Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы


Тақырып: Сыни ойлау Қарастырылатын сұрақтар



бет22/48
Дата31.08.2023
өлшемі153.84 Kb.
#476344
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
умкд Академиялық хат

Тақырып: Сыни ойлау
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Сыни тұрғыда жазу
2. Үстірт оқу мен терең түсініп оқудың айырмашылықтары
3. Сыни тұрғыда ойлаудың ерекшелігі


Мақсаты: Сыни тұрғыда жазуды сипаттау. Үстірт оқу мен терең түсініп оқудың айырмашылықтарын жіктеу. Сыни тұрғыда ойлаудың ерекшелігін талдау.

ЖОО-да оқу барысында ескеретін маңызды жайттың бірі сыни тұрғыдан ойлана білу. Сыни тұрғыдан ойлану кез келген тақырып жөніндегі тұжырымдарды, пікірлерді, ұстанымдарды талдау арқылы түсінуге бағытталған сұрақтардан тұрады. Нәтижесінде сыни тұрғыдан қойылған сұрақтарға алынған жауаптар студенттің жоғары деңгейде ойлануына және бір нәтижеге жетуіне ықпал етеді.


«Сынау» сөзі қазақ тілінде «мінін табу, кемшілігін анықтап айтып беру» мағынада қолданылады. Яғни, жағымсыз мәнде қалыптасқан, бірақ қазіргі академиялық бағытта бұл сөз пікір айту, қолдау сияқты мағынада беріледі.
Сыни тұрғыда жазу дегеніміз негізінен берілген тұжырымды түсінікті етіп жеткізе білу, бұл автор ойын нақты дәлелдер арқылы озық, жүйелі құрылыммен беру. Сыни тұрғыда түрліше жазылым қабілеттерді қолдану арқылы эссе, ғылыми мақала және т.б. басқа жазба жұмыстарын жазуға болады. Көптеген студенттер сыни тұрғыда жазу қиын деп санады, негізінен бұл көп уақытты және білімділікті ғана емес, шығармашылық қабілетті де қоса талап етеді.
Үстірт оқу мен терең түсініп оқудың айырмашылықтарын былай көрсетуге болады:



Үстірт оқу

Терең түсініп оқу

Студент осы кезеңге дейінгі біліміне сүйене отырып, ақпаратты қайта есіне түсіреді.

Студент әрбір мәліметті түсіну үшін емес негізгі идеяны түсіну мақсатында оқиды.

Емтиханнан өту үшін мәліметтерді есіне сақтайды.

Емтиханды өзінің білім деңгейін бағалау деп қабылдайды.

Емтихан талаптарына сәйкес сұрақ жауаптарын іздейді.

Алдына қойған мақсатына жету үшін талпынады.

Дәріс жазбалары, негізгі оқулықтар және т.б. сыни ойлауға жетелемейтін дереккөздермен ғана шектеледі.

Тақырыпқа байланысты көптеген дереккөздерді қарастырады, олардың қолданылуы жөніндегі мәселені ойлайды.

Тақырыпқа деген қызығушылықтың болмауы, мүмкіндігінше жұмысты тез аяқтау, негізгі мақсаты – баға алу.

Тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді, «мұның мағынасын қалай түсінуге болады?» және «мен оны қалай қолдана аламын» деген сұрақтарға жауап береді.

Ақпараттарды қашан да жан-жақты сауалдар қою арқылы тексеру сыни тұрғыда ойлаудың негізгі талабы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет