Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2013 жылы Жамбыл облысында орындалуы туралы анықтама



Дата21.06.2016
өлшемі195.83 Kb.
#151314
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2013 жылы

Жамбыл облысында орындалуы туралы

АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша облыстың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен нақты жұмыстар атқарылуда.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы үгіт-насихат жұмыстарына азаматтық қоғам институттары кеңінен тартылуда. 2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» атты жобасына облыстық бюджеттен 1 млн. теңге қаржы бөлінді.

Аталған конкурс жеңімпаздары анықталып іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күнге, аталған жоба шеңберінде Тараз қаласында «Тағдыр» қоғамдық бірлестігі «Жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамдық міндет» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын, «Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты жастар арасында акция және «Жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ іс» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

Есепті мерзімде облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы шараларды ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік және құқықтық органдардың өкілдерінің қатысуымен оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда кеңестер, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып жұмыстар атқарылды.

Облыс аумағында сыбайлас жемқорлықпен күресте «Нұр Отан» ХДП-ның 322 партиялық бақылау посттары өз жұмыстарын жалғастыруда, «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық, қалалық және аудандық филиалдары жанынан құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары, шағын және орта бизнес өкілдері енгізілген, жемқорлықпен күрес жөніндегі 11 қоғамдық Кеңестер жұмыс атқаруда.

Оқу орындары, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар мен ұйымдарда жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыруға бағытталған («дөңгелек үстел», пікірталас, көшпелі семинар-кеңестер, «Ашық есік» т.с.с.) іс-шаралар ұйымдастырылып, олар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихатталды.

Бүгінгі күнге аудандар мен Тараз қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттайтын 26 билборд орнатылған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлықпен күресті ақпараттық қолдау бойынша 2013 жылдың 2 жартыжылдығына арналған медиа-жоспар бекітіліп, жүзеге асырылуда. Олардың ішінде облыста өткізіліп жатқан түрлі іс-шаралар баспасөз беттерінде жарық көруде.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша облыста атқарылып отырған жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Ар-Ай» және аудандық газеттерде тұрақты айдарлар ашылған.

2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарушы органдар саяси және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған 55 іс-шара өткізілді, соның ішінде 8 семинар, брифинг, «дөңгелек столдар», 12 телевидение мен радиодан хабарлар, 35 материалдар БАҚ-та жарияланды.

2013 жылдың 9 айында атқарушы органдар саяси және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған 92 іс-шара өткізілді, соның ішінде 16 семинарлар, брифингтер, лекциялар, «дөңгелек үстел» отырыстары, акциялар, конференциялар, 25 телевидение мен радиодан хабарлар, 51 материалдар БАҚ-та жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша облыстық комиссиясының (әрі қарай Комиссия) 2012 жылғы 25 қазандағы хаттамалық шешімімен аудандар және Тараз қаласының әкімдері, облыс әкімдігінің басқармалары және орталық органдардың аумақтық органдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын және Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 215 қаулысымен қабылданған Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын тиісті деңгейде және мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.

Комиссияның 2012 жылғы 29 қарашадағы хаттамалық шешімімен облыстық құқық қорғау органдарына:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізіп, қылмыс пен құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға заң аясындағы нақты шаралар қолдану;

мемлекеттік органдарды тексерудің аралық мерзімдерін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңы негізінде жүзеге асыруды қарастыру;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, негізсіз тексерулерге жол бермеу мақсатында, субъектілердің тәуекел дәрежесіне қарай мерзімділігін белгілеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Алайда, аталған органдардың тарапынан хаттамалық тапсырманың орындалуы туралы ақпарат комиссияның жұмыс органына түспеген.

Комиссияның 2013 жылғы 4 наурыздағы хаттамалық шешімімен облыстық құқық қорғау органдарына:

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында негізсіз қылмыстық істердің қозғалуына жол бермеу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізіп, қылмыс пен құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға заң аясындағы нақты шаралар қолдану жүктелген.

Жамбыл облысының ішкі істер департаментіне:

жол полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің алдын алу бойынша талдау жасап, жүйелі шаралар қолданып үнемі бақылауға алу тапсырылды.

Алайда, аталған органдардың тарапынан хаттамалық тапсырманың орындалуы туралы ақпарат комиссияның жұмыс органына түспеді.

Комиссияның 2013 жылғы 29 сәуірдегі хаттамалық шешімімен облыстық құқық қорғау органдарына:

облыста мал контрабандасының алдын алу үшін және жолын кесу мақсатында жүйелі шаралар қабылдап нәтижесі бойынша бір ай мерзім ішінде облыс әкімі аппаратын хабардар ету тапсырылды.

Аудандар және Тараз қаласының әкімдеріне:

құқық қорғау органдарымен бірлесіп мал контрабандасына қарсы бағытталған кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізу жүктелді.

Қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін бірқатар шаралар атқарылғанымен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың саны өсіп отыр.



Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2013 жылдың 6 айында 77 мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендерге және жеке тұлғаларға қарсы 130 қылмыстық іс қозғалды, 2012 жылдың 6 айында 65 мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендерге және жеке тұлғаларға қарсы 122 қылмыстық іс қозғалған, немесе 6,5 пайызға өскен.

Тіркелген 130 қылмыстық істердің 57-і (немесе 43,8 %) облыс әкімдігінің басқармалары, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлеріне қарсы қозғалған. Соның ішінде, пара алу - 1, қызметтік жалғандық жасау – 21, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену - 15, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану – 14 және т.б.



2013 жылдың 9 айында 196 мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендерге және жеке тұлғаларға қарсы 263 қылмыстық іс қозғалған, 2012 жылдың 9 айында 87 мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендерге және жеке тұлғаларға қарсы 163 қылмыстық іс қозғалды, немесе 61,3 пайызға өскен.

Тіркелген 263 қылмыстық істердің 65-і (немесе 24,7 %) облыс әкімдігінің басқармалары, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлеріне қарсы қозғалған. Соның ішінде, пара алу - 2, қызметтік жалғандық жасау – 21, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену - 17, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану – 20 және т.б.

Қозғалған қылмыстық істермен: 3 ауылдық округтің әкімдері (Т.Рысқұлов ауданы, Қорағатты ауылдық округінің әкімі Көпбаевқа 1 іс қозғалған, Сарысу ауданы, Түркістан ауылдық округінің әкімі Ермекбаевқа 1 іс қозғалған, Шу ауданы, Алға ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Тургановқа қарсы 1 іс қозғалған), 1 орта мектеп директорына қарсы 2 қылмыстық іс, (2012 жылдың 9 айында 6 мектеп директорына 12 қылмыстық іс қозғалған) және басқалары әр-түрлі санаттағы аудан әкімдіктері мен облыс әкімдігінің басқармаларының санаттағы мемлекеттік қызметкерлері жауапқа тартылуда.

Осы санат бойынша қозғалған қылмыстардың саны Шу (17), Меркі (6), Жуалы (3) ауданы әкімдіктерінде және облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында (4) өскен.


2013 жылдың 9 айында облыс бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстар:



Әкімшілік – аумақтық бірлік

Жалпы саны

2012 жылы

2013 жыл

Тараз қаласы

11

4

(3 қылмыстық іс қысқартылған)



Байзақ ауданы

15

(1 қылмыстық іс қысқартылған)



2

Жамбыл ауданы

9

(3 қылмыстық іс қысқартылған)



2

(2 қылмыстық іс қысқартылған)



Жуалы ауданы

-

3

Қордай ауданы

8

(1 қылмыстық іс қысқартылған)



7

Мойынқұм ауданы

6

2

Меркі ауданы

5

(1 қылмыстық іс қысқартылған)



6

Сарысу ауданы

5

(2 қылмыстық іс қысқартылған)



3

Талас ауданы

5

5

Шу ауданы

7

(2 қылмыстық іс қысқартылған)



17

Т.Рысқұлов ауданы

10

3

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғи пайдалануды реттеу басқармасы

-

1

(қылмыстық іс қысқартылған)



Облыс әкімдігінің мәдениет басқармасы

1

-

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

11

3

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы

8

-

Облыс әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасы

1

1

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

-

2

(2 қылмыстық іс қысқартылған)



Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

-

4

Жеке тұлғалар

9

119

Басқа мемлекеттік мекемелер

52

79

Барлығы

163

263

Құқық қорғау органдары қылмыспен күресте өз көрсеткіштерін жоғары көрсету мақсатында және қылмыстық істердің санын көбейту үшін орынсыз бір адамның үстінен бірнеше қылмыстық істер қозғау фактілері әлі де орын алуда.

Мысалы: 2013 жылы медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкері Жүзбаеваға - 10, ішкі істер департаментінің қызметкері Жаманбаеваға - 7, кедендік бақылау қызметкері Джулсаитовқа - 7, Меркі ауданы Савва атындағы балалар интернатының директоры Омарходжаеваға - 4, Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Есболғановаға - 4 қылмыстық істен қозғалған.

Алайда, алдын ала тергеу нәтижелері негізінде Жаманбаеваға қозғалған 7 қылмыстық іс ҚР ҚІЖК-нің 37 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес өндірістен қысқартылған, яғни жасаған әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актiсiнiң салдары негізінде.

2013 жылдың 9 айында жалпы 29 қылмыстық іс қысқартылса, оның 7-уі азаматтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты, яғни ақтау негізінде қысқартылған, 2012 жылдың 9 айында жалпы қысқартылған 46 қылмыстық істің 5-і ақтау негізінде қысқартылған.

Осындай, қалыптасқан жағдай облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесін негізсіз төмендетуде.

Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының аумақтық органдарының қызметкерлеріне және жеке тұлғаларға қатысты 198 қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. (немесе жалпы тіркелген қылмыстардың 75,2% құрады).

Оның ішінде:

Облыстық ішкі істер департаменті – 31

Облыстық кедендік бақылау департаменті – 16

Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті – 10

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы – 5

Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті – 4

Почта – 3

Облыстық салық департаменті – 2

Сот орындаушылар – 2

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Жамбыл облыстық филиалы – 2

Ұлттық қауіпсіздік комитеті - 1

Сот - 1

ГКП «Базарбай» - 1



ЖШС – 1

Жеке тұлғалар – 119



Аталған қылмыстардың едәуір саны облыстық ішкі істер департаменті (31 іс), облыстық кедендік бақылау департаменті (16 іс), медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (10 іс), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы (5 іс), облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (4 іс), қызметкерлеріне қозғалған.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көпшілігі қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, қызметтік жалғандық жасау, билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану болып отыр. Бұл қылмыстардың болғаны, мемлекеттік органдардың басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамаларды тиісті орындамауынан және өз тараптарынан тиісті бақылаудың жүргізбегенінен деп бағалауға болады.


Сонымен бірге, 2013 жылдың 6 айында 130 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген, 2012 жылдың 6 айында – 47, яғни 176,5 пайызға өскен.

Орын алған құқықбұзушылықтардың 96-ы (73,8%) облыс әкімдігінің басқармалары, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері тарапынан жасалған.



2013 жылдың 9 айында 160 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген, 2012 жылдың 9 айында – 86, яғни, 86,0 пайызға өскен.

Орын алған құқық бұзушылықтардың 119-ы (74,3 %) облыс әкімдігінің басқармалары, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері тарапынан жасалған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар: 2 – аудан әкімі аппараттарының басшылары, 5 ауыл округінің әкімдері, 7 - орта мектеп директорлары, 9 бала бақша меңгерушілері, 11 – аудан әкімдіктерінің құрылымдық бөлім басшылары, қалғандары әр-түрлі санаттағы мемлекеттік қызметкерлер және оған теңестірілген тұлғалар.

Аталған санаттағы құқық бұзушылықтардың саны Шу (13), Жуалы (11), Мойынқұм (11), Қордай (9), Меркі (7), Талас (7), Жамбыл (4), Байзақ (3), ауданы әкімдіктерінде және облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары (7), денсаулық сақтау басқармасында (7), білім (7), табиғи ресурстар және табиғи пайдалануды реттеу (6), спорт және дене шынықтыру (3), кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларында (3) өскен.



2013 жылдың 9 айында облыс бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар:


Әкімшілік – аумақтық бірлік

Жалпы саны

2012 жыл

2013 жыл

Тараз қаласы

11

4

Байзақ ауданы

1

3

Жамбыл ауданы

3

4

Жуалы ауданы

6

11

Қордай ауданы

-

9

Мойынқұм ауданы

11

11

Меркі ауданы

6

7

Сарысу ауданы

9

7

Талас ауданы

5

7

Т.Рысқұлов ауданы

6

6

Шу ауданы

5

13

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғи пайдалануды реттеу басқармасы

2

6

Облыс әкімдігінің мәденит басқармасы

1

2

Облыс әкімдігінің энергетика және коммуналды-шаруашылық басқармасы

1

2

Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

-

7

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

-

3

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

1

7

Облыс әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасы

-

3

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

1

7

Басқа мемлекеттік мекемелер

17

41

Барлығы__86__160'>Барлығы

86

160

Есепті мерзімде Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының аумақтық органдарының қызметкерлері тарапынан 40 құқық бұзушылық жасалған (немесе жалпы тіркелген құқықбұзушылықтардың 25,0% құрады).

Оның ішінде:

Облыстық ішкі істер департаменті - 23

Облыстық кедендік бақылау департаменті - 5

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті - 3

Жер инспекциясы - 3

Сот орындаушы - 2

Облыстық салық департаменті - 2

Облыс бойынша экология депаратменті - 2

Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті - 1

Тіркелген құқық бұзушылықтардың едәуір саны облыстық ішкі істер департаменті (23), облыстық кедендік бақылау департаменті (5) қызметкерлері тарапынан жасалған.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылық фактілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді ұйымдастыруда кемшіліктер бар екенін көрсетеді. Орын алған заң бұзушылықтардың өсуі, олардың алдын алу шараларының нәтижесінің төмендігі, мемлекеттік органдардың басшылары тиісті ұйымдастыру және бақылау жұмыстарын әлсіреткені деп білуге болады.

Жоғарыдағылардың негізінде, аудандар және Тараз қаласының әкімдері, облыс әкімдігінің басқармалары және Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының аумақтық органдарына Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды және Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 215 қаулысымен қабылданған Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын тиісті деңгейде және мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету ұсынылады.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық бөлімі


2013 жылдың 6 айында облыс бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстар:



Әкімшілік – аумақтық бірлік

Жалпы саны

2012 жылы

2013 жыл

Тараз қаласы

6

4

(2 қылмыстық іс қысқарған)



Байзақ ауданы

7

(1 қылмыстық іс қысқарған)



2

Жамбыл ауданы

4

(3 қылмыстық іс қысқарған)



3

Жуалы ауданы

-

-

Қордай ауданы

6

(1 қылмыстық іс қысқарған)



8

Мойынқұм ауданы

5

2

Меркі ауданы

5

(1 қылмыстық іс қысқарған)



2

Сарысу ауданы

2

(2 қылмыстық іс қысқарған)



2

Талас ауданы

5

4

Шу ауданы

7

(2 қылмыстық іс қысқарған)



16

Т.Рысқұлов ауданы

4

4

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғи пайдалануды реттеу басқармасы

-

1

Облыс әкімдігінің мәдениет басқармасы

1

-

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

11

5

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы

5

-

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

-

2

(2 қылмыстық іс қысқарған)



Жеке тұлғалар

9

20

Басқа мемлекеттік мекемелер

43

55

Барлығы

122

130



2013 жылдың 6 айында облыс бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар:



Әкімшілік – аумақтық бірлік

Жалпы саны

2012 жыл

2013 жыл

Тараз қаласы

6

4

Байзақ ауданы

-

2

Жамбыл ауданы

1

4

Жуалы ауданы

2

7

Қордай ауданы

-

7

Мойынқұм ауданы

6

10

Меркі ауданы

1

6

Сарысу ауданы

7

3

Талас ауданы

3

4

Т.Рысқұлов ауданы

2

6

Шу ауданы

2

13

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғи пайдалануды реттеу басқармасы

2

3

Облыс әкімдігінің мәденит басқармасы

1

2

Облыс әкімдігінің энергетика және коммуналды-шаруашылық басқармасы

1

2

Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

-

7

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

-

3

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

-

7

Облыс әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасы

-

3

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

-

3

Басқа мемлекеттік мекемелер







Барлығы

47

130




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет