Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы


ІІІ. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ ТӘРТІБІ



бет3/6
Дата07.12.2023
өлшемі80.72 Kb.
#485760
1   2   3   4   5   6
Курс жұмысы ЕРЕЖЕ СМК

ІІІ. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ ТӘРТІБІ
3.1. Курс жұмысы пән бойынша оқу жұмысы ретінде қарастырылады.
3.2. Курстық жұмыстың тақырыбы ағымдағы болып, ғылымның қазіргі замандағы жағдайына және студенттың болашақ мамандығының профиліне сай болу қажет.
3.3. Курстық жұмыстардың тақырыбы ПӘК бөлімдерінің отырысында әзірленіп, тақырыптар тізімі түзіледі. Тақырыптар тізімі жыл сайын 30% жаңартылып тұрады.
3.4. Білім алушыларға аталған тізімнің арасынан тақырыпты таңдау құқығы беріледі. Білім алушы ұсынған тақырып өндіріс қажеттілігіне сәйкес өзекті, болса, білім алушыларға тақырыпты таңдауға рұқсат етіледі.
3.5. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде дипломдық жұмысқа көшіруге болатындығын ескеру қажет.
3.6. Курстық жұмысына пән оқытушысы жетекшілік етеді. Курстық жұмыстың тақырыбына сай арнайы пәндерді оқыту әдістемесіне байланысты, арнайы және кәсіптік пәндер мұғалімдерінің бірлесіп басқаруға да болатындығын ескеру қажет және аталған шешімді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қабылдайды.
ІҮ. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ
4.1 Білім алушы курстық жұмысты пәндік әдістемелік комиссияның кезектен тыс отырысында құрамында колледж директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарынан тұратын сараптамалық комиссияның қатысуымен қорғайды. Білім алушының курс жұмысын қорғау үрдісіне ғылыми жетекші қатысуға міндетті.
4.2 Курстық жұмысты қорғау оқу жоспары және академдік күнтізбе бойынша өткізілуі тиіс, негізгі сессияға екі аптадан кешіктірмей өткізіледі.
Курс жұмысын қорғау кестесі директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының ұсынуымен директор бекітеді. Курс жұмыстары ғылыми жетекшінің пікірімен бірге қорғау күні белгіленгеннен үш жұмыс күні бұрын әдістемелік бөлмеге тапсырылады және бекітілген кестеге сәйкес қорғауға жіберіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.
4.3 Қорғау барысында білім алушы тақырыбын нақты, қысқаша он минуттың ішінде айтуы тиіс және қойылған сұрақтарға жауабын беруі қажет.
4.4 Курстық жұмысты қорғау критерийлері:

Курстық жұмысты (жобаны) қорғамағандар осы пән бойынша емтиханға жіберілмейді. Қорытынды баға ведомостьқа және сынақ кітапшасына енгізіледі. Курс жұмысын қорғау барысы пәндік әдістемелік комиссия хаттамасына тіркеледі.
43.5.Курстық жобаны қорғаудан кейін архивке өткізіледі және бір жыл мерзімнен кейін жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет