Сімдіктер экологиясы


Қарашіріктену – гумификация



Pdf көрінісі
бет59/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Қарашіріктену – гумификация. Органикалық қалдықтар-
дың шіріп, толық емес ыдырау барысында күрделі қосынды-
ларға айналады.
Климаксты қауымдастық – климаксное сообщество. 
Қоршаған ортамен тепе-теңдік қарым-қатынаста және жағдайда 
болатын қауымдастық. 
Климат – климат. Ауа райының кӛпжылдық режимі. 
Колония – колония. Жануарлар мен жәндіктердің ұзақ уа-
қыт бойы немесе кӛбею кезеңінде уақытша топтасып орнала-
суы, ӛмір сүруі. 
Кӛлеңкеге тӛзімді ӛсімдіктер – теневыносливые расте-
ния (гелиофиты факультативные). Кӛлеңкелі жағдайда және 
жарық толық қуатында түскен жағдайда да ӛсіп дамитын ӛсім-
діктер.
Комменсализм – комменсализм. Селбесіп, бірлесіп тір-
шілік еткенде бір партнерге пайдалы болады, ал екіншісіне мұ-
ның ешқандай әсері жоқ. 
Конкуренция (бәсекелестік) – конкуренция. Қоршаған 
орта ресурстары азайған жағдайда организмдер бір-бірімен атал-
ған ресурстар үшін бәсекелесетін қарым-қатынас. Бәсекелестік 
әртүрлі: тікелей бәсекелестік – бір түрдің екінші түрді қуғын-
дап жоюы; түр ішілік бәсекелестік – бір биологиялық түр ішін-
дегі даралар арасындағы бәсекелестік; түр аралық бәсекелестік 
– әртүрлі түрлер дараларының арасындағы бәсекелестік. 
Консорция – консорция. Биоценоздағы орталық мүше 
(организм) маңындағы автотрофты және гетеротрофты орга-
низмдердің кеңістік (топикалық) және қоректік (трофикалық) 
байланыстар арқылы бірлескен тіршілігі. Мысалы, жалғыз ағаш 
немесе бір топ ағаштар (эдификатор ӛсімдік) маңайындағы орга-
низмдер.
Космополиттер – космополиты. Жер ғаламшарының кӛп-
шілік бӛлігіне таралған ӛсімдіктер мен жануарлар түрлері (мы-
салы, шыбындар, егеуқұйрық, т.б.). 
Криптофиттер – криптофиты. Қайта ӛсетін бүршіктері то-
пырақ ішінде (геофиттер) және су түбінде (гидрофиттер) сақ-
талатын ӛсімдіктер (пиязшық, түйнекті, борық тамырлы ӛсім-
діктер). 


95 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет