Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған оқу бағдарламасының негізіндегі «Химия» пәні бойынша 7 сыныпқа арналған


-сыныпта жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға



бет2/7
Дата02.10.2024
өлшемі35.46 Kb.
#504227
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
7 сынып ХиМиЯ 2023-24

7-сыныпта жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға «Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» тақырыбында заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан оқыту тұңғыш рет енгізілді, бұл білім алушыларға заттардың құрылысы мен қасиеті арасында себеп-салдар байланыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі химия пәні бағдарламасына жаңадан қосылып отыр, бөлімде қоректік заттар, адам ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K), химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы, адам ағзасындағы микро- макроэлементтердің биологиялық рөлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі ұғымдары берілген.
Сондай-ақ білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау қарастырылған:
- «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» № 4 практикалық жұмысы;
- «Тыныс алу процесін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе.
Бұл жаңа бөлімнің негізгі танымдық міндеттері – білім алушыларды шынайы өмірдегі кейбір маңызды биологиялық процестердің химиялық тараптарымен таныстыру. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, білім алушылар адам ағзасының химиялық құрамын оқыпбіледі. Мұнда сондай-ақ адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттар туралы мәліметтер беріп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауға көңіл бөлу қажет.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына «Тағам құрамынан қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс енгізілген.
«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімі де жаңадан енгізіліп отыр. Бұл жаңа бөлімде пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи ресурстар, кен орны, кен, кеннің құрамы, минералдар, табиғи ресурстарды өндіру, металдарды алу, Қазақстанның пайдалы қазбалары, минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.
Қазақстанның байлығы болып табылатын жанар май қоры мен минералдық ресурстар туралы білім алушыларға «Жаратылыстану» және «География» пәндерікурсынан өз білімдерін жинақтап қорытуға мүмкіндіктері бар.Жер қыртысының химиялық құрамы, кендерден металл өндіру негіздері мәселелері қарастырылады.Бұл тақырыпты зерделеу жансыз табиғатта өтіп жатқан процестер туралы білімддерін тереңдетуге, сондай-ақпатриоттық сезімдерін оятуға мүмкіндік береді.
7-сыныптарға арналған «Химия» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 4-практикалық жұмыс, 11 зертханалық тәжірибелер мен көрсетілімдерден тұрады. «Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет