3.
Құзыреттілік нәтижесі
|
Бағалау критерилері
|
Қазақстан тарихын оқыту рухани-адамгершілік бағыт-бағдары бар, шығармашылық ойлауға қабілетті, имандылық сенімі берік тұлға қалыптасуы қажет.
|
Кәсіби жетістіктерге тұрақты мотивацияны қалыптастыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын меңгеруі қажет.
|
Өзін-өзі азаматтық тұрғыда қалыптастыруды жүзеге асырудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу қажет.
|
Дербестік пен кәсіби тұлғалық дамуға бағдар жасауы қажет.
|
Азаматтық борышын адал атқаратын, өз елінің патриоты болу қажет.
|
Патриоттық құндылықтарды өз бойында қалыптастыруы қажет.
|
Оқу үдерісінде келесі жұмыс түрлері қолданылады:
Тақырыптар бойынша өзіндік жұмыста:
- көне және ортағасырлық тарихты зерттеу үшін ұлттық тарихи дереккөздерге (шежіре-генеология, насаб-наме, ауызша тарихнама, фольклор) көңіл бөлуді арттыру;
- тарихи білімнің бытыраңқылығы мен біржақтылығынан арылу арқылы тарихи кезеңдердің объективті әрі тұтас бейнесін көрсету;
- көне және ортағасырлық тарихқа баса назар аударып, түркі тайпалық құрылымдарының қазақ халқы мен мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөліне ерекше көңіл бөлу;
- Ресей империясының Қазақстанды отаршылдық экспансиялауына объективті баға беру;
- ұлт-азаттық қозғалыстардың рөлі мен маңызын көрсету;
- көрнекті тарихи тұлғалардың рөлін объективті түрде көрсету;
- бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген мұрағаттық дереккөздерді ескере отырып, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихын қайта пайымдау;
- заманауи сын-қатерлерді, 2022 жылғы қаңтар оқиғасының тағылымдарын ескере отырып, өзекті әлеуметтік мәселелерді, дамудың жекелеген салаларындағы тоқырауды, демократияның жеткілікті дамымағанын, мемлекеттік аппараттың кемшіліктерін, діни радикализмнің өсуін, мемлекеттік болжамның әлсіздігі мен қате есептерін және т.б. келеңсіздіктерді жасырмай, тәуелсіздік алған 30 жылдағы қазақ қоғамы өмірінің көп қырлы бейнесін көрсетуге ұмтылу;
- шетелдегі қазақ диаспорасының трагедиясын, тарихын қоғамға жария ету;
- ел тарихы мен оны мекендеген этностардың тарихын өзара ажырата отырып, Қазақстандағы этникалық топтардың тарихына тиісінше көңіл бөлу;
- олигополияның, кландық және билік транзитінің белгісіздігінің жағымсыз салдарларынан арыла отырып, Қазақстан Республикасындағы саяси үдерістерді ырықтандыру мен демократияландыру үдерістерін қарастыру;
- рухани мәдениеттің бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы тарихи сабақтастық пен ұрпақ тәжірибесінің рөлін көрсету қажет.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша дәрістер жекелеген мәселелерді талқылау мен Powerpoint презентацияларды қолдану арқылы өткізіледі.
Практикалық сабақтар барысындағы жұмыста:
-Ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың пайда болуы, тұрмысы мен шаруашылығы, тарихи үдерістердің кезеңдері, homo sapіensтің қалыптасу ошақтары мен археологиялық ескерткіштердің маңызы және зерттелуі туралы жаңа көзқарастар, антропогенез, глоттогенез, культурогенез тұжырымдарды туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікір талас, дисскусия.
-Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары, ерекшеліктері мен таралу аймағын, энеолит, қола дәуірінің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы, материалдық және рухани мәдениеті, мал шаруашылығының генезисі туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікірталас, дисскусия.
-Ұлы дала тарихындағы сақ, сармат, ғұндардың алғашқы саяси құрылымының ерекшеліктеріне, тайпалардың этносаяси және әлеуметтік тарихына жазба деректер мен зерттеу еңбектері негізінде талдау жасап, ерте темір дәуірінің кезеңдеріне, рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктеріне, аңдық стиль, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы туралы ауызша баяндау, картамен жұмыс жасау.
-Түрік өркениеті мен көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы туралы тарихи білімді жүйелеу, тарихи деректер мен зерттеу еңбектерімен жұмыс жасау.
-Саясаты мен билеушілердің рөлін, зерттелу мәселесін ауызша баяндау, тарихи деректермен жұмыс жасау.
-Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы және қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікір-талас, дискуссия.
-Қазақтардың материалдық мәдениетіне, көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс-салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктеріне талдау жасау және қолөнер түрлеріне түсінік беру керек.
- XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру. Тәуелсіздік жылдарындағы зерттеулерді пайдалана отырып, Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи алғышарттарына талдау жасау.
- ХVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының Ресей империясының отаршылдыққа саясатына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресінің тарихи маңызына тоқтала отырып, жаңа көзқарастар тұрғысынан баға беру қажет. Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі мәселесін талдау қажет.
- ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетіндегі халық ақындарының шығармашылығы, музыка өнерінің даму ерекшеліктері және ағартушы ғалымдар еңбектері мен мерзімді басылымдар туралы түсінік беру.
- Тоталитарлық режимнің қалыптасу жылдарындағы Кеңес үкіметінің саясатының мәні мен мазмұнын жаңа архив материалдары негізінде ашу. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Кеңес өкіметі жүргізген әкімшіл-әміршіл бағыттағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты талдау керек.
-Бейбіт құрылысқа көшудің күрделілігі мәселесін архивтік және нормативтік құжаттар негізінде талдау. Білім, ғылым және мәдениетті дамытудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қарастыру. Сонымен қатар Е.Бекмаханов, Қ.Сәтпаев, Б.Сүлейменов және басқа да тұлғалардың «Іс» талдау жасау. «Зар-заман» мектебі ақындарының мұрасының сыналуы мен оны зерттеуге тиым салу мәселесін талдау қажет.
- Әкімшіл-әміршіл жүйенің ескі әдістерімен әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірдің мәселелерін шешу әрекетінің мәні мен мазмұнын жаңа тарихи-сараптамалық зерттеулер негізінде ашу керек.
Әр дәріс соңында тақырыптармен қорытынды жұмыстарды көрсетумен кері байланыс орнату. Әрбір межелік бақылау мен аттестациялық қорытынды бағалауды алқалы негізде қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |