Есеп № 28
Ұзақ уақыт ойық жара ауруымен зардап шеккен 45 жастағы науқас К., асқазанынан қан кетуінен клиникаға әкелінді. Ауруханаға түсер кезінде үдемелі әлсіздікке, басының айналуына, құлағындағы шуға, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Науқас бозарған. Айқын ентігу байқалады. Эпигастр аймағында аздаған ауыру сезімі. Тамыр соғысы — 95 рет/мин, тыныс жиілігі 25 рет мин
науқастағы гипоксияның белгілерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Оттегінің тіндерге жеткізілуі бұзылғандықтан оларда ТФ процессі бұзылып, АТФ азайып әлсіздік болады. Асқазандағы қышқыл өнімдер, гипоксия, қандағы көмірқышқыл газының жоғары деңгейі мида энцефалопатиялық өзгерістер тудырады. Қылтамырлардағы жылдамдық төмендегендіктен , тін оттегін толығымен пай-п веналық қанда көмірқышқыл газы көбейіп цианоз дамиды. Гипоксияны реттеу үшін тез дем алады – тахипноэ мен тахикардия болады. Кейіннен қ.т. тонусы төмендейді, АҚ төмендейді, брадикардия дамиды.
науқаста гипоксияның қай түрі кездесуі мүмкін? (4) жауапты негіздеңіз.
Қанайналымдық түрі. Өкпеде қанның оттегіге қанығуына қарамай, тіндерге тасмылдануы бұзылып, жалпы гипоксия дамиды.
науқаста оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді (қанның оттегіге сыйымдылығы, оттегі бойынша артерио-веналық айырма)?
Артериядағы рО2 – қалыпты, қанның О2-ге сиымдылығы қалыпты н/е жоғарылаған, О2 б/ша артерио-веналық айырым жоғарылаған.
Этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.
Асқазанның ойық жарасын емдеу, оттегімен демалдыру(барометрлік қысымда), карбогенмен демалдыру. Тыныстық ферм-ң қатарына электрондарды жасанды тасымалдайтын препараттарды пай-у, антиоксиданттарды пай-у.
Достарыңызбен бөлісу: |