Шипажайда науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды



бет5/24
Дата14.03.2024
өлшемі125.26 Kb.
#495474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
патфиз есептер отв

Есеп № 26.
Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 6 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықет тонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы - 100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 1000 мл 5% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды.

  1. Науқаста қандай жағдай дамыды?

Гипогликемиялық кома – метаболизмдік гипоксия.

  1. Бұл жағдай патогенезінің негізгі тізбегі қандай?

И нсулиннің артық дозасы гипогликемия нейрондарда глюкоза тапшылығы метаболизмдік гипоксия ОЖЖ-ң бұзылыстары(әлсіздік, қатты терлеу, дірілдеу, тахикардия, тырысу, естен тану, үстіртін тыныс, брадикардия, гипотермия, атония) мидың қайтымсыз бұзылыстарынан өлім болады.

  1. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз.

Глюкоза азайғандықтан б.е. энергия тапшылығынан әлсіздік болады, шеткері қ.т. кеңейеді, терлеу, АҚ төмендейді, тахикардия, АТФ жеткіліксіздігінен Са2+ цитозольде жиналып қалады, б.е. тырысуы, ми зақымдалса естен танып, брадипноэ, брадикардия болады, жылу өндірілу азайғанда гипотермия болады. Глюкоза жеткіліксіздігінен ең бірінші зақымдалатын – нейрон.

  1. Науқаста ми ісінуі қаупі бар ма?

Глюкоза осмогенді молекула бол-тан, қанда мөлшері азайса, қанның осмостық қысымы азаяды, нейрондардағы осмостық қысым салыстырмалы жоғары бол-тан оның ішіне су көптеп кіріп ісіну болады.


Есеп № 27.
Инсулин тәуелді қантты диабетпен науқас ауруханаға кома жағдайында әкелінді. Келесі зертханалық көрсеткіштер анықталды: қанда глюкоза деңгейі - 18,5 ммоль/л. Қандағы лактат –қалыптының жоғары шегінде. Кетон денелерінің деңгейі айқын артқан. ҚСҮ көрсеткіштері:

қалыптыда

Емдегенге дейін

Емдеген соң

рН 7,35-745
рСО2 35-45 мм с.б.
SB 20-27 ммоль/л
АВ 19-25ммоль/л
ВВ 40-60 ммоль/л
ВЕ +2,5; - 2,5 ммоль/л

рН 7,3
рСО2 25мм с.б.
SB 14 ммоль/л
АВ 17ммоль/л
ВВ 30 ммоль/л
ВЕ - 14 ммоль/л

рН 7,44
рСО2 45 мм с.б.
SB 30 ммоль/л
АВ 27ммоль/л
ВВ 52 ммоль/л
ВЕ +4 ммоль/л




  1. Науқаста қандай кома дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.

Гипогликемиялық кома – метабол-к гипоксия. Патогенезі алдыңғы есепте!

  1. инсулинмен және натрий гидрокарбонатымен емдегенге дейінгі ҚСҮ жағдайын бағалаңыз.

А ртерия рН-ы төмендеген – теңгерілмеген ацидоз. Метаболиттік ацидоз гипервентиляция гипокапния тыныс ор-ң тежелуі брадипноэ,АҚ төмендеуі гипоксия дистрофия қышқыл өнімдер ОЖЖ зақымдау кома.

  1. инсулинмен және натрий гидрокарбонатымен емдегеннен кейінгі ҚСҮ жағдайын бағалаңыз.

рН пен рСО2 қалпына келген(соңғысы жоғарғы шегінде), натрий гидрокарбонаты қанға көп түскен(SB), оның әсерінен қандағы бикарбонаттар мөлшері артқан(АВ), буферлік негізді сілтіге қарай жылжытқан(ВЕ), ал барлық буферлік негіздердің қандағы мөлшері қалыпты(ВВ).

  1. натрий гидрокарбонатымен емдеуді жалғастыруға болады ма, не себепті?

Болмайды, бұл мет.алкалозға, ол газдық ацидозға, кейін газдық алкалозға алып келіп, ОЖЖ-ң терең зақымдалуына алып келеді. Is it right?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет