Шығыс Қазақстан топономиясы (Б. Биярова, А. Әлімхан, Б. Келгембаева, Г.Құсманова) алатай


ШАҒАН - өзен Абай, Бесқарағай ауд. Монголдын цагаан «ақ»-де- ген сезінен жасалып, суы ақ түсті өзен көлдерге берілетін атау. ШАҒАНДАБА



бет8/8
Дата11.05.2023
өлшемі33.69 Kb.
#473546
1   2   3   4   5   6   7   8
Бияров ШҚ топонимиясы

ШАҒАН - өзен Абай, Бесқарағай ауд. Монголдын цагаан «ақ»-де- ген сезінен жасалып, суы ақ түсті өзен көлдерге берілетін атау.
ШАҒАНДАБА - асу, Катонқарағай ауд. Атаудың екі сынары да монғол тілінен жасалған цагаан «ақ» + даваа «асу, кезен, белес». Сонда Цагаандаваа => Шағандаба болып қазақ тіліне бейімделген мағынасы: «Ақкезең» дегенді білдіреді.
ШАҒАНОБА - жер аты, Тарбағатай ауданы. Қалмақтың Шаған деген батырын қазақтар өлтіріп, атау сонын обасына қойылған екен деген халыктық этимология бар. Ал тура мағынасына келсек, монғ.цагаан «ақ» сөзі мен түркі-моңғолға ортақ оба сөздерінен бірігеді де, «ақ оба» дегенді білдіреді.
ШАҒАНШИ - шилі алқап, Күршім ауд. Шаған (сын есім) + ши (зат есім) сыңарларынан біріккен Сонда Шағанши «Ақши» болып шығады.
ШАҒАНТОҒАЙ - е.м., өзен Үржар ауд. Шаған (зат есім) + ши (зат есім) сыңарларынан біріккен. Мұндағы шаған <= цагаан монғол «ақ» + «тоғай» мағыналарын береді. Сонда Шағантоғай «Ақтоғай» болып шығады.
ШАНАҒАТЫ - өзен е.м., Күршім ауд. Ескі карталар мен саяхатнамаларда бұл топоним Шандағаты түрінде кездеседі. Ендеше монғолдын чандага «ақ қоян» + ты (туынды сын есім жұрнағы) арқылы жасалып, «қоянды» деген мағына береді. Қазіргі карталарда Шанағатты деп қате жазылып жүр. Дұрысы Шанағаты.
ШАР - өзен е. м. Ертіс өзеніне құятын өзен. Біздің ойымызша Шар түркі-монғолға ортақ сапалық сын есім «сары» сөзінен жасалған гидроним. Өйткені, оның суы сары түсті май секілді жұмсақ ағып жатады. Қытайдағы Сары өзен сияқты аталған.
ШАШТЫ - acy, Катонқарағай ауд. Шаш (зат есім) + ты (туынды сын есім жұрнағы) тұлғаларынан заттану арқылы қалыптасқан атау. Монғ, цас «кар»+т (туынды сын есім жұрнағы) арқылы жасалған. Сонда Цаст - Шашты «қарлы асу» болып шығады.
ШЫНДЫҒАТАЙ - тау (1757м), Катонқарғай ауд. Атау монғолдын чандага «ақ қоян» + тай (туынды сын есім жұрнағы) тұлғалары арқылы жасалған. Чандагатуй > «Ақ қоянды, ақ қояны мол тау» дегенді білдіреді.
ШОРҒА - е.м., Тарбағатай ауд. Монғол тілінде, цорго (түтүк, шүмек) мәндес сөзінен өзен атауына, кейіннен елді мекен атауына айналған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет