Есеп №46.
Дене қызымын түсіретін дәрілерді қолдануға бола ма, егер:
Науқас 70-жаста аденовирустық жұқпа әсерінен қызымы - 390С, птамыр соғысы әлсіз, 110 рет мин., жүрек шекаралары оңға және солға кеңейген.
науқас 18 жаста, жіті аппендицит белгілерімен, дене қызымы - 380С, тамыр соғысы 82 рет мин.
1) жағдайда дене қызымын түсіретін дәрілерді қолдануға бола ма?
Болады, себебі жүрегі гипертрофияланған, ауырлық түсіп жатыр, ол дәрілер ОЖЖ-ғы қозуларды азайтады, тыныштандырады, жүрек соғысын бәсеңдетеді, жүректің жіті жетіспеушілігінен алдын алады.
2) жағдайда дене қызымын түсіретін дәрілерді қолдануға бола ма?
Аппендицит болған жердегі микробтардың улы өнімдерін, токсиндерін залалсыздандыру мақсатында лимфоцит, лейкоцит, макрофагтар жиналып, олар медиаторларын бөлуде, бұл кезде солардың әсерінен дене қызымы көтеріледі, бұл қалыпты құбылыс. Қызымы аз көтерілген, жүрек соғысы қалыпты, дәрі енгізуге болмайды, себебі қабыну ошағындағы удың орг-ге таралуының алдын алу үшін.
Жұқпалы қызбада дене қызымы көтерілу патогенезін көрсетіңіз.
Экзогенді пироген лейкоцит, моноцит, макрофагтармен әрекеттесіп, оларды активтейді, олар эндогенді пирогендерді(интерлейкин-1, катиондық нәруыз, өспені жоятын фактор, простогландин(Е1,2)) синтездеуді арттырады, олар гипоталамутағы «орнықтыру нүктесіне» әсер етеді, ол температураны төмен деп танып, сипатик-қ жүйені қоздырып, парасимп-қ жүйені тежеу арқылы, жылу шығаруды тежеп, жылу шығаруды арттыру арқылы, зат алмасуды арттырып, температураны көтереді.
Қызбаның организм үшін маңызын көрсетіңіз.
Теріс жақтары:
Ет ысуы, тырысулар, жүрек жұмысына теріс әсер.
Естен тану, 3-сатыда қызда бірден түсуден коллапс дамиды.
Жұмысқа қабілеті төмендейді, тәбеті, көңіл-күйі нашарлайды.
Пайдалы жақтары:
Микробтардың өсіп-өнуін баялатады.
Зат алмасу үрдісі артады, қызметі жақсарады.
Фагоцитоздық активтілігі артады.
Бауырдың интоксикациялық қызметі артады.
Қабыну ошағындағы иммунды жасушалар бактериоцидтік, антитоксиндік, вирусқа қарсы заттарды өндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |