БҮРКІТАУЫЛ - шың (3370 м), Қатонқарағай ауд. Моңғолдың Бүркәд «бүркіт»+ уул «тау» сөздерінен біріккен. Мағынасы «Бүркітті тау» дегенді білдіреді.
ДОЛАН
БҮРКІТАУЫЛ - шың (3370 м), Қатонқарағай ауд. Моңғолдың Бүркәд «бүркіт»+ уул «тау» сөздерінен біріккен. Мағынасы «Бүркітті тау» дегенді білдіреді.
ДОЛАН – е.м., Бесқарағай ауд. Долан мағынасы: моңғол дуулан «жылы» - деген сөзінен шығып, «жылы, күншуақты жер» деген мағына береді.Моңғ. «долоо (н): жеті» сан есіміне байланысты болуы да мүмкін.
ДЕЛБЕГЕТЕЙ - тау, е.м., Жарма ауд. Атау монгол <<Дэлбэг «делбиген, тайпақ» сөзінен шыққан, + тей (туынды сын есім жұрнағы). Сонда <<Жалпиған тау» деген мағынаға келеді.
ДОЛАНҚАРА - тау, Күршім, Зайсан ауд. Моңғолдын долоо(н) «жеті» сан есімі мен қара «тау» сөздерінін бірігуінен жасалған, Қара. қыр, гыр, гор сөздері көптеген тілдерде "тау деген ауыспалы мағына береді. Түркі-моңғол тідерінде көбінесе өсімдіксіз тасты тауларды қара деп атау қалыптасқан. Сонда сөздің мәні "жеті тау" немесе "жеті шоқы" дегенді білдіреді. Егер ондай атаулы жерде жеті тау шоқысы болмаса, монг. дуулаан «жылы+кара тау» сөздерінен бірігіп, «жылы, ыктасын тау» деген мағына беруі де мүмкін.
ЕГІНДІБҰЛАҚ- бұақ, Күршім, Табағатай ауд. Қазақстанның әр жерінде кездесетін мұндай атаулар егінге байланысты емес. Атау монг. эхэнд «бұлақтың, судың бастауы, көзі» + булаг «бұла»" сөздерінен бірігіп жасалған. Мағынасы "бұлақтың басы, қайнар көзі" дегенді біл- діреді. Ал егінге құятын бұлақ болса, қазақша «бұлақты егін» болар еді. Сонымен Эхэндбулаг «Егіндібұлақ» болып қалыптасып кеткен Мағынасы:»бұлақтың бастауы».
ЕМЕЛТАУ - тау, е.м., Аягөз ауд. Емел моңғол «ер» деген сөз. «Аттың еріне ұқсас тау» дегенді білдіреді.
ЕРЕНҚАБЫРҒА - тау, Күршім ауд. Атаудың бірінші сыңары монг. эрээн «шұбар, тарғыл» сын есімін берсе, екінші сыңары хавирга «қабырға» сөзі екі тілге ортақ. Сонда Эрээнхавирга «Ерен қабырға» тұлғасында келіп, «қабырға секілді керілген шұбар тас» деген мағына бермек.
ЗАЙСАН - көл кала атауы. Көлдің, казакша аты Бейне теңіз («Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жырында) болған Монғолдар Хонхотты нор «қоңыраулы көл» деп атаған. Оған көл толқындарының жағаны ургандагы дауысы себеп болған. Кейін, Жоңғария тұсында Зайсанг нор «мырза кел» атандырып жібереді. Оған себеп жұттан құтқарған балығы мен құндызы болса керек. Алгашқы карталарга солай тусіп кеткен соң, Зайсан аталып қалды, әйтпесе оны бертінге дейін Теңіз деп келген.
ЗЕРЕНДІ - көл Катонкарагай ауд. А.Әбдірахманов бул атау- ды монголша зерензе «мақсары өсімдігі», болмаса зерен «антилопа» сезінен шыққан болу керек дейді. Алтайдың оңтүстүгінде кездесетін еліктің бір түрін зерен деп атайды. Ендеше «зерен көп келетін кел» деген мән береді.
КЕГЕНШҰҢҚЫР - жайлау, Катонқарағай ауд. Атаудың бірінші сыңары кеген - монғолдын гэгээн «жарық», «сәулелі», «нұрлы» де- ген сөзі. Ауыспалы мағынада діни лауазым аты да болады. Шункыр географиялық терминімен бірігіп, «қасиетті, нұрлы шұңқыр жер» мағынасын білдіріп тұр. Мұндай атау кейде тәуеп ететін немесе діни қызметкер тұрған жерлерге де беріледі. Алматы облысындағы Кеген өзені де осы сөзден жасалып, «мөлдір», «қасиетті» өзен мағынасында тұр.
КИТІН - тау, Катонқарағай ауд. Шығыс Қазақстанда кездесетін Китің Күйтінқара, Қитын сияқты оронимдердің бәрі де монг. хуй- тэн «суық, салқын, аяз» деген сөзінен шыққан. Биік тауларға, салқын жондарға берілетін атау.
КӨКСЕҢГІР - тау (1013), аягөз ауд. Көк (сын есім)+ сеңгір (зат есім). Түркі- моңғолдың сеңгір-цэнхэр «көгілдір» сөзінен жасалып, «басы көгілдіртартып тұратын биік тау» дегенді білдіреді.