«Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің



жүктеу 377.54 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі377.54 Kb.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 322 қаулысы








«Шығыс Қазақстан облысының

туризм және сыртқы байланыстар

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2013–2017 жылдарға арналған стратегиялық

жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-5) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімге өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 9 тамыздағы № 13/155-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3031,«2013–2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 24 қазандағы № 15/180-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3078 шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 16-04-17540 келісім-хатын ескере отырып Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:




  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2013–2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілсін.

  2. Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы (Е. А. Сембинов):

  1. Стратегиялық жоспарды бекітілген күнінен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

  2. осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Е. Б. Көшербаевқа жүктелсін.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»


Шығыс Қазақстан облысы қаржы

басқармасының басшысы

_________________М. Сапарғалиев

2013 жылғы «___»____________


Шығыс Қазақстан облысы экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқармасының басшысы

_________________Е. Ясинская

2013 жылғы «___»____________










Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___» _______

№ ____ қаулысына

қосымша




Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___» _______

№ ____ қаулысымен

бекітілді





«Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2013-2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мазмұны



  1. Миссиясы және пайымдауы

  2. Облыстың туризм және сыртқы байланыстар саласының ағымдағы жағдайына және даму үрдістеріне талдау жасау

  3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

    1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

    2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі

  1. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

  2. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

  3. Қауіп-қатерді басқару

  4. Бюджеттік бағдарламалар

    1. Бюджеттік бағдарламалар

    2. Бюджеттік шығындар жиыны



1 тарау. Миссиясы және пайымдауы
Миссиясы:

Облыстың туризм және сыртқы байланыстар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды мен салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

Пайымдауы:

Бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру және облыстың сыртқы байланыстарында Шығыс Қазақстан облысына шетелдік капиталды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалға әсер ететін жан-жақты байланыс орнату.



2 бөлім. Ағымдағы жағдайды және туризм мен сыртқы байланыстар саласының даму үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының сервистік жүйесі мен инфрақұрылымы дамыған жетекші туристік орталықтарының бірі ретінде қалыптасуы.

Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қызметі Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалары бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысымен бекітілген), Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын (Қазақстан Республикасы Приезидентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлығымен бекітілген) іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысы аумағында 88 туристік фирма және 25 жеке кәсіпкер, сондай-ақ келушілерді орналастырумен айналысатын 245 объекті туристік қызмет көрсетеді. 2012 жылы қызмет көрсетілен келушілер саны 403396 мың адамды құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 7 % жоғары. Оның ішінде туристік фирмалар 24931мың адамға, орналастыру объектілері 188417 мың адамға қызмет көрсетті.

Есепті кезең қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде 3032 жеке жайлар бар және олардың бір уақыттағы сыйымдылығы 12129 мың төсек-орын құрады.

2012 жылы туристік салада көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 7,4 % артқан және 3181589,0 мың теңгені құрады.

Шығыс Қазақстан облысының туристік саласының ағымдағы жай-күйіне жасалған талдау аталған саланың соңғы жылдары серпінді даму беталысын көрсетті. Мәселен, курорттық өңірлерде, сондай-ақ Өскемен, Семей қалаларында шағын қонақ үйлер саны жылдан жылға артып келеді.

Бүгінгі күні жалпы туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында туристік тартымдылықты арттыруды, облыстың мәдени-тарихи және табиғи әлеуетін сақтау және үйлесімді пайдалану, аталған салаға инвестициялар тарту үшін облыста бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

1.2 Негізгі проблемаларды талдау

Туризмді дамытудағы оң үрдістермен қатар бірқатар проблемалық мәселелер орын алады, оларды шешу межелеген мақсатқа қол жеткізуге, яғни Шығыс Қазақстан облысында бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға мүмкіндік бермек:


  1. туристік және көліктік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы. Туристік объектілерге апаратын автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы. Туристік бағыттарға жету жолының қиындығы. Қонақ үйлерді, пансионаттар мен демалыс үйлерін және базаларды қоса алғанда орналастыру объектілерінің материалдық базасының қанағаттанарлықсыз жағдайы, сондай-ақ санаторлық-курорттық мекемелердің моральдік және табиғи тұрғыдан тозуы;

  2. сервис деңгейінің төмендігі.Көрсетілетін қызметтер сапасының төмендігі. Туризм және қонақжайлық саласындағы білікті мамандар санының жеткіліксіздігі;

  3. облыстың туристік имиджін ішкі және халықаралық туристік қызметтер нарығында алға жылжыту деңгейінің жеткіліксіздігі. Облыстың туристік әлеуеті туралы ақпараттардың имидждік іс-шаралардың, жеткілікті көлемде болмауы.

1.3 Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Туристік саланы дамытуға сыртқы факторлар әсер етеді: әлемдік экономиканың жай-күйі, құқықтық реттеу, ел ішіндегі және шетелдердегі экономикалық және саяси жағдай және т.б. Сондай-ақ, саланың дамуына мынадай ішкі факторлар да әсер етеді: оған кадрлық саясатты, туристік өнімнің кәсіби маркетингін жатқызуға болады.

Туристік өнімнің маркетингтік жоспарында шетелдік мемлекеттерден туристерді тарту бойынша өңірлік туроператорлардың жұмысын күшейту қажет, бұл, тек келетін туристік ағымның тұрақтылығын ғана емес, сондай-ақ туристік саланың кірістігін де арттырады.

Туристік саланың жай-күйіне жасалған талдау саланың дамуында бірқатар оң үрдістер орын алғанымен, оның барлық сегменттері үшін ортақ проблемалардың бар екендігін көрсетті, олар қазірдің өзінде оның қызметінің нәтижесіне кері әсерін тигізуде, әсіресе, ол болашақта саланың экономикалық жағынан өсуі мен қаржылық тұрақтылығына кері ықпал етуі анық.

Мұндай проблемалардың біріне ішкі және сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін, сұранысқа ие инвестициялық жобаларды жаңғырту мен енгізу үшін қажет инвестициялардың жоқтығы себебінен туристік саланың қазіргі таңдағы инфрақұрылымының әлемдік деңгейден көш артта қалуы жатады.

Туристік саланың бәсекеге қабілеттілігіне және табысты дамуына сыртқы, сондай-ақ ішкі факторлар да әсер етеді. Сыртқы факторларға талдау жасаған кезде Шығыс Қазақстан облысының шалғайда орналасқандығын, туристік жолдамалар құнының жоғарылығын және т.б. ескеру қажет.





3 бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар,

іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар,

іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының сервистік жүйесі мен инфрақұрылымы дамыған жетекші туристік орталықтарының бірі ретінде қалыптасуы

1.1- мақсат. Жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру

Аталған мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 004

р/с


Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

өл-

шем бірл.



Соның ішінде аралық мәнін көрсетумен





есепті кезең-

де


2012 жыл

жоспарлы кезеңде




2013 жыл

2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017

жыл





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




1.

Ішкі және кірмелік туризм үшін орналастыру орындары санын арттыру

Статистикалық деректер

Бірлік

245

249

253

257

262

267




2.

Ішкі және кірмелік туризм үшін төсек/тәулік ұсынуды арттыру арқылы қонақ үйлердің толымын арттыру

Статистикалық деректер

мың

адам


315,8

330,4

345

359,6

374,2

388,8




3.

Туристік қызмет саласында қызмет ұсынатын ұйымдардың жиынтық табысын 2017 жылы 2012 жыл деңгейінен кем дегенде 58,3%-ға арттыру (3181589,0 мың теңге)

Статистикалық деректер

%

100

154,7

155,6

156,5

157,4

158,3




Нысаналы индикаторға жету жолдары, әдістері және тәсілдері:

1.1 -міндет. Облыстың туристік өнімін қалыптастыру және жылжыту






р/с



Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өл-шем бір-лігі

Соның ішінде аралық мәнін көрсетумен







есепті кезең-

де


2012 жыл

жоспарлы кезеңде




2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017

жыл





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




1.

Ішкі туризмге қатысушылар санын арттыру (2012 жылы – 373 258 адам)

Статистикалық деректер

%

100%

101,8

102,5

103,0

103,5

104,0




2.

Кірмелі туризмге қатысушылар санын арттыру (есептік кезең 2012 жыл – 18368 адам)

Статистикалық деректер

%

100%

101,3

101,6

102,0

102,4

102,9




3.

Меморандумдар мен келісімдер саңын арттыру

Облыс әкіміне ақпарат

%

100%

35

36

36

37

37




р/с



Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі






2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017

жыл





1

2

3

4

5

6

7

1.

Туризм инфрақұрылымы объектілерін салу


Х

Х

Х

Х

Х

2.

Туристік объектілерге апаратын автокөлік

жолдарын салу, жөндеу және қайта құру






Х

Х

Х

Х

3.

Қазақстандық және халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, биржаларға және слеттерге қатысу

Х

Х

Х

Х

Х

4.

Туризм бойынша ақпараттық база құру (өңірдің туристік әлеуеті туралы сайтты демеу)




Х










5.

Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті жөніндегі жарнамалық - ақпараттық материалдар әзірлеу және басып шығару

Х

Х

Х

Х

Х

6.

Туризм саласында ынтымақтастық туралы меморандумдар және келісімдерге қол қою

Х

Х

Х

Х

Х

7.

Сыртқы байланыстар саласында меморандумдар мен келісімдерге қол қою

Х

Х

Х

Х

Х




8.

Өзара сапарлар ұйымдастыру

Х

Х

Х

Х

Х






3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен

мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы

1

2

1-стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының сервистік жүйесі мен инфрақұрылымы дамыған жетекші туристік орталықтарының бірі ретінде қалыптасуы

1-мақсат. Жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру


Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалары бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысымен бекітілген


4 бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту


Мемлекеттік органның стратегиялық ббағытының, мақсаттарының және міндеттерінің атауы

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсаттарын іске асыру бойынша

іс-шаралар



Іске асыру кезеңі

1- стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының сервистік жүйесі мен инфрақұрылымы дамыған жетекші туристік орталықтарының бірі ретінде қалыптасуы

1- мақсат. Жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру

1.1.- міндет. Облыстың туристік өнімін қалыптастыру және жылжыту

1.2.- міндет. Туристік саланың кадрлық әлеуетін дамыту




1. Құрылымдық бөлімшелер арасында функциялар мен жауапкершілікті анық бөлумен жаңа ұйымдастырушылық құрылымды бекіту

2. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту бойынша біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру

3. Туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция мен кірмелі және ішкі туризмге қатысушылар санын арттыру бойынша шаралар қабылдау

4.Туризм саласы қызметкерлерін дайындау және біліктілігін арттыру курстарын ұдайы өткізіп тұру үшін жағдайлар жасау



2013-2017 жылдар



5 бөлім. Ведомствоаралық өзара әрекеттесу


Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-әрекеттесуді талап ететін міндеттер көрсеткіштері



Ведомствоаралық өзара іс-әрекеттесу жүзеге асырылатын мемлекеттік орган

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралары

1

2

3

1- стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының сервистік жүйесі мен инфрақұрылымы дамыған жетекші туристік орталықтарының бірі ретінде қалыптасуы

1- мақсат. Жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру

1.1.- міндет. Облыстың туристік өнімін қалыптастыру және жылжыту

Туризм индустриясы инфрақұрылымының объектілері санын арттыру

Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан әкімдері

туристік және табиғи объектілерге апаратын автомобиль жолдарын жөндеу және салу;

жол бойындағы инфрақұрылым объектілерін салу;

инвестициялық жобаларды жылжыту;

туризм бойынша ішкі іс-шаралар өткізу, сондай-ақ халықаралық туристік іс-шараларға қатысу



1.2.-міндет. Туристік саланың кадрлық әлеуетін дамыту

Туристік индустрияның сертификатталған мамандар санын арттыру

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Туристік индустрия қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру бойынша курстар, семинарлар, тренингтер өткізу



6 бөлім. Қауіптерді басқару


Ықтимал қауіптің атауы

Қауіптерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда ықтимал салдар

Қауіптерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

3

Сыртқы қауіптер

Індет тарауы (құс тұмауы және т.б.)

Кірмелі және ішкі туризм көлемінің төмендеуі, туристік қызметтер өсуінің төмендеуі және облыс кірісінің азаюы

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп алдын алу және жедел әрекет ету бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу

Табиғи және техногенді апаттар

Кірмелі және ішкі туризм көлемінің төмендеуі, туристік қызметтер өсуінің төмендеуі және облыс кірісінің азаюы

Жұмылдыру дайындығы және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және апаттық жағдайларды жою бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу

Ішкі қауіптер

Мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында мемлекеттік органдармен тиімсіз өзара іс- әрекеттесу

Салалық және өңірлік дамудың тапсырылған параметрлеріне қол жеткізбеу

Өзара іс-әрекеттесу жөніндегі келісімдерге, келісім-шарттарға және өзге де құжаттарға қол қою

Басқармадан білікті құрамның кетуі

Басқарманың кәсіби мүмкіндіктерінің күрт төмендеуі және оның туризмнің, халықаралық ынтымақтастықтың өзекті міндеттерін орындауға дәрменсіздігі

Төмендегі іс-шараларды қамтамасыз ету:

1) қызметтік мақсаттарда көліктік қамтамасыз ету;

2) біліктілікті арттыру;

3) моральдік ынталандыру





7 бөлім. Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар


Бюджеттік бағдарлама

001 «Жергiлiктi деңгейде туризм және сыртқы байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

Сипаттама

Басқарма аппаратын ұстау

Бюджеттік бағдарлама түрі

мазмұнына қарай

Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

іске асыру тәсіліне қарай

Жеке

ағымдағы/даму

Ағымдағы

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы

өлшем бірлігі

есепті

кезең


2012 жыл

жоспарлы кезең

2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

басқарма аппаратын ұстау, штаттық саны



адам




9

9

9

9

9

Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері:

жүктелген функциялар

мен міндеттерді

тиімді орындау



%




100

100

100

100

100

Сапа көрсеткіштері

%




100

100

100

100

100

Тиімділік көрсеткіштері






















Бюджеттік шығыстар көлемі

мың теңге




9376,0

44253

46459

46165

49397




Бюджеттік бағдарлама

003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»

Сипаттама

Көлік, жабдық, құралдар, өндірістік және шаруашылық құрал-сайман, материалдық емес активтер сатып алу

Бюджеттік бағдарлама түрі

мазмұнына қарай

Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді қөрсету

іске асыру тәсіліне қарай

Жеке

ағымдағы/даму

Ағымдағы

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы

өлшем бірлігі

есепті кезең

2012 жыл


жоспарлы кезең

2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

басқарма үшін сатып алынатын негізгі құралдар саны



бірлік




2

12

1

2

12

Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері: басқарманың

компьютерлік және кеңселік техника, жиһаз бен лицензиялық бағдарлама өнімдері мен қамтамасыз етілуі



%




16

95

95

95

95

Сапа көрсеткіштері






















Тиімділік көрсеткіштері

%




100













Бюджеттік шығыстар көлемі

мың теңге




652,0

9050,0

542,0

660,0

706



Бюджеттік бағдарлама

004 «Туристік қызметті реттеу»

Сипаттама

Туризм инфрақұрылымын дамыту, туризмді мемлекеттік реттеу және қолдау тиімді механизмін құру. Шығыс Қазақстан облысының тартымды туристік имиджін қалыптастыру. Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін арттыру және алға жылжыту

Бюджеттік бағдарлама түрі

мазмұнына қарай

Күрделі шығыстарды жүзеге асыру

іске асыру тәсіліне қарай

Бөлінетін

ағымдағы/

даму


Ағымдағы

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы

өлшем бірлігі


есепті

кезең


2012 жыл

жоспарлы кезең


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:






















Ішкі туризмге келушілер саны

%




101,8

102,5

103,0

103,5

104,0

Сырттан келушілер туризмі саны

%




101,3

101,6

102,0

102,4

102,9

Туристік индустрияның сертификатталған мамандар саны

адам саны




150

170

200

220

250

Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері:






















Ішкі және сырттан келушілер туризміне арналған орналастыру орындарының санын арттыру

бірлік




249

253

257

262

267

Ішкі және сырттан келушілер туризміне төсек/тәулік ұсынуды көбейту жолымен қонақүйлердің толықтырылуын арттыру

бірлік




330,4

345

359,6

374,2

388,8

2017 жылы туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын 2012 жылғы деңгейден 58,3% -дан кем емес арттыру

(3 181 589,0 теңге)



%




154,7

155,6

156,5

157,4

158,3

Сапа көрсеткіштері

%




100













Тиімділік көрсеткіштері

%




100













Бюджеттік шығыстар көлемі

мың теңге




394410,0

105212,0

111408,0

111681,0

119499,0




Бюджеттік бағдарлама

032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары»

Сипаттама

Туристік ақпараттық орталық Шығыс Қазақстан облысы және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастырады және таратады, туристік өнімнің халықаралық туристік нарықтағы және мемлекет ішіндегі қозғалысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы туристік қызметте кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін және туристік саладағы ғылыми-әдістемілік қамтамасыз етуді дамыту үшін жағдай жасайды.

Бюджеттік бағдарлама түрі

мазмұнына

қарай


Күрделі шығыстарды жүзеге асыру

іске асыру тәсіліне қарай

Бөлінетін

ағымдағы/даму

Ағымдағы

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштері атауы

өлшем бірлігі

есепті

кезең


2012 жыл

жоспарлы кезең

2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Мемлекеттік органға сатып алынатын негізгі құралдар саны



бірлік




2

12

1

2

12

Түпкілікі нәтиже көрсеткіштері:

басқарманың

компьютерлік және кеңселік техника, жиһаз бен лицензиялық бағдарлама өнімдерімен қамтамасыз етілуі


%




16

95

95

95

95

Тиімділік көрсеткіштері

%

100
















Сапа көрсеткіштері

%

100
















Бюджеттік шығыстар көлемі

мың теңге

0

0,0

500,0

600,0

600,0

642,0



7.2. Бюджеттік шығыстар жиынтығы





Өл-шем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

Жоба-ланатын жыл

2012

жыл


(есеп)

2013

жыл


(ағымдағы жыл жоспары)

2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

БАРЛЫҚ бюджеттік шығыстар:

мың теңге




49438

158978

159008

159107

170244

286001000 «Жергiлiктi деңгейде туризм және сыртқы байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

мың теңге




9376,0

44253

46459

46165

49397

286003000 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»

мың теңге




652,0

9050,0

542,0

660,0

706

286004000 «Туристік қызметті реттеу»

мың теңге




39410,0

105176

111407,0

111682,0

119499,0

286032000 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары»

мың теңге




0

500,0

600,0

600,0

642,0





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет