Есеп № 44.
Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмониямен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтырау, «құстың терісіндей», тамыр соғысы 98 рет мин, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.
Науқаста дене қызымы көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?
Науқаста асқын қызба болып жатыр – 40, 41 ж/е одан жоғары.
Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Этиологиясы экзогенді-инфекциялық. Пневмококктрдың токсиндері(экзогенді пироген) лейкоцит, моноцит, макрофагтармен әрекеттесіп, оларды активтейді, олар эндогенді пирогендерді(интерлейкин-1, катиондық нәруыз, өспені жоятын фактор, простогландин(Е1,2)) синтездеуді арттырады, олар гипоталамутағы «орнықтыру нүктесіне» әсер етеді, ол температураны төмен деп танып, сипатик-қ жүйені қоздырып, парасимп-қ жүйені тежеу арқылы, жылу шығаруды тежеп, жылу шығаруды арттыру арқылы, зат алмасуды арттырып, температураны көтереді.
Берілген көріністер қызбаның қай сатысына тән?
Темп-ң көтерілу сатысына тән.
Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
Бұл кезде шеткі қ.т. тарылады, жылуды сыртқа за шығарады, сон-тан қан қозғалу жыл-ы азайып, бозару, жергілікті темп-а төмендеген, құрғақ болады, зат алмасудан АТФ-ке қарағанда жылу өндірілу артық болады, сон-тан б.е. еріксіз жиырылады, қаотырау болады. Терідегі түктердің тегіс б.е. жиырылып қалуынан, түктер тікірейіп, құс терісіндей болады. Симп-қ жүйке жүйесі қозудан жүрек соғысы артады.
Есеп №45.
Миокард инфарктымен ауыратын науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары анықталды.
Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Этиологиясы эндогендік инфекциялық емес. Некроз ошағында лейкоцит, макрофагтар жиналып, олар гидролазалық ферменттерді, интерлейкин-1 ж/е т.б син-п, катиондық нәруыздар, жедел жауап нәруыздары пайда болу арқылы қызбаны көтерді.
Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары пайда болу патогенезін түсіндіріңіз.
Некроз ошағында қабыну үрдісі басталып, лейкоцит, макрофаг, моноциттер активтеліп , сол жерге жылжиды, олар медаторлар(ИЛ-1, ИЛ-6, ӨНФ, гамма-интерферон) бөліп шығарады. Ал ол медаторлар жүйелі әсер етеді. Гипоталамусқа әсер етіп қызба, гипофизге әсер етіп АКТГ, симп-қ жүйке жүйесін қоздырады, бауырға әсер етіп жедел жауап белоктарының син-н арт-ы, сүйек емігіне әсер етіп, лейкоцитоз, иммунды жүйеге ісер етіп лимфоциттердің активтілігін көтереді.
С-реактивті белок, сарысулық белок А, фибриноген, гаптоглобин лимфоциттерді активтейтін, комплемент жүйесін активтейтін, бактериялардың лизисін тудыратын, қабыну шақыратын ісер етеді.
Қызбаның сатысын атаңыз, әр сатыда жылу реттелу өзгерістерін көрсетіңіз.
Көтерілу сатысы – жылу өндіру жылу шығарудан жоғары болады, шеткері қ.т. тарылады, симп-қ жүйке қозады, парасимп-қ – тежеледі, зат алмасу артады, АТФ син-не қарағанда жылу көп өндіріледі.
Жоғары деңгейде тұрақтану сатысы – қызу реттелуі жаңа жоғары деңгейде теңеседі. Жылу өндірілу де, шығару да арта түседі: тері қызарады, ысыйды, тыныс алу жиілейді.
Қалыпты деңгейге түсу сатысы – жылу шығару жылу өндіруден артады, тері қ.т.-ы кеңейеді, терлейді, жиі тыныс алу арқылы темп-ы қалыпты деңгейге түсіріп алады.
Миокард инфарктында дене қызымы көтерілуінің қорғаныстық маңызы бар ма?
Неуроз ошағындағы уды залалсыздау мақсатында макрофаг, лейкоцит, моноциттер ферменттер бөле бастайды, осы эндогенді пирогендердің арқсында дене қызымы көтеріледі. Бұлар гипофиз қоздыру арқылы симп-қ жүйені қоздырады, АКТГ син-н артырады, ол өз кезегінде бүйрек үсті безінің функциясын жоғарылату арқылы орг-ң төзімділігін көтереді, адаптациялық фунция.
Достарыңызбен бөлісу: |