ОҮЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А. Варакута 2011 ж. «___»_________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2011 ж. «__»_________ № __ Хаттама
Жалпы ережелер
“Сынау, бақылау және өнім қауіпсіздігі” пәні бойынша курстық жұмыста машиналарды, механизмдерді, аспаптарды және басқа бұйымдарды сынаудың, сынау жабдықтары мен сынау стендтерін есептеу, жобалау және зерттеу сұрақтары, сынауды жоспарлау, автоматтандыру және сынау нәтижелерін өңдеудің сұрақтарының әртүрлі әдістемелері шешіледі.
Курстық жұмыс студенттерді университеттегі оқу үрдісінде алған теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдануды үйренуге шақырады.
Курстық жұмысты орындау жүйелілігі және мазмұны
Курстық жұмыс 15...20 бет көлемінде есептеу-түсініктеме хаттан және А1 форматында сызылған (1...2 парақ) графикалық бөлімнен тұрады.
Курстық жұмысты әзірлеу үшін бастапқы құжат: “Курстық жұмысқа тапсырма”, онда жұмыстың тақырыбы, бастапқы деректері, жеке бөлімдері бойынша көлемі көрсетілген жұмыстың құрамы, жеке кезеңдер мен толық жұмысты орындау мерзімі беріледі.
Түсініктеме хаттың типтік мазмұны:
Титул парағы;
Мазмұны;
Кіріспе;
1 Бастапқы деректер;
2 Өнімнің (бұйымның) жалпы сипаттамасы;
3 Өнімге (бұйымға) техникалық талаптар. Сынауға (бақылауға) жататын сапа параметрлері;
3.1 Жалпы техникалық талаптар;
3.2 Қосымша (немесе арнайы) талаптар;
3.3 Сынауға (бақылауға) жататын өнімнің (бұйымның) сапа параметрлері;
4 Бұйымды сынау әдістемесін әзірлеу;
4.1 Сынаудың жіктеуі (классификациясы). Сынау бағдарламасы;
4.2 Сынауды өткізу үшін жабдықтар және аспаптар. Өлшеу құралдары;
4.3 Үлгілерді сынауға дайындау;
4.4 Өнімді (бұйымды) сынаудың әдістемесі;
4.5 Сынау нәтижелерін өңдеу;
Қорытынды;
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Қосымшалар.
Курстық жұмысқы қосымша (немесе бір бөлімнің орнына) арнайы бөлімдер енгізілуі мүмкін. Оларға жататындар:
- Тұрмыстық электр аспаптарын сенімділікке сынаудың әдістемесін әзірлеу.
- Бұйымдар үшін (мысалы: электрқозғағыштар, редукторлар, гидравликалық машиналар, полимерлік материалдар және т.б.) сынау стендін әзірлеу.
Материалдарды үйкеліске және тозуға сынау стендін әзірлеу.
Машина детальдарын және басқаларды жедел коррозиялық сынаудың әдістемесін әзірлеу.
Курстық жұмыстың графикалық бөлімінің типтік мазмұны (тапсырма тақырыбына сәйкес төмендегі бөлімдерден таңдап алынады):
1 Бұйымды сынау бағдарламасы – 0,5 ... 1 парақ
2 Бұйымды сынау схемалары – 0,5 ... 1 парақ
3 Сенімділікке бұйымды сынау жоспары – 1 парақ
4 Үлгілерді сынау нәтижелерінің кестесі
(байқаулар журналы формасы) – 0,5 парақ
5 Сынау үшін стендтің жалпы көрінісі – 1 парақ
6 Сынау үшін арнайы құралдар – 0,5 ... 1 парақ
Кіріспеде әзірленетін тақырыптың маңыздылығы негізделеді, бұйымның сапасы мен техникалық деңгейін қамтамасыз етуге сынаудың рөлі көрсетіледі, студенттің алдына қойылған негізгі міндеттер тұжырымдалады.
Жобалау үшін бастапқы ақпаратқа кіретіндер: өнімнің (бұйымның) паспорты және техникалық сипаттамасы; бұйымға техникалық талаптар және техникалық шарттар; бұйымның пайдалану жағдайы; өнімге немесе бұйымға нормативтік ақпарат (өнімге, өнімнің техникалық талаптарына, бұйымды сынауға және тағы басқаларға Мемлекеттік стандарттар), анықтамалық ақпарат.
“Өнімнің (бұйымның) жалпы сипаттамасы” бөлімінде өнімнің (бұйымның) тағайындауы, сипаттамасы, өнімнің типтері, негізгі параметрлері, өлшемдері, маркалары, пайдаланудың кепілдік мерзімі, пайдалану жағдайы, пайдалануға қосымша талаптар мазмұндалады.
“Өнімге (бұйымға) техникалық талаптар. Сынауға (бақылауға) жататын сапа параметрлері” бөлімінде Мемлекеттік стандарттарға (МемСТ) сәйкес өнімге (бұйымға) жалпы технологиялық талаптар, қосымша немесе арнайы талаптар, бұйымды қабылдау ережелері, анықталатын параметрлері және сынаудың мерзімділігі келтіріледі. Сынауға (бақылауға) жататын өнімнің (бұйымның) сапа параметрлері, таңдау бақылауына талаптары көрсетіледі.
“Бұйымды сынау әдістемесін әзірлеу. Сынаудың жіктеуі (классификациясы). Сынау бағдарламасы” бөлімінде өнім (бұйым) өтетін сынау түрі көрсетіледі: қабылдау-тапсыру сынауы, мерзімдік сынау, квалификациялық сынау, типтік сынау, сенімділікке сынау. Олардың сипаттамалары. МемСТ-ға сәйкес сыналатын өнімнің (бұйымның) сынау бағдарламасы немесе сынау түрі келтіріледі.
“Сынауды өткізу үшін жабдықтар және аспаптар. Өлшеу құралдары”. Сынауды өткізу үшін қажетті жабдықтар, аспаптар, өлшеу құралдары болуға тиіс. Осы бөлімде қолданылатын жабдықтардың, аспаптардың, өлшеу құралдарының техникалық сипаттамалары келтіріледі.
“Үлгілерді сынауға дайындау” бөлімінде ерекше өнімдер түрлері үшін (бетон, кірпіш, металл, ақ қаңылтыр, полимерлік материалдар және басқалар) сыналатын үлгілерге қойылатын талаптарды, сынамаларды алу әдістемесін және үлгілерді жасау, олардың өлшемдері және т.б. бейнелеп көрсету керек. Бұл ақпаратты Мемлекеттік стандарттарды қолдану арқылы алуға болады.
“Өнімді (бұйымды) сынаудың әдістемесі” бөлімінде сынау түрінің әдістемесі және жүйелілігі, сынау схемасы (сұлбасы), сынау ұзақтығы, бұйым сапасының анықталатын параметрлері, сынау нәтижесін тіркеуге арналған ұсынылатын кестелер нысандары, байқау журналдарының немесе байқау хаттамаларының нысандары келтіріледі.
“Сынау нәтижелерін өңдеу” бөлімінде өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемесі (мысалы, математикалық статистика әдістерімен), бұйымның сапасының параметрлерін есептейтін формулалар келтіріледі. Есептеуде жіберілетін қателікті пайызбен көрсетеді.
Қорытындыда курстық жұмыстың негізгі нәтижелері келтіріледі, бұйымның сапа параметрлері МемСТ-ы талаптарына сәйкес екендігі туралы қорытында жасалады, бұйым сапасының бақыланатын параметрлерінің жіберілу шегі келтіріледі. Сынау технологиясын немесе сынау схемасын, бұйымның конструкциясын өзгерту бойынша ұсыныс жасалуы мүмкін және т.б.
Қосымшада сынауды өткізу бойынша нұсқаулықты келтіруге болады, байқаулардың хаттамаларының нысандары және тағы басқаларды.
Достарыңызбен бөлісу: |