Тақырып: Параграф және оның құрылымы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Параграф туралы түсінік
2. Параграф құрылымы
Мақсаты: Параграф туралы түсінік. Параграфтың жазу жолдарын үйрену. Параграфтың негізгі қызметін анықтау.
Параграф - тарау, бөлім ішіндегі мәтіннің кішігірім бөлімі.
Параграф мәтінде арнайы параграф белгісімен «§» белгіленеді.
Параграфтар ережелерде, нұсқауларда, жарғыларда, бағдарламаларда, ғылыми кітатарда, оқулықтарда және т.с.с. қолданылады.
Параграф белгілі бір тақырыптағы ойды білдіретін бөлімдердің жиынтығы. Әдетте, академиялық жазылымда параграф және он сөйлемнен құралуы мүмкін, бірақ бұл міндетті емес. Сондықтан, талқыланатын тақырыбына байланысты параграф кейде бұдан көп немесе аз болып келеді. Параграф азат жолдан басталады.
Параграфты жазудың жолдары:
Параграфта айтылатын мәселемен таныстыру;
Мәселені ашу;
Түсіндіру;
Қорытындылау.
Параграф жазу барысында оның құрылымына ерекше назар аудару қажет. Параграф құрылымының негізін сақтау мәтінді, ойдағы ақпаратты барынша тез түсінуге мүмкіндік жасап жазылым үдерісінің жүйелі асуына ықпал етеді.
Параграф негізінен мынадай құрылымнан тұрады:
Негізгі сөйлем - негізгі ойды білдіріп, параграф басында жазылады. Себебі бұл сөйлем осы бөлімнің басты идеясын береді.
Көмекші сөйлемдер - негізгі берілген ойды түсіндіріп, талдау жасайды. Параграфтың тақырыбы жөнінде мысалдар береді.
Қорытынды сөйлем - параграфтың соңында жазылады. Бұл негізгі ойды қайталау немесе параграф жөніндегі автордың қорытынды ойы ретінде берілуі мүмкін.
Параграф негізгі бір ойдың төңірегіне топтастырылуы қажет, параграф негізгі ойды ғана білдіріп, барлық сөздер сол ойды ашу, қолдау, дәлелдеу үшін қызмет етуі керек.
Жазба жазу барысында параграфтар негізгі мәтіннің беретін ақпаратын сендіру үшін құрыла отырып, автордың тұжырымдарын беруге бағытталады. Әрбір параграфта тұжырымда қолдау оқыған материалдарға сілтеме беру керек негізге қорытынды жасап отыру қажет.
Мәтіннің сәтті жазылуы оның параграфтарының құрылымына тікелей байланысты. Сол себепті, параграфты жазу тиянақтылық пен ұқыптылықты талап етеді. Параграфты бастамас бұрын параграфтың не жөнінде жазылатыны туралы нақты білу қажет. Негізгі тақырып бойынша басты тұжырымдарды білмей параграфты жазу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |