Egemen Qazaqstan
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Білім берудің сапасын жақсарту, баланың өзі ізденіп дәлелдеуін дамыту мақсатында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өз сабақтарымда қолданамын. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным, қабілеті ашылады.
Сын тұрғысынан ойлау – ең алдымен, шығармашылық ойлау. Шығармашылық сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған ой дегенге саяды. Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Бұл бағдарламаны басшылыққа алғалы бері оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделгені байқалады. Оқытуда «Жұпта талқылау», «Инсерт» стратегияларын қолдану арқылы балалар өз беттерінше тұжырым жасауға, ойларын еркін жеткізуге, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білуге тырысады. Постер қорғауда сенімділік ұялатса, «РАФТ» стратегиясы арқылы оқушыларды тереңнен салыстыра ойлануға жетелейді. Блум өлшемдері арқылы қабілетті оқушылар жұмыс істеуге, бірлесе жұмыс жүргізуге дағдыланады. Сабақ барысында оқушылар INSERT картасы, Венн диаграммасы, концептуалдық кесте толтыру стратегиялары арқылы мәтіннен өзіне қажеттісін тауып, қолдана білуге, семантикалық карта өз ойын әрқашан дәлелдей білуге, «Венн диаграммасы» арқылы салыстырып, талдау жасай алуға бейімделеді. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың тиісті деңгейде өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізуге білу дағдылары белгілі бір деңгейде қалыптасты деп айтуға болады.
Осы стратегия арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушылар ойланады, ізденеді, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік туады, жұппен жұмыс істеуге үйренеді. Ой түю арқылы керекті дәйектермен іздеп таба біледі, оны пайдалана білуге үйренеді. Сапалы оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан-алуан элементтер арасындағы байланыс, бұл белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Әрбір сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары жоғары білім нәтижесін көрсетеді. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиелейді. Оқушылар өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қоя білуге үйренеді. Бұл оқушының сыни тұрғысынан ойы дамып, өзіндік пікірінің қалыптасуында, өз ойын еркін, тиянақты жеткізе білуіне ықпалын тигізеді. Сыныпта жағымды психологиялық жағдай қалыптасып, өзара ынтымақтастықта, жұмысты топпен жұмыла орындауға дағдыланады.
Қазіргі заман талабына сай оқушы мектепте алған білімін өмірде қолдана білуі маңызды. Елімізге қызмет ету үшін оқушылар білімді, ақпараттық технологияларды қолдана алатын, өмірде кездесетін проблемаларды шешуге бейімделген тұлға болуы тиіс. Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді.
Зәуре НҮСІПОВА
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
-шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез — келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс — әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Зерттеудегі мақсат – бастауыш сынып оқушыларын кез — келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету.
Зерттеу нысан: сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. Жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтендіру және даму бағытын зерттеу.
Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс – тәсілдерді, және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану қажеттігін түсіндім.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
— жоспарлауға дайын болуы;
— бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
— қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
— жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
— ымыралы келісімді іздеуі;
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
— сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
— оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
— әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
— оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
— әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
— оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |