ғарыш әншісі боламын, әнші - ғарышкер, ә? Сенімен ешқашан да зерігуге болмайды!
-
Мейлі, кешір! Ал мен шынымен айтып отырмын! Мәңгілік қалыңдықтың өзі осында, бізбен бірге, парк ішінде, анау тұста, шамның түбіндегі ағаштың арғы жағында тұр? Сен сезінбедің бе? Және де білесің бе, оның не дегенін?
-
Не деді?
-
Тыңда онда! Ол былай дейді: Сендер мен жайлы қашан еске алады деп сендерге тағзым жасау үшін, мен осы күнді қаншама күтіп, зарыға тостым. Жылдар мен ғасырлар зуылдап өтті, ал мен атастырылған қалыңдық болып қаламын, сол себепті де білетіндердің жадында Мәңгілік қалыңдық деп аталамын және сондықтан да, сағыныш пен қайғыдан адасқан мені жарқыраған отқа келуім үшін маған арнап адамдар тауда түнгі алауларды жағады, алау жанында біздердің жолығуымыз үшін және де бақсылардың аруақтарды шақырып, олардан Мәңгілік қалыңдық қашанға дейін ел кезіп, тауда өз күйеу жігіті–аңшыны шақырумен болады, қашанға шейін қалыңдық дұғасын оқып, өз соңынан ерген қуғыншыларға лағнет айтады деп сұрайды? Ал аруақ әрдайым бір-ақ жауап береді: – Тыңда, тыңда, Айа, бұның екеуімізге де қатысы бар, аруақтар былайша жауап қатады: қалың елдің көз алдында оның таңғы шықтай мөлдір әні арқылы әлем Мәңгілік қалыңдық жайлы есітетін болады және де қалыңдық сол әнінде өзінің қайғылы тағдырын сыр етіп шертеді және де жер бетіндегі барша қалыңдықтарға арнап, оларға: – Менің әнімді адал махаббат пен берілгендіктің сыйы іспеттес өз күйеу–жігіттеріңе шырқаңдар! – дейді. Айа, осы сағатта бізді де сенімен бірге аруақтар естісінші! Олар Мәңгілік қалыңдықтың ән салғанын көптеген адамдардың, яғни жұртшылықтың көз алдында сенің орындауыңда күтеді. Олар, аруақтар саған ғана жоғарыдан қайта жаңғыртуды бұйырған жан деп санайды және де сен Мәңгілік қалыңдықтың елшісі боласың! Және де саған заңғар көктегі құдайлар мен аруақтар алғысын жаудырады, адамдар сені жадында сақтап, сенің әніңе шаттанады, сенің дауысың ғарыштан самаладай төгілетін болады...
-
Ту–у, десеңші! Сені қиял әлемі қайда әкетіп барады! – Айдана мысқылдай сөзін бөлді. – Ғарыш көгінде самғай беруді доғарайық, салмақпен ойлану қажет.
-
Ал сен асықпа, - Арсен Саманчин берілмеді. – Салмақты ойлануға әрқашанда үлгереміз. Ал қазір сен ана жаққа қарасаңшы. Сен маған сенбейсің, шамның жанындағы ағаштың түбіне көз салшы. Мәңгілік қалыңдықтың көлеңкесін көріп тұрсың ба? Қарашы, қалайша ол алғыс білдіре және үміттене иіледі. Мәңгі жас, керемет сұлу, қанатқа ұқсас жапқышы бар мөп–мөлдір жібектей аппақ көйлекке оранған киімін айтсаңшы.
Айдана келіскен сыңаймен басын изеді де, соңыра былай деді:
-
Сен, Арсен, шынында да біркетбей романтиксің. Бірақ армандасаң да шынайылық қажет. Мәңгілік қалыңдықты сахнада шырқау үшін әуен қажет, ноталар және партитуралар, оркестр, сахналық құралдар, костюмдер, жүздеген дауысты хор керек... Мінеки, сен айтасың, өзен ән салады деп, ал бұл үшін сахналық машинерияны қайдан табасың? Түптің түбінде сазгер, қоюшы режиссер қайда және ең бастысы бізге қазіргі уақытта бұның барлығына қаржыны қайдан алуға болады? Опера театры тек бізде емес, жер–жерде көмескі тартқан. Мемлекетке қазір операға қарауға уақыты жоқ.
Арсен Саманчин келіскендей болса да, өз дегенінен қайтпады:
- Ия, мен білемін, опера театры қазірде қаңыраған ғибадатхана. Опера сахналарында эстрадалық тобыр мен масқарапаздық және өзге де көңіл масайрататын шаралар салтанат құруда. Білемін, үздік әншілер нарық шытырманында бар дауыстарын сала ән шырқауда. Бұның барлығы солай. Қазіргі сазгерлердің бірде–бірі дерлік опера үшін музыка жазбайды. Дегенмен, жоғары өнер өлмеуге тиіс. Қалайша біздер бұған тып–тыныш қарап отыруымыз қажет?
-
Ал сен не істемек ниеттесің?
-
Егер де сен, Айа, Мәңгілік қалыңдықты шырқап, әнін орындасаң, мен бүлдөзер секілді жол ашуға даярмын. Үдесінен шығам. Сазгер Аблаевпен келісімім қазірде бар. Ол күтуде. Либреттоны өзім жазудамын. Ол біздің бәріміздің бірге кездескенімізді қалайды. Оралған шақта мен оған сөзсіз қоңырау шаламын...
-
Ал, жарайды. Көреміз, көрерміз... Ең алдымен либреттоны жаз, менің қымбатты либреттисім!
Хайдельбергтегі көне паркте, мінеки, түн жарымы. Шам астындағы аллеялардың көлеңкелері ендігіде таң атқанға дейін қозғалыссыз тынып қалды. Арсен Саманчин Айдана Самарованы қолтықтап қорғанға бет алды және де олар Мәскеуге ұшуы тиісті еді, ал одан әрі қарай өз аймағына баратын-ды.
Мұндай кездесулер оларда бұдан кейін мүлдем болған жоқ. Бірақ “Мәңгілік қалыңдықтың ” идеясыларға бейнебір жоғарыдан жолданғандай, олардың кездесуіне рух беру үшін, бойларына сіңгені соншалықты, сол үшін олар әлемнің басқа тұсында, неміс романтизмінің орталығында әдейі пайда болғанындай сезілді және де күнделікті күйбең тіршіліктен биік болып, оның сиқырына шомылды. Бәлкім, сол романтикалық көтеріңкі жағдайда барша бұрынғы күнделікті ғұмыр өзінің қиындықтарымен, текетіресімен, ұрыс–керісімен, соттағы ауыртпалықтарымен, жеккөрушілікпен, өшпенділікпен біргелікте, мүлдем ұмытылып, шетке лақтырылуы да ... Бұның бәрі Арсенге де, оның өміріне толық түрде қатысты еді, өйткені, Айдана да әртістерде жиі болатындай күйеуге шыққанда жолы болмады, тез ажырасты, бұның барлығы қысқа сәт ішінде ұмытылды. Мұнда, оларды тағдыр айдап әкелген хайдельбергтік жүз жылдық паркте олар тап - таза, сәбидей пәк еді, ол – тәңірі, ал Айдана-періште және де оларға өзінің бір басына қайғысы жетіп – артылатын Мәңгілік қалыңдық жандарына келді...
Ал кейінірек бәрі де өзгеше бағыт алды...
Яғни тағдырдың бұйырмағаны да. Кей – кейде алғашқы уақыттарда жүрдім–бардым жағдайда “Мәңгілік қалыңдық” мәселесін талқылағандарымен, мейлі утопиялық болса да, телефон арқылы хабарласып тұрды, соңыра бәрі үзілді, Айдана елдің барша телекөремендеріне тікелей эфирде өзін-өзі жарнамалап “Лимузинде” зымырай жөнелді. Сол “Лимузиннің” жүк салғышында қанша ақша жатты? Бірақ оны сол үшін жазғыруға бола ма? Кім көбірек алуға, жалақы табуға, сондай–ақ, атақ– даңққа ие болуға ынтықпайды дерсің, жалпы алғанда, мұндай шоу – табысты қалайша қолдан шығару қажет! Ендігіде Айдана онымен, Эрташ Курчалмен келісім шартқа қол қойды. Қалай дегенмен де ғасыр құжаты! Құқы бар. Ия, құқылы. Ал сен, сен не демексің, сорлы олигархпен күресуші? Сенде не бар, сенің шимайыңнан басқа? Ендігіде баспасөз де жергілікті олигархтардың қолында.
Арсен Саманчин осыншалықты төменшіктенгені, қызғанғаны үшін өзін-өзі келекелей жазғырып, жек көрді... Және де тұйыққа тірелді. Және де осы кезде бәріне нүкте қойғысы келді. Өйткені, біреу айтқан ғой, күш күшті иілдіреді, сөйтіп, күш соған өтеді деп. Бұқаралық мәдениет оны, идеалисті, тұра алмайтындай етіп жаншып тастады... Ал Эрташ Курчал мойындалған құдай әрі қуатты болып шықты. Оның мейрамханалары, эстрадалары, стадиондары қаншама, жарнама агенттіктері мен телеарналары қаншама! Және де бұның барлығы жұрттың көз алдында, бұның бәрін де ол заңды түрде иеленді, әнеки, ол бұқаралық мәдениеттің мұхиттағыдай толқынын қуып, оны, Арсен Саманчинді, сонымен бірге “Мәңгілік қалыңдықты” да жүзеге аспайтын ойлардың арғы жағына тысқырып тастады...
Ал кейінірек және бір күтілмеген, оны қарғыс атсын, Эрташ Курчалды өлтіру туралы ойластырылған жан түршігерлік азапты жүк пен ауыртпалық жанын езді. Және де бұл жан дүниесінің тереңінде бықсып жанып, тек қана өлтіру кегінің арындаған күйігінен ендігіде ешқайда бас сауғалауға болмайтындай халде еді. Барлық ойы осыған кеп тұйықталды. Осындай айбарлықтың оянуы бойдағы, ойдағы кем–кетіктен емес пе? Ыза алқымын қыса түсті, демалдырмады, бір сөзбен айтқанда, өзін-өзі қақпанға түсірді. Тағдыр ма? Кім болжапты, махаббат буымен туындаған көтеріңкі – романтикалық идея нәтижесі табан тіреген өгіз секілді өлтіруге әзір сұрапыл халде шешіледі деп. Тіпті, сонда да, өзін-өзі азаптаған, түңілген, жеп қойғысы келген сәтте де жан дүниесін сәулелендірген жағдайлар бәрібір кездесті және де Айдана Самарованы соған сендіріп, онымен бірге Мәңгілік қалыңдық алдында жаздым – жаңылдым деп, сол үшін тауға барып, алау жағып, хайдельбергтік қиялдардың орындалмағанына кешірім сұрап, іштегі шерді төгіп, жылап алу жайлы басына тамаша ойлар келді... Бірақ онымен телефон арқылы хабарласудың ешбір реті болмады. Мүмкін бұл жақсылыққа көрінген шығар, Айдана бұны келеке ететіндігін көз алдыңа елестетіп көріңізші.Ол айтар еді, мына еркек әбден шегіне жеткен–ау деп! Және де бәрібір армандады: Мәңгілік қалыңдықтың рухы алдында өкініштен арылу үшін кенеттен тауда кездескенде тізесін бүгіп, заңғар көктің өзін куәлікке шақырып құлар еді, мәңгіліктің сыйынан бас тарту үшін махаббатта ешқандай себептің болуы мүмкін емес (тағы да пәлсапалап лағып кетті, жындыны ғарыштың ұшпағы тарта бастады), өйткені, махаббат–бұл ғашықтардың мәңгілік қос жолы және де махаббаттың сезім өрісін қасақана бұзу мәңгілікке қол сұғу болып табылады. Себебі, махаббат мәңгі өлместікке ұмтылу және де әрбір жанға Құдай сызып берген сүрлеумен жүру ғана жазылған... (Мәселе мынада ғана – кім қалай жүреді.)
Бірақ тағы да қаншама мысқыл оған төгілер еді! Бұның бәрі кімге қажет! Оған “Голливуд” жөнінде армандап жүрген жұлдызға (анау Эрташ Курчал Айданаға арнап фильмді ойластырған сықылды) қайдағы бір тауда, аруақтарды күтіп, Мәңгілік қалыңдықты күтіп, шоу–бизнеске мүлтіксіз берілген өз уақытын бостан – босқа сарп етудің реті бар ма? Күлкілі!
Сонымен, алда сәулеленген тұс көрінбеді.
Және де тағдыр нақпа–нақ және екіұдай пікірге берілместей оған “Евразия” мейрамханасында түсінуіне мүмкіндік жасады. Ол соңғы мәре–ді... Және де осы орайда жауап ретінде қаруды табу және сатып алудан өзге ешқандай шешім қабылдауға орын қалмады... Бірақ қайдан және қалай? Нақұрыс ұрған мәселе! Неліктен өмір кері қарай жолы жоқ тұйыққа масқара халде әкеледі? Ал солай болғанда, тұрмыс–тіршілікте бұлтартпастай соққылап, оңды–солды шапқылаудың қажеті қанша? Не пайда? Тек қана өліп бара жатып, өзіңнің соңғы сөзіңді айту ғана қалды!
Мінеки, Арсен Саманчиннің түні осылайша өтті, ойлаумен баз кешкен және шешімі жоқ өз-өзімен арбасу ғана. Жападан жалғыз аулаға қараған жаппай ұйқыдағы бес қабаттағылардың арасында жарығы жарқыраған жалғыз терезе алдында тұрып, сарыла сарғайып, мұнайып, өлтіруге және болмай қоймас өзін-өзі өлтіруге жүгінбеудің, жер бетіндегі ең зұлым қылмысты жүзеге асырмаудың бұрыс екендігін ұғынуға ұмтылып, өзін-өзі соттады, бірақ бойындағы елірген кек алу тасқынын баса алмады. Содан да алаөкпе болды...
Жолбарыс та сол түні асу астындағы тауда алабұртты. Жалғыз аң ұйқы бетін көрмеді. Ол да сарыла сарғайды, өзінің біржола шетқақпай болғанына мұңайды. Жұлдыздарға қарап, ызалана күңіренді. Олар соншалықты көп еді, олар жамырай жарқырады. Мінеки, ұзап қайда кетуге болар еді, өйткені, жұлдыздар бірін-бірі құртпайды, олар үнемі қыста да, жазда да бірге...
Сол жұлдыздарға осы сәтте Арсен Саманчин де қарап тұрған–ды. Ол да жұлдыздар арасында болуды және ешнәрсе жайлы ойламауды қалады...
Алайда ойламауға болмады, әлдеқандай тереңнен бір ой жалт етті: ағасы, Ардақ Саманчинге хабарласса ше? Ардақтың сауда адамдары арасында таныстары мен байланыстары әлдеқайда көп. Бұрынғы дәрігер–терапевт, қазірде ол ит шаруашылығымен шұғылдануда, орта азиялық овчаркаларды өсіріп, оларды Европаға, көбінесе Германияға саудаға салуда. Бұл овчаркалар өте көп сұраныстарға ие. Сатып алушылар жетіп артылады. Иттерді шетке шығару құжаттарын Ардақ кәсіби түрде және дер кезінде әзірлеуді жақсы біледі. Жалпы алғанда, соның есебінен күн көреді, оның отбасында үш бала мектеп оқушылары–қызы және екі ұлы бар. Әйелі Гүлнара – бұрынғы медбике. Олар нарыққа бейімделуді үйренді. “Иттердің көмегімен бейімделудемін!” дейді Ардақ әзіл – шынын араластырып. Қала сыртында олардың үйі, ауласы, иттер үшін қоралары бар... “Жигулиі” бар.
Ардақтың өзі парасатты, жұмыстан қашпайды, оқыған адам. Тек туған жері Тұйықжардағы ағайындары ғана қапа және ит бизнесін мінейді. Ол үшін ұят тірлік: оқыды, оқыды, дәрігер дипломын алды, ал ендігіде бұл жарамайтын іс, себебі, жалғанды жалпағынан басып иттермен саудаласады. Әсіресе, ауылда тұратын жасы үлкендеу олардың әпкесі Хадишаның Ардақтың бизнесі туралы әңгіме қозғалғанда жаны жай таппайды. Хадишаның беті, тіпті, алауланып кетеді, оған жайсыз тиеді. Ауылда иттермен сауда жасау жағдаятының өзі көпшіліктің түленіп түртеді: құлақ есітіп, көз көрген тірлік пе, әнеки, көше аралап, бау–бақша кезіп, қаншама иттер жүр, ұстап ал, қаншасы керек. Ендігіде қарап тұрсақ, мысықтармен, керек болса, атжалмандармен саудаласармыз әлі. Сөйтіп, Ардақ өзіне-өзі мықты, шыны керек, ауылға келмейді, не қажет, сөз есітіп?
Қайта үлкен ағасы ретінде Арсенге сөз салады, қашанға шейін, жарық әлемді сұрбойдақ болып кезбексің? Неге сөзбұйдаға саласың? Лайықты әйелдер қалада да, ауылда да қаншама. Рас, болды, сәтті үйленбеді, ажырасты, енді бүкіл өмір бойы әйелсіз өту керек пе. Ия,сенде еуропалық білім мен ойлау жүйең бар, тілдерді білесің, сен белгілі журналистсің, тәуелсізсің, қазірде бұл сәнге айналды, жер–жерлерде сені конференцияларға шақырады... Бір сөзбен айтқанда, бір басыңа жеткілікті. Бірақ егер де сен әлдеқандай сопы болмасаң, ешкім де сұрбойдақ жалғыздықтың орнын толтырмайды.
Жоқ, қару жайлы Ардақпен бір нәрсе шеше алу мүмкін емес, міндетті түрде ол індете сұрайды: неге, аяқ астынан пистолетке қалайда ие болу қажеттігі туды деп? Ол бәрін білмекке соншалықты үйір адам, өйткені, дәрігерлер бәрін білгісі келеді, рас, ішетіні бар... Жоқ туған ағаңмен осындай нәзік істе байланысу қажет емес. Кенет сезіп қойса, тас–талқаныңды шығарады, оған жол бермейді...
Аспандағы жұлдыздарға терезе арқылы жанарын қадап, сол кешкі, түн ауған сағатта ол осылайша ойлады. Жазда олар әрқашан көп секілді. Мінеки, солайша өмір сүрсең, ә: “жарқырау және өзге тірліктің ешқайсысының керегі жоқ”...
V
Таңертең оны телефон қоңырауы оятты. Орнынан тұрамын дегенше, телефонға барғанша қоңырау үні дамыл табар деп үміттенді, ұйқыдан ояна сала бірден сөйлесуге зауқы соқпады. Бірақ әлдебіреу тынбастан телефон шалды. Әйтсе де, ойы бөлінді, ішкі жан сарайы әлемінің мәні жайлы аспандаған және қиял–ғажайып халде көрген түсінен соң, шынайы, күнделікті қоңырқай өмірге шомуына тура келді және мінеки, оның бастапқысы болып, қоңырау соғылды. Бұл өз адамы, марқұм әкесінің туған інісі Бектұр аға екен. Ол жиі- жиі телефон соғатын, қалай дегенмен де, жақын туыс, бірақ ең бастысы, шын мәніндегі іскер адам (бұндайлар көп болса, шіркін!), оның туған аулы Тұйықжарда ұжымшардың жер–жерлерде жаппай тарап кеткенге дейін оның төрағасы болып қызмет атқаруы да тегін емес-ті. Одан соң да әбіржіген емес. Алғашқылардың бірі болып, аңшылық бизнестің пайдасы туралы болжап, бағамдады. Үзеңгілес тауында белгілі аңшы-кәсіпкер атанды, “Мерген” фирмасын құрды. Ісі жүре бастады, ал кейінгі уақыттарда шетелден келушілер қаптап кетті, “Мерген” фирмасы бағытымен аңшылық жасауға көптеген шетелдіктер келе бастады. Ағайға шетелдік аңшыларды шақыру қағаздарын және өзге де құжаттарды толтыруға Арсен Саманчин көмектесті.
Егер де таңертеңгі мезгілде сол телефон қоңырауы шалынбағанда ол үшін еркі мен санасын жұлқылаған, осынау түгесілмес, бітпес, өзін-өзі іштей жеген, жанын жаныған күйзеліс немен бітетінін кім біліпті. Осындай жағдайда қандай да бір әңгімеге араласуға Арсен барғысы келмеді және де тұтқаның арғы жағынан Бектұрған Саманчиннің өзіне таныс дауысы естілгенде, ол екеуінің алдағы кезде болатын кездесуінде не туралы сөйлесетінін біле тұра, бірінші кезекте кейінге қалдыруды, оны түске дейін соза тұруды қалады. Ең алдымен өзіне-өзі келуі тиіс еді, ол өзі үшін белгілі сейсмологиялық жағдайын, өз жанының тербелісін тоқтатқысы келді. Бірақ бірінші сәлемдесу жағдайынан–ақ, әлі де әдеттегідей іскерлік әңгімеге көшпей–ақ, мәнісі бар сөздерді айтпай–ақ, Арсеннің ойында оп–оңай қаруды табу және осынау жүйкесін шешу мүмкіндігі жарқ ете қалды. Ол тіпті, бойы жеңілдегенін бірден–ақ сезінді. Және де кезекті әңгіме үшін кездесуге әзір екендігін ұзаққа созбай, сол бойда–ақ айтты және өзінің алдын-ала қоңырау шалмағанын жағдайға, іске сілтеме жасап, кешірім өтінді.
Олардың әңгімесі, әрине, Арсеннің өзі тұла бойында жүрген зұлымдықты жазалау, бірақ табиғаты тұрғысынан қатерлі, жантүршігерлік ниетіне ойыспады. Олар бұрыннан–ақ, сұхбаттарынан тұрақты орын алған Бектұрған Саманчиннің бизнесіне тірек болған аңшылық жайында туыстарша, кәдімгідей әңгімелесті:
-
Сені де табатын күн бар екен, тыңда, саған екі күн болды, қоңырау шалып іздегеніме,-деді Бектұр аға кейи сөйлеп, Бектұрған Саманчин ақсақалды бәрі де құрметтеп осылайша атайтын. – Сен қай жерде жүрсің, Арсен, тыңда? Ұялы телефоның да сөндірілген. Саған не болған, тыңда?
-
Бектұр аға, сіз қаладасыз ба?
-
Әрине, қайда болушы ем, сол үшін мұнда келдім, сенімен ақылдасқалы. Сен не, араб ханзадалары үшін ұйымдастырылатын барыстарға аңшылық жасау туралы ұмыттың ба? Бұның барлығын сен өзің ұйымдастырдың ғой. Оларға аудармашы қажет, тек сен секілдісі, жүз пайыз білетін. Ал сен бұны резеңкедей соза бересің, сенің қол–аяғыңды кім ұстап тұр? Сен емеспісің нағыз тәуелсіз және басы бос егемен? Нәтижесі не болды? Есіңнен шыққан екен де.
-
Жоға, Бектұр аға! Ұмытқан жоқпын.
-
Онда неге соза бересің? Мен саған сеніп жүрмін ғой. Уақыт болса, әнеки, араб ханзадаларының келуіне небәрі жеті–ақ күн қалды, ал сен болсаң, аузыңа су құйып алғандай...
-
Қобалжымаңыз, Бектұр аға, мен мұнда теледидар үшін үлкен хабар әзірлеп жатқан ем. Шетел журналистері келді. Жарайды, мазаланбаңыз, мен шешім қабылдадым, араб ханзадаларымен өзім боламын, аудармашы да және қазірде айтатындай, менеджер де боламын. Олардың жанында үнемі жүрейін.
-
Ал егерде солай болса, құдайға мың алғыс! Әкесінің туған інісімен арадағы тірлік осылайша болуға тиіс. Өзгеше болмайды ғой! Өзге аңшылар келеді, кетеді, ал араб ханзадалары біздің тау жақта өзің білесің, алғаш рет, олар сонау Алланың жердегі өкілдері секілді ат басын бізге бұрады. Ал оған бар–жоғы жеті –ақ күн қалды. Қаншама нәрселерді әлі де тауда, қойнауларда әзірлеу қажет! Ең бастысы, қазірде нағыз маусым басталды, барыстар дәл осы сәтте асудың арғы жағындағы жазғы жайларынан біздің Үзеңгілес тауына оралуда. Қимылдап қалу керек.
-
Мен түсінемін, Бектұр аға. Мен айттым ғой, мен дайынмын.
-
Онда кездесейік, Арсен, бәрін де тиянақтап сөйлесейік. Сонымен бірге бұдан өзге де тірлік бар. Біздер сен үшін жанымыз ауырып жүр...
-
Кездесеміз, Бектұр аға. Қазір таңертеңгі сағат тоғыз. Сағат он бірге келісейік. Қайда жолығамыз?
-
Сенің пәтеріңде, жарай ма?
-
Мақұл, мен оған дейін шай әзірлеп қояйын..
-
Жақсы, Арсен. Бірақ маған шай даярлап қажеті не? Не, мен бір жақтан келген мәртебелі қонақпын ба? Сен үйленген болсаң, бір сәрі, онда гәп басқаша болар еді. Туыстардың барлығының сен үшін жаны ауырады, ал сен болсаң... Жарайды, мақұл. Он бірлерге жетіп келемін.
-
Күтемін, Бектұр аға, күтемін.
Тұтқаны орнына қойып, Арсен Саманчин жеңілдене дем алды. Жан – жағына қарады. Есіне түсірді, Бектұр Саманчиннің жүргізушісінің ұялы телефонына қоңырау шалды, оның есімі Итібай, сондай жақсы жігіт, зор джипте ағайын тасиды. Арсен кейде әзілдеп, тіл қатады, Итібай деген сөз иті бай деген мағынаны білдіреді деп. Ал иті бай болса, онда оның өзіне де біраз нәрсе тиеді! Ех, байлық туралы мәңгі–бақи арманның түгесілмейтінін айтсаңшы, адамдар не ойлап таппайды десеңізші... Итібаймен өзіне келер алдында оның қоңырау соғуы жөнінде келісіп алды.
Содан соң Арсен Саманчин біршама тынышталды, тағы да ойға берілді. Ия, шыны керек, өзінің ең жақын туысы Бектұр Саманчиннің ұсынысын қарсы алу керек, оған сондай жоғары мәртебелі қонақтарды–аңшыларды қабылдауына көмек көрсету қажет. Араб ханзадалары–бірі саудтық Хасан, екіншісі – кувейттік Мысыр. Олар немерелес ағалы – інілілер дейді. Ат жарысын, құс салу және аңшылықты жаны сүйетін жандар. Ең бастысы, аңшылыққа әзірленіп жүрген араб ханзадаларының айналасындағы әңгіменің мәнісі мынада еді, мұндай паң аңдар әлемде басқа жерде жоқ, оның ішінде Таяу Шығыста, өйткені, олар ондағы аптап ыстықта өмір сүре алмайды, олардың отаны–жазғы салқыны мен қысқы аязы бар саф ауалы аспан асты таулар, сол себепті де олардың жүні де құдайдың кереметіндей ғажап, әрбір талы алтынмен пара–пар. Енді мінеки, аңшы ханзадалар айналасында көптеген адамдар: қызмет етушілер, күзет, жол көрсетушілер іске жегілетін болады. Бәрі де аңшылық және өзге де мылтықтармен қаруланбақ. Сонда, ол да тұрақты аудармашы және сапарлас ретінде қаруланады, мүмкін карабин болар, ал пистолет міндетті түрде беріледі. Осы пистолетті ол кейін өзіне қалдырмақ себебін табады. Егер де аңшылықта оларға үлкен олжа жолықса, ханзадалар сөзсіз оған пистолет сыйлайды. Сол пистолетпен, қашан аңшылық аяқталса, адамы құмырсқадай құжынаған осы қалаға зымыраған күйде жетіп, өзі ойлағанындай тиісті жерде қолданады.
Ағайдың соққан қоңырауы өте орынды болды, себебі, бұның есін жиюына, өткен түнде тіпті, түсінде де жанын сансыратқан ойлардан қалыпты өмірге оралуына ықпал етті. Ақылға келіп, өзін қолына алып, Арсен Саманчин осы ойларына кісен салғандай, өзімен-өзі келісім туралы шартқа қол қойғандай, белгілі бір уақытқа дейін өзінің қаскөй жоспарларын шетке ысырғандай болды. Енді өз ісімен шұғылдану қажет еді. Ол өзіне-өзі: “Жетеді, жетеді, Арс, ақылыңды жи!” деді ой жүгірте. – Қазір ол туралы ойлаудың қажеті жоқ, сен мүлдем ақыл–есіңнен айырылған жоқсың ғой, Арс!” – Айдана оны еркелеткен сәттерде осылайша – Арс деп, ал оны - Айа дейтұғын. Сол сәттерді есіне алғанда ол тек қана күйінішпен күрсінетін. Және де сонда Арсен өзін жапырағы саудырай түсіп жатқан ағаштай сезінетін. Жан дүниесі жалаңаштанып, жетімсірей бастайтын...
Достарыңызбен бөлісу: |