ӨРТЕНШОҚЫ - шоқы, Катонқарағай ауд. Өртен (зат есім) + шоқы (зат есім) сөздерінен жасалған. Мұндағы бірінші сыңары ертен монғ өртен қарауыл пост» деген сөзінен шығады. Өртеншоқы тура мағынасында «қарауыл шоқы» болады. Ал қазақ тіліндегі ертен сезінен де жер-су аттары жасалады. Ол өртелген жердің орнына өскен ағаш, шебі бар жерлерге қойылады.
САРНОҚАЙ - асу, Катонқарағай ауд. Сары (сын есім) + ноқай (зат есім) сөздерінен бірігіп, анықтауыштық қатынаста тұр. Мұндағы нокай монғ, нохой «ит» сөзінен жасалған Алдыңғы сыңары сары монғ, шар түркі-монғолға ортақ сын есім. Сонда Сарноқай «сары ит асуы» деген мағына береді.
СЕҢГІР – жер аты, Тарабағатай ауд. Евразия университетінің профессоры Қ.Сартқожаұлы өзінің «Ғұндар» атты еңбегінде «сенгір» атауының тым кене термин екенін өз бастауын б.д.д үшінші ғасырдан алатынын меңзейді. Түркі-монғолға ортақ бұл сөз «көгілдір» мәнінде таудың ұшар бастарына қаратып айтылады. Сеңгір негізінен тауға тән атау.
ТАРБАҒАТАЙ- биік тау сілемдері, жота. Алакел мен Зайсан келдерінің арасында жатыр. Ұзындығы 300 км-ге жуық биіктігі 2992 м. Сланец, әктас, қиыршық тастар мен граниттерден пайда болган Ғалым Ғ.Қонқашбаев: «Бұл монғолдың тарбаған (суыр) деген сөзінен қойылған. Монғолияда жиі кездесетін атау» дейді. А.Әбдрахманов: «Тарбағатай атауы монғолша тарбаға (н) сөзі мен тай жұрнағының қосылуынан жасалған. Сөз аяғындағы н дыбысы әдетте монғол тілін- де жұрнақ жалғанғанда түсіп қалады» деп жазды. Атаудың мағынасы жайлы айтылған ғылыми пікірлердің басымы Тарбағатай атауын монгол тіліндегі тарбаға «суыр» + тай, тағ («тау»), яғни «суырлы, суыры кеп тау» деген мағынаға ие деп қарайды. Алайда таудың «тай» деп аталатын нұсқасы кездеспейді. сондықтан бұл -тай, -тей, туй, -т дегендер монғол тілінің туынды сын есім жасайтын жұрнағы. Сонда Тарвага (н) + туй «суырлы» болып шығады. Ал монғолдар тауды уул дейді.
ТОЛАҒАЙ - тау аты. Биіктігі 550,4 м. Тарбағатай ауд. Жергілікті халық аузында осы тауға байланысты мынандай аңыз да бар: Зайсан көлінің оңтүстігінде кең көсіліп жатқан атақты Шорға жазығы ертеде қуаңшылыққа ұшырап, жаңбыр жаумайтын заманға тап болыпты. Суга зәру болған халқының, қамын ойлаған қара күш иесі Толағай атты бала тауекелге бел буып, басынан жауын кетпейтін Тарбағатай сілемінің катай, Қандысу тұсынан үлкен бір тауды ырғап-ырғап орнынан көтеріп алып, Шорғаға қарай әкеле жатқанда, аяғы тайып кетіп өзі көтеріп келе жатқан тау астында қалыпты-мыс. Тау сол алып баланын атына Толағай атаныпты. Ғалым Ғ.Қонқашбаев «толағай»- монгол тілінен енген «шоқы, жеке тұрған биік тау» деген пікір айтады. Бірақ бұлар да атаудың мәнін аша алмайды. Толағай түркі-монғол тілдерінде «жұмыр, домалақ» және «адамның басы» мағыналарын береді. Махамбетте «қу толағай бастанбай» деген сез бар. Мұнда бұл сөз «адам басы» деген мәнде тұр. Соған қарағанда Толағай – «адам басына ұқсас жұмыр тау» дегенге келеді. Монғ, толгой «бас, тебе» деген сөз. Шығыста Мұрын Толағай, Сар Толағай, Елсіз Толағай деген таулар бар.
ТҰҒЫЛ - е.м., Тарбағатай ауд. Атау моңғол тілінің төгөл (тораңғы) сезінің дыбыстық өзгеріске ұшырауынан туындаған сияқты. Ертерек- те елді мекен маңында тораңғы өсімдігі өскен деген дерек бар. Тұғыл сондай-ақ кене түркі тілінде "түбек" мағынасын беруі де мүмкін.
ТҰРҒЫСЫН- өзен е.м., Зырян ауд. Тұрғысын сөзі монг, торғын «жұмсақ» + ус «су» сөзінен жасалған деп білеміз. Сонда Тұрғысын «суы жұмсақ өзен» болып шығады. Екінші пікір бойынша монғ. Түргэн «ағынды» + ус «су» сөзінен жасалған. Мағынасы: «ағынды тау өзені».