Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы



бет2/6
Дата07.12.2023
өлшемі80.72 Kb.
#485760
1   2   3   4   5   6
Курс жұмысы ЕРЕЖЕ СМК

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1.Білім алушылардың курстық жұмысын жазу және қорғау (бұдан әрі КЖЖжҚ) қызметі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы N 319 Заңына (2017.11.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» № 407-IV Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНА, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 Бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру» Ережесіне, Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 Бұйрығына БҒМ м.а. 2015 жылғы 27 шілдедегі № 488 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің курстық жобаны (жұмысты) орындау мен қорғау бойынша Әдістемелік ұсыныстарға (05.04.2004 жылғы № 287 бұйрығына 2 қосымша), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (2-қосымшасы) "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 
КЖЖжҚ Ережесі М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенттерінің КЖЖжҚ тәртібін белгілейтін негізгі құжаты болып табылады (бұдан әрі - Ереже).
Ереже – міндетті істерді, мақсаттарды, тапсырмаларды, ортақ жағдай мен КЖҚ-дың мазмұнын анықтайды.
1.2. Курстық жұмыс (жоба) студенттің аралық аттестаттауына байланысты (оның нәтижелері жалпы ұпай санына әсерін тигізеді, пән бойынша; егер курстық жұмыстың бағасы төмен болса немесе қорғауға студент қатыспаған жағдайда, пән бойынша емтиханға қатыстырылмайды) оқыту жұмысының сапасын көтеретін және тиімді білім беруді бақылайтын СӨЖ нысаны болып табылады.
ІІ. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Мақсаты: студенттерді өз бетінше және шығармалы түрде жұмыс жасауды үйрету, таңдаған тақырыбын талдау және қажетті ақпаратты қорыту арқылы ғылыми көзқарастарды сіңіруге және ғылыми зерттеу дағдыларын үйрету.
2.2. Міндеттері:
- жүйелеу, теориялық білімді және практикалық шеберлігін кеңейтіп шоғырландыру, арнайы ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешу үшін қолдануға және теория мен практиканың байланысын түсіндіру.
- тәуеліз ғылыми жұмыстарын жүргізе алатын қабілетін қалыптастыру және зерттеудің заманауи әдістерін меңгерту, ғылыми немесе педагогикалық эксперимент жоспарлау және өткізу.
- сыни ғылыми әдебиеттерді талдау қабілетін дамыту, логикалық материалды ұсынуға, шығармашылық нәтижелерін интерпритациялау және жинақтау, қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды ақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет