Менің саяси бағытым, бұрын патша заманында езілген елдің баласы болған соң, әрқашан өзге мәселенің бәрінен бұрын ұлт жайын ерекше қып жоғары ұстап, соны қалыптап асыра, көтере бағалау да болған. Оны туғызған патшаның отаршылдық саясаты. Қазақ жерін Ресей алпауыттарына жағынамын деп отаршылдыққа аяусыз тартып әпере беруі болған. Ұлт мектептерін тыйып, шаруа күшін де жауша қанауы болған.
Кеңес өкіметіне деген көзқарасым негізгі түрінде 1920 жылы шешілген еді. Сонда мен екі жолдың торабына келіп тіреліп ем: біреуі капиталшылдық жолы. Оны қостасам – жиянгершіліктің қожалығын сүймекпін, олай болса отар, жарым отарды сол күйлерінде қалдырып, артта қалған елдердің бұдан әрі де құл бола беруін қоштамақпын. Немесе социализмді қостап, артта қалған отар елдерін құлдықтан, қорлықтан арылтатын досы осы екенін тануыма керек болған-ды, оның үстіне Колчак қожалығын көріп шыққан соң анық көзім жеткені – тартыстың түбін шешетін төңкеріс кезіндегі екі күштің біреуі болатын болды. Мұның бірі – пролетариат, екіншісі – байлар табы, сондықтан не пролетариат қожалығын, не байлар қожалығын таңдау керек болды.
Сонда Кеңес үкіметінің бетін қостап, соның жағына шығуымның алды осымен шешілген-ді.
Бірақ, мен қалыптанған марксшіл болмағандықтан, ұлттықтың тап көлемі деген дерттен арыла алмадым. Сол себепті қоғамдық қалыптардың өсуіндегі негізгі-негізгі бағыт тап тартысының бағыты болса, соны көрудің орнына, менің жолымда көбінесе ұлттық жайлар көлденеңдеп, анаған сол бөгеу болып отырды. Артта қалған елдердің алдағы елдер пролетариатымен одақтасуын негізгі бағыт есебінде қабылдап отырсам да – сол артта қалған елдердің өзарасында тап тартысының қоса болуы да шарт, қажет екенін ойламадым.
Менің салт-сана жолындағы қателесуімінің тамырлары осы жерде болды. Осыдан барып күдікшілдік, ырғалғыштық туды. Партия мен үкіметтің Қазақстанда жүргізген бірқатар ірі істеріне теріс қарағандықтан болды. Мысалы, ірі байларды кәмпескелеу, пішендік пен егістікті қайта үлестіру, жер мәселесін түгелімен интернационалдық, таптық жолмен шешу сияқты ірі мәселенің көбіне көзқарасым дұрыс болмады. Ал партия мен үкіметтің бұл істері ерекше артта қалған жарым алпауыттың қолындағы қазақ ауылын социалды рекөністірексеге (реконструкция – Т.Ж.) дайындау алдында қажет болған шаралар, шарттар еді.
Жасырып қажет емес, саяси қызметшілердің салт-сана жолындағы қатесі сіңісті дерт сияқты күйге айналса – оның арты саяси қылмыстарға әкелмей қоймайды. Қожалық тартыста олар шығатын арналар табылмай тұрмайды. Мысалы, Қазақстандағы үлкен түйіннің бірі – жер мәселесін шешу болса, ол және айқын ұлттық мәселе болса, сонда менің ұлтшылдығым осы мәселені шешу тұсындағы менің бағытыма айқын әсер етті.
1925 жылы Қазақстанның Госпланының комиссияларының істеріне қатынасып жүріп, Қазақстанда жерге орналастырудың мөлшерлі жоспарын жасағанда мен тап жағына қарамай, ұлттық белгісіне ғана қарап, ең алдымен қазақ халқын жерге орналастыру керек деген пікірді жүргіздім. Және қазақ халқы түгел орналасып болғанша Қазақстанда басқа қоныстандырылушылар келмесін деген бетте болдым. Мәселені бұлай қою, жерге орналастыру ісін(ің) таптық мазмұнын жайдақтатумен бірге, бұрыннан келе жатқан ұлттар арасын(ың) қажасуын да ықтиярсыз тереңдеткен болар еді.
Қазақстанда партия мен үкіметтің жүргізген қоғамдық-шаруашылық шарасының бір жолы – ірі байларды кәмпескелеу болса, оған менің көзқарасым Әлихан Бөкейханұлына жазғандарымнан көрінеді. Ол хатта мен бұл істің артын өте көтеріп, теріс бағаладым. Бұндай іс шаруаға үлкен зәбір келтіреді, ел шаруасының іргесі шайқалып, шөгіп қалады дегем. Бұл ұлтшылдық, байшылдық салт-санасының даусыз айқын белгісі еді.
Мен Бөкейханұлын осы мәселеде ұлтшылдық бағыты үшін алысуға (күресуге – Т.Ж.) үндеп, одақтың орталық ордасының алдына апарып осы мәселені қою керек деп үндедім. Мұным – өзімнің ұлтшылдық бағытымды (ұстанып), аймақтық басқарушы орындардың жолына қарсы тұру ісі еді.
Осы жөніндегі тағы бір ерекше ескерерлік нәрсе, менің 1927-1928 жылдарда Семейде болған асыра сілтеушілерді бір жақты қарап, ұлғайта сілтеуім де болды. Солай сөйлеу өзге ұлтшылдардың арасындағы өзара сөздерімде де және қазақтан шыққан ұйымсыз, сауатты қызметшілермен сөйлесулерімде де болды.
Ұлтшылдық қозғалысының мазмұны пролетариат қожалығы жүріп тұрған мемлекетте, тап тартысы күшейіп тұрған уақытта – төңкеріс жауының жолы болмай тұра алмады. Өткен уақыттағы біздің «Алаш орда» жолындағы ұлтшылдық қозғалысымыз сол жаңағы айтқан төңкеріс жауының жолы болған. Мен сол «Алаш орданың» ісіне толық араласқан кісімін. Кейіннен Кеңес үкіметіне қарсы арналған төңкеріс жаулығы сияқты саяси қимылдардың барлығына қаншалық сақ болып, қарсы болмақ болсам да, сонымды нық ұстамадым. Ұлтшылдық дерті болып, тапшылдық көзқарастың қырағылығы болмағандықтан, шынында оны болмады дегенім жаңылыс, себебі менің ұлтшылдығым да барлық өзгелердікіндей, негізінде айқын, тапшыл, ұлтшылдық болған. Ол ауылдағы жарым алпауыт пен байлардың тілеуіне бейім ұлтшылдық болғанымен, Кеңес үкіметіне қарсы болған таптардан өз бойымды аулақтап алмадым. Төңкеріске жаулық ойлап шыққан Зәки Валидов тобының ісіне қарсы мен ашық күреске шығуыма керек еді. Оның орнына мен солардың төңкеріске жаулық қылған ісіне өзім де жанасқан кісі болып шықтым. 1920-жыл Мәскеуде сонымен кездескен жайымды түгел баяндамай-ақ, сондағы бір ерекше жайды айтайын. Ол Валидовтың ниетімен қарсы екендігімді айқын қып сол жерде айтып берсем де, сөйлесуімінің өзін құпия әңгіме түрінде жасадым.
1920 жылда Заки Валидовтың төңкеріске жаулық ойы мен мақсұттарының бар екенін мен біліп едім. Кеңестік Ресейдің саясатына ырза болмай, «Шығыстың езілген елдеріне» шығамын, сонымен оларды біріктіріп, жекелік аламыз деген ниеті бар (болды).
Мен құпиялық түрі бар жиналыста болдым. Бірақ Қазақстанды тағы бір жаңа ауыртпалыққа салуға ырза емес екендігімді айтсам да, сол жерде Валидовтен асып айқын бой тартып кетпедім.
Сонымен өзімнің басымнан өткен тәжірбиеге қарап толық дәлелмен айтатыным, 1920 жылдың өзінде-ақ артта қалған елдерге ең дұрыс жол – социалистік жол мен кеңес жолы екенін негізінде қабылдап алсам да, мен қателестім. Оның себебі кімде-кім ұлт мәселесін таптық, интернационалдық қозғалыспен қоспай және ұлт мәселесіне бағындырмай ұстаймын десе – ол адам еріксіз ұлтшылдық (тарлығының) құрбаны болады.
Тағы бір үлкен адасуым – артта қалған елдердің арасындағы төңкеріс «шаруа қорын жалдамай болатын» төңкеріс болуы керек – деп түсінуім де болған.
Мен студенттік жылдарымда Ядринцев (Сібір – отар ретінде), Потанин, Шаповтардың пікірлері бойынша тәрбиеленген едім. Бұлар сияқты басқа да Сібірдің төңкерісшіл жазушылары артта қалған елдердің тағдырына жаны ашып, көңіл бөліп, мұндай елдің барлығы капиталдық құрылыс бағытында болатын шаруа тұрмысындағы, салтындағы тығыз өзгеріске шыдамайды, көтере алмайды деуші еді. Сол бетпен мен социалды рекөнстірексие дәуіріндегі шаруашылық өзгерістеріне үлкен қобалжумен, аса қорқумен қарап келдім. Анығында бұным мағынасызшылдың баққаны сияқты еді. Мұнымның негізгі себебі, шынында менің таптық, ұлтшылдық салт-санамда болуға тиіс. Егер төңкеріс жайынан шын сөйлейтін болсам, езілгендердің бостандығын шын тілесек, капиталдық құрылыстың қалдығын шын жоямыз десек онда қатты қимылдағанда, құрбандықтан да қорықпайтын болуымызға керек. Және бұл құрбандық негізінде жарым алпауыттар мен байлардың көретін құрбандығы екенін еске алсақ, онда ондай құрбандықтарды жолды (заңды – Т.Ж.) деу ғана керек емес, тіпті қажет деп білу керек.
Бұл күнде мен бұрынғы қауіп, күдігімнің бәрінің орынсыз болғанын көріп отырмын. Қазір біздің көз алдымызға одақтың пролетариатының ұйымдасқан күші бірігіп келіп, сол жеңгізбей келген сақарада өндірістің ұлы дүкендерін орнатып отыр. Ол дүкендер техниканың ең жаңа табысы бойынша құрылған, сол далаларда шойын жол құрылысы, машина-трактор, машина-пішендік стансалары, совхоз, колхоз құрылып отыр. Бұлардың бәрінде үлкен мәшинелер, үлкен жабдықтар орнап отыр. Және коллектив негізіне құрып, жоспармен отырықшыландыру ісі жүріп жатыр. Бұларға одақтық бюджеттен мол қаражаттар беріліп, пұлдай, (қаражатпен – Т.Ж.) техникелері жәрдем істетіп отыр.
Қысқасы, Лениннің: «Артта қалған елдер алдағы елдің пролетариатының көмегімен капиталдық дәуірді аттап өтіп, социалды дәуірге жетеді», - деген данышпандық сөзі іске асып отыр. Осындайлық жалпы жайды, Қазақстанда Лениннің ұлт саясатын қолдану арқылы табылған табысты, ешнәрсе жоя алмайды, кеміте алмайды. Бұл ретте бай-кулактың жаулық пен өз шаруаларын шашып жоюуы да және партия жолын қисайтып, Қазақстанның мал шаруасы жөнінде теріс тәжірбиеге ауысып істеген жергілікті орындардың қатесі де және де осы себептен онан соңғы жылдардың егін шығуы нашар болғандық себебінен туып отырған кейбір аудандардағы азық-түлік қиыншылығы да жаңағы ұлы табыс, ұлы құрылыстың қалпын бұза алмайды, маңызын түсіре алмайды.
Осы айтылған тұрғылардан қарағанда менің бұрынғы қорқынышым, қаупім, үркуім, пролетариаттың күшіне сенбегендік болып шықты. Ал пролетариат күші бұл күнде шын ғажайып іс істеп шығып отыр.
Өзімнің салт-санадағы қаталарым мен, соның негізгі істері тұсында болған әсерлерін түгел толық мойныма алғандықтан, енді «Социалды Қазақстан» басқармасынан менің осы сөздерімді басуды сұраймын. Мақсатым: шын толық күйде кеңес жұртшылығының алдында өзімнің ендігі көзқарасымды білдіру. Сол жұртшылық бұрын менің ұлтшылдық салт-санамның төңкеріске жаулық мазмұнын ашқан еді. Қазір мен өзімнің бұрынғы ісімді қатты күйде кінәлап, салт-сана жолындағы бұрынғы құралымды тастап, ендігі саяси бағытымды анықтап отырмын.
Мен қазір өзіме осы күнде Қазақстандағы социалистік құрылыс жолында қызмет етуді ең ардақты, ең міндетті іс деп санаймын. Қазақстан ертедегі тарихи себептермен артта қалған жер, бұл мен туып-өскен жер, сондықтан бұның өсіп келе жатқан социалистік құрылысының майданында адал қызмет ету менің ендігі борышым. Міне, бұл жолда жандандыратын сенім – біздің қазіргі тарихи дәуірімізде бірінші рет шын, еркін адам қаулының іргесі қаланып келеді деген сенім болады.
Осындай дүние тарихының түйіні шешіліп, шын қоғамдық әділдік жолымен елдердің тағдыры, барлық адам баласының (тағдыры) шешіліп келе жатқанда және қызуы асқан тап тартысының негізімен шешіліп келе жатқанда, өзіңе қай түрдегі болса да мещандық тыныштық пен жайлылықты іздеп, әлі-ақ өтіп кететін қиыншылықтан қорғанып, тайқып шығуды – енді бұрынғы салт-сана, күнделік іс жөнінде істелген қателерімнен артық ұятты қылмыс деп санаймын. Оның орнына жақын заманда, таптық қауымның жасалуы мүмкін болып отырғанда және 17-ші партконференцияның қаулысы бойынша 2-бесжылдықта социализмнің толық жүзеге шығуы мүмкін боп отырғанда, тапсырылған жұмыстың әрбір кезеңінде табан таймай тартысудың сенімі, үміті артпақ. Ол табыстағы басшы – тап-тартысында шыныққан социалдық құрылыстың алдыңғы әтіреті, Қазақстанның Өлкелік партия комитеті».
«Ашық хат» екі тілде қатар, бір мезгілде жарияланса да олардың мәтіндерінің арасында емеуіріндік, деректік, пайымдық астарлы мән беретін мағыналық-стилдік иірімдер қазақшасында барынша қарапайымдалып, үстірт баяндалған. Мысалы, орысша мәтіндегі:
«Мое отрицательное отношение в оценке такого крупного социально-экономического мероприятия партии и советской власти в Казахстане, как конфискация полуфеодалов и крупных баев иллюстрируется моим письмом на имя Букейханова Алихана, в котором я преувеличенно, неверно оценивал последствия его, как мероприятия, влекущего за собой огромный хозяйственный ущерб подрывающего хозяйственный стимул у населения с неизбежной деградацией хозяйства его. Это, несомненно, было отражением националистическо-байской идеологии. Я призывал его по этому вопросу к борьбе за националистическую установку, призывал апеллировать в центральные органы СССР, делая таким образом ставку противопоставить свою националистическую установку линии краевых руководящих органов. В этом отношении чрезвычайно характерно одностороннее выпячивание с моей стороны других националистов, в разговорах как между собой, так и с беспартийными ответственными товарищами из казахов, значения и последствий семипалатинских перегибов в 1927-28гг.», - деген мәтін қазақшасында:
«Қазақстанда партия мен үкіметтің жүргізген қоғамдық-шаруашылық шарасының бір жолы – ірі байларды кәмпескелеу болса, оған менің көзқарасым Әлихан Бөкейханұлына жазғандарымнан көрінеді. Ол хатта мен бұл істің артын өте көтеріп, теріс бағаладым. Бұндай іс шаруаға үлкен зәбір келтіреді, ел шаруасының іргесі шайқалып, шөгіп қалады дегем. Бұл ұлтшылдық, байшылдық салт-санасының даусыз айқын белгісі еді. Мен Бөкейханұлын осы мәселеде ұлтшылдық бағыты үшін алысуға үндеп, одақтың орталық ордасының алдына апарып осы мәселені қою керек деп үндедім. Мұным өзімнің ұлтшылдық бағытымды (ұстанып), аймақтық басқарушы орындардың жолына қарсы тұру ісі еді », - деп мазмұндалып берілген.
Кей тұстарда қосымша кісі аты, мысалы, Ә.Бөкейхановтың есімі аталып берілген. Мәтіндік-мағыналық салыстырудың барысында: орыс тіліндегі нұсқасында Ә.Ермековтің ойлау және жазу мәнері толық сақталған, кей тұстарда бұл хаттағы пікірдің шындығын астарлап жеткізетін кекесінді емеуіріндер қазақ мәтінінде жадағайланып кеткендігі анықталды. Сондықтан да маңызды құжаттың мазмұнына нұқсан келмес үшін орыс тіліндегі нұсқасын қоса ұсынуды жөн көрдік.
«Заявления Ермекова. Наше время – время великого исторического перелома, когда мы находимся на грани – с одной стороны разрушения, разложения гнилой капиталистической системы, принесшей человечеству столько несправедливых страданий и мучений, а с другой – на заре осуществления основ новой жизни, на началах социализма и коммунизма, несущего человечеству действительное равенство, на основе обладания человечеством без разделения его на классы и народы угнетающие и угнетенные, всей суммой культурных и материальных ценностей.
Вместе с тем этот период неизбежно характеризуется исключительным обострением классовой борьбы. Уходящий, умирающий, господствовавший прежде класс использует до конца все силы и средства борьбы, чтобы сохранить себя и отстоять свои привилегии.
Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника.
Значение этих ошибок особенно вырастает, именно, в силу обострения классовой борьбы использования их в полной мере и даже предвзято в искаженном освещении и часто, независимо от твоего мнения, всеми враждебно настроенными элементами в борьбе против стремительно наступающих сил революционного пролетариата.
Имея за собой целый ряд ответственных ошибок в процессе своей политической работы в Казахстане, я сделал тщательный анализ прошлой своей деятельности, и на основе такого тщательного и честно проделанного анализа, я считаю себя не только в праве, но и обязанным сделать следующее заявление:
Моя политическая установка, как представителя угнетенного в прошлом царизмом отсталого народа, определялось превалированием, переоценкой национального момента перед всеми остальными, что явилось реакцией против колонизаторской политики царизма, беспощадного изъятия земель казахского народа под переселение в угоду помещикам в России, запрещения национальных школ и, наконец, хищнической экономической эксплуатации.
Мое отношение к советской власти принципиально определилось еще в 1920 году на основе вставшей в то время передо мной дилеммы: или стоять за капитализм, стало быть, поддерживать господство империализма, с неизбежным тогда сохранением колоний и полуколоний, угнетением отсталых народов, или защищать социализм, уничтожающий в корне угнетение и рабство колониальных и полуколониальных отсталых народов. Кроме того на опыте колчаковщины я убедился, что организующими, определяющими результат борьбы в конечном счете силами революции являются или пролетариат или буржуазия, и отсюда неизбежно или диктатура пролетариата, или диктатура буржуазии.
Этим предрешалось мое сочувствие и переход на сторону советской власти.
Но не будучи последовательным марксистом, я страдал национальной ограниченностью, и поэтому основная идея в развитии общественных форм – идея классовой борьбы заслонилась часто национальными моментами. Восприняв общую идею необходимости для угнетенных и отсталых народов союза с пролетариатом передовых стран, я не думал о необходимости и неизбежности классовой борьбы в среде самих отсталых народов. В этом заключаются корни моих идеологических ошибок, наличие сомнений, колебаний, отрицательного отношения в целесообразности целого ряда основных мероприятий, проводившихся партией и соввластью в Казахстане, как конфискация полуфеодалов и крупных баев, передел сенокосных и пахотных угодий, интернациональное, классовое разрешение, земельного вопроса в целом, т.е. тех основных мероприятий партий и соввласти, которые были необходимыми предпосылками социалистической реконструкции архи-отсталого, полуфеодального казахского аула.
Нечего греха таить, что у политического работника идеологические ошибки, если носят отпечаток хронической болезни, не могут не привести к политическим преступлениям. Они не могут не найти в той или иной форме канала в общественной борьбе.
Так в разрешении одной из основных проблем в Казахстане – в земельном вопросе, вопросе сугубо национальном, мой национализм имел определенное отражение в моей установке при разрешении его.
В 1925 году, участвуя в работах комиссии Госплана КАССР по составлению перспективного плана землеустройства в Казахстане, я проводил точку зрения необходимости землеустроить в первую очередь только казахское население по признаку национальному, а не классовому, 6не допуская при этом нового переселения в Казахстан до окончательного проведения сплошного землеустройства всего казахского населения. Такая постановка вопроса не только выхолащивала классовое содержание землеустройства, но неизбежно должна была углубить существовавшие прежде межнациональные трения.
Мое отрицательное отношение в оценке такого крупного социально-экономического мероприятия партии и советской власти в Казахстане, как конфискация полуфеодалов и крупных баев иллюстрируется моим письмом на имя Букейханова Алихана, в котором я преувеличенно, неверно оценивал последствия его, как мероприятия, влекущего за собой огромный хозяйственный ущерб подрывающего хозяйственный стимул у населения с неизбежной деградацией хозяйства его. Это, несомненно, было отражением националистическо-байской идеологии.
Я призывал его по этому вопросу к борьбе за националистическую установку, призывал апеллировать в центральные органы СССР, делая таким образом ставку противопоставить свою националистическую установку линии краевых руководящих органов.
В этом отношении чрезвычайно характерно одностороннее выпячивание с моей стороны других националистов, в разговорах как между собой, так и с беспартийными ответственными товарищами из казахов, значения и последствий семипалатинских перегибов в 1927-28 гг.
Националистической движение в своей сущности в момент обострения классовой борьбы в стране диктатуры пролетариата не может не быть контрреволюционными. Именно таким контрреволюционным было в прошлом наше националистическое движение алаш-орды, в котором я принимал ближайшее участие.
И в последующем, как бы я чутко и отрицательно ни относился к проявлениям контрреволюционных политических авантюр против советской власти, однако, страдая националистическим уклоном и отсутствием чуткого классового подхода (отсутствием на самом деле мнимым, ибо национализм мой, как и всякого другого объективно был сугубо классовым, был на руку только полуфеодальной, байской верхушке аула), я не отмежевался и не повел открытой борьбы с антисоветскими группировками, связанными с контрреволюционной деятельностью Валидова Заки, но сделался причастным к их контрреволюционным деяниям. Но останавливаясь на подробностях моей встречи с ним в 1920 году, в Москве, я отмечаю один существенный момент: несмотря на мое отрицательное отношение, ясно выраженное в свое время Валидову, я придавал своим разговорам с ним характер конспиративности вместо решительного и категорического протеста, исключающего всякую возможность суждения со мной о его антисоветских попытках.
Между тем я действительно знал в 1920 году о контрреволюционных настроениях и намерениях Валидова Заки, его попытках в виду неудовлетворенности политикой советской России апеллировать к «угнетенным народам Востока», в целях объединения и получения самостоятельности.
Я участвовал в совещании, которое носило конспиративный характер, и хотя я не был согласен со втягиванием Казахстана в новые авантюры, я прямо и категорически не отмежевался от Валидова.
Так что с полным основанием, даже на своем личном опыте, несмотря на свое принципиальное призвание еще, в 1920 году единственно правильным путем общественного развития для отсталых народов – социалистического пути и советской системы, я утверждаю, что тот, кто не сумел сочетать национального вопроса с классовым и интернациональным движением и подчинить национальный вопрос классовому, ибо только такая постановка обеспечивает победу и правильное разрешение национального вопроса, тот неизбежно сделается жертвой националистической ограниченности, пособником паразитических слоев и в момент ожесточенной классовой борьбы окажется в лагере махровой контрреволюции.
Другое мое основное заблуждение – это мое понимание революции для отсталых народов, как революции «бесхозяйственных потрясений».
Будучи воспитан в студенческие годы на идеях Ядринцева (Сибирь как колония), Потанина, Щапова и других сибирских революционных публицистов, которые, относясь с большим сочувствием, состраданием к судьбе отсталых народов, особенно подчеркивали неустойчивость их ко всякого рода изменениям, внезапным переменам в укладе и хозяйственной жизни при капиталистической системе, я с преувеличенной боязнью и тревогой относился к хозяйственным потрясениям в период социалистической реконструкции. По существу это была бессмыслица, страусовая политика, питавшаяся объективно классовой националистической моей идеологией. Если действительно говорить о революции, об освобождении угнетенных о выкорчевывании остатков капиталистической системы, то нечего пугаться потрясений и жертв. И если учесть, что эти жертвы по существу должны были явиться жертвами для полуфеодальной и байской верхушки, то они не только законны, но и необходимы. Я считаю теперь, что мои опасения были беспочвенны, как показало последующее, непредвиденное в то время мною, гигантское социалистическое строительство в Казахстане.
Несколько тысячелетий казахстанские степи глядели мачехой на населявшие их народы, рабски подчиняя их жизнь всем своим капризам, лишая самых примитивных условий культурной жизни, пожирая периодически в силу стихийных бедствий значительную часть населения и скота. Казалось даже в перспективе нет такой силы, которая могла бы укротить суровую, безжалостную стихию. Но вот на наших глазах нашлась сила организационного пролетариата нашего Союза, сила, которая заложила в тех самых, непобедимых степях дикого кочевья гигантские очаги промышленности, оборудованные по последнему слову техники, развернула железнодорожное строительство, организовала машинно-тракторные, машиносенные станции, совхозы, колхозы, обеспечивая их сложными машинами и орудиями, наконец, провела и проводит плановое оседание на основе коллективизации, со вложением огромных средств из союзного бюджета, оказывая материальную и техническую помощь, - словом, осуществляется гениальная мысль В.И.Ленина: «отсталые народы с помощью пролетариата передовой страны могут переходить к социализму, минуя капиталистическую стадию». Этой общей картины, являющейся результатом осуществления ленинской национальной политики партии в Казахстане, не могут исказить даже те частичные прорывы, какие мы имеем в результате враждебных актов кулацких и байских элементов по линии разбазаривания и уничтожения своего хозяйства, а также в результате извращения партийной линии и неправильной практики местных органов в области животноводства в Казахстане, а также имеющиеся налицо в данный момент вследствие этого и на почве неурожая последних лет продовольственные затруднения в некоторых районах.
Достарыңызбен бөлісу: |