Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі №107 қаулысы



жүктеу 120.25 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі120.25 Kb.


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 107 қаулысы
Өскемен қаласы
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 15 мамырда № 3329 болып енгізілді

Асыл тұқымды мал шаруашылығын

дамытуды және мал шаруашылығы

өнімінің өнімділігі мен сапасын

арттыруды субсидиялаудың 2014 жылға

арналған кейбір мәселелері туралы



«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Мыналар:

  1. осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2014 жылға арналған субсидия нормативтері;

  2. осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар;

  3. осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдері бекітілсін.


  1. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қантардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

_____________ А. Мамытбеков

2014 жылғы «16» сәуір





Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2014 жылғы «15» сәуірдегі

№ 107 қаулысына

1 қосымша





Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге

2014 жылға арналған субсидиялар

нормативтері


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу

бас

3000






Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2014 жылғы «15» сәуірдегі

№ 107 қаулысына

2 қосымша





Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. Технологиялық құрал-саймандар (құрал-жабдықтарға), ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауға арналған бекеті болуы.

2. Ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауды ұйымдастыру үшін технологиялық құрал-саймандар (құрал-жабдықтардың) және ілеспе материалдың болуы.

3. Ұрпақ сапасы бойынша бағаланған ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларының болуы.

4. 1 ұрықтандырушыға жылдық орташа жүктелім 240 бастан кем емес.

5. Ұрықтандырушы бұқалардың ұрығына қажеттілік, 1 басқа – 2,5 доза.

6. 1 дозаның құны – 750 теңгеден кем емес.

7. 1 аналық мал басын ұрықтандыруға ұрық дозасы шығыны – 1875 теңгеден кем емес.

8. Техник-ұрықтандырушының қызметіне жұмсалатын шығындар – 1000 теңгеден кем емес.



9. Өзге шығындар (электр энергиясы,газ, су, сұйық азот, натрий цитраты, дезинфекциялық құралдар) – 125 теңгеден артық емес.









Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің







2014 жылғы "15" сәуірдегі







№ 107 қаулысына







3 қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдері

Саланың атауы

Субсидиялау бағыттарының атаулары

Өлшем бірліктері

2014 жыл

субсидиялау нормативтері, теңге

субсидия-ланатын көлем

субсидия сомасы, мың теңге

етті ірі қара шаруашылығы

Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу

бас

20 000

15 500

310 000

Тұқымдық турлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу

бас

18 000

46 000

828 000

Отандық ірі қара мал сатып алу

бас

154 000

2 500

385 000

Импорталған асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан)

бас

200 000

1 430

286 000

Импорталған асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу (Ресейден, Беларуссиядан және Украинадан)

бас

118 000

2 240

264 320

Жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

бас

104 000

100

10 400

Сиыр етін өндіру

тонна

 

3 800

0

2-деңгей

тонна

170 000

300

51 000

3-деңгей

тонна

120 000

3 500

420 000

Барлық сома

 

 

 

2 554 720

сүтті ірі қара шаруашылығы

Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу

бас

20 000

10 500

210 000

Сүт өндіру

тонна

 

 

 

1-деңгей

тонна

25 000

16 420

410 500

2-деңгей

тонна

15 000

14 500

217 500

3-деңгей

тонна

10 000

17 500

175 000

Барлық сома

 

 

 

1 013 000

Барлық сома

 

 

 

 

етті құс шаруашылығы

Құс етін өндіру:

 

 

 

 

1-деңгей

тонна

70 000

17 800

1 246 000

2-деңгей

тонна

66 000

9 000

594 000

3-деңгей

тонна

50 000

5 000

250 000

Барлық сома

 

 

31 800

2 090 000







6




























қой шаруашылығы

Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу

бас

1 500

200 000

300 000

Асыл тұқымды қой сатып алу

бас

8 000

19 250

154 000

Биязы жүн

тонна

130 000

40,4

5 248

Барлық сома

 

 

 

459 248

жылқы шаруашылығы

Асыл тұқымды жылқы сатып алу

бас

40 000

1 000

40 000

Қымыз

тонна

60 000

1 200

72 000

Барлық сома

 

 

 

112 000

шошқа шаруашылығы

Асыл тұқымды шошқа сатып алу

бас

15 000

65

975

Шошқа еті:

 

98 000

850

83 300

1-деңгей

тонна

 

 

 

Барлық сома

 

 

 

84 275

марал шаруашылығы

Асыл тұқымды маралдарды сатып алу

бас

30 000

200

6 000

Барлық сома

 

 

 

6 000

ЖИЫНЫ:

 

 

 

6 319 243



















Ескерту.
















Аббревиатураның толық жазылуы:













МІМ - мүйізді ірі қара малы.




















































©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет