Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы №143 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін бекіту туралы»



Дата16.06.2016
өлшемі40.43 Kb.
#139714


Проект

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 143 қаулысы



«Шығыс Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 66 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1389 қаулысымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 16-тармағын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 39-2/124-И келісім-хатын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. «Шығыс Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 66 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

бекітілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-1, 13-1, 15-1, 15-2, 20-1, 21-1, 21-2, 30-1, 30-2, 34-1, 34-2, 38-1 жолдарымен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев



Шығыс Қазақстан облысының

әкімдігінің

2012 жылғы «22» маусымдағы

№ 143 қаулысына

қосымша
Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2012 жылғы 29 наурыздағы

№ 66 қаулысымен



бекітілді



Шығыс Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің

тізбесі




Аудан/ қалалық әкімшілік атауы

Ауылдық округ атауы

Ауылдық елді мекен атауы

Халық саны

Жиынтық балл сомасы

1

2

3

4

5

6

2-1

Семей қ.ә.

Новобаженово

Новобаженово а.

2229

39

13-1

Бородулиха

Андреев

Михайличенково а.

5572

50

15-1

Глубокое

Бобровка

Бобровка а.

2123

65

15-2

Глубокое

Секисовка

Секисовка а.

1768

77

20-1

Зайсан

Сарытерек

Сарытерек а.

1428

62

21-1

Зырян

Соловьево

Соловьево а.

1212

72

21-2

Зырян

Никольск

Никольск а.

664

70

30-1

Күршім

Сарыөлең

Сарыөлең а.

853

70

30-2

Күршім

Боран

Боран а.

1654

59

34-1

Ұлан

Айыртау

Айыртау а.

2319

58

34-2

Ұлан

Бозанбай

Бозанбай а.

2492

54

38-1

Шемонаиха

Вавилон

Камышенка а.

1101

71




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет