Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі


Сыныптан тыс және мектептсн тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру



бет18/22
Дата28.11.2023
өлшемі456 Kb.
#484731
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сынып жетекші материалдар

2.1 Сыныптан тыс және мектептсн тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Тәрбие, әрине, сабақ берумен ғана шектелмейді. Ол сабақтан тыс уақытта да жалғастырылады және тереңдетіле түседі. Оқыту процесінде тәрбиенің күрделі де көп қырлы міндеттерін толық көлемде жүзеге асыру мүмкін емес. Сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-әрекет қажет. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс жұмысқа мектеп оқушыларымен сабақтан тыс кезде жүргізетін тәрбие және білім беру сипатында ұйымдастырылған, әрі мақсатты бағыты бар сабақтар жатады. Бұл сабақтар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Олар жан-жақты дамытуға, бос уақытты ақылға қонымды ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Н.К.Крупская мектептен тыс жұмыс жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде: «коммунистік тәрбие белгілі бір сағаттарда жүргізіліп қана қоймайды. Балалардың бар өмірін олардан нағыз коммунистерді өсіру үшін бағыттау қажет»-дейді. Тәрбие беруде каникул да, демалыс күндері де болмайтыны белгілі. Ол барлық уакытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың сезімдерін дамытуға деген бейтарап уакыт жоқ.
Сыныптан тыс жұмыстың өзіндік ерекшелігі. Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне, осында. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Педагогтар және оқушылар ұжымдарының міндеті-сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, түгел тарту. Мұны, әрине, ешқандай мәжбүрлеусіз, атқару керек. Бірақ, оқыту сабақтарынан соң балалардың өз бетімен кетуіне жол беруге болмайды.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті программалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің программалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы программалардың және әдістемелік нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек-талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді. Оның үшінші ерекшелігі, жас шамасы әр түрлі окушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе әркестірінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізугс кедергі бола алмайды. Керісінше. әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.
Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт ұжымдарында, көркем өнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны әрине, педагогтар бағыттап отырды, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі оны негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйымдастырады. Сыныптан тыс және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау инициативалығы мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақты көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар ролінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар ролінде де көзге түседі. Жоғары сыныптағы оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытка ие болып келеді. Соның нәтижесіндс ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарда, кәсіптік бадар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр. Оның алтыншы ерекшелігі-формалар мен әдістердің сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу ете қиын және мүмкінде емес. Ең алдымен өнерпаздар клудтарын және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың формалары алуан түрлі бола түсті.
Өкінішке орай, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Кейбір мектептер үшін бұл жұмыстық жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен оқушылар ұжымдары өз күш-жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде еңбекке тәрбиелеуге, ғылыми-техникалық шығарманы дамытуға ғана баса назар аударылады. Көплексті түрде тәрбиелеу балалардың жан-жақты дамуын талап етеді. Сыныптан тыс жұмыстың бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады. Педагогтар ұжымдарының кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі-мектеп ұжымдары іс-әрекеттерінің барлық негізгі бағыттарын дамытуды қамтамасыз ететін жүйе құру.
Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, актив қана тартылады. Басқалары ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта

ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан тыс қызықты жұмысқа тартудың оларды қайта тәрбиелеуте, сабақтан тыс уакытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Тәрбиені комплексті түрде жүргізуді жүзеге асыру оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, бәрін сынып жұмысының түрімен қамтуды көздейді.


Қазіргі жагдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі- оның бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы, өнерлі сүйетін жеке балаларлы ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке дара сабақтармен толыктырылып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет