Шымкент медицина институты


Интернатура дайындауда оқытудың үш түрі қарастырылған



бет8/27
Дата30.01.2022
өлшемі67.77 Kb.
#454953
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Интернатура дайындауда оқытудың үш түрі қарастырылған :

  1. Оқытушы жетекшілігімен жұмыс жасау

  2. Интерннің сабақ уақытындағы өзіндік дәрігерлік жұмысы

  3. Дәрігер-интерннің аудиториядан тыс өзіндік әрекеті


Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2021-2022 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес интерндердің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес интерндердің сабаққа қатысуы міндетті. Интерннің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Интерн сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген интерндер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Интерн семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан интернге хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол интерн деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

Кіріспе. Психиатрия және наркология пәні «жалпы медицина» мамандықтарына арнап даярланған. Неврология өркендеп жатқан медициналық ғылымдардың қатарына жатады, оның теориялық қағидалары денсаулық сақтауда кеңінен қолданылуда. Қазіргі таңда неврологиядан алынған мәліметтер аурулардың патогенезіне, диагностикасына, еміне алдын-алу шараларына көзқарастарды өзгертті.

Қазіргі неврологияда жетістіктеріне инсульттарды, тұқым қуалайтын неврологиялық сырқаттарды заманауи емдеу әдістерін жатқызуға болады. Сонымен неврологияның зерттейтін сұрақтары өте көп барлық мамандықтағы дәрігерлер үшін үлкен қызығушылық тудырады.


Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.

Білім беру деңгейі

Жалпы тәжірибелік дәрігер интернатурасы бойынша құзіреттіліктер

Салыстырмалы үйлестірімділігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет