«Си++ программалау тілі» (Таңдау курсы-3)



бет4/7
Дата04.03.2016
өлшемі1.15 Mb.
#39453
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер: [1]- [4]
2 кредит сағат.

Тақырыбы: С++ Builder- дегі процедура Визуал программалауға кіріспе.



Дәріс мазмұны:

1. С++ Builder- дегі процедура.

2. Визуал программалауға кіріспе.

Оқиғаның өңдеушісін құру үшін программалаушыт Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы жағында компоненттер тізімін ашуы және қажетті компонентті таңдауы керек. Содан кейін, объектілер инспекторының Events бетінде, тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы өңдеушінің атын таңдауы және оның оң жақ (ақ) бөлігін екі рет шертуі қажет. Оған жауап ретінде C++ Builder код редакторы терезесін активтейді және таңдалған оқиғаның өңдеу процедурасының дайындамасын көрсетеді. Әрбір өңделетін оқиға үшін модуль мәтінінде процедура (procedure) қалыптасады.

C++ Builder тілінде тұрақтылар: сандық тұрақтылар, бульдік және символдық болып бөлінеді.

Сандық тұрақтылар бүтін (іnteger) және нақты (real) типтерде жазылуы мүмкін.

Нақты сандар (real) ондық бөлшек түрінде, яғни цифрлар мен ондық нүктеден тұратын сан немесе экспоненциалды түрде, яғни мантиссадан кейін Е әрпінен не осы әріптен кейін дәреже көрсеткішінен тұратын сан түрінде бейнеленеді.

Бульдік тұрақтылар boolean және символдық тұрақтылар char немесе string командалары арқылы сипатталады. Символдық (мәтіндік) тұрақтылар символдар тізбегінен тұрады.

Шаманы есептейтін батырманы Формаға орналастыру үшін компоненттер палитрасында Standart бетінде Button компонентінің пиктограммасын таңдап, батырманың үстінен тышқанмен екі рет шертіп, сонда курсор Button1 батырмасын басу оқиғасын өңдеуші процедурасының мәтінінде орналастырылады: void__fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender). Бұл процедураның жалпы түрі:

void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)

{

{Программа мәтіні}



}

Edit және Memo компоненттері жұмыс жасайтын мәліметтер String түрінде болады. Сондықтан TForm1.Button1Click процедурасында StrToFloat функциясы көмегімен X,Y,Z айнымалыларына Edit1,Edit2,Edit3 өрістерінің мәндері меншіктелген кезде, String түріндегі мәліметтердің Extended түріндегі жылжымалы нүктесі бар нақты мәндер түріне ауысуы орындалады. Бүтін түрдегі мәліметтермен жұмыс жасау керек болса, StrToInt функциясы пайдаланылады. Мәліметтерді нақты мәннен жолдық мәнге ауыстыру үшін және шығаратын нәтижені ұсынатын форманы басқару FloatToStrF функциясы пайдаланылады.



Әдебиеттер: [1]- [4]

13- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Шартты және таңдау командасы. Checkbox, radiobutton компоненттері.



Дәріс мазмұны:

1. Шартты және таңдау командасы.

2. Checkbox, radiobutton компоненттері.
Borland C++ де тілінде берілген бірнеше пункттен біреуін немесе бірнешеуін таңдауға мүмкіндік беретін айырып- қосқыштар қолданылады.

RadioButton компоненті қызметі басқа батырмалардың қызметімен байланысты болатын тәуелді батырма болып табылады. Жеке бір радиобатырманың мағынасы жоқ, олар топта бір- бірімен байланысты қолданылады. Біреуі таңдалғанда, екіншісі автоматты түрде айырылады.

Компонент қасиеттерін қарастырайық.



Caption қасиеті батырма жанында шығатын жазудан тұрады. Alignment қасиеті жазудың батырманың қай жағынан шығатынын анықтайды. Оның мәндері: taLeftJustify- сол жақтан, taRightJustify- оң жақтан (қалыпты жағдайда). Checked қасиеті бұл батырманың қолданушы арқылы таңдалғанын немесе таңдалмағанын көрсетеді. Оның мәні true болса, батырма таңдалған, false болса- таңдалмаған.

CheckBox компоненті жалаушалы индикатор немесе басқаларға тәуелсіз ауыстырып- қосқыш батырма болып табылады. Ол қосымшада қолданушы қандай да бір опцияны қосу немесе айыру үшін қолданылады. Бұл компоненттің қасиеттері де RadioButton компонентіндей.

Кафе бағдарламасы CheckBox компонентінің қолданылуын көрсетеді.

Бағдарлама формасы:

Листинг:


#include

#pragma hdrstop


#include "Unit1.h"

//---------------------------------------------------------------------------

#pragma package(smart_init)

#pragma resource "*.dfm"

TForm1 *Form1;

float summ;

//---------------------------------------------------------------------------

__fastcall TForm1::TForm1(TComponent* Owner)

: TForm(Owner)

{

CheckBox2->Enabled =False;



}

//---------------------------------------------------------------------------


void __fastcall TForm1::CheckBox1Click(TObject *Sender)

{

if (CheckBox1->Checked )



{

summ+=54;

CheckBox2->Enabled =true;

}

else



{

summ-=54;

if (CheckBox2->Checked )

CheckBox2->Checked =false;

CheckBox2->Enabled =false;

}

Label1->Caption =FloatToStrF(summ,ffCurrency,6,2);



}

//---------------------------------------------------------------------------

void __fastcall TForm1::CheckBox2Click(TObject *Sender)

{

if (CheckBox2->Checked )



summ+=10.5;

else


summ-=10.5;

Label1->Caption =FloatToStrF(summ,ffCurrency,6,2);

}

//---------------------------------------------------------------------------



void __fastcall TForm1::CheckBox3Click(TObject *Sender)

{

if (CheckBox3->Checked )



summ+=18.5;

else


summ-=18.5;

Label1->Caption =FloatToStrF(summ,ffCurrency,6,2);

}

//---------------------------------------------------------------------------



void __fastcall TForm1::CheckBox4Click(TObject *Sender)

{

if (CheckBox4->Checked )



summ+=14;

else


summ-=14;

Label1->Caption =FloatToStrF(summ,ffCurrency,6,2);

}

//---------------------------------------------------------------------------



void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)

{

if ((CheckBox1->Checked )&& (CheckBox2->Checked )&&



(CheckBox3->Checked )&&(CheckBox4->Checked ))

{

summ=summ*0.95;



ShowMessage("Сізге бағасы 5% жеңілдікпен беріледі. \n"

"Тапсырыс суммасы: " + FloatToStrF(summ,ffCurrency,6,2));

}

else


if ((CheckBox1->Checked )||

(CheckBox3->Checked ) ||

(CheckBox4->Checked ))

ShowMessage("Тапсырыс суммасы: " + FloatToStrF(summ,ffCurrency,6,2));

}

//---------------------------------------------------------------



Әдебиеттер: [1]- [4]

2 кредит сағат.

Тақырыбы: Деректер массивін түрлендірудің Combobox, ListBox компоненттері.



Дәріс мазмұны:

Деректер массивін түрлендірудің Combobox, ListBox компоненттері, қасиеттері оларды қолданып жоба жасау.



Borland C++ -де ListBox және ComboBox компоненттері жолдар тізімінен тұрады. ListBox компоненті ашық түрдегі тізімді бейнелейді, ал ComboBox компоненті жиналмалы түрдегі, төмен қарай ашылатын тізімнен тұрады. Екі компоненттің де жолдар тізімінен тұратын TStrings типті Items қасиеті болады. Тізімнен таңдалған элементтің индексі ItemIndex қасиеті арқылы көрсетіледі. Ол 0-ден бастап бүтін сандармен нөмірленеді. Егер ешқандай элемент таңдалмаса, онда ItemIndex қасиетінің мәні -1-ге тең болады.

Мысал: Бұл бағдарлама мәліметтерді мәтіндік файлдан оқудың қолданылуын көрсетеді. Бағдарлама Ауа райы бағдарламасының meteo.txt файлының құрамындағы мәліметтерді Memo компонентінің өрісіне шығарады және орташа айлық температураны есептейді.

Бағдарлама формасы:

#include

#include

#pragma hdrstop


#include "Unit1.h"

//---------------------------------------------------------------------------

#pragma package(smart_init)

#pragma resource "*.dfm"

TForm1 *Form1;

int GetString( int f, AnsiString *st);


//---------------------------------------------------------------------------

__fastcall TForm1::TForm1(TComponent* Owner)

: TForm(Owner)

{

ComboBox1->Style = csDropDownList;



ComboBox1->Items->Add("Қаңтар") ;

ComboBox1->Items->Add ("Ақпан") ;

ComboBox1->Items->Add("Наурыз") ;

ComboBox1->Items->Add("Сәуір");

ComboBox1->Items->Add("Мамыр") ;

ComboBox1->Items->Add("Маусым") ;

ComboBox1->Items->Add ("Шілде") ;

ComboBox1->Items->Add("Тамыз") ;

ComboBox1->Items->Add ("Қыркүйек") ;

ComboBox1->Items->Add("Қазан");

ComboBox1->Items->Add("Қараша");

ComboBox1->Items->Add ("Желтоқсан") ;

ComboBox1->ItemIndex = MonthOf( Now() ) -1 ;

}

//---------------------------------------------------------------------------


void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)

{

int h;



h = FileOpen("meteo.txt",fmOpenRead);

if ( h == -1)

{

ShowMessage ("meteo.txt мәліметтер файлы табылмады");



return;

}

Memo1->Lines->Clear();


AnsiString st;

int ls;


TDateTime aDate;

float temp;

int nMonth;

int n = 0;

float sum =0;

float sred;

AnsiString buf;

do

{



ls = GetString(h,&st) ;

if ( ls != 0)

{

nMonth = MonthOf(StrToDate(st)) - 1;



buf = st;

ls = GetString(h,&st);

temp = StrToFloat(st);

if ( nMonth == ComboBox1->ItemIndex )

{

n++;


sum = sum + temp;

buf = buf + " " + st;

Memo1->Lines->Add(buf);

}

}



}

while ( ls != 0);

FileClose(h);

if ( n != 0 )

{

sred = sum / n;



Label1->Caption = "Орташа мәні: " + FloatToStrF(sred,ffGeneral,3,2);

}

else



Label1->Caption = "Мәліметтер базасында мынадай күннің температурасы туралы ақпарат жоқ" + ComboBox1->Text;
}

//---------------------------------------------------------------------------

void __fastcall TForm1::ComboBox1Change(TObject *Sender)

{

Label1->Caption - "" ;



Memo1->Text = "" ;

}

//---------------------------------------------------------------------------



int GetString(int f, AnsiString *st)

{

unsigned char buf[256];



unsigned char *p = buf;

int n;


int len = 0;
do

n = FileRead(f, p, 1);

while ( (n != 0) && (*p == ' '));

while (( n != 0 )&&( *p !=' '))

{

if ( *p == '\r')



{

n = FileRead(f, p, 1);

break;

}

len++;



p++;

n = FileRead(f, p, 1) ;

}

*p='\0';


if (len!=0)

st->printf("%s",buf);

return len;

}

Әдебиеттер: [1]- [4]



14- апта

1- кредит сағат.

Тақырыбы: System парағының компоненттері. Қосымшада негізгі және жанама меню жасау. Дәріс мазмұны:



1. System парағының компоненттері.

2. Қосымшада негізгі және жанама меню жасау.

System парағы (9-сурет) таймер, DDE, OLE және т.б. типтi жүйелiк сервис типтерiне қол жетуге арналған компоненттер жиынын ұсынады.

9-сурет. Палитра компонентінің System парағы



TTimer - таймер, OnTimer оқиғасы Interval қасиетiнде көрсетiлген уақыт аралығында периодты түрде шақырады. Уақыт периоды 1-ден 65535 мс-ке дейiнгі аралықты қабылдайды.

TPaintBox – сурет салу орны. Тышқанмен байланысты оқиғалар өңдегiшiне форманың абсолют мәнi емес, тышқанның TPaintBox- ғы салыстырмалы координаттары берiледi.

TMediaPlayer – мультимедиялық құрылғыларды (CD-ROM, MIDI типтi және т.б.) басқару үшiн арналған. Play, Stop, Record және т.б. батырмалармен берiлген басқару панелi түрiнде орындалған. Оны iске қосу үшiн сәйкес құрылғы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (ПҚ) қажет. Құрылғыларды қосу және ПҚ орнату Windows ортасында жүзеге асады. Мысалы, AVI форматта жазылған бейненi қосу үшiн MicroSoft Video ПҚ орнату қажет.

TOLEContainer - OLE объектiлердi қамтитын контейнер.

Негізгі меню жасаудың Main Menu компоненті. Меню пунктінің негізгі қасиеттері: Bitmap,Caption, Visible, Items,Enabled. Меню пунктін белсенді етудің ShortCut қасиеті. Пункт таңдалғандығын анықтаудың Checked қасиеті. Менюге ішкі меню жасау командасы.

Контекстік меню жасаудың Popup Menu компоненті. Компоненттің AutoPopup, Popup, Alignment қаситеттері. Контекстік меню жасау үшін атқарылатын іс- әрекет.

Әдебиеттер: [1]- [4]

2- кредит сағат.

Тақырыбы: Borland C++ --де кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid компоненті.



Дәріс мазмұны:

1. Borland C++ --де кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid компоненті.
StringGrid компоненті ақпаратты кесте түрінде бейнелеу үшін қолданылады. Кесте екі зонадан тұрады :бекітілген және жұмыс. Бекітілген аймақ жұмыс аймағының жолдары мен бағаналарының атауларын шығару үшін және олардың көлемдерін “тышқан” көмегімен басқару үшін керек. Бекітілген аймақ басқа түспен боялған және оған ақпаратты пернелер тақтасынан енгізуге болмайды. Бекітілген аймақтың жолдары мен бағаналарының саны сәйкесінше FixedRows және FixedCols қасиеттерінде белгіленеді.

Жұмыс аймағы RowCount жолдары және ColCount бағаналары ақпараттарын қамтиды. Оларды бағдарламалық және “тышқан” немесе пернелер тақтасы көмегімен өзгертуге болады.

Бағдарламадағы ақпаратқа кіру мүмкіншілігі Cells[ACol, ARow: integer]: string қасиеті арқылы жүзеге асырылады, мұнда ACol- бағана нөмірі, ал ARow –жол нөмірі, нөмірлеу 0-ден басталады.

StringGrid компонентінің пиктограммасы компоненттер тақтасының Additional бетінде орналасқан. Осы тапсырмада барлық StringGrid компоненттері үшін бекітілген аймақ қолданбайтындықтан, объектілер инспекторында FixedCols және FixedRows қасиеттерінің мәндерін 0 деп белгілеу керек. Тапсырмаға сәйкес StringGrid1 компоненті үшін жолдар санының n және бағаналар санының m шекті мәндері белгіленеді. ColCount=8, а RowCount=6 (8 бағана және 6 жол). StringGrid2 компоненті үшін ColCount=1, RowCount=8, ал StringGrid3 компоненті үшін ColCount=1, RowCount=6.

StringGrid компонентіне үнсіздік бойынша ақпаратты пернелер тақтасынан енгізуге тыйым салынған, сондықтан StringGrid1 компоненті үшін объектілер инспекторында Options қасиетінің символында «тышқанды» екі рет шерту керек және ашылған қасиеттер тізімінде goEditing мәнін True деп белгілеу керек.



Әдебиеттер: [1]- [4]

15- апта

1-2 кредит сағат.

Тақырыбы: Borland C++ Builder -дің графикалық мүмкіндігі. Borland C++ Builder графикасында анимацияны жүзеге асыру. Функция графигін салу



Дәріс мазмұны:

1. Borland C++ Builder -дің графикалық мүмкіндігі.

2.Canvas қасиеті. 3. Canvas объектісінің қасиеті.

Графикалық компонеттер

C++ Builder-дiң стандартты кiтапханасына визуалды компоненттердi бағдарламаға ерекше түр беретiн бiрнеше объектiлер кiредi. Олар - TImage, TShape, Tbevel, TpaintBox.



TImage – форманың кез-келген орнына графикалық бейненi орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл объект қолдануда өте қарапайым. Суреттiң өзiн дизайн жасау кезiнде редактордың (Объектiлер инспекторы) Picture қасиетiнен жүктеуге болады. Сурет jpg, jpeg (JPEG Image file) bmp (bitmap), emf (enhanced Metafiles), wmf (Windows Meta File), ico (icon) форматтағы файлдарда сақталуы қажет.

Суреттi бейнелеудiң жоғарыда аталған форматтарынан басқа бiрнеше түрi бар (мысалға pcx, gif, tiff, jpeg белгiлi). Бағдарламаға бейненi қосу үшiн бұл форматты не bmp форматына ауыстыруға не осы форматтарды “түсiнетiн” кiтапханаларды табу қажет. (C++ Builder үшiн мұндай әртүрлi компоненттер бар).

Жобалау кезіндегі формаға дизайн жасау уақытында орналасқан сурет dpr файлына қосылып, exe файлға компиляцияланады. Сондықтан, мұндай exe файлдың көлемі үлкен болуы мүмкін. Альтернатива ретінде суретті бағдарламаның орындалу барысында жүктеуді қарастыруға болады, ол үшін Picture қасиетінің арнайы LoadFromFile әдісі бар.

Объектінің Center және Stretch маңызды қасиеттерінің екеуі де булевтік тип болып табылады. Егер Center-ге True орнатса, онда сурет центрі Timage объектісінің центрімен сәйкес келеді. Егер Stretch-ке True мәнін орнатса, онда Timage объектісінің іші толық боялатындай етіп суретті қысуға немесе созуға болады.



TShape – шеңбер, квадрат және т.б. типті қарапайым графикалық объектілер. Объект түрі Shape қасиетінде көрсетіледі. Pen қасиеті объектінің түрі мен шекара түрін анықтайды. Brush - объектті бояудың түрі мен түсін орнатады. Бұл қасиеттерді дизайн жасау кезінде де өзгертуге болады.

TBevel – программаны безендіру объектісі, рамка немесе сызық түрін қабылдай алады. Tpanel-ге қарағанда объект аз мүмкіндіктерге ие, бірақ ресурсты көп алмайды. Сыртқы түрі Shape және Style қасиеттері көмегімен белгіленеді.

TPaintBox - Компоненттер палитрасының System парағында орналасқан, оны графикалық редактор типті қосымшаларды құру үшін қолданады. TPaintBox Canvas-тан басқа ешқандай негізгі қасиеттері жоқ. Сәйкес оқиғалар (OnMouseMove және т.б.) өңдегішіне берілетін тышқанның белгісінің координаттары салыстырмалы болып табылады, яғни форманың сол жағында бұрышына емес, тышқанның TPaintBox объектісінің сол жағындағы бұрышына сәйкес болады.
TCanvas класы

Бағдарламада график шығаратын беттер Canvas қасиетіне сәйкес келеді. Өз кезегінде Сanvas қасиеті — TCanvas типті объект.

Бұл класс - C++ Builder-дің графикалық жүйесінің өзегі болып табылады. Ол өзіне "холст"-ты (GDI нақты құрылғысының контексті) және "жұмыс құралдарын" (қалам, қылқалам, шрифт) сондай ақ геометриялық фигураларды салуға арналған функциялар жиынтығын біріктіреді. Ол канва деп те аталады.

Сanvas "бет", "сурет салуға арналған холст" деп аударылады. Холст пиксель деп аталатын жеке нүктелерден тұрады. Пиксельдің орны оның тік (X) және көлдеңен (Y) координаттары арқылы сипатталады. Сол жақ жоғарғы пиксель (0, 0) координаттарына ие. Координаттар жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай өседі. Оң жақ төменгі бұрыштың координаты холст өлшемінен тәуелді.

Холст өлшемін бейнелеу аймағы (image): Height және width қасиеттері арқылы немесе форманың ClientHeight и Clientwidth қасиеттері арқылы бейнеленеді.

Визуалды компоненттер кітапханасының бірнеше объектілері Canvas (канва) қасиетіне ие, ол сурет салудың қарапайым жолын ұсынады. Бұл объектілер мыналар - TBitmap, TComboBox, TDirectoryListBox, TDrawGrid, TFileListBox, TForm, TImage, TListBox, TOutline, TPaintBox, TPrinter, TStringGrid. Canvas сурет салу жиегі, карандаш (Pen), қылқалам (Brush) және шрифтті (Font) қосатын объектілер болып табылады. Canvas сол сияқты бірнеше графикалық әдістерге ие: Draw, TextOut, Arc, Rectangle және т.б. Canvas-ты пайдаланып, формада кез- келген графикалық объектілерді TImage,TShape и Tlabel қолданбай сурет, көпбұрыш, мәтін және т.б. орнатуға болады, бірақ OnPaint-та салған объектінің оқиғасы өңделу керек.

Графикада ағымдық көрсеткіш (көрінбейтін маркер) ұғымы бар. Ол қалыпты жағдайда координаталар басында орналасады. Ағымдық көрсеткішті жаңа позицияға орналастыру үшін MoveTo (x,y:integer) әдісі қолданылады. Әдістің орындалуы нәтижесінде көрсеткіш (х,у) координатасына жылжығанымен, экранда ешнәрсе сызылмайды. Ағымдық көрсеткіш позициясынан координатасы (х,у) нүктеге дейін сызық сызу үшін LineTo (x,y:integer) әдісі қолданылады.

С++ графикасында негізгі геометриялық фигураларды салу әдістері:



Arc (x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)-доға

Chord(x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)- хорда

Ellipse(x1, y1, x2, y2: integer)- эллипс

Rectangle(x1, y1, x2, y2: integer)- тіктөртбұрыш

Pie(x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)- сектор т.с.с.

Arc, Chord, Ellipse әдістерінде x1 және y1 параметрлері доға, хорда, эллипсті шектеп тұрған тіктөртбұрыштың сәйкес сол жақ жоғарғы, x2 және y2- оң жақ төменгі бұрышының координаталары. x3 және y3, x4 және y4 параметрлері доға немесе хорданың бастапқы және соңғы нүктесінің координатасын анықтайды.

С++-те графикалық құрылғыларды қолдануды жеңілдететін арнайы кластар анықталған: TCanvas- бейнелеу контексі үшін, TFont- шрифт үшін, TPen- қалам үшін, TBrush- қылқалам үшін.



Pen қасиеті сызық және геометриялық фигуралардың шекарасын сызу үшін қолданылатын қалам атрибутын анықтайды.

Мысалы: Canvas->pen->Width=1; Canvas->Pen->Color=clRed;

Canvas->Pen->Style=psDash;

Canvas->Ellipse(30,30,120,120);

Нәтижеде сызық қалыңдығы 1-ке тең, сызық стилі штрихталған, қызыл түсті шеңбер сызылады. Қосымшаны орындату нәтижесі келесі суретте көрсетілген.

Код “Сызу” батырмасына жазылады.

Brush (қылқалам)- тұйық облысты, геометриялық фигура ішін бояуды жүзеге асырады. Brush қасиетінің өз қасиеттері бар.

Color – фигура ішін бояу түсін көрсетеді.

Style- бояу стилін анықтайды.

Оның мәндері:



bsSolid- тұтас бояу

bsHorizontal- горизонталь сызықпен бояу

bsVertical- вертикаль сызықпен бояу

bsFDiagonal, bsBDiagonal- диагонал сызықпен бояу

bsCross- тік торлы бояу

bsDiagCross- көлденең торлы бояу

bsClear- боялмаған.

Мысал: Олимпиада бағдарламасы графиканы форма бетіне шығаруды ұйымдастырады.

Бағдарлама формасы:

Листинг:


#include

#pragma hdrstop


#include "Unit1.h"

//---------------------------------------------------------------------------

#pragma package(smart_init)

#pragma resource "*.dfm"

TForm1 *Form1;

//---------------------------------------------------------------------------

__fastcall TForm1::TForm1(TComponent* Owner)

: TForm(Owner)

{

Canvas->Font->Name ="Tahoma";



Canvas->Font->Size= 12;

}

//---------------------------------------------------------------------------


void __fastcall TForm1::FormPaint(TObject *Sender)

{

#define WB 140



#define HB 80

#define D 36

int x,y;

AnsiString st = "Быстрее, выше, сильнее!";


x = (ClientWidth - WB) / 2;

y = (ClientHeight - HB ) / 2 - Canvas->Font->Size;

// nojJOTHMin,e

Canvas->Brush->Color = (TColor) RGB(255,255,255);

Canvas->FillRect( Rect(x,y,x+WB,y+HB) );

int xl = (ClientWidth - Canvas->TextWidth(st)) / 2;

Canvas->Brush->Style = bsClear;
Canvas->TextOutA(xl,y+HB+6,st);

Canvas->Pen->Width = 2;

x-x+(WB-3.2*D)/2;

y=y+(HB-1.6*D)/2;

Canvas->Pen->Color = (TColor) RGB(0,0,225);

Canvas->Ellipse(x,y,x+D,y+D);

x = x + 1.1* D;

Canvas->Pen->Color = clBlack;

Canvas->Ellipse(x,y,x+D,y+D);

x=x+1.1*D;

Canvas->Pen->Color = (TColor) RGB(255, 0, 0) ;

Canvas->Ellipse(x,y,x+D,y+D);

x = x - D * 0.55;

y = y + 0.6 * D;

Canvas->Pen->Color = (TColor) RGB(0,128,0) ;

Canvas->Ellipse(x,y,x+D,y+D);

x=x-1.1*D;

Canvas->Pen->Color =(TColor) RGB(250,217,25);

Canvas->Ellipse(x,y,x+D,y+D);
}

//---------------------------------------------------------------------------

void __fastcall TForm1::FormResize(TObject *Sender)

{

Form1->Refresh() ;



}

//---------------------------------------------------------------------------



Әдебиеттер: [1]- [4]

6. Практикалық жұмыстардың жоспары.




Тақырыбы

Практикалық жұмыс мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Енгізу,шығару операторлары.


1.Си тіліндегі программа құрылымы.

2.Енгізу,шығару операторлары.

3. Сызықтық программа құру.


1

[1]-18-22

[1]- 22-26

[3]- 10-26

[4] 170-176 б.


2

Тармақталу операторлары. Таңдау командасын қолданып программалау

Тармақталу командасын қолданып программалау Таңдау командасын қолданып есептердің программасын құру

2

[1]-33-37

[1]-32,33

[3]- 63-80

[4] 189-197 б.



3

Циклді программалау.

While, do – while, for операторлары көмегімен құрылатын программалар.

3

[1]-41 бет [1]-44 бет

[3]- 80-89 [4] 197-202 б.



4

Бір және екі өлшемді массив элементтерін түрлендіру.

Массив және матрицаның элементтерін түрлендіру: реттеу, берілген элементті іздеу.

4

[1]-49 бет [2]-62 бет

[3]- 80-89

[4] 197-202 б.


5

Символдық жолдарды өңдеу функциялары.

Символдық жолдағы жақша ішіндегі символдарды экранға шығаратын программа.

5

[1] [2]

[3] 90-100

[4]

202-207 қ[1]



6

Функцияны қолданып программалау.


Функцияның прототипін қолданып программалау.

6

[1] 58-59

[2] 128-134

[3]101-104

[4]217-220 қ[1]



7

Құрылымдар және біріктірулер.

Құрылымдық типтерді программалау.

7

[1] 58-59

[2] 128-134

[3]101-104

[4]217-220 қ[1]



8

Көрсеткіш. Оны программалау-да пайдалану. Дискіде файлдармен жұмыс.

Көрсеткішті қолданып программалау. Символдарды, бүтін сандарды, деректер блоктарының жазылуы мен оқылуы.

8

[1] 61б.

[2] 128-134

[3] 101-108

[4]210-224 қ[1]



9

Мәтіндік режимді басқару функцияларын қолданып программалау.

Мәтіндік режимді басқару функцияларын қолданып программа құру.

9

[2] 219-230

[3]192-203

[4]230-234

қ[2]16-21



10

Си тіліндегі графиктік функцияларды қолданып программалау.

Теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайықтың суретін салу.

10

[1] 73-90б.

[2]185-202

[3] 110-117, 201-210, 258-262

[4]207-217қ[2]3-13



11

Borland C++ программалау тілі ортасында жұмыс. Сызықтық программа құру.

Компоненттер палитрасымен жұқмыс.

Деректерді енгізу- шығаруды ұйымдастыруға жоба жасау.



11

[1] 67-69

[2] 141-144

[3]271-301

[4]234-240

қ[2] 21-26


12

Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері. Шартты және таңдау командасы.

Деректерді енгізу, шығару компоненттерін қолданып, қарапайым жоба жасау.

12

[1] 51-57

[2] 127-128

[3]164-191

[4]223-229

қ[2] 13-16


13

Checkbox, radiobutton және Combobox, ListBox компоненттері.

Checkbox, radiobutton компоненттерін қолданып тестілеу программасын жасау. Combobox, ListBox компоненттерін қолданып жоба жасау.

13

[3] 325-380

[4]240-249

қ[2] 26-33


14

Қосымшада негізгі және жанама меню жасау. StringGrid компонентін қолданып кесте элемент-рін түрлендіру.

Main Menu, Popup Menu компоненттерін қолданып қосымшада меню жасау StringGrid компонентін қолданып кесте элементтерін түрлендіру жобасын жасау.

14

[1]- [4]


15

Borland C++ Builder -дің графикалық мүмкіндігі.

Графиктік примитивтерді салу әдістерін қолданып жоба жасау.

15

[1]- [4]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет