Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы


Зерттеу жұмысының жақсы жазылғандығын қалай білуге болады?



бет20/48
Дата31.08.2023
өлшемі153.84 Kb.
#476344
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
умкд Академиялық хат

Зерттеу жұмысының жақсы жазылғандығын қалай білуге болады?
Негізінен студенттер зерттеу тақырыбына сай материалдарды қолдану, тақырыпты ашуы, зерттеу сұрағына жауап беруі бойынша бағаланады. Академиялық бағытта жасалған жұмыс студенттер зерттеу сауалына жауап беруі үшін ақпараттарды қаншалықты тиімді қолдана алуына қарай бағаланады. Мысалы:

  • Студент сұрақты түсінді ме?

  • Студент осы тақырып бойынша өзге авторлардың ойын біледі ме?

  • Студент өзге автор пікірлерін қаншалықты дамыта алады?

  • Өз ойына қатысты аргументтерді беру барысында ақпараттар мен идеяларды қаншалықты жинақтай алады?

  • Студент курсты оқу барысында үйренуге тиіс білімді меңгере алды ма?

Талаптар студенттің сыни ойлау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал, сыни ойлау студенттің аргументтерді дәлелдеуінің қаншалықты сенімді немесе сенімсіз түрде жаза білуіне тікелей байланысты.


Зерттеу үдерісі. Сонымен, зерттеу жұмысы белгілі бір тақырыпқа байланысты жазба үдерісінен тұрады. Зерттеу жұмысының тақырыбын алғаннан кейін, ең алдымен ол тақырыпты түсіну қажет. Тақырыпта қандай да бір түсініксіз тіркестер мен сөздер болса, олардың мағынасын түсініп алғаны жөн. Зерттеу жұмысының негізгі үдерісі мына жоспардан тұруы мүмкін:

  1. Зерттеу сұрағын айқындау

  2. Ақпарат алатын топты анықтау

  3. Жауапты қалай жинап алатыны туралы білу

  4. Сауалнаманы құру

  5. Сауалнаманы сынақтан өткізу

  6. Негізгі зерттеу жұмысын жүргізу

  7. Ақпараттарды талдау.



Зерттеу сұрағы. Студенттер үшін зерттеу жұмысын бастау барысында зерттеу сұрағын табу өте қиын. Дегенмен, зерттеу тақырыбына қатысты мәселені талдаса, студент өз жұмысының зерттелетін сұрағын түсінуі мүмкін.
Зерттеу сұрағын 2 бөлімге бөлуге болады:
1) Жұмыстың тақырыбы – бұл зерттеудің жалпы бағытын білдіреді.
2) Жұмыстың бағыты - тақырып бойынша қандай мәселені анықтау қажет екенін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет