Силлабус пән атауы: Патологиялық физиология Пәннің коды



бет4/6
Дата27.10.2022
өлшемі63.81 Kb.
#463529
түріПротокол
1   2   3   4   5   6
Силабус ЖМ 2021-2022 2 курстар (1)

4. Пререквизиттер: молекулярлы биология және медициналық генетика, химия, қалыпты анатомия, қалыпты физиология
Постреквизиттер: жалпы хирургия

5. Сабақ жоспары

Пән

Кредиттер саны

Сағаттар

Оның ішінде

Қорытынды бақылау түрі

Д/ПС

ОБӨЖ

БӨЖ

Патологиялық физиология

4

120

6/34

40

40

Емтихан (ауызша)


6. Сабақтардың тақырыптық жоспары
Дәрістердің тақырыптық жоспары



Дәрістер тақырыптары

Сағаттар саны

Оқу формасы

1

Кіріспе сабақ. Патологиядағы эксперименттік әдістің маңызы. Патологиялық процестерді моделдеу. Жалпы нозология. Жалпы этиология. Патогенез

1

Қашықтықтан

2

Көмірсу алмасуының бұзылысы.

1

Қашықтықтан

3

Май алмасуының бұзылысы

1

Қашықтықтан

4

Қабыну.

1

Қашықтықтан

5

Қызба.

1

Қашықтықтан

6

Ісік өскіні.

1

Қашықтықтан




Барлығы

6




Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары







Сабақ тақырыбының атауы

Тақырыптың негізгі сұрақтары

Сағаттар саны

Оқу формасы

1

Кіріспе сабақ. Патологиядағы эксперименттік әдістің маңызы. Патологиялық процестерді моделдеу

1.Патологиялық физиология туралы түсінік,оның маңызы.
2.Патологиялық физиолоияны оқытудың негізгі әдістері.
3.Патологиялық физиологияның клиникалық медицинадағы орны.

2

Күндізгі

2

Жалпы нозология.
Этиология.

1. Этиология туралы түсінік.
2. Этиологиялық факторларды жіктеу.
3.Этиологиядағы метафизикалық және идеалистік бағыттар. Патологияның себебі туралы диалектикалық материализмнің ережелері.
4.Организмге жоғары температураның әсері. Күйік ауру, оның патогенезі.
5. Организмге төмен температураның әсері.
6.Аурудың химиялық себептері. Экзо-, эндогендік улану.



2

Күндізгі

3

Патогенез. Патологиядағы реактивтіліктің орны.

1. Патогенез туралы түсінік.
2.Патогенездегі себеп- салдар қатынастар.
3.Аурудың жалпы патогенетикалық механизмдері. Организмнің ерекше және ерекше емес реакциялары.
4.Төмен атмосфералық қысымның организмге патогендік әсері.
5.Электр тогының организмге әсері. Электрожарақаттың салдары.
6.Организмнің реактивтілігі туралы түсінік. Реактивтіліктің түрлері, реактивтілікті билейтін факторлар.
7.Физиологиялық және патологиялық реактивтілік.
8.Организмнің реактивтілігінде нерв және эндокриндік жүйелердің мәні.
9.Резистентілік туралы түсінік. Резистенттілік туралы ілімнің патологиядағы мәні.

2

Күндізгі

4

Жасуша патофизиология
сы

1.Жасуша патофизиологиясы.
2. Жасуша зақымдалу түрлері, сипаттамасы.
3. Жедел және созылмалы жасуша зақымдалу сатылары.
4.Некроз бен апоптоз даму механизмдері.
5. Жасуша зақымдалу патогенезі.
6. Зақымдалу кезіндегі жасушадағы компенсаторлы механизмдер.

2

Күндізгі

5

Патологиядағы тұқым қуалаушылықтың орны-1.

1.Тұқым қуалайтын аурулар туралы түсінік.
2.Мутациялар туралы түсінік. Мутацияның түрлері.
3.Мутагендік факторлар. Иондаушы сәулелену мен сыртқы ортаның химиялық ластануының мутациялардың пайда болуындағы маңызы.
4.Тұқым куалайтын патологияны жiктеу.
5.Тұқым куалайтын патологиянын патогенезі.
6.Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу әдістері (егіздік, цитогенетикалық, генеалогиялық т.б.)
7.Хромосомдық аурулар.



2

Күндізгі

6

Патологиядағы тұқым қуалаушылықтың орны-2.

1.Тұқым қуалайтын аурулар туралы түсінік.
2.Мутациялар туралы түсінік. Мутацияның түрлері.
3.Мутагендік факторлар. Иондаушы сәулелену мен сыртқы ортаның химиялық ластануының мутациялардың пайда болуындағы маңызы.
4.Тұқым куалайтын патологияны жiктеу.
5.Тұқым куалайтын патологиянын патогенезі.
6.Тұқым қуалайтын аурулардың берілу жолдары
7. Гендік аурулар.



2

Күндізгі

7

Көмірсу алмасуының бұзылысы.

1.Көмірсу алмасу бұзылыстардағы нейрогуморалдық механизмдердің ролі.
2.Қантты диабеттіңэтиологиясы мен патогенезі.
3.Эксперименттік диабеттіжасауәдістері.
4.Қантты диабет кезіндегікөмірсуалмасубұзылыстары.
5.Қантты диабет кезіндегі май, белок, су-тұздар алмасудың бұзылыстары.
6.Гипогликемия, этиологиясы мен патогенезі.
7.Гипер- және гипогликемияның организмге әсері

2

Күндізгі

8

Белок пен май алмасуының бұзылыстары.

1. Нәруыздардың организмдегі ролі.
2. Нәруыз алмасуының бұзылыстары.Оң және теріс азоттық баланс.
3. Гипер- , гипо- және диспротеинемия; парапротеинемия.
4. Нәруыз алмасуының соңғы этаптарының бұзылысы.
5. Нәруыз алмасу бұзылыстарының клиникалық көріністері, қанның нәруыз құрамының бұзылысы.
6. Ашығу оның түрлері.
7. Липидтердің қорытылу мен сіңірілуінің бұзылысы, себептері мен салдары.
8. Гиперлипидемия, түрлері, даму механизмі, салдары.
9. Липидтердің аралық алмасуының бұзылысы, кетоз патогенезі.

2

Күндізгі

9

Су-электролиттер алмасуының бұзылысы.

1.Су мен электролиттердің ағзадағы маңызы.
2.Су мен электролит алмасудыңбұзылуы, түрлері.
3.Ісінудің даму механизмдері.
4.Жүрек, бүйрек, бауырауруы, ашығу, қабыну, аллергия кезіндедамитынісінудіңпатогенезі.

2

Күндізгі

10

Қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылысы.

  1. Қышқыл-негіздік тепе-теңдік тұрақтылығының организм үшін маңызы.

  2. ҚНТ-ті реттеу механизмдері (химиялық, физиологиялық).

  3. ҚНТ бұзылу түрлері, оларды жіктеу.

  4. Түрлі алкалоздар патогенезі, оларды түзеу принциптері.

  5. ҚНТ бұзылыстардағы

компенсаторлық реакциялар.

2

Күндізгі

11

Шеткі қан айналысының және микроциркуляцияның бұзылысы. Гиперемия, ишемия.

1.Артериялық гиперемия. Анықтама, себептері.
2.Артериялық гиперемияның түрлері және оның даму механизмі.
3.Артериялық гиперемияныңмаңызы мен салдары.
4.Веналық гиперемия, себептері, белгілері.
5.Веналық гиперемияның даму механизмі, заталмасудыңбұзылуы, салдары.
6.Ишемия: анықтама, белгілері.
7.Ишемияның себептері, даму механизмі.
8.Коллатералдық қанайналысыныңмаңызы.
9.Ишемия салдары. Инфаркт және оның түрлері.

2

Күндізгі

12

Тромбоз,эмболия. Себебі, салдары.

1.Тромбоз туралы түсінік.
2.Тромбаның болу себептері мен жағдайлары / Вирхов триадасы/.
3.Тромбаның пайда болу фазалары.
4.Тромбоз зардабы.
5.Эмболия, оныңтүрлері.
6.Кейбір эмболиялардың / газды, майлы, үлкен және кіші қан айналу шеңберінде/ даму механизмдері.
7.Эмболия зардабы.
8.Стаз, оныңсебептері. Түрлері.
9.Стаздың зардабы.

2

Күндізгі

13

Гипоксия. Этиологиясы, патогенезі.

1.Гипоксия туралы түсінік.
2.Гипоксия әртүрлі аурулардың патогенетикалық факторы ретінде.
3.Гипоксиялық жағдайларды жіктеу принциптері. Гипоксия типтері.
4.Гипоксияның негізгі түрлерінің /гипоксиялық, қанайналымдық, қандық, тіндік, аралас/ этиологиясы мен патогенезі.
5.Гипоксия кезіндегі орын- толтыру механизмдері.
6.Гипероксия, оның патологиядағы маңызы. Гипербариялық оксигенация, оның медицинада қолданылуы.

2

Күндізгі

14

Аллергия.

  1. Аллергия туралы түсінік. Жіктеу.

  2. Аллергендердің жіктелуі.

  3. Аллергияның даму сатылары. Сенсибилизация механизмдері.

  4. В-лимфоциттерге тәуелді аллергия. Аллергиялық антителдер. Тез дамитын аллергияны дәлелдеу жолы.

  5. Т – лимфоциттерге тәуелді аллергия, оның ерекшеліктері.

  6. Аллергиялық ауруды дәлелдеу жолы. Ерекше және ерекше емес десенсибилизация.




2

Күндізгі

15

Қабыну, этиологиясы, патогенезі.

  1. Қабыну. Түсініктеме.

  2. Қабыну себептері. Қабыну түлері және жіктелісі.

  3. Қабынудың негізгі белгілері, олардың патогенезі.

  4. Қабыну ошағындағы тамырлар өзгерісі, кезеңдері.

  5. Экссудация механизмі.

  6. Қабыну ошағындағы заталмасудың ерекшеліктері.

  7. Қабыну патогенезінде биологиялық белсенді заттардың маңызы.

  8. Қабыну ошағындағы физико-химиялық бұзылыстар.

  9. Лейкоциттер эмиграциясы, оның сатылары және даму механизмі.

  10. Қабыну ошағындағы фагоцитарлық реакция, сатылары, даму механизмі.

  11. Экссудат түрлері, құрамы, қасиеттері.

  12. Қабыну патогенезі туралы түсінік. Вирхов, Конгейм, Мечниковтың, Шаде, Менкиннің теорияларының маңызы.

2

Күндізгі

16

Қызба. Этиологиясы, патогенезі..

1.Қызба туралы түсінік.
2.Пирогендер: жіктеу, әсерінің механизмі.
3.Қызбаның патогенезі.
4.Температура қисықтардың түрлері, оларды қалыптастыратын факторлар.
5.Қызба кезінде көмірсу, белок, май, су- тұздар алмасуының өзгерістері.
6.Организмге жоғары температураның патогенді әсері.
7.Жылулық соққы, күн өту.
7.Организмге төмен температураның патогенді әсері.
8.Жылу реттеу патологиясында адам жасының маңызы.

2

Күндізгі

17

Ісік өскіні. Этиология және патогенез.

1.Ісік туралы түсінік, түрлері.
2.Ісік этиологиясы: биологиялық, химиялық, физикалық факторлардың маңызы.
3.Ісіктің даму механизмі. Канцерогенездің мутациялық және эпигеномдық теориялары.
4.Ісік өсуінің биологиялық ерекшеліктері.
5.Ісік тініндегі зат алмасу бұзылысы.
6.Ісік және ағза. Антибластомдық резистенттілік: иммундық көзқарас.

2

Күндізгі




Барлығы




34



Оқытушының жетекшілігімен білім алушылардың өзіндік жұмыстардың тақырыптық жоспары (ОБӨЖ)






Сабақ тақырыбының атауы

Тақырыптың негізгі сұрақтары

Сағаттар саны

Оқу формасы


Патологиялық физиология тарихының қысқаша деректері. Қазақстандағы патологиялық физиологияның дамуы.
Реанимацияның патофизиологиялық аспектілері. Постреанимациялық ауру.

  1. Жалпы патология және патофизиология нені оқытады, жалпы ұғым.

  2. Патофизиология туралы жалпы түсінік.

  3. Патофизиологияныі негізгі бөлімдері.

  4. Патофизиологияның әдістері.

  5. Қазақстандағы патофизиологияның дамуы

  6. Реаниматология түсінігі.

  7. Терминальды жағдайлар.

  8. Преагональды жағдай.

  9. Агональды жағдай.

  10. Клиникалық өлім

  11. Биологиялық өлім.

  12. Реанимациядан кейінгі ауру.

Лабораториялық жануарларды ұстай білуге, тіркеуге, наркоз беруге, кейбір манипуляцияларды / температура өлшеу, тыныс алу, жүрек соғысын санау, инъекция жасау / өткізуге үйрету.
Студенттер кішкене топ болып жұмыс істейді. Әр топ 3-4 адамнан өздері үшін жануарды әзірлейді (мұжма тышқанды корнцангпен алып, аяқтарына бау байлап, тақтайшаға бекітеді). Сонан әрі студенттер шприцті алып, оның жарамдылығын тексереді (иненің өтімділігін, поршеньнің сәйкестігін), 0,5 мл. физиологиялық ерітінді алып, жануардың терісін өңдеп тазартып барып (жүнін қырқып тастап, алдымен спиртпен, сосын йодпен сүртеді), инені тері астына тығып, ерітіндіні жібереді. Дәріні ет арасына жіберуде осылай жасалады, тек шприцті тік ұстап инені тереңірек тығу керек. Ерітіндіні құрсақ ішіне жіберу үшін іштің алдыңғы қабырғасын өңдеп тазартады, жануардың басын төмен жіберіп тік ұстайды. Құрсақ шандырының ақ сызығын ойша үшке бөліп, жоғарғы екі бөлігінің шектесу нүктесінен инені бойлата тығады, әуелі теріні теседі, екінші кедергі шандыр, оны тескенде кілт кетіп ине қозғалысы босап қалады. Дәрі жіберу түрлерін (тері астына, бұлшық етке, құрсақ ішіне) әр студент өзі жасау керек. Ерітіндіні көк тамырға жіберу үшін студенттер үй қоянының құлағының шет венасына ине тығып дәріні жібереді.



2

Күндізгі

2

Химиялық, биологиялық және психо-социальды сыртқы орта факторларының адам организміне ауырсыну әсері.
Сыртқы ортаның қолайсыз факторларының адам организміне әсерін модельдеу.

  1. Этиология туралы түсінік, жіктелу.

  2. Организмге биологиялық факторлардың әсері

  3. Организмге химиялық факторлар әсері.

  4. Организмге психосоциальды факторлар, суреттер.

№1 тәжірибе. Фенолмен улану.
Аутоинтоксикацияның пайда болуында (мысалы, уремия кезінде) белок алмасудың зиянды өнімдері жиналуымен қатар ішек шіру процесінің өнімдерінің (фенол, крезол, ароматтық оксиқышқылдар, аминдер) қанда жиналуының маңызы да өте зор. Қалыпты жағдайда бос фенол қанда болмайды, ол бауырда қос эфирокүкірт қышқылдарға көшеді. Бүйректің, бауырдың функциясы жеткіліксіз болғанда, фенол бос түрде қанға шығып, организмді уландырады. Фенолмен улануды тәжірибеде зерттеуге болады, ол үшін ақ тышқанға тері астына 2 проценттік фенол ерітіндісінің 0,2 мл. жібереді. Содан кейін ақ тышқанның хал жағдайының өзгерістерін талдап, жазады ( қозғалысы, қимылы, демалысы, тәртібі т.б.).
№2 тәжірибе. Күйік травманың жүрек жұмысына рефлекторлық әсері.
Жұлыны бұзылмаған бақаның кеуде қуысын ашып, жүрегін жалаңаштап, жүрек соғысын санайды ( 1 мин. ішіндегі). Содан кейін бақаның екі аяғын ыссы (80-90оС) суға батырып, жүрек әрекетін бақылап отырады. Бақылаудағы бақаға жұлынын бұзып, тәжірибені қайталайды.
№3 тәжірибе. Эксперименттік кинетоз.
Ұзақ әсер еткен жылдамдық (кемедегі, самолеттегі толқу) организмді ауруға әкеледі, ондай ауруларды кинетоз немесе тербеліс ауруы дейді. Кинетоз ауруы қарандап, елестеп тұрған затқа көп қарағанда болады.
Тәжірибені жасау үшін бірдей салмақты екі ақ тышқанды алып, центрифуганың қарама- қарсы ұясына пробирка көмегімен орналастырады. Центрифуганы токқа қосып, 15-20 сек. өткесін токты айырады, центрифуга өз еркісімен тоқтағасын, тышқандарды шығарып, бақылайды. Қозғалысында, тәртібінде қандай өзгерістер бар? Ұлу аппаратының ролі қандай?



2

Күндізгі

3.

Организм реактивтілігін анықтайтын факторлар.
Зақымдануға организмнің жалпы серпілістері

  1. Дәптерге реактивтіліктің жіктелісін салу. (схема немесе кесте)

  2. Реактивтілік түрлерін және оның компоненттерін сипаттау.

  3. Схема түрінде жеке реактивтілікті көрсету.

  4. Реактивтілік көрсеткіштерін жазып шық.

  5. Қайта таратылған лейкоцитоз жеке реактивтіліктің көрсеткіші.

№ 1 тәжірибе. Электр тогының организмге жалпы және жергілікті әсері.
Егеуқұйрықты тақтайшаға тіркеп, электрод инені денесінің әр түрлі учаскелеріне енгізіп, электр токпен тітіркендіреді.

  1. Бір электродты – артқы аяғының бұлшық етіне, екіншісін—екінші артқы аяғына.

  2. Бір электродты- артқы аяғының бұлшық етіне, екіншісін—алдыңғы сол аяғына.

  3. Бір электродты-басының терісі астына, екіншісін – тістеріне.

№ 2 тәжірибе. Адреналин әсерінен жүрек жұмысының өзгерісі.
Бақаның жұлынын бұзып, кеуде қуысын ашып, жүрек жиырылу жиілігін санайды.(1 мин.) Жүрекке 1-2 тамшы адреналин ерітіндісінен тамшылап, жүрек әрекетінің өзгерісін бақылайды. Мәліметтерді салыстырып, қорытынды шығарады. Зерттелген құбылыстың механизмі қандай? Ұқсас өзгерістер адамда қай кезде байқалады?



2

Күндізгі

4.

Жасушаның бейарнамалы зақымдалуын үлгілеу.



  1. Дәптерге жасуша зақымдалу түрлерін сызу ( кесте түрінде).

  2. Зақымдалуға жасуша төзімділігін анықтайтын факторларды сипаттау

  3. Мембрананың осмостық зақымдалуын кесте түрінде сызу.

Жасуша зақымдалу кезіндегі орын толтыру тетіктерін сипаттау

2

Күндізгі

5. 5.

Тұқымқуалаушылық пен конституцияның патологиядағы ролі. Хромосомдық аурулар.

  1. Дәптерге тұқым қуалаушылық ауруларының жіктілігін салу. (схема немесе кесте)

  2. Хромосомалық ауруларды сипаттау.

  3. Схема түрінде хромосомдық ауруларды көрсету.




2

Күндізгі

6

Тұқымқуалаушылық пен конституцияның патологиядағы ролі

  1. Дәптерге тұқым қуалаушылық ауруларының жіктілігін салу. (схема немесе кесте)

  2. Патологияда конституция маңызын сипаттау

  3. Конститутциялды типтер жіктілісін сипаттау.

  4. Гендік оқулардың тұқым қуалау типтерін сипаттау.

2

Күндізгі

7

Гипогликемиялық команы үлгілеу.

  1. Зат алмасудың типтік бұзылыстарының жіктелісін, түрлерін сипаттау.

  2. Көмірсу алмасу бұзылысында қант жүктемесінің қисығының суретін салу.

  3. Аминқышқылдарынң алмасу бұзылыстарын салу.

  4. Белок, май, көмірсу алмасуының өзара қатысының суретін салу. (кесте)

ТӘЖІРИБЕ. Ақ тышқандардағы гипогликемиялық кома.
24 сағат бойы ашыққан екі ақ тышқанға құрсақ ішіне инсулиннің 0,5 өлшем бірлігін жібереді. Инсулин алған тышқандарда 30-60 минуттан кейін гипогликемиялық команың белгілері байқалады: жүріс-тұрысы өзгешеленеді, қимыл координациясы бұзылады, тыныс алуы жиіленеді, бара-бара клоникалық құрысу дамиды. Осы күйдегі тышқандардың біріне құрсақ ішіне глюкозаның 10% ерітіндісінен 2 мл жібереді, бұл тышқанның жағдайы жақсарып, бұрынғы қалпына келеді. Екінші глюкоза алмаған тышқан өледі. Неліктен? Инсулинді мөлшерден тыс бергенде дамитын гипогликемияның механизмін әр студент өз бетінше түсіндіру керек.

2

Күндізгі

877

Ашығу, оның түрлері. Аралық бақылау №1

1.Ашығу туралы түсінік, түрлері.
2.Ашығу этиологиясы: себептік факторлардың маңызы.
3.Ашығу патогенезі.
4. Ашығу кезеңдерінің сипаты
5.Ашығу кезіндегі зат алмасудың бұзылуы.
№1 Тәжірибе: Сумен толық ашыққан егеуқұйрықтардың сыртқы пішінін, мінез-құлқын, дене салмағын және ішкі ағзаларының өзгерістерін зерттеу.
Әдісі: Тәжірибе салмағы бірдей екі егеуқұйрыққа жасалады. Оның біреуі-тәжірибелік, ол 8 тәулік бойы толық ашығулық жағдайда болған, бірақ су шектелмей беріледі. Екінші егеуқұйрық – бақылаулық болып табылады, ол әдеттегі тамақтану тәртібі жағдайында болады. Тәжірибенің нәтижелерін зерттеген кезде егеуқұйрықтың сыртқы кейпін (тәжірибелік егеуқұйрықтың жүні үрпиген, кейбір жерінде түсіп қалған), мінез-құлқын (тәжірибелік егеуқұйрық қозғалмай отырады немесе аяқтарын бауырына алып жатады, берген тамақты ішпейді), қозғалыс белсенділігін (тәжірибелік егеуқұйрықты жүруге мәжбүрлетсе әлсіз қозғалады) салыстырады. Тәжірибелік егеуқұйрықтың сыртқы кейпін және мінез-құлқын бақылау егеуқұйрығымен салыстырады. Тәжірибелік және бақылаулық жануралардың дене салмағы өлшенеді. Олардың екеуіне де наркоз беріп, бастарын кесіп алады, аққан қанды өлшеуі бар пробиркаға жинайды. Жануарлардың ішін жарады, сол кезде тері астындағы шел майға, шажырқай майға, бүйрек айналасындағы майға назар аударады. Бүйрек, бауыр, жүректің салмағы өлшенеді. Тәжірибелік егеуқұйрықта ағзалар салмағының азаюының пайыздық мөлшерін есептеп, оны бақылау егеуқұйрықпен салыстырады.
Тәжірибе хаттамасының сызбасы

Жануарлар

Дене салмағы

Бауыр

Бүйрек салмағы

Жүрек салмағы

Тәжірибелік егеуқұйрық













Бақылау егеуқұйрық













Салмағының заюы %













Зерттелген дене, ағзалар салмағының жоғалу пайызы мына өрнек бойынша есептеледі:
Тәжірибелік егеуқұйрықтың дене және ағзалар салмағы х 100



2

Күндізгі

9

Ісінулердің пайда болу механизмдері.

  1. Ісінулердің әр түрлерінің патогенезінің салыстырмалы анализін жасау.

№ 1 ТӘЖІРИБЕ. Бақалардың осмостық ісінуі.
Бір бақаның құрсақ қуысына хлорлы натрийдің 15 % ерітіндісінен /гипертониялық ерітінді/ 2 мл енгізеді, екінші бақаға – сол мөлшерде, бірақ 0,65 % ерітіндіні /амфибиялар үшін бұл концентрация изотониялық/ енгізеді. 1-1,5 сағ кейін екі бақаның да ішін жарады, ондағы бөлінген сұйықтықты жинап алады, мөлшерін шприцпен өлшеп, салыстырады. Қорытынды.
№2 ТӘЖІРИБЕ. Егеуқұйрықтың токсикалық өкпе ісінуі.
Наркоз берілген / тәжірибелік/ және наркоз алмаған /бақылаулық/ егеуқұйрықтарға хлорлы аммонийдің 6 % ерітіндісінен 0,5 мл тері астына енгізіледі. Әр 10-15 мин сайын жануарларыдң мінез-құлқын, тыныс алу жағдайын бақылау керек. 30 мин кейін жануарларды сойып,кеуде қуысын ашып, өкпедегі өзгерістерді салыстырады. Қорытындылау.

2

Күндізгі

10

Қышқылдық - сілтілі тепе-теңдіктің бұзылысы. Ацидоздар мен алкалоздар коррекциялау міндеттері

  1. ҚСТ бұзылыстарын және жіктелісін кесте түрінде жазу.

  2. Химиялық және физиологиялық реттелу механизмдерін кесте түрінде салу.

  3. ҚСТ бұзылыстарын реакцияларды сипатта

№ 1 ТӘЖІРИБЕ. Эксперименттік ацидоз.
Тақтайшаға бекітілген үй қоянының тыныс қозғалыстары кимографқа жазылады, жүрек соғысының жиілігі саналады. Көк тамырға / құлақтың шет тамырына / сүт қышқылының 1% пайыз ерітіндісінен 1,0-1,5 мл енгізіледі. Қайтадан тыныс қозғалыстары тіркеліп, алынған нәтижелер салыстырылады. ҚСТ бұзылыстарының түрін анықтап, компенсаторлық механизмдерін бағалап, қорытындылау. Ұқсас ҚСТ бұзылысы қандай ауруларда кездеседі?
№ 2 ТӘЖІРИБЕ. Эксперименттік алкалоз.
Тәжірибе шарттары алдыңғы тәжірибедегідей. Үй қоянының тыныс қозғалыстары кимографқа жазылады, жүрек соғысының жиілігі саналады, көк тамырға 1,5-2,0 мл күйдіргіш натрий 1% пайыз ерітіндісі жіберіледі. Тыныс алу, жүрек соғу өзгерістерін бақылау керек.
Алкалоздың қай түрі, қандай ауруларда кездеседі?



2

Күндізгі

11


Микроциркуляция бұзылыстары.

  1. Дәптерлеріңізге гиперемия және ишемия түрлерін жазыңыз

  2. Артериальды гиперемия суретін салу.

  3. Ишемия суретін салу

  4. Артериальды және веналоық иперемия белгілерін сипаттап жазу.

№ 1 ТӘЖІРИБЕ. Артериялық гиперемия / үй қоянының құлағында/
Үй қоянының құлағында артериялық гиперемияны бірнеше жолмен тудыруға болады: құлақ терісін ысқылап, спиртпен ысқылап, құлағын ыстық /50 С / суға малу,т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет