Үшінші тарау: «КӨтеріліп-басылған жанартау »


В свете изложенного моя боязнь, опасение, паника, оказались неверием в силы пролетариата, могущего творить действительного чудеса



бет7/7
Дата26.06.2016
өлшемі418 Kb.
#159322
1   2   3   4   5   6   7

В свете изложенного моя боязнь, опасение, паника, оказались неверием в силы пролетариата, могущего творить действительного чудеса.

Полное и последовательное осознание своих идеологических ошибок и отражения их в практике проведения основных мероприятий партии и советской власти в свое время в Казахстане обязывает меня обратиться в редакции «Казахстанской правды», и «Социалды Казахстана» о напечатании настоящего моего заявления, чтобы со всей полнотой и искренностью выявить свою точку зрения перед советской общественностью и передовой ее частью, вскрывшей в свое время контрреволюционную сущность моей националистической идеологии, в смысле решительного осуждения прошлой своей деятельности, полного идеологического разоружения и определения политической установки в настоящий момент.

Я считаю весьма благодарной задачей и обязательным для себя в данный момент участие в социалистическом строительстве, именно в Казахстане, в отсталой, в силу исторически сложившихся условий, своей родине и работать не за страх, а за совесть, работать на фронте развернутого социалистического строительства, воодушевленный тем, что в нашу историческую эпоху впервые закладываются основы действительно свободного человеческого общества.

В свете этой всемирно- исторической задачи, когда действительно разрешаются на социально справедливых началах судьбы народов, всего человечества, на основе непримиримой, ожесточенной классовой борьбы, умывать руки, искать себе спокойного мещанского уюта и приюта в какой бы форме ни было останавливаясь перед переходящими трудностями, считаю для себя теперь неизмеримо более позорным преступлением, чем мои прежние ошибки идеологического и практического порядка. Напротив ближайшая перспектива создания бесклассового общества и осуществления полностью социализма во II пятилетке на основе постановления 17 партконференций вселяет энтузиазм и решимость драться за каждый участок порученной работы, под руководством закаленного в классовой борьбе передового отряда социалистического строительства – краевого комитета партии в Казахстане».

Осы «Ашық хаттың» мәтіні Голошеки мен Исаевтің қолына тиісімен Ә.Ермеков пен М.Әуезовті түрмеден шығару туралы шешім қабылданған сияқты. Мамыр айының ортасында олар еркіндікке босатылды. Социализмнің осындай «қарқынды жасампаздық жеңісін» күмәнсіз мойындап шыққан екі дегдарды сырттағы өмірде мүлдем басқа нәубет, халықтық қасірет күтіп тұрды. Ә.Ермековтің «Хатындағы»:



«Қазақстанда Лениннің ұлт саясатын қолдану арқылы табылған табысты, ешнәрсе жоя алмайды, кеміте алмайды. Бұл ретте бай-кулактың жаулық пен өз шаруаларын шашып жоюуы да және партия жолын қисайтып, Қазақстанның мал шаруасы жөнінде теріс тәжірбиеге ауысып істеген жергілікті орындардың қатесі де және де осы себептен онан соңғы жылдардың егін шығуы нашар болғандық себебінен туып отырған кейбір аудандардағы азық-түлік қиыншылығы да жаңағы ұлы табыс, ұлы құрылыстың қалпын бұза алмайды, маңызын түсіре алмайды», - деген «жұбаныш сөзінің» кәдімгі кеңес өкіметіне тән көзбояушылық екеніне көзі жетіп, «қатты өкінеді».

Ол өзінің «Ашық хат» жазғанына:



«...Артынша қатты өкіндім. Неге дейсіз ғой? Түрмеден дәл шығар алдында ОГПУ бастығы мені кабинетіне шақырып алып: «Ал енді сіздерді босатамыз, тек ел ішінде әлі де қиыншылық бар, ашаршылық әлі тоқтай қойған жоқ, абақтыдан шыға салып үркіп, шошып жүрмеңіздер», - деп ескертті. Мен бұл сөзді естіп, оған ойынды-шынды: «Онда біз әуелден-ақ, сірә, қателеспеген екенбіз ғой», - дедім. Сонда ОГПУ бастығы қанын ішіне тартып, сұрланып: «Біз де қателеспеппіз ғой, қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды деуші еді, сол рас екен», - демесі бар ма. Мен жарылып кете жаздадым. Не керек, болар іс болып, хатқа қол қойылып қойды», - деп Ж.Бектұровқа айтып беріпті.

Тура осындай өкінішті күйді Сәкен Сейфуллин де басынан кешіпті.Ақынның досы Абдолла Асылбеков өзінің 1937 жылы 31 шілде күні тергеушігеберген жауабында:



«Сейфуллинмен 1934 жылы кездескенімде ол: «Кеңес өкіметіне қарсы күресті дәл қазірден бастау қажет. Тек көнтақы шенеунік қана безеріп отыра алады, ал әрбір саналы адам бұған көніп, қол қусырып отыра алмайды. Бұрын қандай топтың мүшесі болғанына қарамастан, кім өзін қазақ халқының нағыз ұлымын деп санайды, солардың барлығы да кеңес өкіметіне қарсы күресте бірігуі тиіс. Сен екеуміз, Асылбеков жолдас, алашордашылардың кез-келгені: халық үшін деп кеңірдектесіп едіңдер, сол халқың қырылып жатыр-ғой десе, не дейміз?, - деп маған сұрақ қойды», – деген (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 145-146 бет) мәлімет береді.
Бұрын зиялы қауымның арасында: «Тар жол, тайғақ кешуде» алашордашыларды кекетіп жазғанына өкініп, бұрынғы райынан қайтып, оны қайта өңдепті. Кеңес өкіметі туралы пікірі өзгеріпті», - делінетін пікір айтылып жүргенімен, нақты дәлел жоқ болатын. Өзінің қанды көйлек досы А.Асылбековке: «Алаш азаматтарына не бетімізді айтамыз?», - деген мағынадағы жоғарыдағы сөзі С.Сейфуллиннің жандүниесінде үлкен өзгерістер болғанын растайды.
6.

Енді өкінді не, өкінбеді не, бәрібір екі жарым миллион қазақ аштан қырылып үлгеріп еді. Оған алысқа бармай-ақ түрменің алдына шыққанда көз жеткізуге болатын. Алматының түрмесінің алдында қырылған өліктерді тұтқындарға жинатып, қазіргі Сайран көлінің жарқабағының астына апарып көмдірген. Ол туралы сол мезгілде осы түрмеде жатқан біздің әкемізддің әңгімесі «Өзі де – ақ, жазғаны да – ақ» атты таруда берілген болатын.

Бұл құрбандардың әруағы алдында алаш ардагерлерінің ары таза.

«Ашық хаттың» нәтижесінде Ә.Ермеков шартты түрде сотталып, кешірімге ие болды. Алайда ол үнемі бақылау астында өмір сүрді.



Әдеби өмірге еш қатысы болмаса да оны қазақтың ендігі бас идеологі – рухани көсемі деп санап, әр қадамын аңдып, тиісті ақпар жиып отырды. ОГПУ-дің Қазақстандағы саяси бөлімінің бастығы Миронов пен орынбасары Павловтың 1933 жылы 11 қыркүйек күні Мирзоянға құпия жолданған әдебиет майданындағы ұлтшылдық сарын туралы есепті баянхатында:

«Орыс әскери отарлаушыларының Орта Азияға басып кіруіне – татар моллаларының қыр елін жаулап әкелуге ырық берді, олар қазақ жеріне әр түрлі сенімхатпен келген дүкеншілермен, орыс көпестерінің шеркеттерімен тікелей байланыста болды. Молланың атын жамылып келген Орынбор, Қазан, Уфа медіреселерінің шәкірттері православиелік миссионерлікке қарсы қару ретінде қазақ даласына панисламизм идеясын сіңірген алғашқы мұджаһиттер болып табылады. Олар «Мұсылманның шынайы бауырластығы» дегенді ұран ете отырып, артта қалған қазақ елін қанады. ХХ ғасырдың басында қажыға барар жолдағы Түркия арқылы және Бұқара мен Хиуа, тағы да басқа Орта Азиядағы сауда орталықтары арқылы барлық түркі тілдес халықтардың бірігуі туралы ұран тастады. Оған қазақ халқы да қосылды.

Әсіресе, 1905 жылғы революция тұсында, жаңа дыбысты әліппеге көшу – жәдидтік оқу жүйесіне ауысу қарсаңында пантүркизм қозғалысы ерекше жанданды. Жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары мектептердің төңірегіне топтасты. Буржуазиялық-ұлтшыл топ өздерінің қатарын көбейту үшін сол кезде саны біршама молайып қалған мектеп шәкірттерін ықпалына алды. Жәдидтік мектептен өткен, татарлардың жоғары оқу медреселерін бітірген бұл шәкірттер қазақтардың алғашқы буржуазиялық-ұлттық интеллигенциясын шоғырын құрады.

Бұл қозғалыс 1917 жылғы төңкеріс тұсында, буржуазиялық-ұлтшыл «Алаш» партиясы құрылған кезде өзінің шарықтау шегіне жетті. Қазақстанның буржуазиялық-ұлтшыл қозғалысының қозғаушы күші әдебиетте, буржуазияшыл-ұлтшыл жазушылар мен ақындардың: Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Ғұмар Қарашевтің, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Бернияз Күлеевтің, Мұхтар Әуезовтің т.б. шығармаларында көрініс тапты. Аталған негізгі жазушылар қазақ төңкерісін қабылдамады, «Алаш» партиясының құрамында кеңес өкіметіне қарсы белсенді түрде күресті. «Алашорда» ұйымы талқандалған соң кеңес өкіметімен күрес тәсілін өзгерте отырып, мәдениет майданын өз қолдарында ұстауға тырысып, өздерінің оқу құралдары, дәрістері, әдеби еңбектері арқылы жастар тәрбиесіне идеологиялық ықпал жасауға ұмтылды.

Мысалы, қазіргі қазақ көркем әдебиетіндегі мына бағытты атап өтуге болады: олар – кеңестік жастардың аз бөлігіне әсер етіп отырған алашордашылардың қалдығы мен алашшылдар және ұлтшылдар тобы.

Ашықтан ашық алашордылардың біріне және олармен байланысы барлардың қатарына ең бірінші Әлімхан Ермековті жатқызуға болады. 1) Ермеков Әлімхан «Алашорданың» ірі қайраткері. Қазақ ұлтының болашағы туралы жекелеген әңгімелесу кезінде айтқан Ермековтің пікірлерін ерекше назарға аларлықтай, ол Ермековтің өзінің пантүркістік көзқарасын ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар бұл идеяның ұлттық интеллигенция арасында кеңінен тарап отырғандығын және сол топқа жататын жазушылардың шығармаларынан көрініс беріп отырғанын аңғаруға болады.

Ермеков ең көреген ұлтшылдар мен алашордашылардың алысты көздеген бағдарламаларын кеңейте талдайды. «Алалшорданың» талқандалуының басты себебі, Ермековтің айтуы бойынша, марксизмге қарсы қоятындай теориясының болмағандығы екен. Бөкейханов бұл тұрғыдан алғанда, «қазақ халқының өзіндік ерекшелігі» дегеннен басқа ештеңе ұсына алмапты. Ермековтің айтуынша, шаруашылықты басқарудағы революциялық шаралардың есепке алынбауы «Алашорданың» құлауына әкеп соғыпты. Ермековтің тұжырымдамасы оның өзінің баяндауынша: «Қазір кеңес өкіметі шаруашылығының орнығуына барынша қолдап, өзіміздің жас мамандарымызды, өзіміздің интеллигенциямызды жан-жақты дайындай отырып, екінші бесжылдықтың аяқталуын күту қажет, сөйтіп СССР-дегі таптық күрестің босаңсуына мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар Түркиямен байланысты нығайтып, оның ұлы держава болуына уақыт беру керек» , - екен.

Сонда, ұлттық (ұлттық) дәстүрде тәрбиеленген, сонымен қатар еуропалық мәдениетті меңгерген, басқару қызметінде отырған техниканы, индустрияны қолында ұстайтын интеллигенцияға, көзі ашық бұқараға ие болсақ, онда олар «Ұлы түрік елінің» туы астында бірігуге ұмтылады», - деп мағлұмат берді.

Мұндағы тағылған айып пен айтылған сөздерге идеологиялық-саяси астар беріп, «ұлы түрікшілдік» аңсарға әкеп теліп отырғаны болмаса, бәрі де шындық. Шындық болғанда да, кез-келген ұлттың алдына қойған саналы мақсаты, сара жолы. Қай ұлт парасатты интелигенцияға зәру емес? Соған қарағанда ерекше бөлімнің тергеушілері үшін қазақ халқының құрықтан құтылуы, өркениетке ұмтылуы, қылмыс болып саналатын сияқты.

Ақиқат та содан қашық емес болатын.

«Ашық хат» пен кешірімнен соң да Әлімхан Ермеков қуғын-сүргіннен құтыла алмады. Тіршіліктің жарына жармасқан бір кездегі «жанартаудай көтеріліп-басылған жігіттің» көрер азабы мен татар қызығы алда болатын. Сол қызық пен азапты пікірлессіз, дос-жарансыз жалғыз басынан кешті. Өйткені қалған өмірін «тәубә қылып шыққан Әлімхан мен Мұхтар екеуі» (А.Байтұрсынов) бір-бірінен саяқ жүріп өткізді. Оған не себеп болды? Нақты дәп басып айту қиын. Мұхтар Әуезов өзін «Ашық хат» жазуға көндіріп, соның нәтижесінде өмірдің де, атақ пен даңқтың да қызығын көруге бұйыртқаны үшін Ә.Ермековке өкпе артып, көңіл сызы ретінде ұзақ сақтауы, орынды ма демей-ақ қояйық, соның өзі мүмкін бе еді? Қайдам. Ал бұл екі аралықта Ә.Ермеков – 1938 және 1948 жылдары он жылға екі рет кесіліп, түрме есігін ашты. Олардың 1932-1938 және 1955-1961 жылдары аралығында тығыз араласып кетпесе де, оқшау пікір алмасуға мүмкіндіктері болды. Бірақ өзара тілдеспеген. Бүтіндей ақталып шыққан «мемлекеттік жылымық» тұсынан кейін де Мұхтар Қарағандыға келіп жүріп Әлімханмен жүз көрісуді қаламаған. Неге? Түсініксіз. Жайық Бектұров бұл туралы өзінің естелігінде:



«Ә.Ермеков бұл өкінішті сөзін М. Әуезовті мақтағысы келгендіктен айтқан жоқ. Ертедегісін кім білсін, Мұхаң әйгілі жазушы атанып, Әлекең көп жыл түрме, лагерь азабын тартып елге қартайып, денсаулығынан айрылып кайтқаннан кейін де бір-бірімен ешқандай қарым-қатынас жасаған жоқ. Аралары мүлдем суып кетті. Әлекең Мұхаңа іштей өкпелі болып та жүрді, сөйте тұрса да жаратылысынан шыншыл, әділет жолынан таймайтын ол ауызекі естеліктерінде ғұлама інісінің 1932 жылғы абақтыдан шығардағы кісілігін, ерлігін, азаматтығын ешбір көлеңкесіз айтып еді. Қанша өкінгенімен, М. Әуезовтің сол кезде тар қапастан шығып, үйірге қосылғаны қазақ мәдениеті мен әдебиеті үшін зор мәртебе болды. „Абай жолы” романы содан кейін өмірге келді. Ә. Ермеков ақсақал Қарағандыда, менің үйімде Сәбит Мұқановпен ашық әңгімелескенде, жоғарыдағы пікірді айтты. Тіпті, атақты жазушыға Ахметті, Жүсіпбекті, Мағжанды, Міржақыпты неге іздемейсіздер деген өкпесін де сездірді. Алпысыншы жылдары оларды жоқтай қоятын ресми адамдар аз еді», – деп жазды.
Өтірікке жаны жат Жайық жайсаңның бұл емеуірінінен ұлылардың психологиялық бопсасымен қоса инсандық иірімдер де тұспал танытады. Оған тереңдеп баруды, біз таңдап алған әфсана жанры көтермейді. Сондықтан да Әлімхан Ермековтің өзі тікелей Жайық Бектұровқа өсиет ете қалдырған:

«Ахмет Байтұрсынов Архангельскіде айдауда жүреді, ешкім ешқандай жұмысқа алмайды. Өмір сүруі қиын соғады. Жас кезінде училищеде оқығанда әр түрлі қол өнерін үйренген екен, содан қасық, ожау, ойыншық жасап, базар маңында басына күрке тігіп жатып, өлер-өлмес күн көреді. Ахаң осы бір ауыр жағдайын айтып, Мәскеуде тұратын Ә. Бөкейхановқа хат жазады. Аяулы Әлихан Нұрмұхамедұлы қызыл крест қоғамына барады. М. Горькийдің жұбайы М. Ф. Андрееваға арыз айтады. Сөйтіп, Архангельскіге жетпіс доллар жіберіп, Ахаңа көмектеседі. Ақыры оны айдаудан босаттырып алады. Ахаң әуелде атылуға кесілсе де, он жылға айыпталып, мерзімінен бұрын елге қайтады. Қайтып келгенде ол Ә. Бөкейхановқа бір қолжазбасын береді. ,,Бұл менің айдауда жүргенде жазған күнделіктерім. Сірә, бұрынғы еңбектерімнен құнды болуы керек, осының бір данасын сіз бірдеңе етіп бір жерге сақтаңыз. Бір данасын әйелімнің көрпесінің астарына тіктіріп қойдым”, - депті. Ә. Ермеков көрпені „Стеганные одеяла” деп орысша айтты. Мен мұны өзімше „қабымалы көрпе” деп казақшаладым. Әлімхан Әбеуұлы әңгімесін жалғастырып:

Көрпенің астарына тіккен қолжазба жоғалды ғой, ол көрпе түгілі, Ахаңның қазақ болып кеткен орыс әйелінің де қайда ұшты-күйлі болғаны белгісіз. Ал ана Әлихан ағасына табыс еткен қолжазбасын мұқият іздесеңіздер табасыздар. Ол Ахаңның аманатын белгілі шығыстанушы ғалым, академик Сергей Федорович Ольденбургке (1863-1934) табыс етті. Ольденбург ірі ғалым. Ол түркі тілдес елдердің тарихын, әдебиетін, фольклорын, мифологиясын жетік білген адам. Көп уақыт Ресей және Кеңес Одағы Ғылым академиясын басқарған ірі оқымысты. Ондай кісінің архиві жоғалмайды, мұқият сақталады, - деді.



Сірә, Ахаң өзінің бұл қолжазбасын Ә.Бөкейхановқа Архангельскіден елге қайтпай тұрғанда жеткізсе керек. Біздің қазіргі тарихшыларымыз, әдебиетшілеріміз іздестірсе, Ахаңның бүгінгі ұрпақ білмейтін бір еңбегін тауып та қалар еді деген ойымыз бар. Осыны ғалымдарымызға, жазушыларымызға сүйінші сұрағандай әдейі құлаққағыс етіп отырмыз», - деген естелігімен «көтеріліп-басылған жанартаудай» қайратты рух иесі туралы әфсанамызды аяқтаймыз.

Алаш идеясының ту ұстаушысы Әлімхан Ермеков он бес жылдай тіршіліктің ризығын татып барып, математика профессоры ретінде дәріс оқып, үйлі-баранды боп, 1970 жылы Қарағанды қаласында дүниеден қайтты.



24. 05.09.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет