6.«Аквариум»
Мақсат: оқушыларға проблеманы талқылауға еркін кіруге және шығуға мүмкіндік береді.
Өткізу кезеңдері
Оқушылар мұғаліммен бірге екі шеңбер құрады: сыртқы (бақылаушылар) және ішкі (белсенді қатысушылар).
Ішкі шеңбердің мүшелері мұғаліммен ұсынылған сұрақты талқылауға белсенді қатысады. Басқа оқушылар бақылайды және олардың қайсысының нұсқасы қызықтырғанда ғана сөз сөйлейді; олар толықтырады, сұрақтар қояды, нақтылайды. Сонымен қатар оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы» белсенді қатысушының қасына тұруға тиіс.
Бір проблеманы (сұрақты) талқылағаннан кейін, оқушылар орындарын ауыстырады ( шеңберден алыс тұрғандар шеңберге отырады). Мүмкіндігінше, барлық оқушылар шеңберде болуы керек.
7.Кейс-стади
Сase-study өткізу кезеңдері
Кесте 1
Кезеңдер. Мұғалімнің әрекеті. Оқушының әрекеті
Сабаққа дейін
А. Кейсті алады ( нақты жағдай).
В. Оқушыларды дайындау үшін көмекші материалдар мен негізгілерді анықтайды .
С. Сабақтың сценариін өңдейді.
А. Ұсынылған әдебиеттің тізімі мен кейсті алады.
Д. Жағдайды талқылауға дайындалады.
Сабақ барысында
А. Кейсті алдын ала талқылауды ұйымдастырады.
В. Сыныпты топтарға бөледі.
С. Кейсті топшаларда талқылауды жетекшілік етеді, оқушыларды қосымша мәліметтермен қамтамасыз етеді.
А. Кейсті және проблеманың түсінігін тереңдететін сұрақтарды қояды.
В. Шешімдердің нұсқаларын өңдейді, басқалардың ойларын назарға алады.
С. Шешімдерді қабылдауға қатысады.
Сабақтан кейін
А. Оқушылардың жұмыстарын бағалайды.
В. Қабылданған шешімдерді және қойылған сұрақтарды бағалайды. Берілген үлгі бойынша сабақ туралы жазбаша есеп құрайды.
8. Құрылымдалған қайшылықтар әдісі
Өткізу кезеңдері
А. Төрт адамнан шағын топта оқушылардың екі жұбы айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |