Шығыс Қазақстан топономиясы (Б. Биярова, А. Әлімхан, Б. Келгембаева, Г.Құсманова) алатай



бет4/8
Дата11.05.2023
өлшемі33.69 Kb.
#473546
1   2   3   4   5   6   7   8
Бияров ШҚ топонимиясы

КҮРТІ - өзен, Катонқарағай ауд. Атау моңғолдың хүр «тік жар» + т (туынды сын есім жұрнағы) арқылы жасалған. «Жарлы, жары көп өзен» деген мағына береді.
ҚАБА - өзен е.м. Катонқарағай, ауд. Көне түркі тіліндегі кобы коба – «су ағар», монғ. – «хабоо»- «науа», «астау» мағыналарын береді. Қаба өзенінің салалары Өр Алтайды терең шатқалға беліп ағатындықтан шынында да, науаға ұқсайды. Сонда кобо/каба гидро- нимі қазақша «науа» дегенге саяды. Осы аудандардағы Қабанын жеті сапасы Жеті Қаба деп аталады.
ҚАБЫРҒАТАЛ - е.м., Зайсан ауд. Қабырға (зат есім) + тал (зат есім) үлгісімен жасалған атау. Мағынасы: «қабырға тәрізді қалана ескен тал». Кейде монғ. кабарга дел аталатын елік тәрізді аңға байланысты да қабырға атауы қалыптасады.
ҚАЛМАҚЕМЕЛ - тау (870м), Аягөз ауд. Мағынасы: «Қалмақ еріне ұқсас тау". Емел монғ, «ер» cөзi.
ҚАРАКӨЛ – е.м., Семей қ.ә., көл; Катонқарағай ауд.Қара (сын есім) + көл (зат есім). «Суы терең, қара түсті көл» мағынасында тұр.
ҚАЛБА ТАУЫ - Ертіс өзенінің сол жағындағы ұзындығы 400 км., биіктігі 1606 м. тау және тау қыраттары. Ғалымдар бұл атау жонінде де әр түрлі пікір айтады. Біздің тілімізде қалбағай «қалқиған делди- гена, калбай – «калкию, жарбию», «қалбаң-елбен», «салпен» тәрізді тұлғаларда келіп, бір-бірімен ұқсас, сәйкес мағынаны білдіретін сездер бар болса, Таулы Алтай өлкесінде де қалбақ «ложка», «висячий». «мешковатый» деген мағыналы топонимдер бар («Қазақтар»). Демек, Калба оронимі «қалбиған жалпақ тасты тау» деген мәнге ие сиякты. Екінші жорамал бойынша монг. холбоо «жалғау, қосу» мағынасындағы сезі болуы да мүмкін. Өйткені, бұл тау жотасы Өр Алтай мен Кенді Алтайды косып жатыр.
ҚАЛҒҰТЫ – өзен, Катонқарағай, Күршім ауд. Атаудың негізінде монғ.галуу «қоңыр қаз» сөзі жатыр. Галуу+т (бір нәрсенің, мол екенін білдіретін туынды сын есім жұрнағы). Гаплут>Галлуты-Қалғұты болып қазақыланған. Атаудың мағынасы – «қазды, қоңыр қазы мол өзен» болып шығады.
ҚАНДЫҒАТАЙ - тау, Зайсан ауд. Монғ, хандгай «бұлан- + тай (моңғ. туынды сын есім жұрнағы) арқылы жасалып, «бұланды» деген мағына береді. Хандгатай>Қандығатай болып дыбыстық өзгеріске түскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет