Әдебиеттер:
Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.132
Асабаев З. Иса ақынның ұлы Амантай ғалым // Мәдениет. - 2012. - №1. - 44-45 б. ; Парасат. - 2011.; № 11. - 10-11 б.
Әлімбек Қ. Атадан ұл туса игі еді //Қазақ әдебиеті.-2005.-20 мамыр.-І2 б. Биназаров И. Ақылға бағынышты // Семей таңы.-2003.-14 паурыз, 21 ақпан.-14 б.Дүйсембаев М. Иса Байназаров: Естен кетпес есімдер // Семей таңы.- 1990.-18 тамыз.Елдің елдігі мен берекесін жырлаған: Ақын Иса Биназарұлының туғанына 100 жыл // Үш анық. -1998.-1 тамыз
Уәйіс Шондыбайұлы, ақын, сазгер туғанына 140 жыл
(1873-1923)
Шондыбаев Уәйіс -бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданының Баршатас ауылында туған. Уәйіс жасынан әнші, қиссаларды жатқа айтатын және дарынды ақын болған, әрі сазгер. Көрші Тобықты елімен, Қосай, Нұралы ауылдарымен, Найман руының сол кездегі алдыңғы катарлы адамдарымен жиі араласқан, тату-тәтті жолдас болған. Кезінде Абай шәкірттерінің бірі болған. Оның халық арасында кеңінен тараған «Перуайым», «Шұбартау», «Шыңғыстау» т,б. әндері бар. 1894 жылдан бастап Көкбай, Акылбай, Мағауия сияқты дарынды ақындар тобына қосылып, ұлы Абайдың ақындық мектебінен өтеді. Ақын шығармаларының ел аузында, көшірме қолжазбаларда және архив қорында сақталып жеткендері: орыс ақыны П.П.Ершовтың (1815-1869) әйгілі ертегі-дастаны «Конек-Горбунок» оқиғасын пайдаланып жазған «Иванушка-дурачок» поэмасы, «Жошы-Алаша хан» дастаны, «Қырық уәзір» әңгімесінен алынып жазылған «Бір қыздың оқиғасы» атты дастаны мен бірнеше өлеңдері.
Керей Уәйіс ақынның шығармаларын жинап, алғысөз, түсініктерін жазып, екі кітабын баспадан шығарған («Уақыт өрнегі», Алматы, «Жазушы»,1988ж. «Абайдың акын шәкірттері», Алматы,1994 ж. 6-том) Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, ғалым Қ.Мұхаметханов ағамыз.
Уәйіс ақынның 1916-1921 жылдары жазған өлең-жырлары түгелдей саяси-әлеуметтік лирика жанрында, революцияшыл рухта жазылған. «Кеңшілік кедейлерге заман бар ма?» (1916), «Дүние байқағанға бір кең сарай» атты өлеңдерінде халықты азаттық күреске үндеп, ел қамқоры болған жастарды жастарға үлгі-өнеге етіп ұсынады. Ақынның алғашқы өлеңдері Ресейдегі төңкеріс, дүрбелең, азамат соғысы күндеріндегі күпті көңіл, қатерлі қауіптен елес берсе, кейінгі өлеңдері - Қазақстанда большевиктер үстемдігі жаңа орнай бастаған, ел бүлініп, дүние құбыла бастаған кезеңге сәйкес келеді. Ақынның замана ызғырығын айқын сезініп, нақты баға беруі, осы орайдағы күмән мен үрей - XX ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ қоғамының көңіл-күйін айқын аңғартады. Ақынның шығармалары 1987 жылы «Жазушы» баспасынан басылып шықты.
Әдебиеттер:
Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.557
Шондыбайұлы У. (1873-1925) Тәуке –Жәкібай: Поэма // Қазақ әдебиеті.- 1992.-18 желтоқсан.
Абайдың ақын шәкірттері: (Уәйіс ақын туралы бар) // Қ. Мұхаметханов.- Алматы: Дәуір, 994.-336 б.
Мұқашев Еркебұлан. Уәйіс ақын "Иванушка-дурачекты" қалай жазған // Семей таңы. - 2010. - 18 наурыз
Сәменбекұлы Н. Керей Уәйіс ақын //Дидар.-2002.-8 маусым.
Семей қаласында биологиялық орталықтың
құрылғанына 75 жыл (1978)
Биологиялық орталық – Семей қаласының биология орталығы Шығыс Қазақстандағы балаларды экологиялық, эстетикалық бағытта тәрбиелеп, оларды еңбекке баулу мен білімдерін ұштауда еңбек етіп келе жатқан ұжым.
1983 жылдан бері Ертістің ортасындағы табиғаты әсем аралда орналасқан осы мекеме 2,06 гектар жерді алып жатыр. Бұл кешеннің оқыту базасы жақсы жолға қойылған. Өзінің құрылған күнінен бастап табиғат төлінің 80 түрінен 400-ге тарта аң-құс бар болса, осылардың 17 түрі Халықаралық және Қазақстанның Қызыл Кітабына енген. Оқыту –тәрбие барысында 3 сатылы оқу жүйесінде 56 салалық үйірме, оның ішінде 10 үйірме қазақ тілінде өз жұмыстарын жүргізіп келеді.
Екі бағыты үйірме жұмыстары болса, үшіншісі билогиялық ғылыми жұмыстарын тереңдете зерттеу болып табылады.
Биологиялық орталық негізінде жазғы экологиялық «Отан» легерінде 500 оқушы демалып қана қоймай, түрлі аң-құстармен танысып, оқу жоспарлары негізінде өз таным, білімдерін толықтырады.
Мұнда АҚШ-тан, Германия, Қытай, Түрік елдерінен арнайы қонақтар келіп, орталықтың жұмысын тамашалады.
Әдебиеттер:
Жоламанова П. Биологиялық орталық – балалар қуанышы // Семей таңы.-1998.-20 тамыз.
Қира Ө. Хайуанаттарға қамқорлық // Ертіс өңірі.-2003.-9 мамыр.-3 б.
Әріптік көрсеткіш:
Абай кітапханасы
|
21
|
Айтматов Ш.
|
29
|
Әлімбаев М.
|
25
|
Әлімбетов С.
|
47
|
Бажов П.П.
|
32
|
Бейсембеков А.
|
20
|
Биназаров И.
|
51
|
Биологиялық орталық
|
50
|
Ғаббасов С.
|
33
|
Жансүгіров І.
|
45
|
Жүнісов С..
|
31
|
Жұмаханов Ж.
|
28
|
Ибраев А.
|
47
|
Ибрпгимов Т.
|
34
|
Засядко А.В.
|
48
|
Затаевич А.В.
|
37
|
Қастеев Ә.
|
31
|
Марғұлан Ә.
|
44
|
Молдағұлова Ә.
|
42
|
Мұсаұлы Ы.
|
26
|
Өмірзақова Ә.
|
36
|
Пржевальский Н.М.
|
41
|
Рахимов Е.
|
24
|
Сәтпаев К.И.
|
40
|
Семей қаласы
|
16
|
Семей-Невада қозғалысы
|
35
|
Тарихи-өлкетану музейі
|
19
|
Семей қаласында биологиялық
|
|
орталықтың
|
53
|
Шайжүнісов Ж.
|
49
|
Шәкәрім
|
14
|
Шондыбайұлы У.
|
52
|
Достарыңызбен бөлісу: |