Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары арқылы оқытудың тиімділігі


Д ә с т ү р л і с а б а қ т а р



бет16/18
Дата02.01.2022
өлшемі51.05 Kb.
#452589
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
сыни тұрғыдан ойлау

Д ә с т ү р л і с а б а қ т а р


Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді

Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді

Кейіпкерге мінездеме береді

Мәтіннің идеясын анықтайды

Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді

Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады

Шығарма жазады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады

Жауап береді


RWCT с а б а қ т а р ы


Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

Өз ойларын жазуды ұсынады

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды

Өз тұжырымдамасын жасайды

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын бастауыш сынып сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жетті. Жалпы сын технологияның жетістіктері мынандай болып табылады:

  1. Оқушылар күні бұрын берілген тапсырма мен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.

  2. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі.

  3. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

  4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

  5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

  6. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.

  7. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.

  8. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.

  9. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

10. Жан дүниесін тәрбиелейді.

Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қаблеттілігін қажет етеді.[1]

Сондықтан психологтардың өзі тұлға қалыптастырудың қажеттілігін тұтас бір кешенді қасиеттермен байланыстырады. Бастауыш сыныптардағы сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамыту мен қатар тұлға қалыптасытруда маңызы зор екендігі тәжербие негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы-ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін-мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін-ұлтаралық қатынас тілі ретінде және  ағылшын тілін-жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі  ретінде еркін меңгерген ел  болып танылуы  керек». Н.Ә.Назарбаев.

«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын  жарық жұлдыз-оқу. Қазіргі мектеп  мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Болашақтан бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға  апаратын күш  тек  білімде ғана.Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесі деңгейінің даму бағытына байланысты. Бұл күнде білім  берудегі  ескі  мазмұнының орнына жаңасы келуде.  Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен  қызығушылығын қанағаттандыруға, баланыңөзіне ғана  тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму реакциясын анықтау,мұғалім мен  оқушы, оқушы мен  оқушы арасындағы өзіндікқарым-қатынасты қалыптастыру  бүгінгі  күннің талабы  болып отыр.               К.Ушинский «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі  жойылады»,-деген  даналығында. Белгілі  ғалым Дайана Халперн «Сыни  ойлау-ойлаған түп нәтижеге  жету  үшін танымдық  техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі  қарай бағыттап  ойлану  деген.» Сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлі оқытудан басты    айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі.Сонымен қатар сыни  тұрғыдан ойлау көбінесе баламалы шешімдерді қабылдауға, бір нәрсені елестетуге, ойлау  және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін еннгізуге  дайын  болуды көздейді.Әлем  елдерінің біразы  игерген әдіс-тәсілдер мен  технология бұл күнде әрбір мұғалімнің басты құралы  болып  отыр. Технология дегеніміз-«Техно» латын тілінен алғанда,шеберлік іскерлік әдіс деген мағынаны  білдіреді. Яғни, технология- бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы жүйесі, ілімі.Сондай- ақ сыни  тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады.Бұл иллюстративті-түсіндірмелі,өз бетімен  іздену, проблемалық, шығармашылық, ойын, пікірсайыс, өзін-өзі дамыта  оқыту әдістерінің  жинағы. Сыни  тұрғыдан ойлау «ойлау  туралы  ойлану»  деп  сипатталады. Ол маңызды  мәселелерді талқылау және  тәжірибені ой  елегінен өткізуді қамтиды.

 

Мұғалімдер педагогикалық  білімі  бар және қосымша  оқыту  мен өз  біліктілігін арттырушы субъектілер  болғандықтан, оларда  бұл  дағдылар дамыған  және іс  тәжірибеде  қолданылады  деп  ойлаймыз. Сыни  тұрғыдан  ойлау-Қазақстандағы  білім  беруді дамыту  үшін маңызды болып табылатын қазіргі  ең  басты  педагогикалық  түсінік. Бұл  оқушылардың  да, мұғалімдердің  де сыни  тұрғыдан ойлауды  дамытуды саналы  және оймен  қабылдауын көздейді.Сыни  тұрғыдан ойлау-бақылаудың ,тәжірибенің, ойлау мен  талқылаудың нәтижесінде алынған  ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған  пәндік  шешім.Ол  болашақта әрекет жасауға негіз  бола  алады. Сыни  тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді  қабылдауға, ойлау  және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және  басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.                                                                                                      «Шығармашылық жұмыс-ұдайы оқумен, үйренумен қоса жүргізілетін ауыр еңбек» деп қазақтың біртуар азаматы Ғабиден Мұстафин айтып кеткендей оқыту барысында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды жүйелі  ұйымдастыру және  оны  болашақ кәсіби бағдарымен сабақтастыра  қарастыру мұғалімнің педагогикалық  шеберлігіне байланысты. СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдана  отырып оқытуда  мұғалімнің сабақта  біраз  жетістіктерге  жетуіне  мүмкіндік мол. Мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен  баруы керек, өйткені сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Мұғалім еңбегінің түпкі нәтижесінің көрінісі-оқушылардың шығармашылықпен айналысуы.



Сыни тұрғысынан ойлау әдісі несімен  ерекшеленеді?                                                    1. Сыни  тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты барлық  жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни  тұрғыдан  қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы  шешім  қабылдауға  үйрету.                                2.Сыни тұрғысынан ойлау өз пікірімен қатар өзгелердің де пікірін ескеріп, өзінікі қате екендігіне объективті  түрде көз  жеткізіп бас тарта  білу.                            3.Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақ қоя біледі.                                                          -Мен не білемін?                                                                                                                         -Мен жаңадан нені білдім?                                                                                                        –Білімім қаншалықты өзгерді?                                                                                             -Мен осы білімімді өмірде  қалай  пайдалана  аламын?

Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен-орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни  тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды  дамыту мақсатында  білім берудің ерте  кезеңінен дамытуға  болады. Бұл жолдағы  ең оңтайлы тәсіл-балалардың жеке басының  тәжірибесіндегі дәлелдерге мән  беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға  болатын, әлемнің түрлі  бөліктеріндегі және  тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты  туралы мысалдары  жеткілікті. Әр сабақта оқушыларды сыни  тұрғыдан ойлауға үйрететін жұптық, топтық тапсырмаларды қарастыру, сонымен қатар Блум таксономиясы бойынша  құрылған сұрақтар  арқылы сабақтарды бекіту жұмыстарын жүргізу. Диалог  арқылы сыни  тұрғысынан ойлауды  дамыту сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді  көздеген еңбектер  белгілі бір  өзара әрекеттестік улгілері, зерттеушілікәңгіме, дәйек пен  диалогтың мұғалімдер  мен  оқушыларды мағына  мен  білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен  қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттеріөрістеуіне  және зияткерлік  қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Қазақстандағы кәсіби  дамудың жаңа бағдарламасына сай сыни  тұрғыдан ойлайтын  мұғалімдер балалардың сыни  тұрғыдан ойлауына  қатысты жоғарыда айтылған құрылым мен  үдерістерге сүйенуі  мүмкін. Бірақ ең  алдымен, рефлексивті оқыту ұғымын саралап, сыни  тұрғыдан ойлаудың білім беру  бағдарламасында туындаған қажеттілігін  ескеруіміз керек.»Рефлексивтік практик  деген» ұғым философ, психолог және  оқу  реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Рефлексивті оқытуға балалардың үйренгені жайында сыни тұрғыдан ойлауы жатады. Бұл олар көрсеткен сыни  тұрғыдан ойлау тәртіптері  мен  дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және  бағалауды талап  етеді. Бұл қабілеттер мен  дағдылар оқу үдерісіндегі  белгілі бір дәлелдерді  талқылап, қарастыруды қажет  ететін тапсырмаларды  орындау  барысында көрініс береді. Балалардың сыни  тұрғысынан ойлау қабілеттерінен табуды  қажет  ететін негізгі  ерекшеліктері:                                                                                                          

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет