Есеп №48.
Манго сусынын ішкен 7 жасар балада 40 мин соң жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну тез дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әпкесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.
Науқаста қабынулық ісіну дамыды деп ойлауға бола ма? Егер жоқ болса, ісіну дамуы неге байланысты, және ол қалай аталады? Жоқ, атопиялық ауру дамыған(квинке ісінуі). Атопилық ауруларға тұқымқуалаушылық бейімділік тән. Әпкесінде бронх демікпесінің ұстамалры бар болса, ол інісінде де бар, тек оның дамуы үшін өолайлы жағдай керек. Манго сусыны осы қолайлы жағдай ж/е аллерген болып тұр.
Осы дерттің патогенезін құрастырыңыз.
Патогенезі алдындағы аурудағыдай, бірақ бұл жерде тек IgЕ-ң син-і жүреді, содан симптомдар дамиды, парасимпатикалық жүйке жүйесі қозады, қанда эозмнофильдер көбейіп, олар шырышты қабаттарда жиналады, лаброциттер мен базолфильдер ешқандай түрткісіз-ақ түйіршіксіздене алады.
Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
Қызару мен ісіну – гистамин мен гепарин қ.т. өткізгіштігін арттырады, сұйық бөлігі тінге өтеді, содан ісіну, қызару болады.
Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?
Гиперсаливацияның, ісінудің әсерінен жоғары тыныс жолы бітеліп жан тапсыруы мүмкін.
Есеп №49.
Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қабақтарының гиперемиясы және ісінуі; «көзіне құм түскендей» сезім; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі су ағумен қабаттасқан, толастамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның тоқтауына дейін қиындауы; қақырықтың көп бөлінуімен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамасы анықталды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты. Дене қызымы – 38-39оС. Науқасқа «Поллиноз» аңғарымы қойылды.
Поллиноздың негізінде сезімталдық жоғарылауының қай түрі жатыр?
Дереу дамитын сезімталдықтың анафилаксиялық түрі.
Бұл дерттің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.
Алдындағы есептегідей, тек IgЕ н/е IgG4 син-і артады.
IgE және IgG4 иммуноглобулиндердің басқа түрлерінен қалай ерекшеленеді? Неге атопиямен ауырған науқастың қан сарысуында IgE болмауы мүмкін?
IgG4 н/е IgЕ – реагиндік антиденелер д.а. Олар тек лаброцит ж/е базофильдермен жабысады, ал бұл жасушалар теріде, шырышты қабаттарда, тегіс салалы б.е.-де көп болады. Гендердің ауытқуларынан осы антиденеге жауап беретін геннің функциясы бұзылып, IgЕ-ң син-і болмауы н/е өте азайып кетуі мүмкін.
Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
Алдыңғы есептердегідей болады.
Достарыңызбен бөлісу: |