Әдебиеттер:
Сәрсекеев М. Қаныш Сәтбаев.-Алматы, 1988.-528б.
Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы. Роман -эссе.-Алматы, 1999.-592б.
Сәрсекеев М. Қуғындалған "Сәтбаев".-Алматы, 1994.-247б.
Сәрсекеев М. Туған жердiң асылы: Новеллалар.-Алматы,1997.-200б.
Сәтбаева Ш.Қ. Сәулелi әулет.-Алматы, 1996.-175б.
Тарихи тұлғалар.Танымдық-көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған./Құраст.Тоғысбаев Б., Сужикова А.-Алматы:Алматыкітап баспасы,2008.-109-110 бет.
Кашляк В., Тусумбаева Т. Летопись семипалатинских улиц.-Семипалатинск,1998.- с.69-70
12 сәуір
орталық Азияны зерттеуші орыс саяхатшысы Николай Михайлович Пржевальскийдің туғанына
175 жыл (1839-1888)
Пржевальский Николай Михайлович (31.3.(12.4). 1839, Ресей, Смоленск губ. Кимборово селосы — 20.10.(1.11). 1888, Қырғызстан, Қарақол қаласы) — Орталық Азияны зерттеуші орыс саяхатшысы. Петербург Ғылым Академиясының құрметті мүшесі (1878), генерал-майор (1886). Петербург Бас штаб академиясын бітірген (1863). 1864 — 67 ж. Варшава юнкерлер уч-щесінде оқытушылық қызмет атқарды. 1867 — 69 ж. Уссурий өлкесіне саяхат жасады. 1870 — 85 ж. Орыс география қоғамының Орталық Азияға ұйымдастырған 4 экспедициясын басқарды. поэтика Орталық Азияға жасаған бесінші саяхаты кезінде Ыстықкөлдің жағасында қайтыс болды. поэтика бұрын ғылымға беймәлім Гоби, Ордос, Алашань, Такла-Макан, Цайдам шөлдеріне сипаттама жазды. Наньшань, Куньлунь, Солтүстік Тибет тау жүйелерінің орнын анықтап картаға түсірді; Гумбольдт, Риттер, Колумб, Алтынтаг, Мәскеу, т.б. жоталарды, бірнеше көлді ашты. Қытайдың ұлы өзендері Янцзы мен Хуанхэнің бастауына жетті. 231 пункттің абселосы биіктіктері мен 63 астрон. пункттің орны анықталды; жануарлар мен жәндіктердің 7,5 мыңнан астам түрлері сипатталып жазылды, 18 мың өсімдіктер және көптеген минералдардың бағалы коллекциялары жиналды. Жабайы түйе мен жабайы жылқы (кейіннен Пржевальский жылқысы деп аталды) ашылды. 1886 ж. Петербург ҒА П-ді “Орталық Азия табиғатын тұңғыш зерттеушіге” деген арнайы дайындалған алтын медальмен марапаттады. поэтика есімімен Куньлунь тау жүйесіндегі жота, Моңғол Алтайындағы мұздық, Аляска түбегі мен Куриль аралындағы мүйіс аталған. Үздік геогр. зерттеу жұмыстарын марапаттауға поэтика атындағы сыйлық, алтын және күміс медальдар тағайындалған. П-ге Санкт-Петербургте және Ыстықкөлдің жағасындағы қабірінің басына ескерткіш қойылған.
Шығармалары: Записки по всеобщей географии для юнкерских училищ, Варшава, 1867; От Кульджи за Тянь-Шань и на Лобнор, М., 1947; Из Зайсана через Хами в Тибет и на верховья Желтой реки, М., 1948; От Кяхты на истоки Желтой.
Әдебиеттер:
Баяндин Н. Географиялық ашулар.-2 бас.-Алматы: Мектеп,1989.-Б.89-91.
Баяндин Н. Географиялық ашулар.-Алматы: Мектеп,1970.-Б.94-98.
Баяндин Н. Саяхатшылар ізімен.-Алматы:Қазақстан,1966.-Б.184-188
20 сәуір
Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл
(1924-1944)
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.[1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.
Әдебиеттер:
Тарихи тұлғалар.Танымдық-көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған./Құраст.Тоғысбаев Б., Сужикова А.-Алматы:Алматыкітап баспасы,2008.- 355-356 бет.
Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.89
Қаһарман қыздар:Совет Одағының батыры атағын алған әйелдер туралы очерктер.-Алматы:Қазақстан,1965.-Б.306-311.
Алия: Коллективный сборник документов и воспоминаний/Сост. С.Аскаров.-Алма-Ата:Жалын,1985.-120 с.
Оралбай Ә. Әлия: Деректі повесть.-Алматы:Ер-Дәулет-Қазақстан,1994.-154 бет.
Из жизни музея:Актюбинский областной мемориальный музей Героя Советского Союза А.Молдагуловой.-Актюбинск
Әлия-батыр қызы сен халқымның...-Ақтөбе
Отан батырларын мадақтайды. : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герой Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей -заповедник. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.93
Кашляк В., Тусумбаева Т. Летопись семипалатинских улиц.-Семипалатинск,1998.- с.69-70
10 мамыр
Ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 105 жыл
(1904-1985)
Марғұлан Әлкей Хақанұлы 1904 жылы 10 мамырда Баянауыл ауданында дүниеге келген.
Қазақ ғалымы, Қазақстан археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық географиялық қоғамының толық мүшесi. Филология ғылымының докторы (1946), ҚазССР ҒА-ң корреспондент мүшесi (1946), академигi (1958), профессор (1960), ҚазССР-ң еңбек сiңiрген ғылым қайраткерi (1961), ҚазССР Мемлекет сыйлығының (1982) және ҚазССР ҒА-ң Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты (1967).
Ә.Марғұлан 1925-31 жылдары Ленинградттың Шығыстану институтын бiтiрдi. 1934 жылы Ленинград мемлекеттiк университетiнiң қоғамдық ғылымдар факультетiнiң Шығыс бөлiмшесiнде оқыды. 1926-30 жылдары СССР ҒА-ң Қазақстан экспедициясы құрамында қазақтардың әдет-ғұрып, тұрмысы мен өнерiн зерттедi. 1930 жылы ҚазССР Оқу халық комиссариатының жанындағы жаңа алфавит комитетiнде ғылыми қызметкер. 1931-35 жылдары Материалдық мәдениет тарихы жөнiндегi мемлекеттiк академияның аспиранты, сонымен қатар Шығыстану институтында оқытушы. 1936-38 жылдары СССР ҒА-ң Материалдық мәдениет тарихы институтында ғылыми қызметкер.
Ғалым 1938 жылдан өмiрiнiң соңына дейiн ҚазССР ҒА-да аға ғылыми қызметкер, тарих, археология-этнографиялық институтында сектор, бөлiм меңгерушiсi. Сырдария, Талас, Шу өзендерi бойындағы ежелгi қалалардың орнына алғаш рет археологиялық қазба жұмыстарын жүргiзiп, Тараз, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ мәдениетiн зерттедi. Оның басшылығымен Ш.Уәлихановтың таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағы (1961-72) жарық көрдi.
Ә.Марғұлан Ленин орденiмен және медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар: Ғылыми-зерттеу мақалалар.-Алматы, 1985.- 368б.
Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы/Бас ред.Б.Аяған.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы,2004.-368-369 бет.
Тарихи тұлғалар.Танымдық-көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған./Құраст.Тоғысбаев Б., Сужикова А.-Алматы:Алматыкітап баспасы,2008.-112-114 бет.
Сүйiншалиев Х. Әлкей Марғұлан // Қазақ фольклористикасы.- Алматы, 1972.- 232 - 243б.
Зарлы көкекке // Абай.- 2005.-N1.- 35б.
Мекемені қазақыландыру жұмысына шұғыл кірісу керек: [Әлкей Марғұланның публицистикасынан] / Дайынд. Б.Әсембаева // Абай.- 2005. - N1. - 31 - 34б.
Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.433
Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.360
Академик Әлкей Марғұлан (1904-1985)//Аңыз адам.-2013,№1(61)
14 мамыр
Жазушы-ақын, қоғам қайраткері
Ілияс Жансүгіровтің туғанына 120 жыл
(1894-1938)
Жансүгіров Ілияс — ақын, қоғам қайраткері. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.
1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
1922 жылыВерныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.
1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп, 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң, 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып, 1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде, 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.
1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілген. 1958 жылы ақталды.
Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшһүр болды. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, М.Горькийдің, Г.Гейне мен В.Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романың аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Ж. ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Ж. аударғаның дәлелдеді. Республикада бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.
Әдебиеттер:
Тарихи тұлғалар.Танымдық-көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған./Құраст.Тоғысбаев Б., Сужикова А.-Алматы:Алматыкітап баспасы,2008.-187бет.
Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр.Анықтамалық.-Алматы:Ана тілі,2004.-Б.127
Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.207-208
15 мамыр
Кеңес Одағының Батыры
Айткеш Абайұлы Ибраевтың туғанына 90 жыл
(1924-1944)
Кеңес Одағының Батыры Айткеш Абайұлы Ибраевтың жеке қоры жаңа құжаттармен толықты. 1942 жылы Симферополь пулеметтік-минометтік училищесіне оқуға жіберіледі. Аталмыш оқу орнын тәмамдаған соң Айткеш Абайұлы бірден командир қызметіне тағайындалады. Ол Батыс, Калининдік, Орталық, Брянск және 2-ші Беллоруссиялық фронттарында ұрысқа қатысады.
Кеңес Одағының батыры атағын Айткеш Ибраев 1944 жылы 6 шілде күнгі ерлігі үшін алған. Могилев облысы Червин ауданы Шеметево-Пиками ауылы маңындағы ұрыста 192 неміс солдаттары мен офицерлерін, 19 машинасын өртеп, 6 танкіге қарсы арналған қаруын және 12 пулетметтік нүктесін құртты.
Отан үшін Майдандағы ерекше еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы қаулысы бойынша 1945 жылдың 24 наурыз күні А.А.Ибраевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Айткеш Ибраев Белосток облысы Гродненский ауданы Нижние Погораны ауылы аумағындағы ұрыс кезінде ерлікпен қаза тапты.
Айткеш Ибраев қысқа ғұмыр кешті, алайда Отан алдындағы ерлігі мен қайсарлығы ешқашан ұмытылмайды. Қайсар тұлға туралы естеліктер ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Айткеш Ибраевтің есімі «Кеңес Одағының Батырлары» қысқа биографиялық сөздікке, Семей облысы Естелік кітабына енді. Оның есімімен Семей қаласының орталық көшелерінің бірі, Новобаженово ауылындағы орта мектеп аталды. Новобаженово ауылындағы мектеп паркіне ескерткіш тақтасы орнатылды.
Айткеш Ибраевтың құжаттарын мемлекеттік сақтауға жазушы Ш.А.Қалиақпаров ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына тапсырды. Атап өтетін жайт бұл тұлғаның құжаттарының түпнұскалары. Олар: мектепте оқыған жылдардағы дәптерлері, оқу үлгерімі табельдері, майданнан жазған хаттары, марапаттау қағаздары, газеттердегі мақалалар. Құжаттар 1936-1997 жылдарды қамтиды.
Әдебиеттер:
Қожахметова А. Батыр атын мақтан тұтамыз//Семей таңы.-2011,4 қазан
Кашляк В., Тусумбаева Т. Летопись семипалатинских улиц.-Семипалатинск,1998.- с.77
Отан батырларын мадақтайды. : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герой Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей -заповедник. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.95
24 сәуір
Кеңес Одағының батыры
Владимир Алексеевич Засядконың
туғанына 95 жыл (1919-1944 жж.)
1919 жылы Харьков қаласында дүниеге келген. 1932 жылы Қазақстанға қоныс аударған.
Майдан шебінде 1942 жэылдың наурыз айынан бастап болған. Қазақстанда жасақталған 73-ш» гвардиялық атшыштар Сталинград дивизиясының қатарында даңқты жауынгершілік жолжүріп өтті. Стаоинградты қорғауға, Украинаны азат етуге қатысты.
Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.
Кировоград облысында неміс қорғанысын бұзу кезінде қаза тапты. Водяна аулында жерленген.
ҚСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен гвардия аға лейтенанты В.А.Засядкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей қаласының Батыр оқыған №1 мектептің ғимаратында ескерткіш тақта ілінген, қала көшесіне Засядко есімі берілген.
Әдебиеттер:
Кашляк В., Тусумбаева Т. Летопись семипалатинских улиц.-Семипалатинск,1998.- с.83
Отан батырларын мадақтайды. :
Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герой Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей -заповедник. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.93
www.cdni-arhiv.vko.gov.kz
29 мамыр
Белгілі педагог-ағартушы
Жақия Шайжүнісовтың
туғанына 100 жыл (1914-1983 жж.)
Шайжүнісов Жақия (1914, қазіргі Семей облысы Абай ауданы Құлменді ауылы — 2.9.1983, Семей қаласы) — ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1961). 1953 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген. 1933 жылдан 1938 жылға дейін Семей облысындағы Көкпекті балалар үйінде оқу ісінің меңгерушісі, 1938 жылдан демалысқа шыққанша осы балалар үйінің директоры болды. Шайжүнісов басқарған тәрбиешілер ұжымының тәжірибесі республикалық деңгейде насихатталды. Шайжүнісов Социалистік Еңбек Ері, Ленин ордені, “Құрмет белгісі” ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Қазір Көкпекті ауданының орталығы Көкпекті ауылындағы қазақ орта мектебіне Жақия Шайжүнісовтың есімі берілген.
Әдебиеттер:
Кашляк В., Тусумбаева Т. Летопись семипалатинских улиц.-Семипалатинск,1998.- с.70
Жанатұлы Е. Жақсылығы жастар жадында жаңғырмақ// Ертіс өңірі.-
Халық ақыны Сапарғали Әлімбетовтің
туғанына 125 жыл
(1888-1956 ж.)
Сапарғали Әлімбетов 1888 жылы Семей облысы, Жарма ауданында дүниеге келген – айтыскер ақын. Ежелден құтты мекен Жарма өңірінен атағы көпке тараған дарынды ақын- жазушылар көп шыққан. Солардың, ішінде «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, Құрмет грамотасын екі мәрте алған халық ақьшы, белгілі айтыскер - С. Әлімбетов.
Ақынның әкесі де өткір тілді шешен болған. Ол жастайынан жазып, ақын бала атанады. Оның шығармашылық жолына бағыт берген ақын - I. Жангүгіров. Сол кісінің қамқорлығы арқасында Алматыға келіп, жұмысқа тұрады. Жазушылар одағынынң жанындағы төрт айлық курсты бітіреді. Ілияс Жансүгіров Сапарғалидың халық мақсатына сай өлең-жыр жазуына кеңес беріп, ақыл айтып, жөн сілтеп жол көрсетеді. Ақын революциядан бұрын қазақ өміріне арналған көптеген өлеңдер жазады. 1914-1915 жылы жазған «Төрткісен» деген термесі Сапарғалидың өз ағайындары тарапынан қуғын-сүргінге ұшырауына себеп болады. Жас кезінде ақын зәбір-жапаны көп көрсе де жауыздыққа деген өшпенділігі жойылмайды. Бертін келе сауатын ашқаннан кейін Абай өлеңдерін құмарлана оқи бастайды. Оны жаттап алып ел арасына таратады. Кейінірек Абай үлгісімен «Татьяна» поэмасын және байларға арналған бірнеше өлеңдер жазады.
1936-1937 жылдары ақын Аягөз ауданына көшіп келіп, Жарма ауданындағы Ақжал руднигіне орналасады. Ұлы Отан соғысы жылдары жалғыз баласы Маманды майданға аттандырып, ақын осы Ақжалда тұрып көп өлеңдер жазады. 1939 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы қарт ақынның еңбегін зор бағалап, Құрмет грамотасын береді.
Сапарғали ақын талай- талай айтыстарда Жарма ауданының намысын қорғап алда жүрді. Қазақ әдебиетінің үздік үлгілері И. Байзақов, Т. Көбдіков, Н. Баймұратов сияқты ақындармен айтысқа түскен. 1936 жылы Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығына, 1943 жылы Семей-Қарағанды облыстары ақындары айтысына, 1945 жылы Абайдың 100 жылдық тойына, 1946 жылы Талдықорған каласында Жамбылдың 100 жылдық мерейтойына қатысып көзге түседі.
Ақынның жекелеген өлеңдері мен толғау, дастандары зор тебіреніспен жазылған, оның «Алтай», «Тарбағатай», «Жарма», «Қалбадағы айқас» туралы жазғандарында бақытты елдің ұлан-байтақ қоныс мекенін, асқар тау, сай-саланы тамаша көрікті табиғатын көркем бейнеде асқақтата жырлайды. Қаламгер «Ақтардың әрекеті», «Қойкелді батыр»,«Бекбосын», «Молдабай палуан» поэмаларын жазды. Соңғы аталған дастаны 1997 жылы «Қазақ палуандары» деген кұрама жинақка шықты. 1962 жылы өлеңдер мен поэмалар жинағы шықты.
Ақын тілге шебер, сөзге бай, алғыр ойлы ақын. Ол халықтың рухани асыл қазынасы - ауыз әдебиетін көп біліп, өзінің ақындық өнеріне үлгі етумен бірге, жазба әдебиетін де жақсы білді. Қандай тақырыптарды жырласа да, акын жалаң сөзге бой үрмай, жанды суретпен көркем бейнелеп беруге, нанымды образды дұрыс қолданып, өлеңнің адамға әсерлі болуына зер салды. Сапарғали ақынның өмірі де, ақындық өнері де халық өмірімен біте кайнасып, тығыз байланысқан. Ол қолына домбыра алғаннан бері, халық жырын жырлаудан бір тынбаған, халқының қайғысын, қуанышын қуат еткен.
100 жылдық мерейтойын жармалықтар 1988 жылы атап етті. Жарманың орталығы Георгиевка селосының бір көшесі ақын есімімен аталады. Есімі қазақ-совет энциклопедиясына, «Ақын жыраулар», «Қазақстан ақындары» кітаптарына енгізілді.
Әдебиеттер:
Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.90
Иман-Жапар М. Бір суреттің сыры//Ертіс өңірі.-2009,3 маусым
Ақын Иса Биназаровтың туғанына 115 жыл
(1898-1964)
Иса Биназаров - ақын, әрі күйші, Абай ауданының Абыралы совхозында 1898 жылы дүниеге келді. Арғы атасы Байжан да, өз әкесі Биназар да кезінде елге мәлім, дәулетті адамдар болған. Иса жастайынан-ақ аңыз, қиссаларды жатқа айтатын болған. Бертін келе Абайдың және оның төңірегіндегі ақындардың ө
леңіне ден қойып, жаттап, өзі де өлең шығара бастайды.Ескіше білім алса да, оқығанынан тоқығаны көп Иса кейінірек тағы да бір үлкен өмір мектебіне тап болады. Бұл Иса 1917-1919 жылдары екі жылдық педкурста оқиды. Көкірек көзі ояу, өнердің дөстүрлі мектебінен тәлім алып келген ол, озық ойлы, танымы мол замандастарымен танысып, оларға жақын жүруге ұмтылады. Әртүрлі үйірмелерге қатысып, халық алдына шығып өнер көрсете бастайды. Жаңа заман, жаңа дәуір ықпалына орай енді оның өлеңдерінде де жаңа тақырып, тың ойлар бой көрсетеді.Осында өткен екі жылда ол қазақтың тарлан ұлдары Қ.Сәтбаевпен, Ж.Аймауытовпен, Ә.Қашаубаевпен танысып, араласады. Сол кездегі қазақ жастарының зиялылары атанған осы адамдардың касына еріп, жаңа өмір идеяларын насихаттауға бейімделеді.
Ақынның замандастарының айтуына қарағанда ол әсіресе Ж.Аймауытовпен жақсы қарым-қатынаста болған екен. Аз ғана бірге болғанмен олардың өмірге деген көзқарастары, жалпы ой-пікірлері тоғысқан тәрізді. Сол кісінің ақылымен Иса сол кезде шығып түратын «Қазақ тілі» газетіне ел өмірі туралы хабарлар жіберіп тұрды.
Иса Биназаров ғұмырының негізгі арқауын әділдікті қорғауға, қараңғылық жайлаған ел көкірегін оятуға бағыштаған адам. Өзінің шеберлігімен, тапқырлығымен, ұшқырлығымен айтыс ақыны атанған сөз зергері, Иса мұрасымен таныс жанашыр қауым оның бірнеше айтыс-сайыстарын біледі. Ол Қазак ССР Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет жөне өнер институтының ұйымдастыруымен 1961 жылы тамыздың 3-5-күндері Алматыда өткен ақындардың республикалық мәслихатына қатысты. Өлеңді өмірлік серік еткен Иса оның әртүрлі жанрларына қалам тербеген. Акынның «Ақылға бағынышты», «Қарқаралы-Қазыбек» тәрізді бірнеше поэмалары бар. Өкінішке орай бұл өлеңдер баспа бетін көрген жоқ.
Иса өнерінің сабақтас тағы бір саласы - оның күйшілігі. Абай, Абыралы өңірінің жұртшылығы оны Толеуғожа күйшінің ізбасары, дәстүрлі Тоқа күйлерінің насихатшысы ретінде жаксы біледі.
Иса Биназаров-ақындығымен, күйшілігімен ел аузына іліккен өнерпаз ғана емес, ұйымдастырушылық қасиеті мол, ел басқарған қадірменділердің бірі. Ол кісінің өмірбаянында мұғалім, мектеп директоры, қызыл отау басшысы, сот қызметкері болғандығын көрсетеді. Оның осындай қоғамдық өмірі мен қызметі туралы белгілі жазушы С.Бегалиннің «Замана белестері» деген романында жан-жақты ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |