Ақылбай Абайұлы – Абайдың бәйбішесі Дідәдан туған тұңғыш баласы. Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным баласы болмағандықтан бауырына салады. Бала кезінде 5-10 шамасында молдадан баілім ала бастаған Ақылбай 4-5 жылдан әрі оқымайды. Ерте үйленген Ақылбай серілік құрып, сері-мырза атанады.
Жас күнінен домбыра тартып, ән салады. Ол домбыра, сырнайда шебер ойнайтын болып алады. Ақындығымен қатар, сазгерлік өнері, әнші, домбырашы, сырнайшы Ақылбайдың көптеген күйлері де болған. «Азаматқожа», «Бұлаң жігіт», «Бес төре», «Асыр қалша» деген күйлерді тартатын. Абайдың әншісі атанған Мұқадан үйренген бірнеше орыс күйлерін де тартқан.
Ақылбайдың махаббат, жастық тақырыбына арнаған көптеген өлеңдері болған. 1895 жылы Әбдірахман бауырына арнап жазған жоқтау-өлең жазған. 1904 жылы інісі Мағауияға да арнап жазған жоқтауы сақталған.
Ақылбайды ақын ретінде танытқан шығармалары – дастандары. Ол 3 дастан жазған. «Дағыстан», «Зұлыс», «Жаррах батыр». Соңғы дастаны сақталмаған.
«Дағыстан» поэмасының тақырыбын ақын шәкірттеріне Абайдың өзі ұсынған. Бұл пэманы жазуға Ақылбай, Мағауия тағы бірер шәкірті кіріседі. Поэманы бәрінен бұрын жазып шыққан Ақылбай болған. Бұл поэманың тақырыбы әділет пен жауыздық күресі, «Махаббат пен ғадауат майдандасқан» тартыс. Ескі әдет-ғұрып, салт-сананы бұзып, еркіндікке бой ұрған, махаббаты үшін құрбандыққа бас байлаған өр мінезді тау халқының ер ұлы, өжет қызы сипатталады.
«Зұлыс» поэмасын 1900 жылдары жазған. Бұл поэманың оқиғасы ағылшын жазушысы Хаггард, Генри Райдердің (1856-1925) «Сүлеймен патшаның қазынасы», «Копи царя Соломона» атты әйгілі романынан алынған.
Ағылшындардың Оңтүстік Африканы отарлау дәуірі, нағыз жыртқыштың әрекеті басталады. Бейбіт елді жаулап, айуандықпен өлтіру, провокациялар, неше түрлі зұлымдықтар – Англияның отапшылдық саясатына тән іс болатын. Болашақ жазушы Г.Р.Хаггард осы оқиғалардың куәсі де, қатысушысы да болады. Ол сол елде қызметте жүріп зұлыстардың, бурлардың ағылшын отаршылдарына қарсы ерлік күрестерін көреді. Еліне келген соң осы оқиға негізінде көркем шығарма жазуға кіріседі.
Міне, осы романның негізінде Ақылбай ақын өзінің «Зұлыс» поэмасын жазып, онда өр мінезді, алған бетінен аумайтын, айнымайтын, қиындықтан қашпайтын, табанды, жігерлі ер адамдардың дара бейнесін сипаттайды.
Ақылбай әкесі, әрі ұстазы Абайдың үлгі-өнегесімен өз заманының саналы азаматы, әдебиет пен өнерге бар ынта-ықыласымен берілген өнерпаз адам болған. Абай әңгімесін тыңдап қана қоймай, орыс әдебиетін терең түсінетін дәрежеге жетті. Әкесі Абаймен бірге 1893-94 жылдары Семей қаласындағы бастауыш білім беру ісіне қамқорлық жасайтын Қоғамның толық мүшесі болды. Сөйтіп, өз тұсында мәдени-ағарту ісіне белсене қатысқан.
Ақын өмірінің соңғы жылдары ауыр қайғымен өткен. 1895 жылы інісі Әбіш, 1904 жылы екінші інісі Мағауия, соңынан әкесі Абай қайтыс және әйелі болады. Ақылбай Абай әкесінің қырқын беріп жатқан күні 1904 жылы 43 жасында кенеттен қайтыс болған. Бейіті Семей облысы, Абай ауданы, өз қыстауы – Тышқан бұлағының қасында. Ақылбайдан үш бала бар: Әлімқұл, Әубәкір және Исраил.
Баласы Исраил скрипка, домбыраға шебер музыкант болды. Өз әкесі Ақылбайдан және Мұқадан естіп үйренген қырыққа тарта қазақ, орыс күйлерін орындайтын. Оның ішінде: Ала байрақ», «Бұлаң жігіт», «Кертолғау», «Балбырауын», «Саймақтың Сары өзені», «Азамат қожа», «Бес төре» сияқты қазақтың халық күйлері. Абай әндері, орыс музыкасынан: «Тоска по Родине», «Осенняя мечта» деген өз естуінше атап тартатын күйлерден басқа, аттары есінде жоқ талай ән-күйлерді орындаған.
Әдебиеттер:
Әубәкірова Н. Ақылбайдың "Зұлыс" поэмасы // Абай. - 2011. - №4. - б. 48-52
Абайбаласы Ақылбай Челкаш: (М.Горькийдің «Челкашын» аударған) // Семей таңы.-1968.-26 март, 27 март.-4 б.
Ердембеков Б. Ақылбайдың ақындығы // Ертіс өңірі.-2010.-11 шілде.-12-13 б.
«Қазақ тілі» газетінің бас редакторы, журналист, қоғам қайраткері
Мәннан Тұрғанбаевқа 130 жыл (1886-1937)
«Қазақ тілі» газетінің алғашқы бас редакторы белгілі журналист, белсенді қоғам қайраткері Мәннан Тұрғанбаев болды. Ол – ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ұлт-азаттық қозғалысын жаңа сатыға көтерген, қазақ елін әлемдік өркениет қатарына шығаруға бар білімін, күш-жігерін жұмсаған ұлттық интеллигенция өкілдерінің көрнекті қайраткері.
М.Тұрғнабаев 1886 жылы бұрынғы Қарқаралы уезі, Семей губерниясы, Абыралы болысы № 2 Сарыапан ауылында дүниеге келген. Бала кезінен аса зеректігімен көзге түскен Мәннан ауыл молдасынан хат танып, арабша сауатын ашады. 1900 жылы Семей қаласына келіп медреседе оқиды. 1906-1909 жылдары елге оралып мұғалімдік қызмет тақарады. 1909-1915 жылдары Уфа қаласындағы Ғалия медресесінда оқиды. Түркия еліндегі Каирде мұсылмандық, Стамбулда да мұғалімдік курстарды оқиды.
Семейге оралған Мәннан халқы үшін сан-алуан қызметтерде атқарады. Семейде жарық көрген «Сарыарқа», «Абай» басылымдарында қызмет ете жүріп, қазақ халқының сауаты ашуға өз үлесін қосады.
Мәннан Уфада оқи жүріп, жан-жақты білімдар, озық дарынды жас екендігімен замандастары ортасында ғана емес, өзінен жасы үлкен, ғұлама татар, ғалым ұстаздарының назарына ілігеді. Медреседе оқитындар ішінде бірнеше тіл білетін (орысшаға жүйрік, араб, түрік, татар, парсы тілдеріне жетік, еркін меңгереді. Уфадан Орынборға жиі қатынас жасай жүріп, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Н.Нұрмақов, Ә.Ермековтермен жақын жүріп, қызметтес байланыста болады.
Мәннан Тұрғанбаевтың сөзі мен ісінен оның халық мүддесі, тіл, дін мәселелерін ерекше көтере білген, бірден бір ағартушы, ұстаздардың ұстазы екенін, әмбе, ұлтшыл да, түрікшіл де болған азамат ретінде танылып, орынды бағасын алды. Ол жәйлі, семейлік ғалым, университет ректоры Ерлан Сыдықов: «Мәннан араласпаған, ақыл кеңесін бермеген істер болмаған тәрізді. Өйткені, заман талабы соны талап еткенді. Ол көпке өнеге, үлгі көрсеткен. Шәкәріммен де, тығыз байланыста болып, пікір таласта болған жан»- дейді. Мәннанның Семей облысы бойынша басты ағартушылық жүкті иығына көтергені де ақиқат.
«Қазақ тілі» газетінің тұңғыш редакторы Мәннан газетті аяғынан тік тұрғызып, қатарға қосады. Сонымен қатар, оқу біллім саласында, қазақ мектебін қайта құру, мұғалімдердің шеберлігін жетілдіруде аса іскерлік танытады. Ана тілінің рухын, қуатын сезініп, келер күндерде де сол қасиетті аялай білу керектігін мақсат еткен. Оған: «Қазақ тілі жүзге шығады», «Оқуға талаптан» т.б. мақалалары дәлел.
1937 жылы 18 тамызда УНКВД-нің Үштігінің үкімімен РСФСР қылмыс кодексінің 58-статьясымен ату жазасына кесілген.
Мәннан қашанда рухани бастаушы ағартушы-үйретуші ұстаздардың алдыңғы сапындағы Семейлік кесек-тұлға. Мәннан: «Қазақ құқыңа ие бол!» деумен өшпес аманат, өсиет қалдырған жан.
Әдебиеттер:
Молдашева Р. «Сарыарқадан» «Семей таңына» дейін.-Семей, 2004-128 б.
Сыдықов Е. «Шәкәрім және Алашорда» - 2008.
Тәбәріков С. Мәннан Тұрғанбаев.-Алматы: «Қайнар»,1999.-48 б.
Тәбәрікұлы С. Қайран, Мәннан-Алматы, «Қағанат баспа», 2006.
***
Молдашева Р. Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы: "Қазақ тілінен" "Семей таңына" дейінгі бас редакторлар // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. - С. 3
Рымжанов Т. Ұлтын ұлықтаған күрескер: (С.Тәбәріковтің "Қайран, Мәннан" кітабын оқығаннан кейінгі ой) // Семей таңы . - 2010. - 8 желтоқсан. - Б. 3
Тәбәрікұлы С. Замананың тозағы мен тұзағы // Семей таңы. - 2012. - 29 мамыр. -Б. 3
Тәбәрікұлы С. Газет бастауында - үш алып // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. -Б.4
Биолог ғалым, қоғам қайраткері, алаш арысы Жұмахан Күдериннің туғанына 125 жыл (1891-1938)
Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы – 1891 (1893) жылы сол кездегі Жетісу губерниясының Лепсі уезінде, қазіргі Семей облысы Аякөз қаласында (бұрынғы Сергиополь) дүниеге келген қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері, алаш арысы. Жұмахан Күдерин алғашқы еңбек жолын туған ауылы Сергиопольде жаңадан ашылған қазақ мектебінде директордың орынбасары қызметінен бастаған. Қазақ қоғамындағы сол тарихи кезеңге тән сипат ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ісіне де жас маман бел шеше кіріседі.
1917-18 жылдары Жұмахан Күдерин қызыл комиссар Сабыржан Ғаббасов пен, қазақтан шыққан алғашқы партизан әйел Айқыз Көшкінбаевамен қоян-қолтық араласып, бұқара халыққа жасалған қоғамдық-саяси шаралардың бел ортасында жүрген. Алаш зиялыларымен бірге азамат соғысы кезінде қатты күйзелген қазақ ауылдарына азық-түлік таратқан. М.Тынышпаев, М.Төлеубаев, С.Аманжолов және басқа қоғам қайраткерлерімен бірге Алашорда үкіметінің тапсырмаларын орындаған.
Жұмахан Күдерин Ташкенттегі Орта Азиялық мақта ғылыми-зерттеу станциясында ассисент (1930), Қазақ ССР Жер халкомының мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1935-36), «Каучуконос» тресінде нұсқаушы агроном (1937) қызметтерін абыройлы атқарған. Ж.Күдерин топырақ зерттеу экспедицияларына қатысып, зерттеу жұмыстарымен тікелей айналысып, ғылыми еңбектер жазған. Жұмахан Күдерин 1936 жылы күзде Наркомземның тапсырмасымен жолсапармен Қапалға келіп, жер шаруашылығы, егіншілік кәсібі, сол аймақтың өсімдіктері жайлы мәліметтер жинап, педтехникум залында кеңестік биология ғылымының жетістіктері жайлы дәріс оқыған.
Жұмахан Маусымбайұлы жайлы мәліметтер өте аз кездеседі. Ғалым өмірінің бізге беймәлім тұстарына жарық сәуле түсірген Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным-Алаш!»- зерттеуі болды.
Әдебиеттер:
Күдерин Ж.Өсімдіктану.- Алматы:Рауан, 1992.- 261б.
Қалымов Д. Жұмахан Күдерин //Семей таңы, 1991.- 12 ақпан.- 4 бет.
Сексенбаев Б. Шайқалған Шаңырақтар //Семей таңы, 1991.- 24 сәуір.- 5 бет.
Шәймерден Омарұлы Тоқжігітовке 115 жыл (1901-1937)
Шаймерден Омарұлы Тоқжігітов – Семей өңірінің, Абай ауданы, Саржал ауылында дүниеге келген. Журналист, қазақ баспасөзінің ірге тасын қалаушылардың бірі, ірі қоғам қайраткері. «Қазақ тілі» (қазіргі «Семей таңы») газетінің редакторы (1922 қараша-1925 наурыз). «Қазақ тілі» газетінде тек 1923 жылы 60-қа тарта мақаласы жарияланды.
«Қазақ тілі» газетінің редакторы, губерниялық, уездік, партия комитеттерінің басшылығына сайланған, баспасөздің ғажап ұйымдастырушысы, өлкелік, бүкілодақтық партия жиындарының делегаты, Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшесі, қайраткер. №1 «Таң» журналының редколлегия мүшесі. (1925). «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан» ) газеті редакторының орынбасары.(1926). 1929 жылы «Жаршы» атты журнал шығады, мұның да редакторының бірі – Шаймардан Тоқжігітов. 1992 жылы Саржал орта мектебіне Шаймардан Тоқжігітовтың аты берілді.
Әдебиеттер:
Еспенбетов А. Тоқжігітов // Егемен Қазақстан.-2010.-23 қаңтар.-6 б.
Еспенбетов А. Шәймерден Тоқжігітов - "Таң" журналын шығарушы // Семей таңы. - 2001. - 28 қыркүйек. - Б. 3
Манабаева Р. Сағындырған сағым жылдар // Семей таңы.-2014. - 2 желтоқсан. -б. 6.
Молдашева Р. «Сарыарқадан» «Семей таңына» дейін.-Семей, 2004-128 б.
Аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткіші:
Абайұлы А.
Ахметжанов А.
Әбдірахманова Т.
Әбенов Ш.
Әнет баба
Ешекеев М.
Жамақаев Б.
Ибрагимов Т.
Имаханов Б.
Иісова Т.
Қайроллин Д.
Күдерин Ж.
Машақов С.
Михаэлис Е.П.
Мұхамедханұлы Қ.
Оразалин С.
Өтеуленова М.
Рахимов Т.
Сапаев Ғ.
Сәрсеке М.
Сейсенбаев Р.
Тәңірбергенов Ә.
Тоқжігітов Ш.
Тұрғанбаев М.
Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2016 жылы
аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі
Құрастырушы:
Л.Қ.Қадырова - «ҚЗТҚО» КММ
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі
З.Т.Мағауина – ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапхана,
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету
бөлімінің меңгерушісі
Достарыңызбен бөлісу: |