Сы батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі485.94 Kb.
#8654
1   2   3

15 қыркүйек ЖАҚЫПОВ ХАБИ

туғанына 100 жыл (1915-2002)

Заң қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Хаби Жақыпов 1915 жылы 15 қыркүйекте Жаңақала ауданының Жаңа Қазан ауылында дүниеге келген.хаби жакыпов

Хаби Жақыпұлының ерте есейіп, ержетуіне негізгі себеп 14 жасында әкесінің өмірден өтуі болса керек. Хаби Жақыпұлының қолында анасы Динаш, інісі Төремұрат, қарындасы Қазимаш қалды. Заманның ауыр кезі, ел ішінде дүрбелең туып, байларды кәмпескелеу науқаны басталған, әне-міне, аштық келейін деп тұрған заман еді. Жесір анасы мен жетім бауырларын асырау үшін оған ерте еңбекке араласуға тура келеді. Хаби Жақыпұлының бақытына ауылда 4 жылдық мектепті бітіргені зор септігін тигізді. Осы тұс – халықты жаппай сауаттандыру туралы КСРО Халық комиссарының шешімі шығып, жер-жерде сауат ашу курсы ұйымдастырылып жатқан кез. Жас Хабиды жергілікті билік Тұрдығұл ауылына сауатсыздарды оқытатын ұстаз етіп жібереді. Өзі 14 жастағы Хаби Жақыпұлы отызды алқымдап қалған сақа қыз-жігіттерді оқытады. Осылай ұстаздық жолын бастаған Хаби Жақыпұлы 1932-1933-ші аштық жылдары ашыққан адамдарға көмек көрсету мақсатымен салық жинау саласында еңбек етті.

Ауыл мектебін, жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі бүкілодақтық заң институтын, кейін ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын 1928 жылы сауатсыздықты жою мектебінде мұғалім боп бастап, 1934 жылдың қазан айында аудандық комсомол комитеті аудандық сотқа хатшылық қызметке жібереді. Осылай өз өміріне ғұмырлық азық болған, 40 жыл ыстығына күйіп, суығына тоңған сот жұмысына бет бұрған.

1938-1978 жылдары Бөрлі аудандық сот төрағасы, Орда ауданында, Жәнібек ауданында, үш рет Казталов ауданында сот төрағасы, Орал облыстық сот мүшесі боп қызмет еткен.

Хаби Жақыпұлы Жәнібек ауданы сотының төрағасы қызметін істеп тұрғанда, соғыс басталыпты. Аудан аумағынан 180 шақырымда соғыс жүріп жатқан. Күндесін күнде ауық-ауық аудан жеріне жау ұшақтары ұшып келеді. Дүркін-дүркін бомбаның үні де естіле бастайды. Қазақ даласына диверсия жүргізу үшін немістер майдан шебіне жақын Жәнібек ауданының жерін нысана етіп ұстайды. Ауданның барлық аумағына күшейтілген режим енгізіліп, Хаби Жақыпұлы аудандық сот төрағасы қызметімен қоса, әскери трибуналды қоса атқарады.

1957 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі болды. Қазақстан Республикасы Жоғары сотының Құрметті грамотасымен марапатталған.

Хаби Жақыпұлы республика судьяларының арасында бірінші болып 1967 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері» деген құрметті атақты алғашқылардың бірі болып алды.

Казталов ауданындағы көшеге есімі берілген. Оралдағы ол тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылған.


Әдебиеттер:

  1. Ақбаев Е. Хаби аға хақында бір үзік сыр: [заңгер Хаби Жақыпов жайында] // Заң газеті.-2010.-4 маусым.-8 б.

  2. Әбдірайымов Б. Әділдікті ту еткен // Ақиқат.- 2008.-№7.-67-70 б.

  3. Жұмағалиев С. Заңгер аға есімі мәңгі есте қалады // Ақиқат.-2008.-№8.-92 б.

  4. Заңгерге құрмет: [Белгілі заңгер Хаби Жақыповқа ескерткіш тақта ашылды] // Орал өңірі.- 2008.-14 маусым.-1 б.

  5. Құсайын Т. Би төрелігі қайтсе жаңғырмақ?//Егемен Қазақстан.-2008.-20 маусым.-7 б.

  6. Омаров Н. Есімі ел есінде // Заң газеті.-2008.-4 маусым.-4 б.

  7. Омаров Н. Судьяның мәртебесін биіктете өсірген, әділ, турашыл би болған ер есімі ел есінде мәңгі сақталады // Заң.- 2008.-№5.-9-11 б.

  8. Шамұратов М. Ел ағасы бола білген жан: Қазақстан Республикасына еңбек сіңген заңгер, құрметті судья Хаби Жақыпов туралы сөз // Заң газеті.-2008.-31 қаңтар.-3 б.

  9. Шамұратов М. Сабырлы қалпынан танбаған // Орал өңірі.-2008.-3 сәуір.-14 б.



13 қазан АХМЕТОВ КИМ

туғанына 85 жыл (1930-2010)


Ахметов Ким Ғұсманұлы 1930 жылы қазан айының 13-інде Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Мәскеу қаласындағы К.А.Тимирязов атындағы академияға оқуға түсіп, кейін аталмыш академияны зоотехник мамандығы бойынша бітіреді. Академиядан кейін мұғалімдік қызмет атқарып, Орал қаласының ұжымшар (колхоз) басшыларын дайындайтын мектептің директорының орынбасары қызметін атқарып, 1955 жылы экономикалық дамуы жағынан артта қалған Ф. Энгельс атындағы колхозға басшы болып сайланады. Үш жылғы ауылшаруашылық саласындағы төгілген терден кейін жоғары нәтижеге қол жеткізген Ким Ғұсманұлы Ахметов Жәнібек аудандық атқару комитетіне басшы етіп тағайындалады. Он екі жыл бойы түрлі партиялық және ауылшаруашылық саласындағы мекемелерде қызмет атқара келе, Ким Ғұсманұлы Ахметов өзін ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұйымдастыруда білікті маман етіп көрсете алды.

1967 жылдан бері Ким Ғұсманұлы Ахметовтың ғылыми жұмысы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтымен тікелей байланысты. Осы жылдың қазан айында Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының «Ауылшаруашылық өнімдерін ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасының доценті қызметіне қабылданса, 1968 жылы аталмыш кафедра меңгерушісі, 1972 жылғы ақпан айының 25-індегі Ауылшаруашылық министрлігінің бұйрығы бойынша институттың ғылыми істер жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.

Ким Ғұсманұлы Ахметов университетте 43 жыл еңбек етіп, соның 24 жылында институттың ғылыми істер жөніндегі проректоры қызметінде болып, ғылымға және ауылшаруашылық саласындағы кадрларды даярлауға үлес қоса білді.

Бұл кезеңде Ким Ғұсманұлының ұйымдастырушылық қызметінің арқасында институттың ғылыми өндірістік құрылымында «Аспан» атты қазақ-орыс біріккен ғылыми фирмасы, «Зерде» ғылыми-өндірістік орталығы, «Зерек» ғылыми-өндірістік шағын кәсіпорыны, сондай-ақ, 11 ғылыми-зерттеу зертханасы құрылып, сала мамандықтары бойынша аспирантура ашылды.

Ким Ғұсманұлы Ахметовтың ғылыми жетекшілігімен 7 аспирант кандидаттық, 5 магистрант магистрлік диссертацияларын сәтті қорғап шықты.

Ким Ғұсманұлы Ахметов көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде 1969 жылы «Қой шаруашылығы саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа формаларының тиімділігі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын абыроймен қорғап шықты.

1978 жылы «Қайнар» баспасынан Ким Ғұсманұлы Ахметовтің «Орал облысының ауылшаруашылығын өркендетудің жүйесі туралы ұсыныстар» атты еңбегі басылып шықты. Кең көлемдегі ғылыми-әдістемелік дәрежеде дәріс оқуы, жоғары оқу орындарына арнап жазылған оқулықтары, институттың күнделікті өміріндегі ғылыми және ғылыми-әдістемелік кадрлар дайындаудағы белсенділігі үшін Ким Ғұсманұлы Ахметовке 1989 жылы профессор атағы беріліп, 1997 жылы ЖҒА-ның корреспондент мүшесі болып сайланды. Ал 2004 жылы облыс әкімшілігі шешімі бойынша Ким Ғұсманұлы Ахметов жетекшілігімен «Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы дамуының жүйесі» атты еңбегі басылып шықты.

Профессор Ким Ғұсманұлы Ахметов белсенді және жемісті еңбегі үшін екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, бірқатар медальдармен, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің, Ауылшаруашылық министрлігінің мақтау қағаздарымен, медальдармен, «Еңбектегі үздік табыстары үшін» белгісімен марапатталады. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 желтоқсандағы Жарлығы бойынша Ким Ғұсманұлы Ахметовке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Ол Жаңақала және Сырым аудандарының «Құрметті азаматы» болды. Соңғы жылдары Ким Ғұсманұлы Батыс Қазақстан аймағындағы тұрғылықты қазақтардың шығу тегі хақындағы шежірелік еңбектерді жинақтаумен айналысты. Ғалымның бұл реттегі жарық көрген еңбектерінің өзі бір шоғыр.



Әдебиеттер:

  1. Ахметов Ким Ғұсманұлы: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-150 б.

  2. Жаданов М. Профессор Ким: ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Ким Ғұсманұлы Ахметов жайында // Орал өңірі.-2010.-7 қазан.-15 б.

  3. Қарасаев Ә. Ұлағатты ұстаз, қайсар ғалым, абзал азамат..: Ким Ғұсманұлы Ахметов // Жайық үні.-2000.-13 қазан.

  4. Ықсанғали С. Көкірегі толы шежіре: Ким Ғұсманұлы Ахметов – профессор, шежіреші // Жайық ардагері.-2005.-13 қазан.



23 қазан АТОЯН ПЕТР

туғанына 100 жыл (1915-2003)


Петр Александрович Атоян 1915 жылы 23 қазанда Ростов облысы Шахты қаласында етікшінің отбасында дүниеге келген. Жеті класты бітірген соң электротехникалық мектепте оқиды. 1935 жылы Ленинградтың әскери-механикалық техникумын бітіреді. 1940 жылы Ленинградтың металл өнеркәсібі институтының «Станоктар, аспаптар және металдарды механикалық өңдеу» факультетін тәмамдайды.https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcsshpctelmjjldjwfevjvq7_ppa2ba5vj0tq4mj72g9adm9kp06ug

Алғаш еңбек жолын 1935 жылы Ленинградтың №181 зауытында конструктор болып бастайды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап ол Нева жағасындағы қаланы қорғау үшін жасалып жатқан қару-жарақ цехын басқарады.

1942 жылдың наурызында зауыттың бір топ мамандарымен бірге қоршаудағы Ленинградтан Петр Александрович Орал қаласына көшіп келеді.

Жаңа орында кәсіпорын Чапаев атындағы Затон ауданында орналасады, содан 1947 жылы қазіргі тұрған орнына көшіріледі. Петр Александрович Атоян цех бастығы, өндіріс бастығы, зауыттың бас инженері сынды лауазымды қызметтерді атқарады. Соғыс жылдарында зауытта шығарылған ізсіз жүзетін торпедалар мен әскери техниканың жаңа үлгілері Жеңісті жақындатты. Сол үшін зауыт Қазақстанда алғаш рет 1945 жылдың мамырында І-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

1944 жылдан 1947 жылдың қазанына дейін кәсіпорынның директоры Иван Дмитриевич Яблоков болды. Соғыстан кейінгі жаңғырту жұмыстары және күрделі машиналар мен механизмдерді шығару Петр Александрович Атоянның 1947 жылы зауыт директоры болып тағайындалуымен қатар келді. Жаңа директордың бастамасымен зауытта 45 жыл бойына Бүкілодақтық машина жасау сырттай оқу техникумының филиалы, он бес жылдан аса – Саратов политехникалық институтының Оқу кеңесінің бөлімшесі жұмысын істеді. Осы білім ошағында оқыған зауыттың қызметкерлері облыс пен қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында басшылық жұмыстарды атқарды. Олардың арасында З. Сатаев, Н. Графкин, Х. Құрманов, Н. Кармак, И. Айтқұлов, Р. Молдашев, С. Гехман және басқалар бар. Кадрлар даярлауда сапалы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Атоянға «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісі берілді.

Оның басшылығымен соғыстан кейінгі жылдарда зауыттың жаңа жайлары салына бастады. Сол себепті өндіріс саласында түрлендіріліп шығаратын бұйымдар көбейді. Әскери-Теңіз флоты үшін арнайы техника шығарумен қатар зауыт халық шаруашылығына қажетті бұйымдарды және халық тұтынатын тауарларды шығарды. Атап айтсақ, олар – балық аулау құралдары, траптар, өтектер, еттартқыштар және тағы басқа.

1965 жылы Ворошилов зауытында, КСРО фабрикаларында техникалық революция жасаған, қызметкерлерді ауыр қол еңбегінен босатқан теңдесі жоқ өнім – ЧФК тоқыма өнеркәсібі үшін машиналар шығарылды.

ХІ және ХІІ бесжылдықтарда 80 000 шаршы метр өндірістік алаңдар іске қосылды. 500 бірлік техникалық құрылғы меңгеріліп, өңдеу орталықтары орнатылды.

Петр Александрович зауыттың дамуымен қатар қаланың да дамитынын жақсы түсінді және осы іске бар саналы өмірін арнады. Оның тікелей араласуымен Орал қаласында «Омега» прибор жасау зауыты, жобалау институтының филиалы мен басқа да ұйымдар құрылды. Оларда жүздеген кәсіби мамандар мен жұмысшылар еңбек етті. Мысалы, «Металлист» зауытын көп жыл басқарған А. Малакеев Ворошилов зауытында фрезершіден бас инженерге дейін көтерілді.

Атоянның кезінде зауытта 500 орындық асхана, табиғи газбен жанатын ірі қазандық салынды. Зауыттың жұмысшы ауылы қалада бірінші болып газдандырылды. Орал қаласында Ворошилов атындағы зауыттан шыққан силикат кірпіштен биік тұрғын үйлер салынды. Атоянның бастамасымен қалада алғашқы кеңэкранды «Аврора» кинотеатры, бірінші балалар комбинаты, №3 орта мектеп, «Авангард» стадионы (қазіргі Атоян атындағы), спорт залы мен жүзу бассейні, Мәдениет сарайы, медициналық-санитарлық бөлімше бой түзеді. Зауыттықтардың жеке шаруашылық жүргізу учаскелері де болды.

Шежірелі тұлға Петр Атоян – өндіріске негізделген 8 өнертапқыштықтың авторы. Ол бірнеше рет жоғары партия және кеңес органдарына сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Бірнеше мемлекеттік наградалармен: соның ішінде екі рет Ленин орденімен марапатталды. Оған «Орал қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. 1988 жылы зейнеткерлікке шыққан Петр Александрович 2003 жылдың 23 сәуірінде Санкт-Петерборда көз жұмды.

2005 жылдың 9 мамырында зауыт аумағында Петр Атоянның бюсті орнатылды.



Әдебиеттер:

  1. Атоян Петр Александрович: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы,2010.-143 б.

  2. Мүсіні орнатылды: «Зенит зауыты» ААҚ-ын 42 жыл басқарған Петр Александрович Атоянға мүсін орнатылды // Орал өңірі.-2005.-19 мамыр.

  3. Суетин А. Шежіреге айналған тұлға: Орал қаласының құрметті азаматы Петр

  4. Александрович Атоян туралы // Жайық үні.-2010.-9 қыркүйек.-8 б.


13 қараша ХАСАНҒАЛИЕВ ЕСКЕНДІР

туғанына 75 жыл (1940)


Әнші, композитор Хасанғалиев Ескендір Өтегенұлы 1940 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Қалдығайты ауылында дүниеге келген. 1956 жылы қазақ орта мектебін аяқтаған. 1959 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Сырттай Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы өнер институтын бітірген.https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcrdpqws_d48hazgtrxfvyrqts_kbmxkf9oukrexnlqbvxqdtgxbcpiudq

1963-1969 жылдары Қазақ радиосында музыка редакторы, 1969-1970 жылдары Алматыдағы мемлекеттік қыздар институтында мұғалім, 1970 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік радио-теледидарының эстрадалы-симфониялық оркестрінің әншісі болып қызмет атқарады.

Әнші-композитордың 200-ден астам әні бар. Әндері француз, қытай, түрік, неміс тілдерінде шырқалған. Оның ішінде танымал әндері «Әдемі-ау», «Асылым-әнім», «Асыл арман», «Келші, келші, балашым», «Құтты болсын туған күн», т.б. Ә. Тәжібаев, Қ. Мырза Әли, Қ. Жұмағалиев сынды ақындардың өлеңіне көптеген әндер жазған. Сонымен қатар балаларға арнап жазған әндері де баршылық. Бес әндер жинағы жарық көрген. Олар: «Асыл арман», «Атамекен», «Бозторғайым», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат». Көптеген кинофильмдер мен спектакльдерге музыка жазған. Олар: «Нан мен тұз», «Тақыр», «Студенттер» т.б. Соңғы кездері Х. Ерғалиевтың сөзіне жазылған «Немерем» әні тыңдармандардың көңілінен шықты. Ескендір Хасанғалиев шығармашылығының негізгі бағыты – лирико-патриоттық тақырып.

Әнші ретінде ол Ш. Қалдаяқов, М. Сағатов, С. Бәйтереков, Ә. Есбаев сынды т.б. көрнекті қазақ композиторларының көптеген әндерінің алғашқы орындаушыларының бірі болып табылады.

1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Жастар сыйлығының лауреаты болды. 1979 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі деген құрметті атаққа ие болды.

1984 жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі атағын иеленді. Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Халықаралық Д. Қонаев атындағы Қордың мүшесі, Орал мемлекеттік университетінің, Семейдегі Шәкәрім атындағы университеттің құрметті профессоры.

Пирогов атындағы «Адамгершілігі мен қайырымдылығы үшін» (За гуманизм и милосердие) медалімен марапатталған. «Қазақстан-Корея» Достық қоғамының Президенті.

2000 жылы «Жаңа ғасырға – жаңа әнмен» атты байқаудың лауреаты атанып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

2006 жылы әдебиет пен өнер саласы бойынша ҚР мемлекеттік сыйлығы берілді. 2008 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ие болды.

Әнші-композитор жыл сайын авторлық шығармашылық кешін өткізіп тұрады. Соңғы 5 жыл ішінде «Ескірмеген махаббат», «Атамекен» атты циклды тақырыптармен республикамыздың көптеген қалаларында, оның ішінде Астана мен Алматы қалаларында үлкен концерттер өткізілді.

2000 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жыл сайын «Атамекен» деген атпен Ескендір Хасанғалиев әндерінің фестивалін өткізіп келеді. Бұл өнер рәсімі 2006 жылдан бері халықаралық фестиваль мәртебесіне ие болды.
Әдебиеттер:


  1. Хасанғалиев Ескендір Өтегенұлы: өмірдерек // Қазақстан композиторлары - Композиторы Казахстана: анықтамалық /Құраст.: Б. Қуатов.-Алматы, 2011.-197-198 б.

  2. Абылаев С. Сазгерлердің серкесі, ел ағасы – Ескендір // Ел.- 2010.-10 тамыз.- 6 б.

  3. Амантайқызы Г. Мені шексіз бақытқа бөлейтін халқымның ықыласы // Игілік.- 2010.-№2.-24-25 б.

  4. Асылбектегі А. Ел еркесі Ескендір // Мәдениет.- 1994.- №5-6.- 33-34 б.

  5. Байдәулетова Қ. Айым болып тудың ба? // Айқын.- 2009.-27 қаңтар.-8 б.

  6. Боранқұл А. Елінің Ескендірі // Орал өңірі.- 2010.-4 ақпан.-6 б.

  7. Ескендір Хасанғалиевке "Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы: [Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі, №23-9] // Орал өңірі.- 2010.-10 тамыз.-2 б.

  8. Ескендір: Қазақстан Республикасының Халық артисі Ескендір Хасанғалиев // Айқын.- 2008.-13 ақпан.-8 б.

ҚАРАТАЕВ БАҚЫТЖАН

туғанына 155 жыл (1860-1934)

Қоғам қайраткері, заңгер, ағартушы-демократ Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 жылы Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылында дүниеге келген. Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 1890 жылы оны 2-дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. 1907 жылы 2-Мемлекеттік Думаға кадеттер тобынан Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. Ол өзін большевиктер партиясының қатарындамын деп есептеді.

1907-1916 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі. 1918 жылы облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. 1918 жылы наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін, (ішінде Қаратаевта бар) тұтқынға алды.

1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облыстық ревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Бақытжан Қаратаев Қазәсревкомның мүшелігіне тағайындалды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-сьезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. ҚазақАКСР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің 2-Бүкілқазақстандық сьезіне де делегат болып қатысты.

Әдебиеттер:


  1. Қаратаев Бақытжан: Өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс,2002.-351 б.

  2. Ахмет А. Қазақтың тұңғыш заңгері // Орал өңірі.-2010.-11 ақпан.-7 б.

  3. Әбсаттар М. Хан тұқымынан шыққан «большевик» // Жас Қазақ.-2008.-31 қазан.-11 б.

  4. Бақытжан Қаратаев // Айна.-2010.-25 ақпан.-9 б.

  5. Балғымбаева Б. Қайраткер Қаратаев // Реферативтік журнал-Реферативный журнал.-2013.-№2.-11-12 б.

  6. Досова Р. Жақсыдан жеткен жәдігер // Мәдени мұра-Культурное наследие.-2010.-№5.-42-43 б.

  7. Қойшыбаев Б.Өркениетті күрес ізашары//Егемен Қазақстан.-2010.-25 қыркүйек.-6 б.

  8. Қуатов Б. Есімі ел жадында сақталған // Информбиржа.-2010.-28 қазан.-31 б.

  9. Сейтақов Ғ. Ұрпағы ұмытпаса, ұлылық – ол // Орал өңірі.-1991.-18 желтоқсан.-4 б.

  10. Ықсанғали С. Бақытжан Қаратаев – қайталанбайтын тұлға // Түркістан.-2010.-23 қыркүйек.-8 б.



ҚАРАШ ҒҰМАР

туғанына 140 жыл (1875-1921)

Көрнекті Алаш қайраткері, діндар-ақын Ғұмар Қараш 1875 жылы Ішкі Бөкейліктің (қазір Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы) Қырқұдық деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғ.Ғәлікейұлы ұстаған медреседе оқиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейұлының шақыруымен Көлборсыға мұғалім болып келеді. Жаңалыққа жаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды.gumar1

1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлеуетін көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел қажы» атты кітаптар жарияланды. Ол Ғабдолла Мұштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне мақалалар жазып тұрды. Орынборда «Шайыр...» және «Көксілдер...» атты жинақ шығарды.

Ғ. Қараш - ұлт идеясын көтеру мен елшілдік мәселесін талдап-таразылауды бірізді және жүйелі жазған қаламгер. Ол XIX ғасырда мұсылмандық Шығысқа ерекше серпін берген, тіпті Қазақ даласындағы Абай сынды даналардың рухани ниеттесіне айналған Мысыр мүфтиі Мұхамед Абдо мен пәлсапашы Жәлелатдин Афғани реформаларынан хабардар еді. Мысалы, ол "Ойға келген пікірлерім" атты фәлсафалық еңбегінде (1910) Мысырда оқыған, бірақ ізденгісі келмеген бір мұғалімге: "Рух туралы төрт кітап оқығаннан гөрі, Мұхаммед Ғабдудың (Абдо - Д.Қ.) Бахра сүресі туралы тәфсірін оқығаның дұрысырақ шығар", - деп айтқанын жазады. Әлбетте, Ғұмар бұл жерде басты ислам кітаптарын оқыма деп тұрған жоқ. Оның айтпағы - канондарды таптаурын етпей, тазарту һәм тарату турасында болып отыр.

Осы ретте рухты оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген Ғұмардың ойлары аса бағалы. Санаткер «Өрнек» аталынған еңбегінде (1911): «Адамдар әр ісінде Алланың көрсеткен жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе, ғылым-өнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бойұсынған болып шықпайды. Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент үміт ету секілді нәрсе», - дейді. Бұрынғы-кейінгі қазақ шындығын осы қағидатпен сараптап жіберсек, «әй, қап!»-қа үн қосып жіберетін жағдайымыз жоқ та емес. Мұны Ғ. Қараш та жақсы аңғарса керек, аталған кітабында: «Өнерсіз, жалқау халықтардың ақырында көрешегі өз алдына, дүниеде-ақ бек ащы жаза тартады. Тартқаны сол: басқа өнерлі, ғылымды елдерге құл болады. Қара басының билігі, ықтияры болмайды. Адамдар ретінде кіре алмайды, хайуан деуге сорты келмейді.



Әлбетте, Ғ. Қараш сыны - ұлтқа шын жаны ашыған адамның сыны. Оның елге, замандастарына айтқан ақылын да осы өреде түсінеміз. Заманаға шынайы көзбен қарайтын ақын: «Дүниеде не арзан?» деп сұраушыға «Біздің қазақ жігіттерінің ғұмыры» деп жауап берілсе, бек дұрыс жауап болмақ» дейді. Бұл пәлсапалық сұрақ пен жауап бүгін де көкейкесті естіледі. Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы Ордада өткен Бөкей қазақтарының сьезіне қатысады. 1917-1919 жылдардағы Алаш қозғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сьезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сьезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесі анықталатын екінші сьезде қази болып сайланды. 1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Сол жылы қыркүйекте Бөкей губерниясының мұғалімдер сьезіне қатысады. 1918-1920 жылдары губерниялық кеңестердің төрт сьезіне делегат болады. Мұнда мағыналы сөз айтады. 1919 жылы Бөкей губаткомында істейді. Ордада ұйымдастырылған айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты журналды шығарушылар алқасына кіреді. Ол осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1919 жылы «Дұрыстық жолы» газетінің алқа мүшесі әрі тілшісі болады. 1920 жылы маусымда Бөкейдің II губерниялық партконференциясында губкомның пленум мүшесі, ал сол жолы I пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. Қайраткер жаңа қоғам жұмысына белсене араласып, халық қамқоршысы ретінде танылды. Сөйткен тұлға 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қашқын әскерилер қолынан қапияда мерт болды.
Әдебиеттер:

  1. Ғұмар Қараш: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-221-222 б.

  2. Кенжалиев И.Н. Ғұмар Қараш.-Орал, 2004.-130 б.

  3. Тәж-Мұрат М. Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы.-Ақтөбе, 2004.-384 б.

  4. Ақжайық ақиықтары: [діндар-ақын Ғұмар Қараш жайында] // Айна.- 2010.-25 ақпан.-8 б.

  5. Жұбан Б. Халқына қастерлі есім: [Ағартушы, ойшыл, ақын, ғалым, публицист Ғұмар Қараш] // Орал өңірі.- 2009.-6 тамыз.-6 б.

  6. Исахан М. Алаш ардақтыларының әйел жайлы пайымдаулары: [Ғұмар Қараштың әйел бостандығы мен теңдігі турасында айтқан сөздері] // Қазақстан-zaman.- 2012.- 8 наурыз.-11 б.

  7. Құсайынұлы С. "Алаштың" үні болған Ғұмар Қараш: [көрнекті Алаш қайраткері Ғұмар Қараш туралы] // Дарабоз.- 2012.- №10.-4-9 б.

  8. Сафуллин Ж. "Атамның есімін мақтан тұтамын": [философ ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың немересі Надежда Бұрханқызымен сұхбат] // Дарабоз.- 2012.- №10.-10-13 б.



Шығармалары:

  1. Ғұмар Қараш. Замана.-Алматы, 1994.-240 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет