Силлабус пән атауы: Патологиялық физиология Пәннің коды



бет2/6
Дата27.10.2022
өлшемі63.81 Kb.
#463529
түріПротокол
1   2   3   4   5   6
Силабус ЖМ 2021-2022 2 курстар (1)

Пән саясаты. Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, білім алушылардың адалдық Кодексіне, Академиялық адалдық саясатына, Университет Уставына сай қатаң түрде сәйкес жүргізіледі.
Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы:

  • патологиялық физиология кафедрасы оқу үрдісін жоспардайды және ұйымдастырады ( жоспарға сәйкес);

  • оқу үрдісінің өткізілу түрін жетілдіреді (интерактивті оқыту әдісі, мәселелік-бағдарланған оқыту әдісін енгізу);

  • оқу бөлімі және офис регистраторымен бірге оқу кестесін бейімдейді;

  • студенттерді оқу-әдістемілік құжаттардың барлық түрімен қамтамасыз етеді;

  • қызметкерлер мен студенттердің ҒЗЖ іске асыру үшін жағдай жасайды;

  • қосымша білім алу үшін жағдай жасайды;

Оқу процессінің ақпараттық қамтамасыз етілуі

  • силлабустар, анықтама-жолсілтемелер студенттерге электрондық тасымалданулар кафедрада, кітапханада, АИС Платонуста беріледі;

  • сабақ кестесі, консультация және басқада ақпараттар кафедра шешімі бойынша кафедраның тақтайшасына ілінеді;

білім алушының рейтингтік бағасы туралы ақпарат қолжетімді және уақытылы жүреді
(АИС «Платонус»).
Кафедраның білім беру үдерісі кезіндегі білім алушыларға қоятын жалпы талаптары:

  • киім үлгісі: студенттің сыртқы келбеті мамандыққа сай ақ халат, калпак,

екінші аяқ киім, халат ілгектері тағылған, шаштары жинаулы, сырт киімін гардероб
тапсыру керек.

міндетті және сабаққа дайын болу керек, пән бойынша оқулықтары болу керек, сабаққа
уақытында келу керек, аудиторияда шуламау, қоқыс тастамау.

  • практикалық сабақ материалдарын жазуға, көшіруге, түсіруге оқытушының келісімімен

рұқсат етіледі. Сабақ кезінде, емтихан кезінде телефон қолдануға тыйым салынады.

  • практикалық сабақтардан қалған жағдайда оны өтеу критерийлері: 2 немесе одан көп сабақ жіберсе деканат рұқсатымен өтеу кестесіне сай немесе деканаттан берілген студенттің жеке кестесі бойынша өтеледі.

  • оқу үдерісінің ұйымдастырылуы жөніндегі міндеттемеге сәйкес айыппұл санкциясы

  • студенттік ғылыми ұйымға және студенттер конференциясына, олимпиадаға қатысқаны

үшін кафедраның шешімімен қосымша жеңілдіктер тағайындау. Кафедрада «Жас
патофизиолог» студенттік үйірмесі жұмыс жасайды, «қатысамын» деген студенттерге
шектеу қойылмайды.

  • кафедраның студенттерге оқу процесіне қоятын талаптары, жұмыс бөлімдерін және т.б. орындамаған жағдайда айыптау шаралары, емтихандарға жіберу рейтингісі 50 % төмен болған жағдайда рұқсат берілмейді (жіберу рейтингісі 50 % немесе D және одан жоғары болған жағдайда ғана студент емтиханға жіберіледі)

  • оқу үрдісі кезінде (сабақта, емтиханда, қорытынды аттестация аралық аттестацияда) адалдық принциптері кодексін бұзғаны үшін әрбір жағдай (оқиға) тіркеледі және білім алушының жасаған жұмысы бағалау процедурасына жіберілмейді.

  • Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, Білім алушылардың Ар-намыс Кодексіне, Академиялық адалдық кодексіне, Университет Жарғысына қатаң сәйкестендірілуі тиіс.

Айыппұл шаралары:
1) Пән саясатын бір рет бұзған студентке оқытушы ауызша түрде ескерту жасайды. Қайталанған жағдайда студент кафедра жетекшісінің атына түсініктеме жазады.
2) Пән саясатын жүйелі түрде бұзған жағдайда кафедра жетекшісі деканатқа сәйкесінше рапорт береді.
3) Тәжірбиелік сабақта және бақылау сабақтары кезінде ( тесттік бақылау, ауызша және жазбаша сұрау) әртүрлі шпаргалкаларды қолданса электрондық гаджеттерді,шпаргалкалар тартып алынады, бағасы төмендетіледі.
4) Аралық сабақта және бақылау сабақтары кезінде ( тесттік бақылау, ауызша және жазбаша сұрау) әртүрлі шпаргалкаларды қолданса электрондық гаджеттерді,шпаргалкалар тартып алынады, студентті оқытушы немесе тестілеу орталығының қызметкері шығарып жібереді (аралық бақылау өтіп жатқан орнына байланысты) академиялық адалдықтың бұзылғаны туралы деканатқа сәйкесінше рапорт тапсырылады.
5) Оқу тәртібін бұзған жағдайда (дөрекілік,бұзақылық,заттарды сындыру және тб) оқытушы деканатқа сәйкесінше рапорт тапсырады, студент деканның атына түсініктеме жазады.
6) Сабаққа қатыспаған студентке « ж » белгіленеді.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пән саясаты қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім беру қарастырады:
- оқу сабағы «on-line» және «off-line» тәртібінде өткізіледі
- оқу сабағы «on-line» тәртібінде оқу үрдісін шынайы уақыт режимінде өзара байланысынты қарастырады: видеоконференциялар (ZOOM, Moodle, Cisco Webex).
- оқу сабағының «on-line» тәртібіндегі оқу үрдісі оқытушы және студент арасындағы қарым-қатынас қашықтықтағы АИС Платонус платформасында, ішкі сервистік қарым-қатынас, чаттар және форумдар арқылы іске асады.
- консультациялар, семинарлар, студенттердің білімін ауызша бақылау, есептерін қорғау
Он-лайн режимінде ZOOM платформасы және басқа платформалардың веб-конференциясы арқылы іске асады.

Кафедра қамтамасыз етеді: АИС Платонус платформасында курс толық салынады:


курс атауы, құрастырушылар, мақсаты, оқытудың негізі нәтижелері, силлабустар, контенттер, оқу материадары және тапсырмалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет