Шығыс Қазақстан топономиясы (Б. Биярова, А. Әлімхан, Б. Келгембаева, Г.Құсманова) алатай



бет5/8
Дата11.05.2023
өлшемі33.69 Kb.
#473546
1   2   3   4   5   6   7   8
Бияров ШҚ топонимиясы

ҚАРАСЕҢГІР - тау (967 м), Күршім ауд. Кара (сын есім) + сеңгір (зат есім) тұлғаларынан жасалған. Мұндағы сеңгір түркі-монғ, цэнхэр/ сеңгір «көк, көгілдір» деген сөзі биік таулардың басы аспан түстеніп, көгілдір тартып тұратын жерлерге берілетін географиялык термин Казакша «биік таудың ұшар басы» деген ұғымға ауысқан Қарасенгір «биік қара тау» мағынасын береді.
ҚОҢҚАЙ - тау, Катонқарағай ауд. Атаудың алғашқы сыңары монг гон «жалғыз, жеке, салт, бойдақ» мағыналы сөзінен де екінші сыңары Ә.Қайдардың айтуынша түркі-моңғолға ортақ көне жұрнақ -қай/-кей (М: теріс-кей, күн-гей, оң-қай т.б.). Сонда Гонкай > Қоңқай «жекешеленген бөлінген» деген мағына береді. Катонқарағай ауданындағы бала Қонкай. Үлкен Қоңқай, Қоңқай, Қонкайбаз деген таулардын бері де жалпы тау жүйесінен білініп, жеке тұрған таулар.
МАЙҚАПШАҒАЙ - e.м., кеден, Зайсан ауд. Май (сын есім) + қапшагай (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Мұндағы қапшагай монғ. Хавцгай «қапсағай, тік жартас» деген сөздің өзгерген түрі. Ал май сынары көбінесе жермай (мұнай) бар жерлерге қойылады. Демек Майқапшагай «жермайы бар жартасты жер» деген мән береді. Май сезі одан баска «шөбі шүйгін жер», «май терек өсетін жер», «тастык майы алынатын жер» деген мағыналар беріп, топонимдер жасауға қатысуы мүмкін.
МАҢҚАН- тау, ескі шахта, Күршім ауд. Атау монг, манс (ан) «құм тебе, бархан» деген сөзінен жасалған. Кейде құмы жоқ төбелерге каратып та айтылған сияқты. Манк (ан) Маңқан тура мағынасында «тебе, тебелер» болып шығады.
МӨНЕКЕЙ - жайлау, Күршім ауд. Бұлатаў монг, манах-(ай)/мөнекей «күзет, қарауыл пост» сөзінен шығады, болмаса осы менде тұрып антротопоним (кісі атынан жасалған топоним) болуы да мүмкін.
НАРЫН ҚАБА - өзен, Күршім ауд. Гидроним монг, нарийн «жінішке жұқа», «талдырмаш» деген сөзінен жасалған Мағынасы: «Қаба өзенінің жіңішке бір саласы» дегенді білдіреді.
ОБАЛЫ - асу, Катонқарағай ауд. Оба (зат есім) + лы (туынды сыг өсім жұрнағы) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Монгол тілінде ово түркі тілінде оба «үйме», «үйінді», «тастан жиылған мола» мағыналарын береді. Мұнда «обасы бар немесе обасы мол» дегенді білдіріп тұр Бірақ оба атаулының бәрін мола деуге болмайды. Мұсылман дінінен бұрынғы түркілер де, монғолдар да асудан өткелден өткенде тас тастап отыратын болған.
ОРДА - тау (1065 м). Абай ауд. Түркі-монғол тілдерінде орда е орталық», «сарай», «астана» мағыналарын береді. Табиги атау ретінде карасак, Орда «шоғырланған, топтанған таулар» деген саз. Осы манда Шыңғыстау, Хан тауы, Орда атауларының қатар кездесу - бұл жерде Шыңғысханның қалың қолы аялдағанын бідіреді. Сол кез дон калган атау болуы мүмкін. Яғни, «Шыңғысханның ордасы тігілген жер» деген мағынада. Ал жергілікті тұрғындар арғынның Тобықтысы мен Найманнын Матай рулары үнемі болып тұратын жер, жесір да- уын донару үшін осы тауда кеңес құрып, бітімге келген дейді. Сол кезде «ортадағы тау, бірліктің ордасы» деп атап кетіпті дегенді ай тады. Біздің ойымызша бірінші пікір шындыққа жанасымды. Өйткені, Шынгыстау, Хан тауы, Орда үшеуінің бір аумақта тұруы кездейсок емес. Онын устіне Шыңғысхан қолы Орта Азияға жорық жасардың алдында осы манда аялдағаны тарихтан мәлім.
ӨРЕЛ - е.м., Катонқарағай ауд. ер. (зат есім) + ел (зат есім) сездерінен біріккен атау делініп жүр. Шындығында жергілікті тұрғындар бұл ауылды ежелден Үріл деп атайды. Ол монг. Уруул «ерін» деген сезінен жасалған. Ауыл үйлері екі еріннің арасы сияқты тар сайга орналасқандықтан солай аталған Аудандық газет қызметкерлері ердегі ел деген қате пікірге сүйеніп, 1970 жылдары Өрел деп өзгертіп жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет