6. Курстың академиялық саясаты:
Сабаққа кешікпеу және міндетті түрде қатысу;
Әрбір семинар сабағына дұрыстап дайындалу және сабақта белсенділік көрсету;
Өзіндік жұмыстарды мерзімінде орындау және тапсыру.
Академиялық тәртіп ережелері:
Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail saule-kt@list.ru.бойынша консультациялық көмек ала алады.
Академиялық құндылықтар: пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу процесінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
7. Ақпараттық ресурстар: 1. https://e-history.kz/kz/
2. https://e-history.kz/ru/
3. https://e-history.kz/ru/scorm/
4. https://e-history.kz/ru/books/journal?category=59
Оқу әдебиеттері:
Негізгі әдебиеттер:
1.Раздықов С. Қазақстан тарихы. Оқулық. 2018, 240 бет.
2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы, Алматы, 2017, 656 бет.
3. Қаражан Қ. С. Қазақстан Республикасының тарихы: хрестоматия. әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; құраст. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. - 412 б.
4. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы: оқулық жалпы ред. басқ. Т. Омарбеков, Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. - 475 б.
5. Омарбеков Т.«Қазақстан (Қазақ елі) тарихы» Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1,2,3,-томдар. Алматы, КНУ им.Аль-Фараби , 2016, 570 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |