Сенімсіз операциялар:
2009 ж. Топ аяқталмаған құрылыстан бейматериалдық активтерге 41,594 мың теңге сомасына объектілерді ауыстырды (2008ж.: 57,927 мың теңге) (7-ескертуді қараңыз).
2009 мен 2008 жж. Топ сәйкесінше 1,411,437 мың теңге және 1,393,051 мың теңге сомасына заемдар бойынша шығыстарды капиталдандырды (сәйкесінше, 322,310 мың теңге және нөл теңге мөлшеріндегі бағамдық айырмашылық бойынша шығыстарды қоса алғанда) (6-ескертуді қараңыз).
Топ басшылығының атынан қол қойылды:
Оспанов С. К.
Президенттің м.а.
|
|
Мұқанова Д. Т.
Бас бухгалтер
|
|
2010 ж. 25 наурыз 2010 ж. 25 наурыз
Астана, Қазақстан Астана, Қазақстан
9-51-беттердегі ескертулер бұл шоғырландырылған қаржылық есептеменің бөлінбес бөлігін құрайды. тәуелсіз аудиторлардың есебі 2-3-беттерде берілген.
«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
2009 ж. 31 ЖЕЛТОҚСАНДА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛҒА ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕНІҢ ЕСКЕРТУЛЕРІ
(мың теңгемен)
-
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания» немесе «KEGOC») бұрынғы «Қазақстанэнерго» Ұлттық энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – «НЭС») активтерінің бөлігін табыс ету жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 ж. 28 қыркүйектегі №1188 Қаулысына сәйкес құрылған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі №142 бұйрығымен Топтың мемлекеттік акция пакетін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ-ның (бұдан әрі - «Самұрық») орналастырылған акцияларын төлеуге табыс ету туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ мен Самұрық «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына») бірігу жолымен қайта құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қабылдаған шешімдері негізінде Самұрықтың жарғылық капиталындағы 100% акциялары «Самұрық-Қазынаның» меншігіне табыс етілді. 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компанияның жалғыз акционері Самұрық-Қазына болып табылды (2007 жылғы 31 желтоқсан: Самұрық)
KEGOC жасалған шарттардың талаптарына сәйкес электр энергиясын жеткізу бойынша, электр энергиясын электр энергетикалық жүйеге босату және импортталатын энергияны тұтынуды техникалық диспетчерлеу бойынша, электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді, меншік құқығы нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйелерінің (бұдан әрі – «БЭЖ») объектілерін орталықтан жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асырады.
KEGOC қаржылық есептемелері Топтың аталған шоғырландырылған қаржылық есептемесіне кіретін «KEGOC-Сервис» (Компанияға қызмет көрсету жөніндегі қосымша функциялар) пен «Энергоинформ» (Компанияның қызметін ақпараттық қамтамасыз ету) (бұдан әрі бірге – «Топ») еншілес мекемелерінің негізгі компаниясы болып табылады.
Топтың мүліктік кешеніне кернеуі 110 кВ-тан 1150 кВ-ға дейінгі электр жеткізу желілері және электр энергиясының мемлекет арасындағы ағындарын, БЭЖ-ға қосылған электр станцияларынан қуат беруді, өңірлік электр желілік компаниялар (бұдан әрі – «ӨЭК») мен ірі тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін тірек қосалқы станциялары кіреді.
2004 жылы Компания өзінің бас әкімшілік кеңсесін Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырды және Алматы қаласында өкілдік кеңсесін ашты. Топтың құрамына бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан жүйеаралық электр тораптарының 9 филиалы, Астана қаласында орналасқан бас кеңсе, Қазақстан Республикасының Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы кіреді.
Топтың қызметі «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272-I Заңымен реттеледі, себебі ол электр энергиясын жеткізу және техникалық диспетчерлеу саласындағы табиғи монополист болып табылады. Заңға байланысты Топтың электр энергиясын жеткізу және техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтеріне тарифтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – «Агенттік») келісуі және бекітуі тиіс (3 және 32-ескертулерді қараңыз).
Топ қызметкерлерінің орташа саны сәйкесінше 2009 ж. мен 2008 ж. 4,583 және 4,584 адамды құрады.
-
Заңды атауы
|
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ
|
Заңды мекен-жайы:
|
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Бейбітшілік көш., 37
|
Заңды тіркеу нөмірі:
|
№12156-1910-АО, 1997 жылы 11 шілдеде Әділет министрлігінде тіркелген (бастапқы тіркеу)
№6801-1901-АО, 2004 жылғы 21 қазанда Әділет министрлігінде тіркелген (қайта тіркеу)
|
Заңды дәрежесі:
|
Акционерлік қоғам
|
2.ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАРАЛҒАН СТАНДАРТТАРЫ ҚАБЫЛДАУ
Ағымдағы жыл үшін жарамды Стандарттар мен Түсіндірулер
Ағымдағы жылы Топ мына Стандарттар мен Түсіндірмелерді қабылдады:
-
«Қаржылық есептемені ұсыну: Жиынтық табыс» 1 БЕХС-ға түзету (2009ж. 1 қаңтардан бастап немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
«Қаржылық есептемені ұсыну: Өтеу сәтінде туындаған міндеттемелер мен мерзімінен бұрын өтеу құқығымен құралдарды ашып көрсету» 1 БЕХС-ға түзетулер (2009 ж. 1 қаңтарға дейін немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
Бастапқы қолданған кезде инвестиция құнымен байланысты «Шоғырландырылған және қаржылық есептеме» 27 БЕХС-ға түзетулер (2009 ж. қаңтардан бастап немесе одани кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
Өтеу сәтінде туындаған міндеттемелерді және мерзімінен бұрын өтеу құқығымен құралдарды ашып көрсетуге байланысты (Қаржылық құралдар - ақпаратты ашып көрсету және ұсыну» 32 БЕХС-ға түзетулер (2009 ж. 1 қаңтардан бастап немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
Қаржылық құралдардың жіктемесі өзгерген кезде кіріктірілген туынды құралдарға байланысты «Қаржылық құралдар – тану және бағалау» 39 БЕХС-ға түзетулер (2009 ж. 30 маусымға дейін немесе одан кейін аяқталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
Бастапқы қолданған кездегі құнға байланысты «ҚЕХС-ны бастапқы қолдану» 1 ҚЕХС-ға түзетулер (2009 ж. 1 қаңтардан бастап немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер: Үлес құқығын беру және алып тастау шарттары» 2 ҚЕХС-ға түзетулер (2009 ж. 1 қаңтардан бастап немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
Әділ құны мен өтімділік тәуекеліне қатысты ашып көрсетулерді кеңейтуге байланысты «Қаржылық құралдар – ашып көрсету» ҚЕХС-ға түзетулер (2009 ж. 1 қаңтардан бастап немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕХС 8 «Операциялық сегменттер» (2009 ж. 1 қаңтардан бастап немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕМСТК 13 «Сатып алушылардың тұрақтылығы бағдарламасы» (2008 ж. 1 шілдеден бастап немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕМСТК 15 «Жылжымайтын мүлік құрылысына келісім-шарттар» (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды); және
-
ҚЕМСТК 16 «Инвестицияны шетелдік операцияларға хеджирлеу» (2008 жылғы 1 қазаннан бастап немесе одан кейін басталатын есепке алу кезеңі үшін жарамды);
«Қаржылық есептеме ұсыну: Жиынтық табыс» 1 БЕХС-ға түзетуді Топ қабылдады және 2009 жылғы 1 қаңтардан басталатын қаржылық жылдың ішінде жарамды. Қайта қаралған стандарт терминологиядағы (шоғырландырылған қаржылық есептеменің тақырыптарын қоса алғанда) бірнеше өзгерістерді және нәтижесінде, ұсынымдар мен ашып көрсетулердегі бірсыпыра өзгерістерді ұсынды. Алайда, қайта қаралған стандарт Топтың есептік нәтижелеріне және қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ.
«Қаржылық құралдар – ашып көрсету» 7 ҚЕХС-ға түзету әділ құнына және өтімділік тәуекеліне қатысты ашып көрсетулерді кеңейтті (31-ескертуді қараңыз).
Аталған Стандарттар мен оларға берілген түзетулерді және Түсіндірмелерді қабылдау Топтың есепке алу саясатында қайсыбір өзгерістердің болуына әкеліп соқтырған жоқ.
Шығарылған, бірақ қолданысқа енгізілмеген Стандарттар мен Түсіндірмелер
Бұл шоғырландырылған қаржылық есетемені бекіткен күні мына Стандарттар мен Түсіндірмелер шығарылды, бірақ қолданысқа енгізілмеді:
-
БЕХС 24 «Байланысқан тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» – Байланысқан тараптардың анықтамаларын қайта қарау (2011 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕХС 3-ті қайта қараудың нәтизесінде «Шоғырландырылған және жеке есептеме» БЕХС 27-ке түзетулер (2009 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕХС 3-ті қайта қараудың нәтижесінде «Қауымдастырылған ұйымдарға инвестициялар» БЕХС 28-ке түзетулер (2009 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕХС 3-ті қайтадан қарауға байланысты «Бірлескен қызметке қатысу» БЕХС 31-ке түзетулер (2009 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
Құқық біліктілігі мәселелеріне байланысты «Қаржы құралдары – ақпаратты ашып көрсету және ұсыну» БЕХС 32-ке түзетулер (2010 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
Рұқсат етілетін хеджирленетін баптарға байланысты «Қаржы құралдары – тану және бағалау» БЕХС 39-ке түзетулер (2009 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
«ҚЕХС-ны бастапқы қолдану» ҚЕХС 1 (қайта қаралды және құрылымы өзгертілді) (2010 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
Мұнай газ активтеріне және мәміледе жалгерлік қатынастардың болуын айқындауға байланысты «ҚЕХС-ны бастапқы қолдану» ҚЕХС 1-ге түзетулер (2010 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕХС 1 «ҚЕХС-ты бастапқы қолдану» – Бастапқы қолданған кезде ҚЕХС 7 бойынша салыстырмалы ашып көрсетулерден шектеулі босату (2010 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
«Үлес құралдары негізіндегі төлемдер: Орындалуы ақша нысанында жүзеге асырылатын үлес құралдары негізіндегі топтық төлемдерді есепке алу» ҚЕХС 2-ге түзетулер (2010 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕХС 3 «Компаниялардың бірлестігі» (қайта қаралды) (2009 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕХС 9 «Қаржы құралдары» (2013 ж. 1 қаңтардан басталған есепке алу кезеңдері үшін жарамды);
-
Еректі аванстық жарналарға байланысты «БЕХС 19 – Төлемдері белгіленген зейнетақылық жоспардың активтерінің шектеулі көлемі, қаржыландыруға қойлатын ең аз деген талаптар және олардың өзара байланыстары» ҚЕМСТК 14-ке түзетулер (2011 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕМСТК 17 «Иелеріне сенімсіз активтерін тарату» (2009 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды);
-
ҚЕМСТК 18 «Тұтынушылардан активтерді табыс ету» (2009 ж. 1 қаңтардан немесе одан кейін басталған есепке алу кезеңі үшін жарамды); және
-
ҚЕМСТК 19 «Үлес құралдарымен қаржылық міндеттемелерді өтеу» (2010 ж. 1 шілдеден басталатын есепке алу кезеңдері үшін жарамды).
2009ж. 16 сәуірде ҚЕХС жөніндегі кеңес қолданыстағы қаржылық есептеменің халықаралық стандартын жалпы жақсартуға бағытталған жыл сайынғы бастамалардың шеңберінде қолданыстағы 12 стандарттарға өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер кейбір тұжырымдамалар мен қаржылық есептемені ұсыну жөніндегі мәселелерге, тану және бағалау мәселелеріне қатысты болды. Жоғарыда санамап көрсетілген стандарттардың жаңа редакциясы 2010 жылғы 1 қаңтарда басталған кезеңдер үшін жарамды).
Басшылық, егер қолдануға болатын болса, аталған Стандарттар мен оларға берілген түзетулерді және Түсіндірмелерді қабылдау алдағы кезеңдерде Топтың бастапқы қолдану кезеңіндегі шоғырландырылған қаржылық есептемесіне елеулі ықпал етпейді деп пайымдайды.
-
ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Сәйкестік туралы өтініш
Бұл шоғырландырылған қаржылық есептеме Қаржылық есептеменің халықаралық стандартына сәйкес дайындалған («ҚЕХС»).
Ұсыну негізі
Топтың аталған шоғырландырылған қаржылық есептемесі қаржы құралдарын қайта бағалауды қоспағанда тарихи құнының қағидасы негізінде дайындалған.
Шоғырлану қағидалары
Шоғырландырылған қаржылық есептемеге Компанияның және Компания жанама немесе тікелей бақылайтын оның еншілес мекемелерінің есептемесі кіреді. Бақылауға Компанияның инвестициялайтын кәсіпорынның қызметінен пайда көру мақсатында қаржылық және операциялық саясатына ықпал ету құқығы болған жағдайда қол жеткізіледі.
Қажет жағдайда еншілес компаниялардың қаржылық есептемесі олардың есепке алу саясатын Топтың басқа мүшелері қолданатын есепке алу саясатына сәйкес келтіру үшін түзетіледі. Еншілес кәсіпорынды сатып алған кезде оның активтері мен міндеттемелері сатып алу күніне қарай әділ құны бойынша бағаланады. Азшылықтың үлесі активтер мен міндеттемелердің танылған әділ құнына шамалас көрсетіледі. Сатып алынған немесе сатылған еншілес мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметінің бір жылдағы нәтижелері нақты сатып алынған күннен бастап немесе нақты істен шығу күніне дейін жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепке енгізіледі.
Барлық елеулі топ ішілік операциялар, қалдықтар мен операциялар бойынша іске асырылмаған табыстар (залалдар) шоғырландырған кезде алынып тасталады.
Шетел валютасындағы операциялар
Аталған шоғырландырылған қаржылық есептеме Топтың қызмет ететін валютасы және шоғырландырылған қаржылық есептемені ұсыну валютасы болып табылатын қазақстандық теңгеде («теңге») берілген.
Топтың функционалдық валютасы теңгеден ерекшеленетін валютада операциялардың шоғырландырылған қаржылық есептемесін дайындаған кезде олар операция жүргізілген күнгі айырбас бағамы бойынша есепке алынады. Әр есептік күнге шетел валютасында берілген ақшалай баптар қаржылық жағдай туралы есеп беру күніндегі бағам бойынша аударылады. Шетел валютасында берілген әділ құны бойынша есепке алынған ақшалай емес баптар әділ құны анықталған күнгі бағам бойынша қайтадан аударылады. Шетел валютасындағы тарихи құны бойынша бағаланатын ақшалай емес баптар аударылмайды.
Мыналардан басқа бағамдық айырмашылықтар олар пайда болған кезеңде жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте танылады:
-
шетел валютасындағы заемдар бойынша пайыздарда шығындарды түзету ретінде қаралатын аталған активтердің өзіндік құнына енгізілген, өндірісте алдағы уақытта қолдану үшін арналған аяқталмаған активтерге жататын бағамдық айырмашылық;
-
белгілі бір валюта тәуекелдерін хеджирлеу үшін жасалған мәмілелер бойынша бағамдық айырмашылық; және
-
шетел компанияларының алынатын немесе төленетін, солар бойынша есеп айырысу жоспарланатын не болмаса екіталай болып табылатын, шетел компаниясына аталған таза инвестицияның бөлігін құрайтын және таза инвестицияның істен шығуы бойынша жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте танылатын ақшалай баптар бойынша бағамдық айырмашылық.
Негізгі құралдар
1997ж. ҰЭТ-дан қабылданған негізгі құралдар шоғырландырылған қаржылық есептемеде осы активтердің оларды табыс ету күнгі теңгерімдік құны негізінде көрсетіледі. Топ құрылған күннен кейін сатып алынған негізгі құралдар жиналып қалған тозу мен құнсызданудан болған жиналып қалған залалды шегергендегі тарихи құны бойынша есепке алынады. Топтың өзі тұрғызған негізгі құралдардың құнына материалдардың құны, еңбек ақы төлеу жөніндегі тікелей шығындар мен өндірістік қосымша шығыстардың тиісті бөлігі кіреді. Пайыздар бұдан кейін көрсетілген заемдар мен заемдар бойынша шығындарға қатысты есепке алу саясатына сәйкес капиталдандырылады. Негізгі құралдарға әр түрлі пайдалы қызмет мерзімімен елеулі компоненттер кіретін жағдайда олар жеке негізгі құралдар ретінде көрсетіледі.
Аяқталмаған құрылысқа құнсызданудан болған залалдарды шегергенде, құрылыс барысында көтерілген тікелей айнымалы қосымша шығыстарды тиісінше бөлуді қоса алғанда, негізгі құралдардың құрылысына тікелей байланысты шығындар кіреді. Басқа да негізгі құралдарға барабар осындай активтер бойынша тозуларды есептеу оларды пайдалануға енгізген сәттен басталады.
Капиталдандырылған шығындарға активтердің пайдалы қызметінің мерзімдерін ұзартатын немесе оларды пайдаланған кезде олардың экономикалық пайда әкелетін қабілетін арттыратын жақсарту және ауыстыру бойынша негізгі шығыстар кіреді. Жоғарыда көрсетілген капиталдандыру өлшемдеріне сәйкес келмейтін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте олардың пайда болуы шамасына қарай көрсетіледі.
Тозу жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте жекелеген активтердің күтілетін пайдалы қызметі мерзімінің ішінде тең шамамен есептен шығару әдісі бойынша есептеледі және көрсетіледі. Тозу активті сатып алу сәтінен бастап немесе Топтың өзі салған активтерге қатысты, құрылыс аяқталған сәттен бастап және активтерді пайдалана бастағаннан есептеледі. Жерге тозу есептелмейді. Тозу активтердің пайдалы қызметінің мына орташа мерзімдері бойынша есептеледі:
|
|
|
Ғимараттар мен үймереттер:
|
|
|
Ғимараттар
|
|
60 жыл
|
Үймереттер
|
|
30 жыл
|
Жеңіл жинақталатын үймереттер
|
|
10 жыл
|
Машиналар мен беріліс жабдықтары:
|
|
|
Электр жеткізу желілері
|
|
50 жыл
|
Басқа да беріліс жабдықтары
|
|
20 жыл
|
Қосалқы станциялардың жабдықтары
|
|
12-30 жыл
|
Басқа да машиналар мен жабдықтар
|
|
3-25 жыл
|
Көлік және басқа да негізгі құралдар:
|
|
|
Көлік құралдары
|
|
11 жыл
|
Басқа да негізгі құралдар
|
|
3-15 жыл
|
Кеңсе жабдықтары мен есептеу техникасы:
|
|
|
Компьютерлер мен деректерді өңдеу жөніндегі басқа да жабдық
|
|
4-10 жыл
|
Интерьер мен шаруашылық мақсаттағы заттар назначения
|
|
7 жыл
|
|
|
| Пайдалы қызметтің болжамдалған қызметі және тозуды есептеу әдісі әр жылдық есептік кезеңнің соңында бағаланады және бағалаудағы кез-келген өзгерістер перспективалық негізде есепке алынады (5-ескертуді қараңыз).
Активтерді сатудан немесе істен шығуынан болған пайдалар немесе залалдар активтерді сатудан болған түсімдер мен активтің ағымдағы құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады және жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте танылады.
Бейматериалдық активтер
Бейматериалдық активтер бастапқыда құнсызданудан болған жинақталған залалдар мен жинақталған амортизацияны шегергенде өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Амортизация техникалық мамандар анықтайтын және ұзақ мерзімді активтерді қабылдау-тізімнен шығару жөніндегі комиссия бекітетін, аталған активтердің болжамдалған пайдалы қызмет мерзімі барысында тікелей әдіс бойынша есептеледі.
Негізгі құралдар мен бейматериалдық активтердің құнсыздануы
Қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған қаржылық есептеме құрудың әр күніне Топ негізгі құралдар мен бейматериалдық активтердің ағымдағы құнының ықтимал құнсыздануына бағыштайтын кез-келген белгілердің болуын бағалайды. Осындай кез-келген белгілер анықталған жағдайда құнсызданудан болған залалды анықтау үшін активтердің өтелетін сомасын бағалау жүзеге асырылады (егер осындай орын алатын болса). Егер жекелеген активтер үшін өтелетін соманы бағалау мүмкін емес болса, Топ актив тиесілі болатын өндіруші бірліктің өтелетін сомасын анықтайды. Бөлу үшін дұрыс және бір ізді негіз анықталуы мүмкін уақытта корпоративтік активтер де жекелеген өндіруші бірліктерге бөлінеді немесе қарсы жағдайда бөлу үшін дұрыс және бір ізді негіз анықталуы мүмкін өндіруші бірліктің ең аз тобына бөлінеді.
Өтелетін сома өз алдына сату мен пайдалану құндылығы бойынша шығындарды шегерумен әділ құнының аса көп мәнін білдіреді. Пайдалану құндылығын бағалаған кезде ақша қаражаттарының алдағы болжамдалған қозғалысы түзетілмеген болып табылатын активтер үшін тән ақша мен тәуекелдің уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін салықтарғе дейін дисконтталады.
Егер активтің (немесе өндірілетін бірліктің) өтелетін сомасы оның ағымдағы құнынан кем болса, онда активтің өтелетін сомасына дейін азаяды. Құнсызданудан болған залал тиісті актив (инвестициялық жылжымайтын мүліктен басқа жер, ғимарат немесе жабдық), қайта бағаланған құны бойынша есепке алынған жағдайларды қоспағанда, тез арада шығыс түрінде танылады. Бұл жағдайда құнсызданудан болған залал қайта бағалау бойынша тиісті резервтің азаюы ретінде көрсетіледі.
Құнсызданудан болған залал нәтижесінде түзетілетін болса, активтің (немесе өндіруші бірліктің) ағымдағы құны оның өтелетін құнының қайта қаралатын бағасына дейін, бірақ артылған ағымдағы сомасы, егер құнсызданудан болған залал алдағы жылдары активтер (немесе өндіруші бірлік) бойынша танылмайтындай болса анықталатын ағымдағы құнынан аспайтындай артады. Құнсызданудан болған залалдарды түзету жиынтық табыс туралы есепте, тек егер тиісті актив қайта бағаланған құны бойынша есепке алынбайтын болса ғана, тез арада танылады. Бұл жағдайда құнсызданудан болған залалдарды түзету қайта бағалаудың нәтижесінде артуы түрінде есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |