2.«Қызықты сөздер» сайысы
Оқушылар екі жағынан да бірдей оқылатын сөздер жазу қажет.
(апа, ата. Қазақ, ана, нан, ала, аса, аша, шаш, көк, тот және т.б.)
3.Ребустар шешу
Қасқыр Мысық
Пәтер Домбыра
Сәлем Алға
Сұлтан қарға
4.»Сүйікті әріптер» ойыны
(А,Б,Ж,С,О,Қ т.б. әріптердің бірін таңдайды, сұрақтарға топтың таңдаған әрпінен басталатын сөзбен жауап береді, 2рет әріп таңдаса болады, яғни айналым)
Сұрақтар:
Болашақта кім боласың?
Ауа райы қандай?
Сайысқа қайдан келдің?
Қандай жақсы әдетің бар?
Жолда қалай жүруің қажет?
Қай пәнді ұнатасың?
Бос уақытыңда не істейсің?
Отан үшін не істейсің?
Досыңның аты кім?
Достарымызға не тілейміз?
Қандай тамақты ұнатасың?
Тобың қандай?
5. «Тапқырлық»
Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастырып жазу.
«Әріп» тобына
Тіл тас жарады, тас жармаса …(бас жарады)
Бал тамған тілден …(у тамған)
Тауды, тасты жел бұзар,
адамзатты…(сөз бұзар)
Жақсы сөз …(жарым ырыс)
Қаһарлы сөз …(қамал бұзар)
Шебердің қолы ортақ, шешеннің …(тілі ортақ)
Жақсы байқап сөйлер, жаман…(шайқап сөйлер)
Бас кеспек болса да…(тіл кеспек жоқ)
Дәлелсіз сөз …(желмен тең)
Тіл қылыштан …(өткір)
«Сандар» тобына
Піл көтермегеніді…(тіл көтереді)
Тілден артық …(қазына жоқ)
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі …(ой өсіреді)
Жыланның уы тісінде,
Адамның уы …(тілінде)
Ең ащы да тіл, ең …(тәтті де тіл)
Өнер алды …(қызыл тіл)
Айтылған сөз …(атылған оқ)
Жылы-жылы сөйлесең жылан…(інінен шығады)
Басқа пәле …(тілден)
Тілге құрмет - …(елге құрмет)
Достарыңызбен бөлісу: |