Сыныбы: 5 «А» Тәрбие сағатының тақырыбы


Немересі: Ата, не ойлап отырсыз? Атасы



бет2/3
Дата08.02.2024
өлшемі26.49 Kb.
#491319
түріСабақ
1   2   3
«Туған жерім менің алтын бесігім" тәрбие сағаты

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Немересі: Ата, туған жер деген не?
Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.
Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.
Атасы: Жарайсың, балам.

Жүргізуші: Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Би: «Миллион қыз»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет