4. Сыртқы ықпалды талдау
Сыртқы ықпал және оның көрсеткіштерге жетуге тигізетін әсерлерінің факторлары
|
Қабылданған шаралар
|
1
|
2
|
Шекаралық облыстардың және елдердің аймақтарында орын алған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар облыс аумағына белгілі қауіп төндіреді, олар өрт, жерсілкінісі және осыған сәйкес
|
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД және Алтай Республикасы Ресей Федерациясы, Карағанды облысы, Алматы облыстарымен шекарлық аймақтардағы төтенше жағдайды болдфырмау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды болдыраму мақсатында бірігіп әрекет ету жоспраы жасалды.
|
1. Еңбек нарығындағы мониторинг жүйесін жақсарту және жағдайды болжау
|
Еңбек нарығындағы шиеленістің алдын-алу мақсатында жұмыстае босаған жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың нысандарымен қамтудың бірлескен жоспарды әзірлеуді енгізетін шаралар кешені қабылдануда (жұмысқа орналастыру, жәрдемақыларды төлеу, персоналдың қайта оқуына қолдау көрсету, кәсіпкерлікті дамыту және т.б.) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 195-ө бұрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен жылына екі рет экономика салаларындағы мамандардың және білікті жұмысшылардың ағымдағы және болжамды қажеттіліктерін анықтау бойынша еңбек нарығының мониторингі жасалады. 2013 жылға болжамды қажеттілік 3402 адамды құрайды.
|
Облыстың шағын кәсіпкерлігіне әсер ететін факторлардың нашарлауы (әкімшілік бөгеулер, инфрақұрылым және адамдар ресурстары, заңнама және т.б.)
|
Облыста бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен жергілікті деңгейде рұқсат жүйесін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілген. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша, 69 бойынша рұқсат құжаттарын ұсыну мерзімін төмендету мүмкіндігі жөнінде шешімдер қабылданды, 56 бойынша жұмыс тобымен мемлекеттік органдардың оларды жою жөніндегі ұсыныстары қабылданды. Барлығы рұқсат тәртіптерінің 138 түрлерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындалған болатын.
|
Індеттің жаңғыруы (құс тұмау және т.б.)
Ішкі және кіру туризм көлемінің төмендеуі;
Туристік қызметтер көрсеткішінің төмендеуі және облыс табысының төмендеуі
|
Жағажай аймақтарын санитарлы тазалаудан өткізу үшін Үржар ауданы акімшілігімен бірлесіп «Алакөл – Тазалық» ЖШС құрылды. Бұл мақсаттар үшін аудандық бюджеттен 15 млн 227 мың теңге (32 штат бірлігі) бөлінді
|
Қоршаған ортаның жағдайын тұрақтандыру бойынша шараларды орындау үшін қоршаған ортаның эмиссиясына түсетін қаржыны толық бөлмеу
|
Бюджетті тиімді жоспарлау және орындау бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара іс-қимыл
|
Педогогтардың айтарлықтай бөлігінің дайындалу деңгейінің төмендігі, өз бетімен білім алу жіне әсіптік деңгейін арттыруға ынтасының аздығы
|
Үш сатылы жүйе негізінде Өрлеу, БАИ, Назарбаев зияткерлік мектептері арқылы біліктілікті арттыру курстары өткізіледі
|
Педогог еңбегінің төмен мотивациясы, мұғалім мамандығының мәртебесінің төмендеуі
|
Үш сатылы жүйе негізінде біліктілікті арттыру бойынша еңбекақыны арттыру
|
Педогог еңбегінің төмен мотивациясы, мұғалім мамандығының мәртебесінің төмендеуі
|
Үш сатылы жүйе негізінде біліктілікті арттыру бойынша еңбекақыны арттыру
|
Ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын тұрғындар үлесі
|
Қазақстан халқы Ассамблеясының ШҚО хатшылығы
|
Ресей және Қытай тарапынан ақпараттық ықпал
|
Тұрғындар арасында отандық сандық хабарлаудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, БАҚ-та материалдар орналастырылды.
|
Шетелдіктердің келу ағымының көбеюі заңсыз көші – қон және оған сәйкес қылмыстылық қаупін күшейтеді
|
«Нелегалл-2013» жедел - алдын алу іс- шараларының екі кезеңін жүргізу барысында әкімшілік жауапкершілікке – 1391адам тартылған, мемлекет аумағынан 187 шетелдік шығарылған, 569 шетелдік азаматтың елде болу мерзімі қысқартылған. Бекітілген елде болу ережесін (ҚР ӘҚБтК 395 бабы) бұзғаны үшін 210 қазақстан азаматы, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін (ҚР ӘҚБтК 396 бабы) бұзғаны үшін 137 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылған.
|
Экспорт тауарларына бағалардың айтарлықтай төмендеуі.
Шикізат тауарларына бағалар мен сұраныстардың төмендеуі, бұл өз кезегінде өңдеу салаларындағы кәсіпорындар өнімдеріне Қазақстанның ішкі сұранысын қысқартуға алып келеді.
|
Түсті және бағалы металдарға әлемдік бағалардың өзгеру динамикасына талдау жүргізіледі, ай сайын ақпарат облыс әкіміне ұсынылады.
|
Облыстың шағын кәсіпкерлігіне әсер ететін факторлардың нашарлауы (әкімшілік бөгеулер, инфрақұрылым және адамдар ресурстары, заңнама және т.б.)
|
Облыста бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен жергілікті деңгейде рұқсат жүйесін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілген. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша, 69 бойынша рұқсат құжаттарын ұсыну мерзімін төмендету мүмкіндігі жөнінде шешімдер қабылданды, 56 бойынша жұмыс тобымен мемлекеттік органдардың оларды жою жөніндегі ұсыныстары қабылданды. Барлығы рұқсат тәртіптерінің 138 түрлерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындалған болатын.
|
Қазақстанның инвестициялық климатына әсер ететін факторлардың нашарлауы (әкімшілік бөгеулер, инфрақұрылым және адамдар ресурстары, заңнама және т.б.)
|
Жаңа индустриялық-инновациялық қызметті қолдау заңдары мен шараларын енгізу бойынша ақпарат тұрақты негізде зерттелуде, жобалардың ықтимал ұйымдастырушыларына жеткізу арқылы.
|
Бөлшек сауданың екпіндерінің өсуіне нарықтағы баға жағдайы айтарлықтай әсер етеді. Сонымен бірге, айтып кететін жағдай, бағалар өңірдегі тұтыну тауарларындағы сияқты көп деңгейде Қазақстанның әлемдік және ішкі нарығының конъюнктурасына тәуелді. Өңірдегі тұтыну тауарларына бағаларды анықтайтын негізгі фактор, нарықтағы енгізілетін өнімдердің айтарлықтай салыстырмалы салмағын ескере, олардың басқа өңірлердің өндірушілерімен қойылған бағалардан тәуелділігі болып табылады.
|
Жергілікті атқарушы органдар тарабынан тұтыну тауарларына бағалардың өсуін ұстап тұру мақсатымен жыл ағымында келесі шаралар қабылданды:
- ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі, мұнда өнімдер халыққа қол жетімді төмен бағалармен сатылады. 2013 жылдың басында 756 азық-түлік жәрмеңкелері өткізілді, мұнда 2528,0 млн. теңге сомасына өнім сатылды;
- тауарлар төмен бағамен сатылатын әлеуметтік бөлімдер мен бұрыштар торабы ашылған;
- азық-түлік тауарларына бағалардың өсу фактілері бойынша жедел жауап қайтару үшін күнделікті бағалардың мониторингі іске асырылады;
- бағаларды тұрақтандыру және өңірлік азық-түлік нарығына әрекет ету үшін тұрақтандыру қорының ресурстарынан тауарлық интервенциялар жүргізілді.
|
Өндіріс көлемінің және ластаушы жылжымалы көздер санының артуы салдарынан қоршаған ортаға эмиссияның көбеюі
|
Таңдаулы қолжетімді технологияларға ауысуды ынталандыру, жобаларға экологиялық сараптама жүргізу, табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру бойынша барынша қамту
|
5. Қаржы қаражатын игеру
Қаржыландыру көзі
|
Жоспар мың теңге
|
Факт, мың теңге
|
Пайдаланылмау себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Республикалық
бюджет
|
65 266 297
|
56 034 741,3
|
ШҚО Үржар ауданы Қабанбай ауылында Алакөл көлі рекреациялық аймағы жағалау бекіту жобасына қаражат бөлінді (құрылыстың 2 кезегі). Зырян қаласы көшелерін жол жабындысын, Риддер қ. Быструха өзені арқылы көпір, Бородулиха- Жезкент» автомобиль жолы жабындысын жөндеу
|
Облыстық
бюджет
|
22 866 338
|
18 605 992,1
|
Мемлекеттік сатып алулар конкурстары бойынша үнемдеу есебінен және бюджет қаражаты шектеулігіне байланысты Өскемен қ. 1000 орындық мелмекеттік тілде оқытатын мектеп, Өскемен қ. «Жасөспірімдер үйі» жатақханасы, ШҚО Семей қ. радиологиялық орталығы құрылысы құрылыстың 2,3 кезегі)
|
Қалалар мен ауданның бюджеті
|
7 396 931
|
2 511 176 ,9
|
Тарбағатай, Күршім және Көкпекті аудандарында мектеп жанында интернат салу, әлеуметтік маңызды автобус бағыттарын ашуға қаражат бөлінген жоқ.
|
Меншікті қаражат
|
29 269 250
|
13 869 774
|
Медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту, бентонит балшығынан бентонит ұнтағын өндіретін зауыт құрылысы, Ұлан ауданы Ұмыш өткелінде 27 МВт эел электрстанциясын орнату, Шемонаиха ауданы Үлбі өзенінде 440 МВт шағын ГЭС каскадын салу, тұтыну кооперативтерін дамыту,
|
Тартылған қаражат
|
130 000
|
2 506 709,5
|
Шемонаиха ауданы Шемонаиха қ. спорт модулін салу жобасы іске асырылған жоқ
|
Қарыз қаражаты
|
96 049 700
|
93 343 600
|
Өскемен қ. толық циклды автозауыт және технопарк салу жобасы, сүт тауар фермасы бордақылау алаңын салу
|
Гранттар
|
30 000
|
0,0
|
2013 жылы гранттар бөлінген жоқ
|
Инвесторлар қаражаты
|
4 000 000
|
4 946 700
|
|
Қаржыландыру көзі анықталған жоқ
|
5 111 726
|
0,0
|
|
ЖИЫНЫ
|
230 120 242
|
119 818 693,8
|
|
Талдау жазбасы
Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру облыстың тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму жағдайында тұрғындардың өмір сүру сапасын және деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі мақсат – барлық салаларды әртараптандыру және бәсекелестікті жоғарылату, инженерлік инфрақұрылымның тиімділігі, әлеуметтік сала мен әлеуметтік-демографиялық дамуы есебінен экономиканың тұрақты өсімін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Қабылданған міндеттерді орындау сыртық және ішкі факторларды пайдалану, табиғи кешен әлеуетін қалпында сақтау және қоршаған ортаны сауықтыру, облыс тұрғындарының тіршілік етуінің қолайлы шарттарын құру есебінен қол жеткізілді.
Бағдарламада белгіленген мақсатқа жету үшін 35 мақсат және 40 нысаналы индикатор, 51 міндет пен 113 көрсеткішті орындау қарастырылған.
2013 жыл қорытындысы бойынша 30 индикатор, 66 тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды, 4 индикатор, 29 тікелей нәтиже көрсеткіші орындалған жоқ. 3 индикатор мен 19 тікелей нәтиже көрсеткіші бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.
БАҒЫТ. ЭКОНОМИКА
1 мақсат. Облыс экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету
Өңірлік өнімнің барлық көлемі 1819,5 млрд. теңге, 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 12,0% артық және облыстар арасында 6 орынға сәйкес. Өңірлік өнімнің барлық табиғи көлемінің индексі 2012 жылға 112,6% деңгейін құрады.
ЖӨӨ көлемі жан басына бір жылға 2011 жылға қарағанда 12,2% өсімімен 1305,1 мың теңгені құрады. Облыстың экономикалық өсімі бойынша қалыптасқан көрсеткіші өңір экономикасының оң макроэкономикалық өсімінің болжауға мүмкіндік береді.
Экспорт – 45,8% өсімімен 2075,6 млн. АҚШ долларын құрады, оған біздің облыс экспорттайтын тауарлар өндірісінің дамуы және бәсекеге қабілеттіліктің өсімі ықпал етті.
Тауар құрылымында металдар және одан жасалатын бұйымдар үлкен үлесті құрайды, минералды өнімдер – бұл облыстың дәстүрлі экспорттық тауарлары.
Импорт – 1,3% өсімімен 1331,1 млн. АҚШ долларын құрады. Импорт өсімі өнеркәсіптік өндіріс өсімімен қамтамасыз етілген,.
Инфляция деңгейі – инфляция деңгейін сипаттайтын облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2013 жылғы қорытынды бойынша 104,5%-ды құрады, өткен айға қарағанда 2013 жылғы желтоқсанда – 100,8%, бұл орташа республикалық деңгейден 0,3 пайыздық тармаққа жоғары және 2012 жылдың ұқсас көрсеткішінен 1,6 пайыздық тармаққа жоғары.
Инфляция деңгейінің өсуіне үлес қосқан халыққа қызмет көрсетудің құны (107,4%), сондай-ақ азық-түлік тауарлар тобы бағасының көтерілуі (102,9%) және азық-түліксіз тауарлары (103,7%) анықтап белгіленді.
2 мақсат. Өнеркәсіптің тиянақты және үйлестірілген дамуын өндірісті әртараптандыру арқылы қамтамасыз ету
Мақсатты іске асыру үшін 1 мақсатты көрсеткіш және 2 көрсеткіш ескерілген. Мақсатты көрсеткіш орындалмаған, 1 көрсеткішке қол жеткізілді, 1 көрсеткіш бойынша – статистика мәліметтері 2014 жылдың екінші жарты жылдығында болады.
Мақсатты көрсеткіш:
Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексі жыл қорытындылары бойынша 105,8% құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 1 пайыздық пунктке кем және 3,5 пайыздық пунктке республикалық көрсеткіштен жоғары. Өсім мыс кенін өндіруді арттыру есебінен артты, сонымен қатар тазартылған мыс, тазартылған алтын, жеңіл автокөлік және портландцемент өндірісі артты. Сонымен қатар, жоспарлық көрсеткішке қол жетпеудің негізгі себептері сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және үлестуруді бақылау салаларының заттай көрінісінде өндіріс көлемдерін 20,7%-ға төмендетуге байланысты.
Нәтиже көрсеткіштері:
1. Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп үлесі– ҚР Агенттігінің статистикасы бойынша есеп беру уақытына жылдық статистикалық мәліметтері жоқ.
2. Өнеркәсіп өнімінің жалпы қосылған құнын өсіру ҚР Агенттігінің статистикасы бойынша 2013 жылғы 9 айда 108% құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 1,3 пайыздық пунктке артық.
2013 жылы 1007,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл 2012 жылғы деңгейден әрекеттегі бағаларда 4,3%-ға артық. Экономикалық қызметтің өнеркәсіп түрлері арасында өндіріс өсімі тау-кен өндіруші өнеркәсіпте (15,2%-ға) және өңдеу өнеркәсібінде (7,2%-ға) ескерілген.
3 мақсат. Кәсіпкерліктің басым секторларын дамыту, олардың әртараптандырылуын және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін
Мақсатты іске асыру үшін 1 мақсатты көрсеткіш ескерілген – қол жеткізілмеді.
Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың физикалық көлемінің индексі 107,2% құрады, жоспарлық көрсеткіштен 0,7 пайыздық пунктке кем және 5,6 пайыздық пунктке республикалық көрсеткіштен жоғары. Жоспарлық көрсеткішке қол жетпеудің негізгі себептері заттай көріністе өндіріс көлемдерінің төмендеуіне байланысты:
- дайын метал бұйымдары, машиналар мен жабдықтан басқа 16,9%;
- ағаш және тоз бұйымдары, жиһаздан басқа 34,1;
- сусындар 24,6%. Облыстың тауар өндірушілері алкогольді өнімдер шығару бойынша өндіріс күштерінің едәуір көлеміне ие. Алайда, алкогольді сусындар нарығындағы үлкен бәсекелестік салдарынан, өнім өндіру көлемі төмендеуде.
2013 жылы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі ақшалай көріністе 3,1%-ға немесе 24,9 млрд. теңгеге өсті және 838,1 млрд. теңгені құрады (ҚР бойынша 3 орын).
Өнеркәсіпр секторларын дамытудағы қойылған міндеттерді шешу үшін 28 нәтиже көрсеткіштері анықталған, олардың ішінен 16 көрсеткіштерге қол жеткізілген, 6 көрсеткіш бойынша статистикалық ақпарат жоқ, 6 – көрсеткішке қол жеткізілген жоқ:
1. Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі– ҚР Агенттігінің жылдық статистика бойынша есеп беру уақытына статистикалық мәліметтері жоқ.
Өңдеу өнеркәсібінің үлесі облыстың өнеркәсіп потенциалының жалпы көлемінде 83,2% құрайды. Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары – бұл металлургия (54,1%) және машина жасау (22,8%).
2. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі – ҚР Агенттігінің статистика бойынша жедел статистикалық мәліметтері бойынша адамға 83,9 мың АҚШ долларын құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен адамға 25,1 мың АҚШ долларына кем. Көрсеткішке дайын метал және ағаш бұйымдары, сонымен қатар сусындар өндірісін төмендету себебінен қол жеткізілген жоқ.
3. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспортының өсімі, (кедендік статистикалық мәліметтер бойынша) 2008 жылы 143,5%-ға ұлғайды, бұл жоспарлық көрсеткіштен 27,3 пайыздық пунктке жоғары. 2008 жылдан бастап мерзімде металдар экспорты едәуір өсті және олардың ішінде – бұйымдар 25,4%-ға; машиналар, жабдық, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар – 88%-ға.
4. Металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің ФКИ 101,9% құрады, бұл жоспардан 6,1 пайыздық пунктке кем. Жоспарға қол жетпеу себебі – қара металлургиядағы өндіріс көлемдерінің азаюында (ФКИ – 44,3%), тазартылмаған болат өндірісі 34,9%-ға; метал бұйымдары өндірісі 16,9%-ға; балқыту 9,7%-ға азайды.
5. Минералдық шикізатты терең қайта өңдеу және 4 есеге дейін қайта балқытуды құру негізінде металлургиялық саланың ЖҚҚ-ын арттыру – ҚР Агенттігінің жылдық статистика бойынша есеп беру уақытына статистикалық мәліметтері жоқ.
6. Дайын металлургиялық бұйымдар өндірісінің индексі, машиналар мен жабдықтардан басқа 83,1% құрады, жоспар кезінде – 110%. 26,9 пайыздық пунктке дейін төмендеу өндіріс көлемдерін азайту себебінен болды:
- сымдар, құбырлар және тілімдер 36,3%-ға;
- көрсеткіштермен метал тақтайлары 33,3%-ға;
- жиналатын құрылыс метал құрылымдары 28,9%-ға;
- алюминийден және қара металдан басқа құрылымдар 10,9%-ға.
7. Металлургиялық салада еңбек өнімділігінің артуы – ҚР Агенттігінің статистика бойынша жедел статистикалық мәліметтері бойынша адамға 113,4 мың.
АҚШ долларына қол жеткізілді, бұл жоспарлық көрсеткіштен адамға 32,6 мың.
АҚШ долларына артық. Өңірдің ірі металлургиялық кәсіпорындарында еңбек жағдайын жақсарту, өндірісті жаңарту бойынша шаралар кешенін жүргізу арқасында жоғары көрсеткіштер қамтамасыз етілген.
8. Түсті метал кендерін өңдеу ФКИ 98,5% құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 0,7 пайыздық пунктке артық. Көрсеткішке марганц концентраттарын 3,7 есеге, марганц кендерін 2,6 есеге, мыс кендерін 12%-ға өдеуді өсіру арқасында қол жеткізілді. Көрсеткіштің төмендеуі түсті металдарға әлемдік бағалардың төмендеуімен байланысты, өндірудің үлкен көлемдерін жүргізудің экономикалық жөнсіздігімен шартталған.
9. Металлургиялық саладағы өндіріс көлемі өңдеу өнеркәсібінің барлық көлемінен 453,8 млрд. теңгені немесе 54% құрады, бұл жоспарлық көрсткіштен 1,7%-ға артық. Өсім себебі – өңделмеген мысты 29%-ға, алтынды 11,5%-ға, қорғасынды 9%-ға; сонымен қатар алтынды Дора қорытпасында 4,9%-ға өндіру көлемдерін арттыру.
10. Металлургиялық өнімді экспорттауды 2008 жылғы деңгейге арттыру 1 411,2 мың АҚШ долларын құрады, бұл жоспарлық көрсткіштен 20%-ға аз. 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 44,3%-ға металдар экспортын төмендетудің негізгі себебі әлемдік бағалардың негізгі түсті және қымбат металдарға түсуіне байланысты. Осылайша, жүргізілетін мониторинг мәліметтері бойынша, мысқа баға 12%-ға төмендеді; мырышқа 10,7%-ға төмендеді; қорғасынға 16,3%-ға төмендеді; алтынға 26,7%-ға төмендеді; күміске 37%-ға төмендеді.
11. Машина жасау саласы өндірісінің ФКИ 2012 жылдың сәйкес мерзіміне 142% құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 37 пайыздық пунктке артық.
12. Машина жасауда өнімдерді өндіру көлемі 1,4 есе өсіп, 191,3 млрд. теңгені құрады (ҚР бойынша 1 орын), бұл жоспарлық көрсеткіштен 48,8% артық.
«Азия Авто» АҚ автокөліктерін өндіру көлемі1,8 есеге, (31007 дана). «СемАз» ЖШС тракторлар шығаруды 0,4%-ға (1340 бір.) арттырды, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС автобустарды 31,8%-ға (141 бір) өндіру көлемі артты. Электр жабдығын өндіру 39,6%-ға артты.
13. Машина жасау саласында еңбек өнімділігін арттыру ҚР Агенттігінің статистика бойынша жедел статистикалық мәліметтері бойынша адамға 43,2 мың АҚШ долларын құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен адамға 8,2 мың АҚШ долларына жоғары. Еңбек өнімділігі 2008 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге ұлғайды. Көрсеткішке қол жеткізудің негізгі себебі – 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы автокөлік құралдарының, трейлерлер мен екі доңғалақты тіркемелердің өндірісін 86,4%-ға арттыру.
14. Басқа метал емес минералды өнімдер өндірісінің ФКИ 111,6% құрады, бұл жоспардан 6,4 пайыздық пунктке артық. Гипс өндірісі 68,8%-ға, силикат және шлак кірпіштері 48,3%-ға, әктас 36,4%-ға, цемент клинкерлері 29,8%-ға, сонымен қатар цемент шығару 13,9%-ға артты. Басқа метал емес минералды өнім өндірісінің көлемі 51,0 млрд. теңгеге жетті (ҚР бойынша 2 орын). Бір жылда ҚР бойынша жалпы көлемнен 12,8%-ға өнім өндірілді.
15. Басқа метал емес минералды өнімдерді өндіру бойынша ЖҚҚ арттыру, ҚР Агенттігінің статистика мәліметтері бойынша 2013 жылғы 9 айда 30,1млрд. теңгені құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 7,4%-ға артық.
Индустрияландыру картасы шеңберінде 4 жоба құрылыс индустриясы саласында іске асырылды , «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ағаш өңдеуді және құрылыс материалдарын өндірудің 19 жобасы қолдау тапты.
16. Басқа метал емес минералды өнімдерді өндірудегі еңбек өнімділігі – ҚР Агенттігінің статистика бойынша жедел статистикалық мәліметтері бойынша адамға 38,4 мың АҚШ долларын құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен адамға 10,4 мың АҚШ долларына кем. Көрсеткішке асбоцемент және фиброцемент бұйымдарын шығаруды 38,9%-ға төмендету, сонымен қатар кірпіш өндіруді 5,2%-ға төмендету себебінен қол жеткізілген жоқ.
17. Құрылыс материалдары экспортының үлесін құрылыс материалдары өндірісінің тұтас көлемінде арттыру (кедендік статистикалық мәліметтер бойынша) 3,8% құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 0,5 пайыздық пунктке артық. Көрсеткіш жоспарлық көрсеткішке құрылыс саласындағы өнім өндірісінің жалпы өсіміне байланысты жетті, сонымен қатар «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ экспортын 25,6%-ға өсіруге байланысты.
18. Химиялық өнеркәсіп өндірісінің ФКИ 104,7% құрады, (жоспарлық көрсеткіш – 104,6%), өсімге бояулар мен лактар өндірісінің көлемі полимер негізінде 14,4%-ға өсуіне, моногидраттағы күкірт қышқылы 8,9%-ға, сонымен қатар жарылғыш заттар 1,6%-ға өсуіне байланысты қол жеткізілді.
19. Химиялық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 17,5 млрд.теңгені құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 2,5%-ға аз.
Өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар негізінен тау-кен өндіру және металлургиялық өнеркәсіп өнімін шығарады (қышқылдар, газдар, жарылғыш заттар және басқалар), нәтижесінде химия саласындағы өндіріс көлемдері тау-кен-металлургиялық саласындағы өндіріс көлемдеріне байланысты өзгереді.
20. Химиялық өнім экспортын арттыру 113 млн. АҚШ долларын құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 4,6 млн. АҚШ долларына артық. Экспортқа бағытталған химиялық өнім өндірісінің көлемі артты.
21. Химиялық өнеркәсіптің ЖҚҚ арттыру – ҚР Агенттігінің жылдық статистика бойынша есеп беру уақытына статистикалық мәліметтері жоқ.
22. Химиялық саладағы еңбек өнімділігін арттыру ҚР Агенттігінің статистика бойынша жедел статистикалық мәліметтері бойынша адамға 28,2 мың АҚШ долларын құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен адамға 5 мың АҚШ долларына артық. Өсім лак-бояу бұйымдарын, қышқылдық және жарылғыш заттарды өндіруде белгіленген.
23. Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің ФКИ 119,3% құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 13,9 пайыздық пунктке артық.
24. Фармацевтикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 1514,6 млн.теңгені құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 33,3%-ға артық.
Фармацевтикалық саладағы өндіріс көлемінің және екпінінің өсуі иммунды сывороткалар және вакциналар шығаруды 2,7 есе арттыру есебінен болды.
25. Жеңіл өнеркәсіптің ФКИ 102,3% құрады, бұл жоспардан 0,9 пайыздық пунктке кем.
26. Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 5 млрд.теңгені құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштен 2,3%-ға кем.
Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің және екпінінің төмендеуі жоспарлық көрсеткіштерге қатысты заттай көріністе тері бұйымдарының өндіріс көлемдерін 52%-ға төмендету есебінен болды.
27. Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі адамға 1 мың АҚШ долларын құрады, жоспарға 147,9%-ға өсіммен. Көрсеткішке киім өндірісінің едәуір көлемі, сонымен қатар тоқыма бұйымдарын шығаруды 23,1%-ға арттыру арқасында қол жеткізілді.
28. Жеңіл өнеркәсіп өнімінің ЖҚҚ арттыру – ҚР Агенттігінің жылдық статистика бойынша есеп беру уақытына статистикалық мәліметтері жоқ.
4 мақсат. Электр энергиясымен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету, облыста бар электр энергия тапшылығын жабу үшін жаңа қуаттылықтарды қолдану, қолда бар энергетикалық жабдыққа, электр желілеріне жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |