Силлабусы пән туралы ақпарат


Дәріс 19. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы)



бет16/24
Дата05.02.2024
өлшемі94 Kb.
#490911
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Қазақстан тарихы- силлабус 2024 (2)

Дәріс 19. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы)
19.1. Қазақстанды еуропалық және ресейлік ғалымдардың алғаш зерттеуі, П.С.Паллас, И.Георги, Н.П.Рычковтардың Қазақстандағы академиялық экспедициялары.
19.2. Күнделікті батырлық және тұрмыстық-лирикалық жырлар: «Бекет-батыр», «Кенесары мен Наурызбай», «Айман-Шолпан». Қазақ халқының музыкалық-ән мәдениеті: «Тепеңкөк», «Қара жорға», «Аққу», т.б.
19.3. Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы.
19.4. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіндегі тарихи орны.
19.5.Мерзімді баспасөз. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және бүкілресейлік мұсылман қозғалысы. Қазақстан аумағындағы мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары. Қазақтың зияткерлік-рухани элитасының мұрасы.


Дәріс 20. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.
20.1. Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары. Бүкілресейлік мұсылман съездеріне қазақ элитасы өкілдерінің қатысуы.
20.2.Маркстік, либералдық-демократиялық, кадеттік топтар мен ағымдардың қалыптасуы.
20.3. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Қазақ саяси элитасының қазақ комитеттерін құруға шақыруы. Облыстық қазақ съездері және олардың маңызы.
20.4. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Партия бағдарламасы.


Дәріс 21. Қазақстан Қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде
21.1. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресейдің Халықтар құқығы декларациясының жариялануы (1917 ж. 15-қазан).
21.2. Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы.
21.3. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы. Алаш Орда үкіметінің қазақ ұлттық әскерінің іс-қимылдары.
21.4.Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясының таптық көзқарасқа негізделген мемлекет құру идеясымен алмастырылуы. Қырғыз (Қазақ) АССР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі.
21.5. Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына қосылуы.
20.6. Қазақ өлкесінің азамат соғысына тартылуы. Соғыс қыймылдарының барысы. «Әскери коммунизм» саясаты. Казревком мен Қазақ АКСР-нің құрылуы.
20.7. Жаңа экономикалық саясат. 1921 жылғы аштық. Жер-су рефомасы. Түркістанның ұлттық-территориялық межелеу саясаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет