Шоғырландырылған қаржылық есептеме «электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы»


Байланысты тараптармен жүргізілетін операциялар



бет5/14
Дата14.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#135847
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Байланысты тараптармен жүргізілетін операциялар
Аталған шоғырландырылған қаржылық есептемені дайындаған кезде мына тараптар байланысты тарап ретінде қаралды:
Тарап байланысты компания болып табылады, егер:

  1. тарап бір немесе бірнеше делдалдар арқылы тікелей немесе жанама түрде:

    1. бақыласа немесе компанияның жалпы бақылауында болса (оларға холдингтік компаниялар, еншілес компаниялар және бір басты фирманың басқа да еншілес компаниялары жатады);

    2. компаниядаға үлестік қатысуы бар, бұл оған компанияға елеулі ықпал ету мүмкіндігін берсе; немесе

    3. компанияға бірлескен бақылау жүргізсе;

  2. тарап компанияның қауымдастырылған тарабы болып табылса;

  3. тарап компанияның өзі қатысушы болып табылатын бірлескен кәсіпорын болып табылса;

  4. тарап компанияның немесе оның басты компаниясының бастапқы басқарушы персоналының мүшесі болып табылса;

  5. тарап (а) немесе (г) тармақтарында көрсетілген кез-келген тұлғаның отбасы мүшесі болып табылса;

  6. тарап бақылауда, бірлескен бақылауда немесе елеулі ықпалда тұрған немесе тікелей немесе жанама түрде (г) немесе (д) тармақтарында көрсетілген кез-келген тұлғаның осындай компаниясында дауыс беру құқығы бар болса; немесе

  7. тарап өз алдына компанияның немесе компанияның байланысты тарабы болып табылатын кез-келген компанияның қызметкерлері үшін зейнетақы схемасын білдіретін болса.

Әр ықтимал байланысты тарапты қарастырған жағдайда олардың тек қана заңды нысанына ғана емес, қарым-қатынастың мазмұнына басты назар аударады.




  1. САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚАРЖЫЛЫҚ АҚПАРАТТЫҢ ЖІКТЕМЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жылғы шоғырландырылған қаржылық есептемеде оны 2009 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жылдағы шоығрландырылған қаржылық есептемені ұсыну нысанына сәйкес келтіру үшін жіктемеге мынадай өзгерістер жжасалды.


Қысқа мерзімді депозиттерБұрын банктерде 3 айдан 12 айға дейінгі бастапқы өтеу мерзімімен қайтарымдылық шарттарымен орналастырылған депозиттер Топтың талап етуі бойынша ақша баламалары сияқты жіктелген болатын. 2009 жылдан бастап Топ осындай депозиттерді «басқа да қаржы активтері» санатына жіктеу туралы шешім қабылдады, себебі Топ осындай жіктеу Топтың қаржылық жағдайын қаржылық есептемені пайдаланушылардың жақсы түсінуін қамтамасыз етеді деп санайды.
Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаттары ХҚДБ-мен, ЕҚДБ-мен және ҚДБ-мен жасалған жобаларды қаржыландыру туралы келісімге сәйкес Топ борышқа қызмет көрсету үшін қажетті банк шоттарын ашты. Осы банк шоттарында көрсетілген ақша қаражаттары, Топ басқа мақсаттар үшін аталған ақша қаражаттарын пайдалануға заем берушіден рұқсат алған жағдайларды қоспағанда, тек қана пайыздар мен негізгі борыш бойынша жоспарлы төлемдерді жүзеге асыру үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. Бұрын аталған ақша қаражаттары ақша қаражаттары мен ақша баламасы құрамында берілген болатын. 2009 жылдан бастап Топ бұл ақша қаражатын жеке «Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаттары» бабына бөлуге шешім қабылдады, себебі Топ осындай жіктеме Топтың қаржылық жағдайын қаржылық есептемені пайдаланушылардың жақсы түсінуін қамтамасыз ететін болады деп санайды.
Жіктемедегі басқа да өзгерістер – Топ Топтың акционері қабылдаған жіктемеге сәйкестендіру үшін кейбір шығыстарды өзгеркен болатын.
Жіктемедегі аталған өзгерістердің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепке әсері былайша берілген (мың теңгемен):


Шоғырландырылған қаржылық есептеменің баптары

Ескерту

Өткен қаржылық есептемеге сәйкес




Жіктемедегі өзгеріс




Қайта жіктелген теңгерім






















2008 ж. 31 желтоқсанда:



















ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР:



















Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаттары

15

-




2,371,971




2,371,971






















ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР:



















Басқа да қаржылық активтер

14

2,538,308




6,246,718




8,785,026

Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаттары

15

-




2,255,809




2,255,809

Ақша қаражаттары және олардың баламалары

16

12,066,919




(10,874,498)




1,192,421

























2008 ж.1 қаңтарда:



















ҰЗАҚ МЕРЗІМДІАКТИВТЕР:



















Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаттары

15

-




1,900,259




1,900,259






















ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР:



















Басқа да қаржылық активтер

14

1,122,595




1,645,416




2,768,011

Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаттары

15

-




2,208,521




2,208,521

Ақша қаражаттары және олардың баламалары

16

7,123,021




(5,754,196)




1,368,825

Жіктемедегі аталған өзгерістердің 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепке әсері былайша болды (мың теңгемен):




Шоғырландырылған қаржылық есептеменің баптары

Ескерту

Өткен қаржылық есептемеге сәйкес




Жіктемедегі өзгеріс




Қайта жіктелген теңгерім






















ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН БОЛҒАН АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ:



















Басқа да қаржылық активтердегі өзгерістер




(313,499)




(4,601,302)




(4,914,801)

Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаттарындағы өзгерістер




-




(519,000)




(519,000)






















Инвестициялық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының таза азаюы




(20,013,086)




(5,120,302)




(25,133,388)






















АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛАРЫНЫҢ ТАЗА АРТУЫ/(АЗАЮЫ)




4,944,269




(5,120,302)




(176,033)






















АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛАРЫ, кезең басталғанда

16

7,123,021




(5,754,196)




1,368,825






















АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛАРЫ, кезең соңында

16

12,066,919




(10,874,498)




1,192,421

Жіктемедегі аталған өзгерістердің 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепке әсері мынадай (мың теңгемен):




Шоғырландырылған қаржылық есептеменің баптары

Ескерту

Өткен қаржылық есептемеге сәйкес




Жіктемедегі өзгеріс




Қайта жіктелген теңгерім






















НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕН БОЛҒАН ПАЙДА:

















Жалпы және әкімшілік шығыстар

24

(3,840,880)




(190,808)




(4,031,688)

НЕГІЗГІ ЕММЕС ҚЫЗМЕТТЕН БОЛҒАН ПАЙДА:



















Басқа да шығыстар

28

(441,434)




190,808




(250,626)



  1. БЕЛГІСІЗДІКТІ БАҒАЛАУДЫҢ БАСТАПҚЫ КӨЗДЕРІ

Топтың 3-ескертуде сипатталған есепке алу саясатын қолдану процесінде басшылық мәлім емес активтер мен міндеттемелердің теңгерімдік құнына қатысты бағалар мен болжамдарды басқа көздерден қолдануы тиіс. Бағалар мен оларға байланысты болжамдар тарихи тәжірибелерге және қолдануға болады деп саналған басқа да факторларға негізделген. Нақты нәтижелер аталған бағалардан ерекшеленуі мүмкін.


Бағалар мен олардың негізінде жатқан боламдар түрақты тексеріліп тұрады. Есептік бағалардағы өзгерістер, егер өзгеріс тек сол кезеңге ғана әсер ететін болса, баға қайта қаралатын кезеңде немесе егер өзгеріс ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңдерге де әсер ететін болса, өзгшеріс кезеңінде және алдағы кезеңдерде танылады.
Төменде болашаққа қатысты бастапқы болжамдар және келесі қаржы жылындағы активтер мен міндеттемелерді елеулі түзетудің айтарлықтай тәуекелін көтеретін қаржылық жағдай туралы есептің күніне белгісіздікті бағалаудың басқа да бастапқы көздері келтірілген.
Күмәнді дебиторлық берешек, өтімсіз тауарлы-материалдық қорлар мен ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға берілген аванстар бойынша резерв
Басшылықтың ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға берілген аванстар мен күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервтерді анықтауы басшының өтімсіз тауарлы-материалдық қорлар бойынша резервті бағалау мен тануды анықтауына қосымша Топтың аталған активтерді іске асыруға қабілеттілігінің ең жақсы бағасы негізінде басшылықтан болжамдар қолдануын талап етеді. Жалпы экономикадағы өзгерістердің нәтижесінде немесе басқа да осыған ұқсас жағдайларда қаржылық жағдай туралы есептің күнінен кейін басшылық аталған шоғырландырылған қаржылық есептемені дайындаған кезде жасалған қорытындылардан ерекшеленуі мүмкін қорытынды жасай алады.
Мерзімі кейінге қалдырылған салық активтері
Мерзімі кейінге қалдырылған салық активтері әр есептік күнге бағаланады және есебінен активтің бүкіл сомасы немесе бөлігі өтелуі мүмкін салық салынатын жеткілікті пайда болу ықтималдығы енді болмайтындай дәрежеде азаяды. Осындай ықтималдықты бағалауға күтілетін өнімділік негізіндегі талқылаулар кіреді.
Топ қызметкерлерінің өтелетін ұзақ мерзімді берешегі
Топ қызметкерлерінің өтелетін ұзақ мерзімді берешегі кез-келген құнсыздануды шегергенде қысқа мерзімді берешектен басқа тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып, амортизацияланған құны бойынша бағаланады. Пайыздық табыс пайыздарды тану мардымсыз болғанда қысқа мерзімді берешектен басқа тиімді пайыздық мөлшерлемені қолдану жолымен танылады.
Негізгі құралдардың пайдалы қызмет мерзімдері
3-ескертуде көрсетілгендей Топ әр жылдық есептік кезеңнің соңына қарай негізгі құралдардың пайдалық қызмет мерзімдерін қарастырады. Активті пайдалы қолдану мерзімін бағалау экономикалық пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бағдарламалар, технологиялық жақсарту және басқа да іскерлік жағдайлар сияқты факторларға байланысты. Басшылықтың негізгі құралдардың пайдалы қызмет мерзімдерін бағалауы аталған шоғырландырылған қаржылық есептеменің күнінде болған тиісті ақпаратты көрсетеді.
Негізгі құралдар мен бейматериалдық активтердің құнсыздануы
Топтың негізгі құралдарының әр объектісін, жабдықтары мен бейматериалдық активтерін пайдалану бір-біріне тәуелсіз ақша қаражатын алуды қамтамасыз етпейді, бірақ өз алдына біртұтас технологиялық процестің құрамында бір-бірінен бөлінбейтін жекелеген операцияларды білдіретіндігіне байланысты Топ құнсызданудан болған ықтимал залалдарды өндіруші бірлікті бірдейлендіру негізінде бағалайды. Топтың өндіруші бірлігі дегеніміз Топтың тұтастай алғанда барлық активтері болып табылады. Әр есептік күнге Топ активтің ықтимал құнсыздануының қайсыбір белгілері бар екенін бағалайды. Егер осындай белгілер бар болатын болса, немесе егер құнсыздану нысанына жыл сайын тест жүргізу талап етілген болса, онда Топ өтелетін соманы бағалайды.
Заемдар бойынша шығындарды капиталдандыру
3-ескертуде көрсетілгендей мақсатты пайдалану немесе сату үшін елеулі мерзімді талап ететін актив болып табылатын білікті активтерді сатып алуға, салуға және өндіруге тікелей қатысты заемдар бойынша шығындар есепке алу саясатына сай активтер мақсатты пайдалану немесе сату үшін дайын болмайынша аталған активтің өзіндік құны бойынша есепке алынады.


  1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР

2009, 2008жж. 31 желтоқсандағы және 2008ж. 1 қаңтардағы жай-күй бойынша негізгі құралдар мына түрде берілген:






Жер




Ғимараттар мен үймереттер




Машиналар мен беріліс жабдықтары




Көлік және басқа да негізгі құралдар




Аяқталмаған құрылыс




барлығы

Құны:


































2008 ж. 1 қаңтарда

771,027




8,216,196




103,859,700




3,928,915




19,770,857




136,546,695





































Түсімдер

1,428




24,350




157,954




385,041




20,178,636




20,747,409

Аяқталмаған құрылыстан негізгі құралдарға, бейматериалдық активтерге аудару

3,377




418,603




15,299,959




119,462




(15,899,328)




(57,927)

Ішкі орын ауыстыру

-




18,510




(56,917)




38,407




-




-

Істен шығуы

(3,211)




(27,353)




(291,537)




(29,536)




(419)




(352,056)





































2008 ж.31 желтоқсанда:

772,621




8,650,306




118,969,159




4,442,289




24,049,746




156,884,121





































Түсімдер

630




15,091




244,493




103,773




27,394,774




27,758,761

Аяқталмаған құрылыстан негізгі құралдарға, бейматериалдық активтерге аудару

16,809




1,806,642




32,615,186




139,685




(34,619,916)




(41,594)

Ішкі орын ауыстыру

-




(37,295)




30,949




6,346




-




-

Істен шығуы

-




(183,357)




(102,901)




(43,412)




(2,182)




(331,852)





































2009 ж. 31 желтоқсанда

790,060




10,251,387




151,756,886




4,648,681




16,822,422




184,269,436


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет